Түркістан қаласы тағы бір демалыс аймағымен толықты. Бүгін шаһардың Әкімшілік-іскерлік орталығынан бой көтерген жасанды көлі бар саябақ пайдалануға тапсырылды. Жаңа нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, тұрғындарға ізгі тілегін жеткізді. – Бүгін біз балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында Түркістан төрінде табиғатпен тығыз байланыс орнататын, демалып серуендейтін тағы да бір саябақтың ашылуына куә болып тұрмыз. Қала тұрғындары мен қонақтарына жайлы орта қалыптастыру – біздің басты мақсаттарымыздың бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Елімізді көгалдандыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл – жалпыұлттық мәселе. Қазақстанымыз таза болуы қажет» деп айтқан болатын. Ал, бұл саябақ – қаланың экологиялық, туристік әлеуетін…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қазіргі таңда ұлттың заманауилығы тек экономикалық көрсеткіштермен немесе технологиялық дамудың деңгейімен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік қатынастардың сапасымен, үстемдік ететін құндылық бағдарларымен және тұлғааралық өзара әрекеттестік түрлерімен айқындалып келеді. Осы тұрғыда достық ұғымы әлеуметтік құрылымды және мәдени жаңғыруды талдауда барған сайын маңызды мәнге ие. Әлеуметтануда достық — бұл тұрақты әрі өзара әлеуметтік байланыстардың бір түрі ретінде қарастырылады, қазіргі заманда ол отбасылық және корпоративтік қатынастардың шеңберінен шығып отыр. Шынымен де, бүгінде сенім мен достық қарым-қатынастар демократиялық қоғамдардың тұрақты дамуы жолында шешуші рөл атқарады (Putnam, 2000[i]). Сенім деңгейі мен әлеуметтік белсенділігі жоғары елдерде азаматтық белсенділік артып, институттар мықтырақ қалыптасады және демократия тұрақты…
Astana International University (AIU) оқу орнына ресми сапармен Ифе королі әрі йоруба халқының рухани көсемі – Оның Ұлылығы Адеейе Энитан Огунвуси келді. Йоруба – Нигериядағы ең ірі этностардың бірі, халқының саны шамамен 40 миллион адамға жетеді. Бұл сапар корольдің «Астана» халықаралық форумына қатысуы аясында жүзеге асты. Ол форум тарихында алғаш рет өткен «Қазақстан – Африка: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері» атты арнайы сессияда спикер ретінде сөз сөйледі. AIU қабырғасында өткен ресми кездесу барысында мәртебелі мейман Нигерияның бүгінде Африканың халқы ең көп әрі қарқынды дамып келе жатқан елі екенін атап өтті. Бүгінде ел халқы 235 миллионнан асады, ал халықтың медиандық жасы – небәрі…
1 маусым — Балаларды қорғау күнінде Қызылордада қайта жаңғыртудан өткен қалалық мәдени-демалыс паркі ашылды. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Аттракцион паркі 1953 жылы ашылған. 1996 жылы жекешелендіріліп, 2008 жылы мемлекет меншігіне қайтарылды. Биыл мердігер «Bi Global» компаниясы жобалық-сметалық құжатқа сәйкес оны толық жөндеп, парк жаңарған кейіпке енді. Бұл жұмысқа 6,3 млрд теңге бөлінді. — Кіреберіс қақпа алдындағы «Сыр батырлары» ескерткіші Тағзым алаңына көшірілді. Ол жерге арка орнатылып, жаңа үлгідегі кеспетас төселді. Қоршау толық жаңартылды. Бетонды скейтпарк, 20-ға жуық аттракцион, кафе ғимаратын орналастыруға арналған алаң және ойын алаңдары салынды. Жаңа субұрқақтар парктің барлық аумағын қамтиды. Ашық аспан…
Астанада биыл шамамен 180 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Жұмыс қаланың барлық ауданын, оның ішінде тұрғын алаптарды қамтиды. Қазірдің өзінде бірқатар жұмыс аяқталған. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елорданың алты ауданында 40-тан астам аула мен қоғамдық кеңістік пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Байқоңыр ауданында мерекелік іс-шара аясында 10 жаңа аула ашылды. Олар балалардың ойнап, демалуына қолайлы заманауи орынға айналды. Аталған аумақтарда ойын және спорт алаңдары, шағын архитектуралық формалар, демалыс аймақтары орнатылған. Жаңа аулалар мына мекенжайларда орналасқан: Сейфуллин көшесі, 41; Бейсекбаев көшесі, 14; Сембинов көшесі, 21; Ғабдуллин көшесі, 1; Торайғыров көшесі, 3; Уәлиханов көшесі, 3; Рахимов көшесі, 91; Шонаұлы көшесі,…
