Автор: editor

Астанада ҚХА қамқорлығымен этномедиация бойынша «Келіссөздер процесінің техникасы, этносаралық саладағы жанжалдардың алдын алу және реттеу бойынша медиативтік дағдыларды дамыту» атты екі күндік семинар-тренинг басталды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Семинар Медиация дағдыларын дамытуға және этносаралық қақтығыстардың алдын алуға бағытталған. «Біздің мақсатымыз – медиация және этномедиация әдістерімен теориялық танысу ғана емес, сонымен қатар мамандарды практикалық даярлау. Біз шеберлік сабақтарын өткізетін, нақты жағдайлармен бөлісетін және келіссөздер жүргізу дағдыларын үйрететін тәжірибелі жаттықтырушыларды шақырдық. Медиация – тиімді құрал», — деп түсіндірді талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы, елордалық Достық үйі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ медиаторы Роза Бекишева. Алғашқы күні қатысушылар…

Толық оқу

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай елордада «NYSANA-2025» мектеп және колледж оқушылары арасында пневматикалық мылтықтан ату бойынша аудандық және қалалық жарыстар ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жарыс «Batyrlar» әскери-патриоттық орталығының аумағында өткізіледі. Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, Ұлы Жеңіс туралы естеліктерді, салауатты өмір салтын насихаттау. «Біздің жарыс екі кезең бойынша өтеді. Бүгін пневматикалық мылтықтан атуға Сарайшық ауданының мектеп оқушылары қатысып жатыр. Әр мектептен төрт адамнан тұратын команда – екі жас жігіт пен екі қыз қатысып жатыр. Аудандық жарыстардың жеңімпаздары қалалық деңгейде өнер көрсетеді. Бұл өте қызықты турнир, оған балалар бір жыл бойы дайындалды, олардың арасында нағыз…

Толық оқу

Елімізде ресми тіркелген ұлттық спорт түрлері жаңа қарқынмен даму үстінде. Олар — асық ату, аударыспақ, бәйге түрлері, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, жекпе-жек, көкпар, қазақ күресі, құсбегілік, теңге ілу, тоғызқұмалақ. Осы спорт түрлері басқа аймақтарға қарағанда кенже қалып қойған Батыс Қазақстан облысында қалай дамып жатыр?  14-16 сәуір күндері аралығында Батыс Қазақстан облысының орталығы — Орал қаласында қазақ күресінен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. «Жайық арена»спорт кешеніндегі ұлттық спорттан жарыс  тепсе темір үзетін  жастардың басын қосқан дүбірлі додаға айналды. Бұған еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас палуандар 72 медальді қоржынғасалды. Qazaq Kuresi Ассоциациясының бастамасымен ұйымдастырылатын чемпионатқа 500-ден астам спортшы қатысып, 16 салмақ…

Толық оқу

Алматы қаласының Жетісу ауданында «Барахолка» бойындағы стихиялық сауданы жою бойынша ауқымды жұмыс жалғасуда, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Науқан Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық бастамасы аясында жүзеге асырылуда. Жүргізілген рейдтердің нәтижесінде 100-ден астам стихиялық сауда нүктелері жойылды, ҚР ӘҚБтК 204-бабы «Белгіленбеген орындардағы сауда», ҚР ӘҚБтК 505-бабы «Абаттандыру ережелері» бойынша 42 әкімшілік хаттама жасалды, сондай-ақ 70 текше метрден астам қоқыс шығарылды. Рейдтер «Алатау», «Сәлем», «Байсат» және «Ялян» базарлары ауданындағы Солтүстік айналма тас жолының шығыс жағында жүргізілді. Мұнда ауылшаруашылық және өнеркәсіптік өнімдер рұқсат құжаттарынсыз, антисанитариялық жағдайда және абаттандыру ережелерін өрескел…

Толық оқу

Бүгін Орал қаласындағы «Оқушылар үйінде» облыстық «Жастар қалқаны – 2025» пікірсайыс турнирі өтті. Аталған іс-шара діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz БҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Турнирге өңірдегі 4 жоғары оқу орнының студенттері қатысып, «Қазақстан қоғамында діни экстремизмнің алдын алу үшін білім беру жүйесі түбегейлі өзгеруі керек пе?» деген қарар аясында пікір алмасты. Пікірсайыс нәтижесі бойынша: Бас жүлдені «Ақиқат» фракциясы жеңіп алды; «Үздік мақала» номинациясы бойынша – Дүйсенғалиев Айдос; «Үздік видеоролик» номинациясы бойынша – Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті марапатталды. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Аталған турнир – жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, ел…

