Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Аталған іс-шарада жетекші халықаралық сарапшылар, саясаткерлер мен цифрлық экономиканың өкілдері қазіргі заманның басты сын-тегеуріндерінің бірі – зияткерлік меншікті қорғау мен реттеу мәселелерін талқылады. Шараны ашқан Әділет министрі Ерлан Сарсембаев Қазақстан зияткерлік меншікті орнықты даму, инвестициялық климатты нығайту және цифрлық трансформация жағдайында әділ ережелерді қалыптастыру үшін стратегиялық ресурс ретінде қарайтынын атап өтті. Министр жасанды интеллекттің қарқынды дамуы жағдайында авторлар, әзірлеушілер және қоғам мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету мәселесі ерекше маңызға ие екеніне тоқталды. Панельдік сессия барысында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Бас директоры Дарен Танг сөз сөйлеп, Қазақстанға алғашқы ресми сапарымен келгенін атап өтті. Өз баяндамасында ол Қазақстанның зияткерлік меншік саласында теңгерімді әрі…

Толық оқу

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) 2014 жылдан бері Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына арналған «ЖОО талап етуінің ұлттық рейтингін» тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл рейтингтің басты мақсаты – білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау, кадрларды даярлау деңгейін анықтау және жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелілігіне сүйене отырып, профессор-оқытушылар құрамының рейтингін жасау. Жуырда IAAR агенттігі білім беру бағдарламаларын саралау нәтижесінде еліміздің жоғары оқу орындарының «ТОП-50» профессор-оқытушылар құрамының тізімін жариялады. Бұл тізімге еліміздің жетекші ғалымдары енді. Ғылым жолы – табандылықты, зор зейінді, қажыр-қайратты және мықты миссияны талап ететін жауапты бағыт. Іргелі ғылым жетістіктері бүгінде энергияның жаңа түрлерін өндіруден бастап, табиғат құбылыстарын игеру,…

Толық оқу

Қызылорда қаласында өңірдің спорттық және мәдени инфрақұрылымының маңызды нысанына айналатын заманауи спорт кешені салынады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Мемсараптама» РМК Қызылорда қаласында «Қызылорда Арена» көпфункционалды спорт кешенін салу жобасына оң қорытынды берді. Жаңа нысан спорттық жарыстар, мәдени-бұқаралық және ойын-сауық іс-шараларын өткізуге арналған. Құрылыс алаңы Сұлтан Бейбарыс пен Әбдуали Спанов көшелерінің қиылысында, Сырдария өзенінің оң жағалауында, қаланың шығыс бөлігінде орналасқан. 2,1177 га жер учаскесі бұрын ашық спорт алаңдары ретінде пайдаланылған. Жаңадан бой көтеретін нысан қаланың орталық бөлігіне жақын болуы келушілерге өте ыңғайлы болмақ. Жобаға сәйкес кешеннің аумағы арена ғимараты мен шаруашылық аймағын қамтиды. Жобалау кезінде барлық санитарлық және өртке қарсы нормалар,…

Толық оқу

Шерзат Полаттың өлімі бойынша сотта жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев моральдық шығын ретінде марқұмның жақындарына төленуі тиіс өтемақының мөлшерін атады, деп хабарлайды Ertenmedia. Адвокаттың айтуынша, негізгі моральдық және материалдық шығындарды өтеу Шынасыл Абзал мен Равиль Сәкиевтен талап етілген. Атап айтқанда, марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымовқа баласының жерлеу рәсіміне жұмсалған қаражат ретінде Шынасыл Абзалдан 2 млн 794 мың теңге өндіріп беру сұралған. Сондай-ақ, адвокат соттан марқұмның ата-анасы мен әжесіне келтірілген моральдық зиян үшін өтемақы өндіруді талап етті: Әкесі Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына Абзал Шынасыл мен Равиль Сәкиевтен 100 миллион теңге (әрқайсысынан 50 миллион теңгеден); Анасы Гүлбара Бейшембиеваның пайдасына Абзал Шынасыл мен Равиль Сәкиевтен…

Толық оқу

Астанадағы экс-премьер Кәрім Мәсімовке тиесілі болған зәулім үй әлеуметтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Бірақ нақты шешім әлі шыққан жоқ, деп хабарлайды Ertenmedia. Бұл туралы мәселені қазір қала әкімдігі қарап жатыр. Алайда үйдің мемлекет меншігіне қалай өткендігі нақты белгісіз. Белгілісі, жылжымайтын мүлік Бас прокуратура арқылы рәсімделген. Бірақ мүліктің ерікті түрде берілген-берілмегені туралы ақпарат жоқ. ҰҚК-ның экс-төрағасының үйінен табылған құнды жәдігерлер – антикварлы саблялар, сирек кездесетін көне монеталар мен басқа да бағалы бұйымдар жеке актив ретінде саудаға шығарылады. Олар арнайы аукцион арқылы жеке-жеке сатылады немесе топтамалық лот ретінде пакетпен ұсынылады. Әзірге бұл бұйымдардың нақты құны белгісіз, бірақ олардың бағасы айтарлықтай қымбат болуы ықтимал.…

