Өскеменде ерекше балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетілетін «DEMEY» Ресурстық орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл орталықта балалар өз әлеуетін дамытып, ал ата-аналар қиын өмірлік жағдайларда қолдау ала алады. Орталық тірек-қимыл аппараты бұзылған мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту және оңалту, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды уақытша орналастыру, әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету, құқықтық көмек алу мақсатында құрылды. Ресурстық орталық Өскемен қаласында, Тургенев көшесі, 30 мекен-жайында орналасқан бұрынғы әкімшілік ғимаратында ашылды. Бұл нысан азаматтарды әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтер көрсету үшін берілген. «Жаңа әлеуметтік нысанның ашылуымен құттықтаймын. Бұл ерекше кеңістік балалар…
Автор: Асылхан Бөрібай
Орал қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған ерекше форматтағы патриоттық акция ұйымдастырылды. Аталған шараны «Орал студенттер Альянсы» корпоративтік қоры ұйымдастырып, қала тұрғындарын мемлекеттік рәміздер тақырыбына тартып, өзгеше үлгідегі байланыс орната білді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Акция «Менің рәміздерім – менің мақтанышым!» деген ұранмен өтіп, іс-шараның басты идеясын айқындады. Акция барысында еріктілер қала тұрғындарына мемлекеттік рәміздеріміздің тарихы мен мағынасына қатысты сұрақтар қойды. Көптеген қатысушылар өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетіп, белсенділік танытты. Сауалдарға дұрыс жауап бергендерге патриоттық мазмұндағы естелік сыйлықтар — блокноттар, төсбелгілер, шағын тулар мен басқа да кәдесыйлар табысталды. Бұл азаматтарды ынталандырып, ел тарихын тереңірек білуге қызығушылық тудырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараның мақсаты —…
Жазғы туристік маусымға орай 2 маусымнан «Шымкент-Семей-Шымкент» бағытында сыйымдылығы 180 орындық «Airbus А320» ұшағы жолаушыларды тасымалдай бастады. Рейсті «Fly Arystan» әуе компаниясы жүзеге асырады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жолаушылар аптасына 2 рет, дүйсенбі және бейсенбі күндері қатынайтын болады. Шымкенттен Семейге ұшу уақыты – кешкі сағат 17:00-де, Семейден Шымкентте ұшу – кешкі сағат 19:00-де. Жазғы маусымдық әуе рейсінің ашылуы өңірге туристер тартуға мүмкіндік береді. Жолаушылар енді облыстағы республикалық киелі орындар тізіміне енген Қоңыр Әулие үңгірі, «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығы, Ырғызбай әулие кесенесі, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Еңлік-Кебек» ескерткіштері, Алакөл мен Шошқалы секілді тарихи және табиғи орындарды тамашалау мүмкіндігіне ие болады. «Шымкент-Семей-Шымкент» бағытындағы рейстің ашылғанын…
Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы жазғы демалысты ұйымдастыру шеңберінде халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейтіп келеді. Балалардың демалысын ұйымдастыруда мол тәжірибесі бар орталық шетелдік балаларды да қабылдай отырып, мәдениетаралық байланыстарды дамытуға ерекше көңіл бөледі. Орталық жұмыс істеген жылдар ішінде мұнда әлемнің 15 елінен келген балалар демалды. Соңғы үш жылдың өзінде ғана «Балдәурен» ТМД елдерінен, Қытай, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия және басқа да мемлекеттерден келген 700-ден астам шетелдік баланы қабылдады. 3 маусымда Қазақстанға демалыс пен оңалтудан өту үшін Украинадан балалар тобы келді. Олар үшін біздің еліміз туралы танымын кеңейтуге бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Атап айтқанда, балалар «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне экскурсия жасап, Астана…
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Алатау ауданындағы инфрақұрылым жобаларының жай-күйімен танысып, бірқатар маңызды нысандарды аралады. Бұл сапар – қаланың шеткі аймақтарын дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасы. Алматының қарқынды өсіп келе жатқан аудандарының бірі ретінде Алатау қазіргі таңда көлік, коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылым мәселелерінде нақты шешімдерге мұқтаж. Сол себепті әкімнің сапары аудан тұрғындарының күнделікті өміріне тікелей әсер ететін бірнеше жобаның барысын бақылауға арналды. Әуелі қала басшысы Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін ұзарту жобасының жүзеге асуын тексерді. Бұл жоба қаладағы көлік ағынын оңтайландыруға, әсіресе Тілендиев пен Үлкен айналма жол бойындағы көлік жүктемесін азайтуға бағытталған. Саин көшесі – Алматының магистральды…
