Келес ауданы білім бөліміне қарасты №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Әбубәкір Арманұлы шетелдік жоғары оқу орындарынан бірнеше халықаралық білім грантына ие болып, үлкен жетістікке қол жеткізді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жас талапкер Франция, Италия, Литва және Малайзия елдеріндегі беделді жоғары оқу орындарынан шақырту алды. Атап айтқанда, ол John Cabot University (Италия, Рим) университетінен 50% оқу грантына, American University of Paris (Франция) университетінен 70% оқу грантына, LCC International University (Литва) оқу орнынан жартылай оқу грантына, сондай-ақ Xiamen University Malaysia университетінен 4 жылдық толық оқу грантына шақырту алған. «Бұл шәкірттің бірнеше жылдық еңбегі мен жүйелі дайындық жұмыстарының нәтижесі. Жетістікке жету жолында…
Автор: Асылхан Бөрібай
Алматыда сот шешімімен Оңдасынов көшесі, 37/12 мекенжайында орналасқан құрылыс нысаны сот орындаушыларының қатысуымен бұзыла бастады. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы мәлімдеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жартылай салынған құрылыс нысаны бірнеше жыл бойы қараусыз қалған. Тексеріс нәтижесінде ғимараттың қатты тозғаны, коррозияға ұшырағаны анықталып, оны бұзу қажет деген шешім қабылданған. Бұған дейін басқарма тарапынан меншік иесіне (жеке тұлға) күрделі пішіндегі темірбетон құрылымын бұзу арқылы анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілген болатын. Алайда нұсқамада көрсетілген талаптар орындалмағандықтан, 2024 жылы 29 қаңтарда басқарма Бостандық аудандық сотына мәжбүрлеп орындату туралы талап арыз жолдаған. 2024 жылы 27 мамырда сот басқарманың талап арызын қанағаттандырды. Содан…
Алматы облысы Шелек ауылының тұрғыны, жүк көлігінің жүргізушісі Нұржан Жанаев Әзербайжан шекарасында бес тәуліктен бері шарасыз күйде отыр деп хабарлайды Ertenmedia. Отандасымыз Қытайдан Әзербайжанға сегіз автокөлік тасымалдап апарған. Әр екі көлікке бір CMR жүкқұжаты берілген. Барлығы – төрт жүкқұжат. «Барлық құжатты шекара бекетіндегі терезеден тексеруге бергенмін. Қайтарып берген кезде бір-бір парақтан жоқ екенін байқадым. Бір құжаттың үш парағының біреуі жоқ, екіншісінде шот-фактура жетіспейді. Егер өзім жоғалтсам, құжатты толық жоғалтар едім ғой. Бір парақтап жоғалтуым мүмкін емес», — дейді жүргізуші. Құжаттың толық еместігіне байланысты Әзербайжан шекарашылары Жанаевты ел аумағынан шығармай отыр. «Қытайдан құжаттардың көшірмесін сұрап, PDF форматында алдырдым. Бірақ шекарашылар енді…
Соңғы уақытта сирек кездесетін металды барлау жұмысын үдеткен биліктің әрекеті жемісін беруде. Еліміздің бірнеше өңірінде жоғары технология нарығына ауадай қажет тантал мен ниобийдің мол қоры табылды деп хабарлайды Ertenmedia порталы Finratings-ке сілтеп. Геология комитетінің басшысы Ерлан Ақбаровтың айтуынша, 2021 жылдан бастап еліміз бойынша 12 учаскіде геологиялық барлау жұмысы жүргізілген. Бүгінге дейін солардың 10-ауында аталған сирек металдардың қомақты қоры анықталған. Жаңадан ашылған кен орындарының екеуі Шығыс Қазақстанда, үшеуі Түркістанда, тағы үшеуі теріскейде орналасқан. Солардың ішіндегі ең ауқымды кен орны Қарағанды облысының аумағындағы Күйректікөл учаскесі. Болжам бойынша, мұндағы сирек металдардың жалпы қоры 20 млн тоннадан асып жығылады. Әзір Ақорданың экономикалық блогы жаңа…
Қытайдың ірі цемент өндіруші компаниясы Sinoma Cement Қазақстанда алғашқы ірі зауытын іске қоспақ деп хабарлайды Ertenmedia. Кәсіпорын Ақтөбе облысының Байғанин ауданында салынады. Жобаға Қазақстан тарапынан Pimus Capital инвестициялық компаниясы серіктес болып отыр. Жалпы құны 200 миллион долларды құрайтын зауыт тәулігіне 3500 тонна цемент шығарады деп жоспарланған. Кәсіпорынның іске қосылуы 2027 жылдың екінші жартысына белгіленген. Жоба нәтижесінде өңірде 1260 жаңа жұмыс орны ашылады. Жаңа зауыттың салынуы Қазақстанның батыс аймағындағы құрылыс нарығының қажеттілігін қамтамасыз етіп, елді Ресей мен Ираннан импортталатын цементке тәуелділіктен құтқарады деп күтілуде. Қазіргі таңда компания зауыт салынатын аймақта геологиялық зерттеу жұмыстарын аяқтады. Шикізаттың сапасы мен қоры толық расталып, инвестициялық…