Алматы қаласында «Алма-Арасан» – термалды бұлақ туристік бағытын жаңарту жобасының екінші кезеңі аясында 2025 жылғы 3 маусым мен 3 шілде аралығында жол уақытша жабылады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Шектеу «Алма-Арасан» маңындағы автотұрақтан бастап термалды бұлаққа дейінгі жолға, сондай-ақ «Қыздың көз жасы» сарқырамасы мен «Терра» алқабына апаратын бағытқа да қатысты болмақ. Құрылыс-монтаж жұмыстары аясында ескі көпірлер жаңартылып, жаңа соқпақтар мен баспалдақтар, демалыс инфрақұрылымы орнатылады. Жоба қала тұрғындары мен туристер үшін қауіпсіз әрі ыңғайлы экологиялық бағыт қалыптастыруды көздейді. Айта кетейік, мамыр айында тау бөктері қауіпті тастардан тазартылып, қорғаныш торлар мен анкерлік құрылымдар орнату жұмыстары басталған болатын. Алматы әкімдігі тұрғындардан серуен жоспарларында уақытша шектеулерді…
Абай облысының Үржар ауданына енді SCAT әуе компаниясының ұшақтары күн сайын қатынайды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бүгін Үржар ауылындағы әуежайға алғаш рет «SCAT» компаниясының 50 орындық «CRJ-200» ұшағы қонды. Бұған дейін тұрғындар бұл бағытта ескі «АН-24» ұшағын пайдаланып келген еді. «Үржар-Алматы» және «Үржар-Астана» бағыттары бойынша рейстер аптасына 7 рет, яғни күн сайын орындалады.
Жетісу облысында Халықаралық балалар күніне орай ауылдық жерлерде тұратын 84 отбасы баспаналы болды. Атап айқтқанда, Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылында және Ақсу ауданының Жансүгіров ауылында кезекте тұрғандарға жаңа пәтердің кілті тапсырылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында жеке құрылыс салушылар есебінен көп қабатты үй салынып, бұл үй апатты үйлердің мәселесін шешу үшін бюжет қаржысына сатып алынды. Көп қабатты үйде 30 үш бөлмелі, 15-тен бір және екі бөлмелі пәтер бар. Сөйтіп апатты үйлердің тұрғындары ретінде кезекте тұрған 60 отбасы жаңа пәтерге ие болды. — Апатты үйде отбасымызбен тұрып жатқанымызға 22 жыл болды. Екі бөлмелі пәтерде жеті адам тұрдық. Кезегіміз келіп,…
«Назарбаев Мәскеуде не жоғалтты?» деген сұрақ соңғы бірнеше күн бойы Ertenmedia оқырмандарына маза бермей жүр. Экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлгі сауалға егжей-тегжейі жауап қатқан екен. Үкібайдың сөзінше, Назарбаев Мәскеуге өзі жетіп бармаған, оны Кремль көсемі арнайы шақырыпты. Әбішұлы қандай да бір ресми шараларға қатыспаған. Сапар Жеңіс күнімен байланысты болған, алайда Тоқаевпен қабаттасып қалмау үшін, экс-елбасы Кремльге парад өткесін барып бас сұққан. «Назарбаев пен Путиннің арасында көп жылдан бері жалғасып келе жатқан сыйластық қарым-қатынас бар. Бұған таңғалатын түгі жоқ. Назарбаев Түркия, Қытай, БАӘ, Өзбекстан, Беларусь басшыларымен де дәл осылай достық рәуіште жиі хабарласып, жеке жүздесіп тұрады. Мұндай бейресми кездесу мен…
Астана қаласының тұрғындары жұмысшы мамандықтар жылына орай ұйымдастырылған республикалық «Алтайдан Оралға дейін» велошеруінің қатысушыларын сән-салтанатпен қарсы алды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Сарыарқа ауданындағы Көктал саябағында оларды Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Азамат Ағзамов, Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржан Қайырбаева, Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұқаралық спортты дамыту бөлімінің басшысы Жандос Махмұтұлы, сол сияқты еңбек ұжымдары, колледж студенттері және спортсүйер қауым зор ықыласпен құттықтап, қошемет көрсетті. Бұл республикалық велошеру – жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы мәртебесін арттыруға арналған маңызды шара. Мұндай бастамалар еңбектің қадірін айқындап, техникалық және өндірістік салаларға жастардың қызығушылығын оятуды мақсат етеді.…
