Алматы қаласындағы «Медеу» мұз айдынында ұлттық қолөнерді ұлықтауға арналған ерекше көрме өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia Бұл – белсенді қолөнер жанашыры, өнертанушы Нұргүл Абайханның бастамасымен жүзеге асқан «ALAMAN QURAQ-2025» жобасы аясындағы айтулы шара. Аталған жоба Гиннестің рекордтар кітабына енуге үміткер ретінде ұсынылып отыр. Көрмеде 660 құрақ көрпеше мен ұлттық нақыштағы «Алма жастық» үлгілері қойылды. Көрменің басты символына айналған қызыл оюлы Алма жастық — Алматы қаласының бейнесін паш етсе, республиканың түкпір-түкпірінен келген 660 құрақшы өз қолымен дайындаған көрпешелерін ұсынды. Олар ұлттық киім киіп, халқымыздың көне өнерін заманауи деңгейде танытты. Жобаға Түркістан облысынан 100 құрақшы қатысты. Олар ұлттық өнердің ұлықталуына өзіндік үлесін қосып,…
Автор: Асылхан Бөрібай
Үкіметбасы Олжас Бектенов «ескі Қазақстан» өкілдері жауапкершіліктен жалтару үшін ел қазынасына 100 млн доллар төлеген деген ақпаратты теріске шығарды деп жазады Ertenmedia. Премьер әлгіндей қауесетті «шындыққа жанаспайтын әңгіме» деп атап, мемлекетпен ешкімнің астыртын келіссөз жүргізбегенін айтты. «Қандай да бір астыртын, жабық келісімдер жоқ. Активтерді қайтару процесі заңға сәйкес, ашық, нақты әрі әділ жүргізіледі», – деп шегеледі Бектенов. Атап өткеніндей, мемлекетке қайтарылатын актив көлемі «ескі гвардия» өкілдерінің заңсыз иемденген қаржысының мөлшеріне тікелей байланысты. «Әрқайсысының елден шығарған қаржысы әртүрлі. Активтерді қайтару процесі заң аясында өтеді және әр тұлғаның жағдайына қарай жеке қаралады», – деді ол. Премьер активтерді қайтару туралы ақпараттың ашық жарияланбауы…
Алматы облысы әкімінің өкімімен Саят Маратұлы Қараласов 2025 жылғы 4 шілдеден бастап Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды,- деп хабарлайды Ertenmedia Саят Маратұлы 1978 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, 1995 жылы Қазақ Мемлекеттік көлік және коммуникациялар академиясын «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» мамандығы бойынша, 2010 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Әр жылдары Алматы қаласының құрылыс басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасында бөлім басшысы, Жетісу облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы…
Қолғап киіп, қап көтеріп жағажайды тазалап шыққан Нұрдәулет Қилыбайдың Каспийге демалуға келетін меймандарға айтары бар деп жазады Ertenmedia. «Теңіз жағалауын тазалауды кабинетте отырып шеше алмаймыз. Сондықтан бүгін ауқымды сенбілік өткіздік. Өзім бар, орынбасарларым, басқарма басшылары барлығын сүйреп алып шықтық. Өкінішке орай, Маңғыстауға аунап-қунап қайтуға келетін кейбір туристер артын тазаламай кетеді», — дейді әкім. Айтуынша, бүкіл салмақты коммуналдық қызметтің мойнына арту әділетсіз. «Бұл кісілер жағалауды күнде тазалайды. Бірақ қанша күш жұмсалса да, кейбір мейман өзінен кейін ат көпір қоқыс қалдырса, жағажайдың тазалығын сақтап тұру қиынға соғады. Әркім өзі отырған жерді таза ұстап, соңынан жинап кетпесе, жағалауды жарқыратып қою мүмкін емес. Шындық осы.…
Жетісу облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арнап мурал салынды. Талдықорған қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінің қабырғасына салынған бұл сурет Ассамблеяның ел бірлігін, татулық пен тұрақтылықты сақтаудағы рөлін айшықтап тұр,- деп хабарлайды Ertenmedia Бұл теңдессіз арт-нысан – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған, еліміздегі этностардың татулығын, достығын және мәдени ортасын бейнелейтін ерекше көркем туынды. Суретте түрлі этнос өкілдері, ұлттық ою-өрнек, достықты білдіретін символдар мен Ассамблеяның мерейтойына қатысты элементтер көрініс тапқан. Муралды жас қазақстандық суретшілер тобы бірлесіп салды. Жобаның идеясы мен көркемдік тұжырымдамасы Жетісу облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен жергілікті шығармашылық ұйымдардың қолдауымен жүзеге асырылды. — Жетісу облысында «Бірлік пен…
