Бүгін 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматыда «Батыр» Президенттік полкінің арнайы тобы Ту көтеру салтанатты рәсімін өткізді. Патриоттық іс-шара тау баурайындағы «Медеу» спорт кешенінде ұйымдастырылды. Салтанатты рәсімге қала әкімі Дархан Сатыбалдымен қатар, мәдениет пен спорт қайраткерлері, қоғам белсенділері, Қазақстан Халқы Ассамблеясының және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көкке көтерілер тұста Б. Байқадамов атындағы хор капелласы мен Алматы гарнизонының үрлемелі оркестрі Мемлекеттік Әнұранды орындады. Ал, салтанатты іс-шарадан кейін көпшіліктің назарына қаладағы жетекші шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Көрермен «Қазақстаным», «Отан», «Туған жер», «Туған жерім тамаша», «Сүйікті елім», «Мен Қазақпын», «Ұлы дала», «Қазағым», «Атамекен»…
Автор: Асылхан Бөрібай
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Сырым ауданында өрт салдарынан бес бала қаза тапқан болатын. Өңір басшысы қаза болған балалардың ата-аналары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты. – Сырым ауданында қаза тапқан балалардың ата-аналары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Менің тапсырмам бойынша оқиға орнына орынбасарым барды, аудан әкімі оқиға орнында, барлық қажетті қызметтердің жұмысын үйлестіріп жатыр. Әкімдік тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі: жерлеу рәсімін ұйымдастыру, психологиялық көмек көрсету, баспанамен қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік қолдау шаралары. Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖД мамандары, полиция департаментінің қызметкерлері, медицина қызметкерлері және басқа да тиісті қызмет өкілдері жұмыс істеуде. Жағдай менің жіті бақылауымда, –…
Алматы облысындағы №39 гимназияның 11-сынып оқушысы Сақийдулла Алмат АҚШ-тың жеті беделді университетінен шақырту алып, алтауы ұсынған ірі көлемдегі гранттарға ие болды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Гранттардың жалпы сомасы – шамамен 320 миллион теңге. Сонымен қатар, Малайзиядағы Xiamen University Malaysia оқу ордасы да оны толық грантпен қабылдаған. Болашақ студент білімге деген ынтасы мен қажырлы еңбегінің арқасында University of Miami, Elmhurst, Caldwell, Augustana, UNO, FIU және басқа да оқу орындарынан оқуға ұсыныс алды. IELTS нәтижесі – 7.0, ал SAT – 1420 балл (математикадан 780/800). Қазір ол Назарбаев Университетінен де ресми жауап күтуде. Сақийдулла Алмат – «Алтын белгі» үміткері. Оның жетістігі – жастардың әлеуетіне…
Құрбан айт мерекесін атап өту аясында 7-8 маусым күндері Астанада қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаштар, табиғи шырындар, тосаптар, джемдер және басқа да көптеген тауарларды сатып ала алады. Іс-шара 7 және 8 маусым күндері таңғы 09:00-ден кешкі 19:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді. Айта кетейік, елордада Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 мекенжайында («Рио-де-Жанейро» ТК қарсы бетінде) ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі тұрақты жұмыс істеп тұр. Ол күн сайын сағат 9:00-ден 19:00-ге…
Жетісу облысында Мемлекеттік рәміздер күніне орай барлық аудандар мен қалаларда бір мезгілде 5 мыңға жуық адам қатысқан Мемлекеттік ту көтеру және Мемлекеттік әнұранды орындау патриоттық іс-шаралары өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Талдықорғандағы Мемлекеттік Ту көтеру салтанатты рәсіміне облыс әкімі Бейбіт Исабаев, ардагерлер, мәслихат депутаттары, жастар, ҚХА өкілдері, түрлі қоғамдық ұйымдар, қала тұрғындары қатысты. Мереке аясында өңірде 8 мыңға жуық адамды қамтыған 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. ©Жеңіс Ысқабай «Рәміздерім – мақтанышым!» республикалық акциясы аясындағы салтанатты шара Талдықорғанда «Жастар» саябағындағы Ту тұғырының жанында өтті. Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен әскери қызметшілер Мемлекеттік ту мен Мемлекеттік Елтаңбаны алып шықты. Мұнан соң Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі…