Бүгін Байқоңырдағы «Десятилетие» стадионында Байқоңыр қаласының және ғарыш айлағының 70 жылдығына орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Оған ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «Роскосмос» МК бас директоры Дмитрий Баканов, зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері мен қала тұрғындары қатысты. Шара Байқоңыр кешеніндегі 14 ұйым мен мекеме ұжымдарының шеруімен басталды. Одан кейін екі елдің Мемлекеттік Гимндері орындалып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің бейнеқұттықтаулары көрсетілді. ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Р.В.Скляр Байқоңыр – ғарышқа жол ашқан мекен, мерейтой Қазақстан мен Ресей арасындағы достық…
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Орталық Азия – Қытай: аймақтық әріптестіктің жаңа көкжиектері» атты талдау орталықтарының V форумының ашылуына қатысты. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты Қытайдың қоғамдық ғылымдар академиясына қарасты Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтымен бірлесіп ұйымдастырды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Форумға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан елдерінен келген жетекші талдау орталықтарының, мемлекеттік құрылымдардың, ғылыми мекемелердің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Алқалы жиында сөз сөйлеген Ерлан Қарин көпжақты диалогты нығайтудың маңызына тоқталып, Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы байланыс қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Мемлекеттік кеңесші таяу арада Астанада өтетін «Қытай – Орталық Азия» саммитінің…
Қазақстанда 2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында аграрлық сектордың жай-күйі туралы өзекті деректерді алуға бағытталған ең ауқымды статистикалық бақылау — Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді. Бұл жайлы ҚР Стартегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ШҚО бойынша Департаментінің басшысы Ерназ Нұрланов мәлімдеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Санақ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өткізіледі және ауыл шаруашылығы жұмыстарының маусымдылығын ескере отырып, Үкіметпен бекітілген. Ол екі кезеңде жүргізіледі: 1–31 тамыз аралығында — респонденттер sanaq.gov.kz порталында санақ парақтарын өз бетінше толтыра алатын онлайн-сауалнама; 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында — онлайн-анкета толтырмаған үй шаруашылықтарына интервьюерлер баратын офлайн-кезең. Оған дейін, маусым айында,…
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай Созақ ауданы, Жартытөбе ауылында бірқатар әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Атап айтқанда, баскетбол алаңы, балалар ойын алаңшасы және «Street workout» спорттық жаттығу алаңы ел игілігіне ұсынылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Аталған нысандар өткен жылы облыс көлемінде өткізілген «Үлгілі ауыл» байқауы нәтижесінде Жартытөбе ауылының жүлделі орынға ие болуына байланысты облыстық бюджет есебінен салынды. Бұл бастама ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Ашылу салтанатына арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ауыл тұрғындарын мерекемен және жаңа нысандардың іске қосылуымен құттықтады. Сондай-ақ ауданда спортты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар…
Әлемдік азық-түлік нарығындағы алып компаниялардың бірі француздық Danone елімізде өндіріс көлемін еселеп арттыруды жоспарлап отыр деп жазады Ertenmedia. Компанияның Алматы облысындағы сүт өнімдері зауытына бағытталатын инвестиция көлемі 6 млн еуро (шамамен 6,9 млн доллар). Бұл қаржы 2024-2025 жылдары игеріліп, нәтижесінде зауыттың өндірістік қуаты екі еседен астам артады деп күтілуде. Қазіргі таңда Danone-ның Алматы облысындағы кәсіпорны жылына 18 мың тоннадан астам өнім өндіреді. Оның үштен бір бөлігі Кавказ елдері, Орталық Азия және Моңғолияға экспортқа жіберіледі. Жаңа инвестиция есебінен өндіріс қуаты 40 мың тоннаға дейін ұлғайтылмақ. Кәсіпорында Activia, Danoninio және Danissimo брендтерімен танымал өнімдер шығарылады. Danone осы инвестиция арқылы Қазақстан нарығындағы үлесін…
