Астана қаласы әкімдігінің бірыңғай байланыс орталығы – iKOMEK109 тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, өтініштерге жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін жаңартылған ақпараттық платформаны – iKOMEK 2.0 іске қосады. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте орталық жетекшісі Асқар Тақсымов айтып берді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Байланыс орталығы iKOMEK109 – елорданың өмір сүруін қамтамасыз ететін жүйенің негізгі буыны. 109 қысқа нөміріне 23 басқарма, 6 аудан әкімдігі, барлық коммуналдық қызметтер, лифт шаруашылықтары, ПИК және тұрғын үйлерді күтіп-ұстаушы ұйымдар біріктірілген. Орталық жыл сайын 2,2 миллионнан астам өтінішті өңдейді. Күніне 8000-ға жуық қоңырау қабылданады – коммуналдық ақаулар туралы хабарламалардан бастап жедел араласуды қажет ететін төтенше…
Автор: Асылхан Бөрібай
Экс-президент Назарбаев пен Кремль көсемінің аяқасты кездесуі тегін болмай шықты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Экономист Нұрлан Жұмағұловтың пікірінше, Ресей осы арқылы Қазақстанға «Росатомды» тықпалап отыр. Әбішұлы Кремль үшін Тоқаев билігіне ықпал етудің кезекті тетігі ғана «Мәскеу қазір Ақордаға қысым көрсетіп жатыр. Алдағы бір-екі аптада Қазақстан АЭС салатын компанияны таңдап, түпкілікті шешім қабылдауы тиіс. Әуелде жобаның басты үміткері «Росатом» болатын. Бірақ оның қаржылық жағдайы мүшкіл. Қалт-құлт етіп отыр. Тоқаев бұл жобаға БЖЗҚ-ның немесе Ұлттық қордың бір тиынын да жұмсамайтынын бірнеше рет кесіп айтқан», – дейді Нұрлан Жұмағұлов. Оның атап өткеніндей, Ресей бұған дейін еліміздегі үш көмір станциясын салуға қаржы құюы тиіс болған,…
Қазақстанда теміржол тасымалының тарифтері күрт көтерілгеннен кейін кәсіпкерлердің өндірісі тоқтап, экспортқа шығаратын тауары өтпей, серіктестерімен жасалған келісімдер бұзыла бастады. Әсіресе, кен-металлургия саласындағы кәсіпорындар үлкен соққы алып жатыр деп хабарлайды Ertenmedia. 1 мамырдан бастап магистральды теміржол желісінің тарифі 35 пайызға өсті. Енді 1 маусымнан локомотив тарту қызметінің бағасы тағы қымбаттайды. Мұндай қымбатшылықтың негізгі ауыртпалығы металлургия, көмір өндіру және астық экспорты салаларына түсті. Өйткені, Қазақстандағы барлық жүктің 65 пайызы теміржол арқылы тасымалданады. Логистика құнының артуы ел өнімдерінің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілетін әлсіретіп, экспорттық келісімдерден айырылып қалу қаупін күшейтіп отыр. «Жоғарыдан қабылданған шұғыл шешімдер кәсіпкерлерді тығырыққа тіреп тұр. Көптеген кәсіпорындар амалсыздан бейімделуге мәжбүр.…
Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында үлкен жасанды көлі бар жаңа қалалық саябақтың құрылысы жүріп жатыр, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл қала тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы демалыс аймағын қалыптастыруға бағытталған Түркістандағы ірі жобалардың бірі. Осы ретте, қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы саябақ құрылысын бақылап, сала мамандарымен және мердігер мекеме өкілдерімен кездесті. Құрылыс барысындағы бірқатар кемшіліктерді ретке келтіріп, уақытылы, сапалы орындауды тапсырды. Саябақтың жалпы аумағы — 32 гектарды құраса, оның дәл ортасында көлемді, жасанды көл болмақ. Саябақ ішінде жаяу жүргіншілер көпірі, субұрқақтар, сарқырама, тамашалау алаңдары, заманауи қоғамдық тамақтану орындары, архитектуралық аркалар мен арнайы орындықтар қарастырылған. Құрылыстың толық аяқталуы 2025 жылға жоспарланған. Жоба кезең-кезеңімен…
Семей қаласының қос жағалауын байланыстырып тұрған аспалы көпірдің асфальт жабыны толық ауыстырылады. Облыс әкімі Берік Уәли «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» мамандарымен бірге көлік өткелінде басталған жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz 27 мамырдан бастап көпірдегі қозғалыс схемасы өзгеріп, көліктер төрт жолақпен қатынауда. Қазіргі уақытта ескі асфальт алынып жатыр. Бұған дейін бұл нысанда тек ойықтарды жамау жұмыстары атқарылса, енді жүріс бөлігі толық жаңартылады. Жаңа асфальт заманауи стандарттарға сай сапалы материалдан төселеді. Асфальтты ауыстыруға 80-ге жуық жұмысшы және 20-дан астам арнайы техника тартылған. Жоба бойынша жөндеу жұмыстары шілде айының басында аяқталады деп жоспарланып отыр. Аймақ басшысы мердігерлерге жұмысты сапалы…
Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге барып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Бұл туралы Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады деп жазады Ertenmedia. Зейнеттегі экс-саясаткер мен Путиннің қандай мәселені талқылағаны әзірге белгісіз. Әдетте, Әбішұлы Мәскеуге бекер бармайды. Күні кеше Мәжілістегі белсенді депутаттар «Ескі Қазақстанның» шетел асырған 150 млрд долларын елге қайтару керек» деген бастама көтерген болатын. Назарбаев пен Кремль көсемінің бұған дейінгі кездесуі 2024 жылдың желтоқсанында Мәскеу түбіндегі Ново-Огарёвода өткен болатын.