Толық оқу

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Зайсан ауданына жұмыс сапары барысында Сәтпай елді мекенінде орналасқан әуежай құрылысының жұмыс барысымен танысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Әуежай құрылысы жоспарға сәйкес, кейбір жұмыстар тіпті кестеден озық жүргізілуде. Қазіргі таңда нысанда 275 маман жұмыс істеуде, қажет болған жағдайда жұмысшылар саны көбейтілетін болады. Ұшу-қону жолағының ұзындығы 2200 метрді құрайды, жолаушылар ағыны артса, бұл көрсеткіш те ұлғайтылатын болады. Биыл алғашқы әуе рейстерін іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз», – деді облыс әкімі. Әуежай құрамына 4000 шаршы метрлік аэровокзал, ұшақ жүретін жолақтар, төрт әуе кемесіне арналған перрон, командалық-диспетчерлік пункт, апаттық-құтқару қызметі, метеостанциялар және радионавигациялық жабдықтар кіреді. Әуежай іске…

Толық оқу

2025 жылдың 28 мамырында Ғылым ордасында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Абай мектебі және ұлт зиялылары» тақырыбында халықаралық танымдық іс-шара өтті. Аталған шараны «Ғылым ордасы» РМК Қазақстан ғылымының тарихы музейі мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Шараға «Ғылым ордасы» РМК бас директоры Ұлар Мұқажанов, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, академик Асқар Жұмаділдаев, «Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Ислам Жеменей, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инстиутының бас директоры Кенжехан  Матыжанов, Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы жанындағы Мәдени өкілдіктің директоры Хоссейн Ағазаде, сондай-ақ ғылым мен мәдениет саласының танымал тұлғалары, шетелдік елшіліктердің…

Толық оқу

Жетісу облысы – табиғаты және тарихи көрнекті орындары жағынан ерекше туристік тартымды аймақ. Өңірде өлкенің туристік әлеуетін көпшілікке кеңірек таныту мақсатында «Жетісудың 7 кереметі» жобасы қолға алынды. Соның аясында жобаға таңдалып алынған жеті нысанның ерекшелігі мен сипатын ашатын бейнероликтер түсіріліп ұсыныла бастады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атап айтқанда, «Visit Zhetysu» туристік ақпараттық орталығы тарапынан іске асырылып отырған жобаның алғашқы бейнеролигі «Алтынемел» мемлекеттік ұлтық табиғи паркіне арналады. Соның ішінде «Алтынемел» паркінің табиғи ландшафтары, археологиялық ескерткіштер мен сирек кездесетін флорасы мен фаунасы, биіктігі 150 метрді құрайтын үлкен құмды төбе – музыкаға ұқсас дыбыстар шығаратын қасиетімен…

Толық оқу

Бүгін ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Кеген Тұрсынбаев балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. – Халықаралық балаларды қорғау күні бізге ең басты құндылық – балалық шаққа деген қамқорлықты еске салады. Біз әрбір баланың қауіпсіздік, сүйіспеншілік пен қуанышқа толы ортада өскенін қалаймыз. Құрметті балалар, сіздер еліміздің болашағысыздар. Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен адал достар тілейміз! Бүгінде Қазақстанның көптеген қала мен ауылдарында құтқарушылар сіздер үшін сайыстар, шеберлік сабақтары, экскурсиялар, техника көрсетілімдері және нағыз батырлармен кездесулер өткізуде. Маңызды ережелерді есте сақтасаңыздар, қауіпсіздік оңай екенін біліңіздер. Жазғы демалыс – демалу мен қызықты оқиғалардың уақыты. Сондықтан судың жанында, орманда, жолда және үйде сақ болыңыздар. Қазақстан…

Толық оқу

Алматы облысы Қытай Халық Республикасымен стратегиялық әріптестікті нығайтып келеді. 2025 жылғы 21–26 мамыр аралығында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің басшылығымен өңір делегациясы Пекин, Шанхай, Ханчжоу және Цзинань қалаларында болды. Сапар бағдарламасына халықаралық көрмеге қатысу, бизнес-форум өткізу, мәдени шаралар ұйымдастыру және Қытайдың мемлекеттік органдары мен іскер топтарының өкілдерімен екіжақты кездесулер кіреді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Пекинде өткен халықаралық көрмеде Алматы облысының 12 компаниясы 150-ден астам өнім түрін – азық-түліктен бастап биологиялық белсенді қоспалар мен сусындарға дейін – ұсынды. Қазақстандық өнімдер жоғары сапасы мен табиғи құрамының арқасында қытайлық дистрибьюторлардың қызығушылығын тудырды. Бұл көрме өңір брендтерін Қытай нарығына шығару мен тікелей экспорттық байланыстар орнатудың тиімді…

Толық оқу