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматы облысында «Тұғырлы Туым» атты ауқымды патриоттық акция өтті. Бұл күні өңірдің барлық аудан-қалаларында бір мезетте Мемлекеттік Ту көкке көтеріліп, елдік пен бірліктің белгісі ретінде ұлықталды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Мерекелік шараның басты бөлімі Іле ауданының Өтеген батыр кенті мен Қонаев қаласының 5-жағажайында ұйымдастырылды. Таңғы сағат 9:00-де Өтеген батыр ауылында Мемлекеттік Ту тұғыры маңына жиналған көпшілік Әнұранды бірге шырқап, көк байрақтың көкке көтерілу сәтіне куә болды. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жиналған жұртшылықты құттықтап, Мемлекеттік рәміздердің ел болашағын тәрбиелеудегі маңызын атап өтті: «Ту көтеру – тек салтанатты рәсім ғана емес, бұл –…
СҚО-да 8 мың басқа арналған мегаферма ашылады. Іске қосылғаннан кейін бұл еліміз бен Орталық Азиядағы ең ірі сүт кешеніне айналады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жобаны «Зенченко и К» КС жүзеге асырып, оған 9 миллиард теңге инвестиция құюда. Мұнда жыл сайын 26 мың тонна сүт өндірілмек. Өңірде сүтті мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді: биыл 11 жаңа ферма салынбақ, ал өткен жылы 17 сүт кешені іске қосылды. Қызыл ауданына жұмыс бабымен барған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов кешеннің құрылысымен танысты. Сондай-ақ, «Зенченко и К» алқабы мен Новоникольское ауылында Геннадий Зенченконың қолдауымен салынған көпфункционалды балалардың ойын және спорт алаңын қарады. Оған қоса, өңір басшысы…
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қазығұрт ауданында патриоттық іс-шара өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Өңірдегі “Жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткен шарада аудан жастары қасиетті Қазығұрт тауының шыңына шығып, еліміздің мемлекеттік Туын тікті. Шараның басты мақсаты – жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Айта кетейік, Қазығұрт тауы теңіз деңгейінен 1768 метр биіктікте орналасқан, ұзындығы 22 шақырымды, ал ені 10 шақырымды құрайды. Таудың шыңына көтерілу жастарға үлкен рухани серпіліс сыйлады. Шара барысында жастар мемлекеттік рәміздер туралы баяндама тыңдап, еліміздің тарихы мен тәуелсіздік жолындағы жетістіктерін еске…
Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді. Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл еліміз үшін мән-маңызы айрықша мереке екеніне тоқталды. – Ұлт рәміздері – Тәуелсіздігіміздің киелі бойтұмары. Елтаңба, Ту және Әнұран – мызғымас мемлекеттігіміздің белгісі. Қастерлі нышандарымыз Қазақстанның егемен ел, еңселі жұрт екенін жер жүзіне әйгілейді. Байрағы биік елдің рухы асқақ болады. Сондықтан біз осы мейрамға орай жыл сайын көк Туымызды биікке көтереміз. Бабаларымыз «Туыңды тік ұста!» деп өсиет қалдырды.…
Шымкентте былтыр бюджеттен миллиондап қаржы бөлініп, қаланы жасыл желекке айналдырады деген көшеттер бір-ақ жылдың ішінде солып, жарамсыз күйге түскен. Күтімі жоқ ағаштардың қурап жатқаны тұрғындардың наразылығын туғызып жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап. Қаладағы Әл-Фараби көшесіне былтыр егілген 8 мың түп көшеттің бірде-бірі бүр жармаған. Жасыл желектің орнына тек қураған тал-теректердің сабағы қалған. Қоғам белсендісі Сабыржан Байбосынов бұл жағдайды қаржыны желге шашу деп бағалады: «Қазір ағаш қурайтын уақыт емес. Бірақ егілген көшеттер күтім көрмей, бір жылдан қалмай құрып жатыр. Осылай жалғаса берсе, Шымкенттің көгалдандыру жұмысын мүлде тоқтату керек. Миллиондаған қаражатты көшет егуге бөліп, соған жауапты мекемелер түк…