Толық оқу

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қала аумағындағы құрылыс нысандарын аралады, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Аймақ басшысы алдымен «Көрме залы» орталығының құрылыс алаңына барды. Одан кейін нан, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіретін кешендегі жұмыспен танысты. Бұл жобаға мемлекеттік қолдау ретінде 5 гектар жер беріліп, су және кәріз жүйелерін жеткізуге қаржы қарастырылған. Жобаның І кезеңі биыл іске қосылады. Қазіргі таңда жұмыстың 80 пайызы орындалған. Нысанда 30-дан астам жұмысшы еңбек етуде, 10-нан астам техника бар. Сол жағалаудағы жаңа стадионның шығыс және батыс трибуналарының металл конструкциялары орнатылып, қабырғалары мен ішкі бөліктері, сыртқы витраждары қалануда. Жылу, су, электр, желдету желілері тартылуда. Қазіргі кезде футбол алаңын…

Толық оқу

Саясаткер Азамат Әміртай Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың мәлімдемесіне атүсті қарауға болмайтынын ескертті деп жазады Ertenmedia.kz. Айта кетелік, ресейлік дипломат Тоқаевтың Петербор форумындағы уәжіне қарсы келіп, «аумақтық тұтастық өз жеріндегі барлық халықтың мүддесін толық қорғай алған елдерге ғана сақталуы тиіс» деген болатын. Осы арқылы Кремль БҰҰ жарғысын елей бермейтінін тағы бір рет аңғартқан болатын. «2022 жылы президент Тоқаев БҰҰ жарғысын алға тарта отырып, Украинаның Ресей жаулап алған Луганск мен Донецк аймағын жеке мемлекет ретінде мойындамайтынын тайға таңба басқандай қадап тұрып айтқан. Арада үш жыл өткен соң, Лавров Тоқаевтың айтқанына қарсы шығып отыр. Неге үш жылдан кейін? Мәскеу Ресейдің Украинаға…

Толық оқу

Шымкентте «Жастар ресурстық орталығының» басшысы әлеуметтік желідегі жазбаларға лайк баспағандарды жазалағаны туралы ақпарат тарады. Мәселеге жауаптылар пікір білдіріп, «істі сабырмен шешуге болар еді» деп жауап қатыпты, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Даудың басы Бұл жайлы желіде журналист Диас Нұрақын жазды. Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері әлеуметтік желілерде басшылықтың әрекетіне шағымданған. «Шымкенттегі “Жастар ресурстық орталығының” басшысы әлеуметтік желідегі “акиматовский” жазбаларға лайк баспаған қызметкерлерін жаппай жазалай бастапты. Тіпті лүпіл қоймағандарды тізімдеп, жиналыста жұрттың көзінше масқаралайтын көрінеді. Жиналысқа салғаны былай тұрсын, бұйрық шығарып ресми түрде “ескерту” жасалыпты», — деді журналист. Жауаптылардың пікірі Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысы Әйгерім Жұмағалова бұл…

Толық оқу

Алматыда марафон шарасына байланысты 20 сәуір күні мегаполисте бірқатар қоғамдық көліктердің жүріс бағыты уақытша өзгереді, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Осыған байланысты таңғы сағат 06:00–ден 11:30–ға дейін 68 автобустың бағыты өзгеріп, троллейбустардың қозғалысы тоқтатылады. «Әрбір маршруттың уақытша сызбаларымен @AlmatyJoly Telegram-арнасына кіріп толық танысуға болады», — деп хабарлады әкімдіктен. «Смелость быть первым» корпоративтік қоры ұйымдастыратын Almaty Half Marathon-ға әлемнің 40-тан астам елінен 10 мыңға жуық адам қатысады деп жоспарланған. Марафон бірнеше қашықтық бойынша өтеді: 21,1 км (жартылай марафон), 10 км, сондай-ақ скандинавиялық жүрістен 10 км және Экиден командалық эстафетасы. Жарыс жолы Тұңғыш Президент саябағынан басталып, одан әрі әл-Фараби даңғылымен өтіп, Орталық стадионда…

Толық оқу

Ұлан ауданында жақын уақытта бірден үш маңызды әлеуметтік нысан пайда болады, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қасым Қайсенов ауылындағы екі қабатты типтік ғимаратта орналасқан, сапалы білім берудің заманауи талаптарына сай келетін орта мектеп 320 балаға арналған. Алайда оқушылар саны артып, оқу кабинеттеріне сыймай жатыр. Мектепте оқу кабинеттері мен спорт залы жетпейтіні байқалуда, бұл оқу үдерісін ұйымдастыруға кедергі келтіреді әрі мемлекеттік білім беру стандарттарына сай емес. Жыл сайын оқу жылының басына қарай ауылдағы оқушылар саны 200 адамға артып, жұмыс істеп тұрған оқу орындарына қосымша салмақ түсіреді. — Халық пен оқушылардың саны артқанын ескере отырып әрі мемлекеттік білім беру стандарттарын сақтау үшін 600…

Толық оқу