Автор: Асылхан Бөрібай

Түркістан қаласында биыл 944 пәтерлі 11 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Жыл басынан бері жоспарға сәйкес, 4 үйдің құрылысы аяқталып, 348 пәтер өз иесін тапты. Бұдан бөлек, несие жүйесімен 2025 жылы жалпы 2 082 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Бүгінгі таңда, Түркістан қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар саны – 17 058. Оның 6 487-сі – әлсіз топ мүшелері болса, 5 185-і – көпбалалы отбасылар, 181-і – тұл жетім санатындағылар. Сондай-ақ, 5 203 отбасы бюджет есебінен баспаналы болуға кезекте тұрса, 2 үй апатты жағдайда деп танылуына байланысты жаңа үй алу кезегіне тіркелген. Жаңа Заңға сәйкес, 2025…

Толық оқу

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласындағы Теміржол шағын ауданында 300 орынға арналған заманауи мектеп пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Білім беру нысаны Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында салынды. ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов атап өткендей, бұл жоба тек жаңа ғимараттар салуға ғана емес, сонымен қатар оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған. «Мектептердің заманауи технологиялармен жабдықталуы, инклюзивті инфрақұрылым және қауіпсіз жағдай – өсіп келе жатқан ұрпақтың сапалы білім алуына негіз болады», – деді аймақ басшысы. Шемонаиха қаласындағы жаңа мектеп физика, химия, биология, математика, информатика, тілдер мен музыка пәндері бойынша…

Толық оқу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты жан-жақты қолдаудың, соның ішінде салалық білім беруді дамытудың маңызын бірнеше рет атап өткен болатын. Дәл осы мамандандырылған оқу орындарында ұлттық жарыстардан бастап халықаралық ареналарға дейінгі отандық спортшылардың болашақ жетістіктерінің іргетасы қаланады. Елімізде олимпиадалық резервтің 19 мамандандырылған мектеп-интернат колледжі жұмыс істейді. Оның 5-і республикалық, ал 14-і өңірлік. 2024–2025 оқу жылының қорытындысы бойынша спорттық оқу орындарын 1200-ден астам жас түлек аяқтап, ұлттық құрама сапын толықтыруға дайын. 490 түлек республикалық оқу орындарын бітірді. 730-дан астамы – өңірлік мектептер мен колледждерден түлеп шықты. Республикалық оқу орындары арасында түлектер саны бойынша көшбасшылар: Алматы қаласындағы РМҚК «Республикалық олимпиадалық резервтің мектеп-интернат-колледжі»…

Толық оқу

Жыл басынан бері Қазақстанда мемлекеттік қаржыны тиімсіз жоспарлап, мақсатсыз жұмсау және қаржылық заң бұзушылықтар салдарынан бюджетке 355 миллиард теңге көлемінде шығын келген. Бұл туралы Әлихан Смайылов басқаратын Жоғары аудиторлық палата мәлімдеді деп жазады Ertenmedia. Палата 2025 жылдың алғашқы үш айында 24 мемлекеттік мекемені тексеріп, жалпы көлемі 5,9 трлн теңгенің қаржылық операцияларын саралаған. Тексеру қорытындысында мынадай ірі заң бұзушылықтар анықталды: Мемлекеттік органдар 287,6 млрд теңгені тиімсіз жұмсаған. Жоспарлаудағы қателіктер кесірінен мемлекет 64,6 млрд теңгеден айырылған. Лауазымды тұлғалар тарапынан 3,3 млрд теңгенің қаржылық заң бұзушылығы тіркелген. Жоғары аудиторлық палата анықтаған осы 355 млрд теңгенің тек 3,3 миллиардын ғана бюджетке қайтаруға мүмкіндік бар.…

Толық оқу

Ресейдің Магнитогорск қаласында Қазақстан азаматы соғысқа қатысудан бас тартып, әскери бөлімнен қашқаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған қоса 100 мың рубль (600 мың теңгеден астам) көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz 1obl.ru-ға сілтеп. Қазақстан азаматы 2024 жылдың қыркүйегінде Ресей қорғаныс министрлігімен әскери келісімшарт жасасып, әскери борышын өтеу үшін ақша алған. Алайда, Магнитогорск гарнизоны әскери сотының хабарлауынша, ол 1 қазан күні белгіленген мерзімде «қызметіне» қайта оралмаған. Осыдан кейін азамат жалға алған мотоциклмен шекараға дейін жетіп, Қазақстанға өтпек болған. Бірақ 2024 жылғы 15 қазанда Челябинск облысының Варнен ауданында Ресейдің шекара қызметкерлері оны ұстап алған. Сот шешімімен ол Ресей Қылмыстық кодексінің…

