Автор: Асылхан Бөрібай

Астана қаласының активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы әрі экс-премьер-министр Кәрім Мәсімовке тиесілі болған зәулім сарайды коммуналдық меншікке қабылдамау туралы шешім қабылдады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұған дейін басқарма Қараөткел ықшам ауданындағы бұл ғимаратты әлеуметтік мақсаттарға алу жоспарланғанын мәлімдеген. Әкімдік нысанды «әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында» қала балансына беру жөнінде ресми сұраныс жолдаған болатын. Алайда қазір әкімдік бұл мәселені күн тәртібінен алып тастағанын хабарлады. Сарайдың болашақ тағдырына қатысты нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Еске сала кетейік, Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу және лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану баптары бойынша 18 жылға бас бостандығынан…

Толық оқу

Қазақстанда газбен жүретін көліктер саны бір жыл ішінде 36 пайызға өсіп отыр. Бұдан елімізде тұтас бір энергетикалық парадигманың ауысып жатқанын аңаруға болады. Көлік – тек транспорт емес, ол – саяси, экономикалық және экологиялық шешімдердің жиынтығы. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері осыны анық көрсетіп отыр. 2024 жылдың 1 маусымына қарай Қазақстанда 6,3 миллион автокөлік тіркелген. Соның ішінде жеңіл көліктер – 86,5 пайыз. Бұл – біздегі жеке меншіктің, урбанизацияның және аймақтық мобильділіктің нақты көрінісі. Бірақ бұл көрсеткіштің ар жағында әлеуметтік теңсіздік пен көлік инфрақұрылымының шектеулері де жатыр. Әсіресе ауылдық аймақтардағы жол сапасы мен газ құю бекеттерінің тапшылығы – стратегиялық шешімдерді қажет етеді.…

Толық оқу

Жетісу облысында Балқаш көліне дейінгі жол қайта жаңғыртудан кейін көлік қозғалысы үшін ашылды,- деп хабарлайды Ertenmedia Балқаш көлі – Жетісу өңірінің туристік әлеуетін танытатын нысанның бірі. Еске салсақ, Балқаш көліне көлікпен бару жағдайын жақсарту үшін көлге апаратын жол екі учаскеге бөлініп, жаңғырту жұмысы жүргізілді. Атап айтқанда, ұзындығы 27 км «Лепсі – Балқаш көлі» жолы өткен жылы пайдалануға берілді. «Алматы – Өскемен – Лепсі – Ақтоғай» автожолының 35 — 110 шақырымы бұған дейін жоспарланғанындай, жуырда жол асфальттың төменгі жабынымен көлік қозғалысы үшін ашылды. — Қазір 40 км жолда асфальттың беткі қабатын төсеу жұмыстары қалды. Одан кейін абаттандыру жұмыстары атқарылады. Жол бойында…

Толық оқу

Біз технологиялық өзгерістер дәуірінің табалдырығында тұрмыз. Жасанды интеллект (ЖИ) білім беру жүйесінің ажырамас бөлігіне айналуда. ЖИ оқытушыны алмастырмайды, тек оның рөлін күшейтеді. Ол оқытушыны білім тасымалдаушысы ғана емес, білім беру процесіндегі модератор, тәлімгер, стратег ретінде көрсетеді. Осы орайда, ЖИ тек технологияны қолдану ғана емес, ең алдымен жаңа мәдениетті меңгеру – инновацияға ашықтық, үздіксіз үйренуге дайын болуды талап ететін жаңа мәдениет екенін түсіну маңызды. Біздің басты мақсатымыз — жасанды интеллектті қолдану ғана емес, ЖИ білім беру үдерісінің әрбір қатысушысымен одақтасқан экожүйе құру. Бұл бағытта университет маңызды қадамдар жасауда. Атап айтсақ, университет базасында жасанды интеллект және Виртуалды шындық зертханасы, Физика-математика факультетінде ақпараттық…

Толық оқу

Астанада өтіп жатқан «Орталық Азия – Қытай» саммиті жыл өткен сайын институцияланып келеді. Мұндай саммиттер бұрын Бейжіңде өтетін. Енді оның орталығы Астанаға ойысып отыр. Бұл дегеніміз – Қазақстан тек Орталық Азия елдері атынан сөйлейтін емес, Қытаймен тікелей диалог жүргізе алатын ойыншы ретінде мойындалғанын байқауға болады. Сөз жоқ, бұл Қазақстанның дипломатиялық артықшылығы. Қытай басшысы Си Цзиньпин Астана төрінде алтыншы рет табан тіреді. Бұл жай ғана хаттама емес, үлкен геосаяси символ. Ол алғаш пандемиядан кейін Қазақстанға келіп, «Батысқа баратын қақпам – Қазақстан» деген тұжырымды жария еткені есімізде. Сол кезден бастап біздің елдің Орталық Азиядағы геоэкономикалық рөлі жаңа деңгейге көтерілді. Биылғы сапар да…