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде Қызылордада бірқатар әлеуметтік маңызы бар ірі нысандар қолданысқа берілді. Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен бірқатар зиялы қауым өкілі қатысты. Мереке қарсаңында пайдалануға берілген қайта жаңғыртудан өткен қалалық мәдени-демалыс паркі қала тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шықты. Балаларға арналған ойын алаңдары, жарық шамдар мен заманауи инфрақұрылым көпшіліктің жоғары бағасына ие болды. Салтанатты шарада аймақ басшысы балаларды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Ұл-қыздарымыздың парасатты, жан-жақты болып өсуіне жағдай жасау, жас азаматтарымыздың құқығын қорғап, денсаулығын сақтау – мемлекетіміздің басты міндеті», — деген болатын. Бүгін…
Есірткі – бұл өте айырықша әрі қатерлі сала, бұл мәселе ізгілік принциптерін қолдануды қажет етеді. Таразының бір басында – оны жеткізетін және тарататын адамның өмірі, ал екінші басында – оны қабылдайтындардың өмірінің құрып бара жатқаны. Есірткі заттарын теріс пайдалану, олардың заңсыз айналымы, әсіресе оның ұйымдасқан түрлері соңғы уақыттарда барлық жерлерде таралу тенденциясына ие болып отыр. Есірткінің тарихына үңілсек.. Есірткі – (наркотик) сөзі гректің «narkotikos» сөзінен шыққан, яғни «елітетін», «мас ететін» деген мағынаны білдіреді. Есірткінің құрамында – табиғаты әр түрлі заттар тобы (өсімдік текті немесе синетикалық) бар және есірткіні теріс пайдалану нашақорлыққа алып келеді. Ал нашақорлық дегеніміз – адамның есірткіге тәуелділігі.…
Алматыда ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай жолшылар арасында өлең оқу байқауы өтті. Өлеңсүйер қауымды жинаған шара Абай мұрасын ұлықтауға арналған. Игі шараны ұйымдастырған – «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Алматы филиалы мен ҚазжолҒЗИ мекемесі. Байқау осы екі ұйымның қызметкерлері арасында өтті. Қатысушылар қазақтың кемеңгер ақынының өлеңдерін жатқа оқып, рухани мерекеге айналған шарада өз өнерлерін паш етті. Байқауға арнайы құрылған комиссия қазылық етті. Қазылар алқасының мүшесі Ғалия Темірханқызының айтуынша, мұндай шаралардың негізгі мақсаты – Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қызметкерлердің рухани дүниесін байыту, олардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. “Бұл – ақынға деген құрмет, бұл – ақыл-ойдың, парасаттың шыңы…
Жасөспірім Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процесі шешуші кезеңге жетті деп жазады Ertenmedia.kz. Тараптардың сөзталасында кімнің кінәлі екені әлі талас тудырып жатыр. Прокурорлар қылмысқа негізгі кінәлі ретінде Абзал Шынасылды атап, оны 23 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Басқа айыпталушыларға 20 жылдан 1 жыл 6 айға дейін түрме жазасы талап етілді. Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай сотты ток-шоуға айналдырмай, «әркім тек өзі жасаған ісіне жауап берсін» деп, қылмыстың «топтық сипатта жасалғанын» растамады. Қайтыс болған Шерзаттың адвокаттары қылмысқа қатысы бар әрбір адамның ең қатал жазамен жазалануын талап етіп отыр. Ал марқұмның анасы соттан басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады. Қызығы, марқұмның…
Жемқорлықпен күрес жөніндегі халықаралық Transparency International ұйымының мүшесі Әсел Темірова ҰҚШҰ төрағасы Иманғали Тасмағамбетовке қатысты тосын мәліметпен бөлісті деп жазады Ertenmedia. Сарапшының пікірінше, Назарбаев тақтан тайса да, оның сенімді серігі Тасмағамбетов пен оның жақын ортасы ел ішіндегі ықпалын жоғалтқан жоқ. Билікте, соның ішінде Тоқаевтың төңірегінде, ҰҚК-де, Мәжілісте және медиада Иманғали Нұрғалиұлының сөзін сөйлейтіндер толып жүр. Сарапшының мәлім еткеніндей Тасмағамбетов Ресейдегі аса ықпалды тұлғалармен, соның ішінде «Ростех» мемлекеттік корпорациясының басшысы, генерал Сергей Чемезовпен тығыз байланыста. Корпорация құрамына АвтоВаз, Камаз, «Ресей тікұшағы» секілді ірі кәсіпорындар кіреді. Темірованың айтуынша, Тасмағамбетов Ресейдің стратегиялық кәсіпорындарымен, атап айтқанда, «КАМАЗ»-дың директорлар кеңесінің мүшесі ретінде Ресей мүддесіне қызмет…