Толық оқу

iKOMEK109 бүгінде – бұл елорданың әрбір тұрғынына арналған цифрлық қолдау мен дауыстың көрінісі. iKOMEK109 қалалық ортаның келбетін қалай өзгертіп жатқанын, сын-қатерлерге тиімді жауап беріп, елорда тұрғындары мен қонақтарының мәселелерін қалай шешуге ұмтылатынын орталық басшысы Асқар Тақсымовпен болған сұхбаттан білдік. – Асқар Боранбайұлы, iKOMEK109 15 миллиондық өтініш шегінен асты. Бұл өте үлкен көрсеткіш. Бұл санның артында не тұр? – Бұл жай ғана сан емес – бұл сенім мен тиімділіктің көрсеткіші. 2018 жылдан бастап, iKOMEK109 жүйесі іске қосылғалы бері Астана тұрғындарынан 15 миллионнан астам өтініш қабылдадық. Тек 2024 жылдың өзінде – 2,3 миллионнан аса өтініш түсті. 2025 жылдың алғашқы айларында –…

Толық оқу

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстандағы полипропилен өндіретін ірі кәсіпорын – «Полимер Продакшндағы» өз үлесінің 60%-ын ресейлік «Сибур Холдингке» сатты деп жазады Ertenmedia Kursiv-ке сілтеп. Келісімнің құны – 1,18 миллиард теңге. Бұл туралы «ҚазМұнайГаздың» 2025 жылдың бірінші тоқсанына арналған есебінде көрсетілген. «Полимер Продакшн» – Қазақстан мен Орталық Азиядағы полипропилен қаптары мен үлдірлерін (пленка) өндіретін алғашқы ірі зауыт. Кәсіпорын 2012 жылы Атырау облысында ашылған. 2023 жылдың желтоқсанына дейін зауыт акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына Өңдеу» және «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағына тиесілі болған. Кейінірек кәсіпорын толықтай «ҚазМұнайГаздың» басқаруына өтті. Компанияның 2023 жылғы қаржылық есебіне сәйкес, активтері – 1,81 млрд теңге, капиталы – 1,5 млрд…

Толық оқу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының жаңа әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдап, шаһардың алдағы даму бағыты туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әкім президентке қаланы дамытудың негізгі басымдықтары ретінде әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу, экологиялық ахуалды жақсарту және тұрғындардың өмір сапасын көтеруді белгілегенін мәлімдеді. Президент Тоқаев жаңа әкімге Алматының тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуді, экономикасын әртараптандыруды, инфрақұрылымды кешенді түрде жаңғыртуды тапсырды. Сондай-ақ жол-көлік жүйесін ретке келтіріп, экологияға қатысты қордаланған мәселелерді шешуді ерекше атап өтті. Бұған дейінгі қала әкімі Ерболат Досаев 24 мамыр күні қызметінен босатылып, оның орнына Дархан Сатыбалды тағайындалған болатын. Айта кетелік, Алматы қаласының әкімі боп тағайындалған Дархан Сатыбалды қызметінің негізгі қағидасы ашықтық,…

Толық оқу

Күршім ауылында «JASYL EL» жастар еңбек жасақтарының XXI маусымы ашылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Іс-шараға республикалық штаб жетекшісі Нұрасыл Бекматов қатысып, жастарды құттықтады. Ол «JASYL EL» жобасының биыл 20 жылдығы екенін атап өтіп, жыл соңында үздік жасақтар марапатталатынын айтты. 2005 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бұл жасақтар экологияны сақтау, көгалдандыру, жастарды еңбекке баулу бағытында жұмыс істейді. Былтыр ШҚО-да 1021 жас қамтылса, биыл 1000 адамды тарту жоспарланған. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға мемлекеттік органдар мен волонтерлер қатысты. Жастар ағаш егіп, тазалық жұмыстарын жүргізді. Жиында маусымдық жұмыспен қамту, экологиялық мәдениет, жұмыс берушілермен әріптестік мәселелері талқыланды. – Биыл облыстағы жастар жасақтары…

Толық оқу

Шығыс Қазақстанның 6 мыңнан астам оқушысы туған өлкенің тарихы мен табиғатын тереңірек тануға мүмкіндік алды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Киелі Шығыс» жобасына Шығыс Қазақстан облысындағы жалпы білім беру мекемелерінің 7-8-сынып оқушылары қатысады. Жоба екі кезеңде өткізіледі: 1-кезең – «Киелі Шығыс» интеллектуалдық конкурсы; 2-кезең – ШҚО бойынша оқу-танымдық турлар. Бірінші кезең 2 сәуірде онлайн платформада барлық аудан мен қала мектептерінде өтті. Конкурсқа 6 144 оқушысы қатысты. Қатысушылар өңірлік компоненттерге байланысты «Қазақстан тарихы», «География», «Биология», «Әдебиет» пәндерінен тест тапсырмаларын орындады. Конкурстың жеңімпазы болған 200 оқушы маусым айында 4 бағыт бойынша оқу-танымдық турларға қатысады: Берел (Катонқарағай ауданы), Қиын-Керіш (Күршім ауданы), Таулы Үлбі –…

Толық оқу