Толық оқу

Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында кең ауқымды қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр,- деп хабарлайды Ertenmedia Бүгін Алматы әкімі Дархан Сатыбалды театрдың қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Театрды жаңарту қажеттілігі оның техникалық жай-күйіне байланысты туындаған. Кейбір құрылымдар сейсмикалық қауіпсіздік талаптарына сай келмеген, инженерлік жүйелер толық ескірген, ал ғимараттың қасбеті мен ішкі кеңістіктері әбден тозған. Мердігер компания өкілдерінің мәліметінше, жобаның басты ұстанымы – театрдың тарихи келбетін сақтау. Осыған байланысты сыртқы қасбет қайта жасалып, ішкі әрлеу жұмыстары – аспашамдар, барельефтер, еден жабыны қалпына келтіріледі. Бұған қоса, сахналық жабдықтар жаңартылып, техникалық бөлмелер заман талабына сай жабдықталады. Театр ішінде артистер мен қызметкерлерге арналған…

Толық оқу

Келес ауданында елді мекендердегі ішкі көшелерді жөндеу жұмыстары жалғасуда. Биыл аудан аумағындағы 33,8 шақырым жолды жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарланып отыр,- деп хабарлайды Ertenmedia Бүгінде бірқатар елді мекендерде асфальт төсеу және жол негізін дайындау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Қошқарата ауылдық округіне қарасты Жамбыл елді мекенінде Ш.Тұрсынбаев көшесінің 2,6 шақырымына асфальт төсеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстарды «Сарыағаш Сәулет» ЖШС атқаруда. Сонымен қатар Қошқарата ауылдық округінің Алғабас, Жаңақоныс және Қарабура елді мекендеріндегі 4 ішкі көшеге шағал тас төселіп, асфальт төсеу жұмыстарына дайындық жүргізілуде. Бұл көшелердің жалпы ұзындығы 11 шақырымға жуық. Жол құрылысының сапасына «СК Құрылыс инжиниринг» және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» мекемелері тұрақты…

Толық оқу

Тимур мен Динара Құлыбаевтардың негізгі активтерінің бірі саналатын «Алмэкс» холдингтік тобы 2024 жылға арналған дивидендтерді акционерлерге төлемеуді ұйғарған. Мұндай мәлімет Қаржылық есептілік депозитарий сайтында 16 маусымда жарияланған құжатта көрініс тапқан. «Алмэкс» компаниясының 22 миллион 730 мың дауыс беру құқығына қожайындары өткен жылғы пайданы бөлмей, акционерлерге дивиденд төлемеу турасында шешім қабылдаған. «Алмэкс» холдингі арқылы Құлыбаевтар «Халық банктің» 69,7%-ын бақылайтынын білеміз. Halyk Bank – Құлыбаевтар отбасының ең негізгі және жоғары табыс әкелетін активтерінің бірі. Айта кетерлігі, 2023 жылы да «Алмэкс» дивиденд төлемеген болатын. Құлыбаевтар «Алмэкстен» қанша табыс ала алатын еді деген сұраққа жауапты 2024 жылғы наурыз айындағы соңғы төлемнен көруге болады –…

Толық оқу

Қазақстандағы білім беру инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданында екі жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр,- деп хабарлайды  Ertenmedia Достық ауылында 1200 орындық ірі білім ордасының құрылысы қолға алынған. Бұл мектеп заманауи пәндік кабинеттермен жабдықталып, оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдайды қамтамасыз етеді. Ал Байқоныс ауылында 300 орындық мектеп салынып жатыр. Бұл оқу орны ескі, апатты жағдайдағы мектептің орнын басып, жергілікті оқушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы оқу орнын ұсынады. Құрылыс барысымен арнайы танысқан Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Мендіғалиев пен облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин жобалардың сапалы әрі мерзімінде аяқталуын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, Орал…

Толық оқу

Атыраудағы «Алмагүл» ықшамауданының тұрғындары биліктің бір ғана шағын аулаға 54 орындық орнатып тастағанына наразы. Олар шенділердің әрекетін бюджет қаржысын орынсыз жұмсаудың «жарқын» үлгісі деп есептейді, деп хабарлайды Ertenmedia. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, аулаға ойын алаңы мен футбол алаңы салынғаны қуантқанымен, 54 орындықтың қатар-қатар тізіліп, әр метр сайын қойылғаны қисынға келмейді. Аудан тұрғыны Жұмағали Ерғалиевтің пікірінше, мұнша көп орындықтың қажеті шамалы. «Толып тұрған орындықтың бәрі артық. Шыны керек, осынша сәкінің орнына он-жиырма шақтысын орнатса жеткілікті болатын еді. Қазір көбісі қаңырап бос тұр», – дейді тұрғын. Атыраудағы қоғам белсенділері де әкімдіктің әрекетіне күмәнмен қарайды. Олар қала бойынша бірде-бір орындық орнатылмаған аулалардың бар екенін…

Толық оқу