Зайсан ауданына жұмыс сапары барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Сатпай елді мекенінде салынып жатқан әуежайдың құрылысымен танысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. – Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Бұқтырма көпірі пайдалануға берілсе, биыл Зайсан және Катонқарағай аудандарында жаңа әуежайлардың құрылысы басталды. Жаңа нысан Қазақстан мен Қытай арасындағы жолды бір күнге қысқартты. Енді жаңа әуежай Моңғолия мен Қытай арасындағы халықаралық байланысты жиілетеді. Бұл, бірінші кезекте, туризмге, ауыл шаруашылығы мен басқа да салаларға серпін беретіні сөзсіз, – деді облыс әкімі Нұрымбет Аманұлы. Әуежайдың құрылыс алаңында бірқатар мәселелер бар, бірақ олар өз шешімін тауып жатыр.…
Балаларды қорғау күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда» ұранымен ауқымды іс-шара өткізді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz БҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Балаларға арналған мереке ТЖ вице-министрі генерал-майор Кеген Тұрсынбаевтың құттықтау бейнеүндеуімен, сондай-ақ Департамент бастығының орынбасары Марат Мұратов құттықтау сөздерімен және балалар алдында ақыл айтумен басталды. Бұдан әрі балалар мерекелік көңіл-күйде ойындар мен байқауларға қатысты. Сондай-ақ, балалар үшін арнайы техника бойынша өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жауынгерлік киімдерін киіп, олардың көлік құралына кіріп, олардың рөлін сезіну мүмкіндігі көрсетілді. Іс-шара соңында балмұздақпен тамақтанып, байқауға қатысқаны үшін жүлделі орындар мен сыйлықтар таратылды. Іс-шараның басты мақсаты…
Аталған іс-шарада жетекші халықаралық сарапшылар, саясаткерлер мен цифрлық экономиканың өкілдері қазіргі заманның басты сын-тегеуріндерінің бірі – зияткерлік меншікті қорғау мен реттеу мәселелерін талқылады. Шараны ашқан Әділет министрі Ерлан Сарсембаев Қазақстан зияткерлік меншікті орнықты даму, инвестициялық климатты нығайту және цифрлық трансформация жағдайында әділ ережелерді қалыптастыру үшін стратегиялық ресурс ретінде қарайтынын атап өтті. Министр жасанды интеллекттің қарқынды дамуы жағдайында авторлар, әзірлеушілер және қоғам мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету мәселесі ерекше маңызға ие екеніне тоқталды. Панельдік сессия барысында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Бас директоры Дарен Танг сөз сөйлеп, Қазақстанға алғашқы ресми сапарымен келгенін атап өтті. Өз баяндамасында ол Қазақстанның зияткерлік меншік саласында теңгерімді әрі…
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) 2014 жылдан бері Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына арналған «ЖОО талап етуінің ұлттық рейтингін» тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл рейтингтің басты мақсаты – білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау, кадрларды даярлау деңгейін анықтау және жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелілігіне сүйене отырып, профессор-оқытушылар құрамының рейтингін жасау. Жуырда IAAR агенттігі білім беру бағдарламаларын саралау нәтижесінде еліміздің жоғары оқу орындарының «ТОП-50» профессор-оқытушылар құрамының тізімін жариялады. Бұл тізімге еліміздің жетекші ғалымдары енді. Ғылым жолы – табандылықты, зор зейінді, қажыр-қайратты және мықты миссияны талап ететін жауапты бағыт. Іргелі ғылым жетістіктері бүгінде энергияның жаңа түрлерін өндіруден бастап, табиғат құбылыстарын игеру,…