Түркиядағы «Аккую» атом электр стансасының алғашқы реакторын 2026 жылы іске қосылады деп күтілуде. Соңғы он жылда Анкара электр тұтынуының үздіксіз өсімін, газ импортына тәуелділік пен бағаның құбылмалы болуын еңсеріп, климаттық міндеттемелерді орындау үшін тығырықтан шығар жолды көп уақыт іздеген-ді. Осы ізденістің арқасында ұзақмерзімді қуат көзіне айналатын атом энергетикасы салуды ұйғарғанын білеміз. Соңғы жылдардағы «Аккую» АЭС-нің құрлысындағы 1,5 жылдық кідіріске қаржыландыру логистикасындағы қиындықтар мен санкциялық қысым себеп болғаны анық. Енді АЭС-тің құрылысына қайтадан жан біте бастады. Төрт бірдей блоктан тұратын «Аккую» АЭС-і толық қуатына шыққанда елдің электр сұранысының шамамен 10 пайызын жабатын болады. Мұндай жағдайда түркі ағайындар газ сатып алуды едәуір…
Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейде 100-ден астам ауқымды іс-шараны қамтитын кешенді жоспар бекітілді. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Жанжігіт Омархан, Абай ауданының әкімі Мейіржан Смағұлов, Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев мерейтойға арналған онкүндіктің бағдарламасымен таныстырды. – Ауқымды бағдарлама 1 тамыз күні «ABAY ACADEMIYASY» энциклопедиялық порталының ашылуымен басталады. Бұл бірегей платформа ақын мұрасын цифрландыру, жүйелеу және ғылыми ортаға қолжетімді етуге бағытталған. Сол күні Мақаншыдағы Алакөл жағасында Қазақстанның халық әртісі Секен Тұрысбеков пен «Ақ жауын» оркестрінің концерті өтеді. Семейдегі Арбат алаңында…
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Шардара ауданына барып, «Шардара» су қоймасының маңындағы жағажайларды аралады. Өңір басшысы туристік нысандардың жағдайымен танысып, санитарлық тазалық пен қауіпсіздік талаптарының сақталуын тексерді. Анықталған кемшіліктер бойынша жауапты тұлғалар мен кәсіпкерлерге нақты тапсырмалар мен ескертулер берілді. Бүгінде демалушылардың қызығушылығын тудыратын орындар қатарында «Nurdelux», «ER I ZHAN», «Алтын жағалау» және басқа да демалыс аймақтары бар. – Мемлекет басшысы еліміздегі барлық туристік маршруттардың жай-күйін реттеуді тапсырды. Бұл мәселе әрдайым бақылауда. Өңірде туристік аймақтарды ретке келтіру, санитарлық тазалықты сақтау бойынша жұмыстар екі жылдан бері жүргізіліп келеді. Бірақ кемшіліктер әлі де көп. Жағажайларды шұғыл түрде тәртіпке келтіріп, тазалық пен…
Алматының Алатау аудандық соты «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының экс-басшысы Талғат Ермегияевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырмады. Ол 14 жылдық жазасының қалған бөлігін түрмеде өтейтін болды деп жазады Ertenmedia. Сот отырысында қылмыстық-атқару мекемесінің өкілдері Ермегияевтың тәртіпті әрі қоғамдық жұмысқа белсенді қатысқанын атап өтті. Тіпті оның үлгілі мінез-құлқы үшін сегіз мәрте марапатталғаны айтылды. Бұған қоса, экс-шенеунік мемлекетке келтірген шығынның бір бөлігін, яғни 935 млн теңгені өтеген. Алайда прокурорлар бұл соманың мерзімінен бұрын босауға негіз бола алмайтынын айтып, Ермегияев келтірген шығынды толық өтемеді деген ұстанымда қалды. Нәтижесінде сот прокурордың пікірін негізге ала отырып, Ермегияевтың өтінішін кері қайтарды. Сот шешімі әлі заңды…
Қазақстанда медициналық көмекті қаржыландырудың жаңа жүйесі енгізіледі деп хабарлайды Ertenmedia. Президент қол қойған заңға сәйкес, 2027 жылға қарай кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлемі (КТМКК) айтарлықтай азайып, керісінше міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) үлесі артады. Қазір халыққа тегін берілетін медициналық көмектің үлесі – 57%. Алдағы төрт жылда бұл көрсеткіш 32%-ға дейін төмендейді. Керісінше, міндетті медициналық сақтандыру арқылы көрсетілетін қызметтер 68%-ға дейін көбеймек. Жаңа заңға сәйкес, МӘМС жүйесіне төленетін жарнаның жоғарғы шегі де айтарлықтай көтеріледі. Бұдан былай жарна есептелетін кірістің шекті мөлшері ең төменгі жалақының 50 еселенген көлеміне дейін өседі. Ал жұмыссыздар мен әлеуметтік әлсіз топтар үшін медициналық сақтандыру жарнасын жергілікті бюджет…










