Автор: Асылхан Бөрібай

Алматы облысының делегациясы Қытайға жасаған іскерлік сапары аясында күн энергетикасы саласындағы әлемдік көшбасшы – Astronergy компаниясының өндіріс орнында болып қайтты. Сапардың басты мақсаты – жаңартылатын энергия көздері бағытындағы озық тәжірибемен танысып, осы саладағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерделеу болатын. Қазақстандық тарап өндіріс үдерісінің автоматтандырылу деңгейіне, өнім сапасын қадағалаудағы инновациялық технологияларға және зауыттың қуаттылығына ерекше назар аударды. Astronergy компаниясы күннен қуат алатын жоғары тиімді панельдерді шығарумен ғана емес, жасыл энергетика саласында жаңа технологияларды белсенді түрде енгізумен де танымал. Кәсіпорынға жасалған экскурсия барысында Алматы облысының өкілдеріне өндіріс барысы толық таныстырылып, өнімнің сапасын тексеру мен экологиялық қауіпсіздік стандарттары қалай қамтамасыз етілетіні кеңінен баяндалды. Кездесу қорытындысында…

Толық оқу

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бастаған делегация Қытайға ресми сапармен барып, бірқатар маңызды келіссөздер өткізді. Бұл кездесулер екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі тереңдетудің жаңа белесіне айналды. Қытайлық бизнес өкілдерімен өткен басқосуға Zhuhai Shixi Technology Co., Ltd, Wanjia Hotel Group Co., Ltd және AT Partner Company секілді ірі компаниялардың басшылары қатысты. Олар әсіресе жоғары технологиялар мен туризм салаларында Алматы облысымен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ынта білдірді. Кездесу барысында ерекше назар аударылған жоба – Алматы облысының табиғаты көркем Көлсай аймағында аспалы жолдар салу жоспары. Келіссөздердің нәтижесінде осы аймақтың инфрақұрылымын дамыту және экологиялық туризмді ілгерілету бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол…

Толық оқу

Жұма күні Қазақстан мұнайы тасымалданатын Каспий құбыр консорциумы үш айға созылған жөндеу жұмыстарынан кейін Ресейдегі негізгі сорғы станциясының қайта іске қосылғанын хабарлады деп жазады Ertenmedia.kz. Кропоткин станциясы биылғы ақпан айында Украина дрондарының шабуылына ұшырап, айтарлықтай зақымданған еді. Осыған байланысты қазақстандық мұнай экспортында біраз кедергілер туындаған. Құбыр операторының айтуынша, жөндеу жұмыстары негізінен газбен жұмыс істейтін электр станциясына бағытталған. Бұл станция дрондар шабуылы кезінде айтарлықтай зардап шеккен. Енді күрделі жөндеуден өткен Кропоткин станциясы қайтадан толық қуатында жұмыс істей бастады. Бұл құбыр арқылы Қазақстан мұнайының 80 пайызы – тәулігіне шамамен 1,6 миллион баррель тасымалданады. Кропоткин станциясы қайта іске қосылған соң, 1500 шақырымға созылған…

Толық оқу

2025 жылғы 22 мамыр, бейсенбі күні Анкара қаласында штаб-пәтері Түркия Республикасында ресми тіркелген Түркі мемлекеттерінің кәсіподақтар ұйымының (OTUTS) 1-ші Конгресі өтуде. Жаңа интеграциялық бірлестікке Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркияның ұлттық кәсіподақ орталықтары кіреді. Форумға Қазақстан атынан ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин бастаған ҚР Кәсіподақтар федерациясының делегациясы қатысуда. Айта кетейік, 2023 жылғы 29 шілдеде Әзербайжанның Шуша қаласында Әзербайжан, Қазақстан, Түркия және Өзбекстанның ұлттық кәсіподақ орталықтары Түркі мемлекеттерінің кәсіподақтар ұйымын құру туралы келісімге қол қойған болатын. Жаңа интеграциялық бірлестіктің құрылтай жиналысы сол жылдың 22 қыркүйегінде Самарқан қаласында өткен. Конгресс жұмысын аша отырып, OTUTS Президенті – Түркияның Türk-İş кәсіподақтар конфедерациясының төрағасы Эргюн…

Толық оқу

Алматы қаласының әкімі болып тағайындалған Дархан Сатыбалды қызметінің негізгі қағидасы ашықтық, әділдік және тұрғындармен шынайы диалог екенін мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, мегаполис саясатын дұрыс жүргізу үшін тұрғындармен кері байланыс үзілмеуі керек, әрі әкімдік шешімінде ашықтық қажет. «Алматы – тез өзгеріп, дамып жатқан қала. Сондықтан әкімдік пен қала тұрғындары арасында тұрақты әрі ашық диалог болуы маңызды. Мен бұдан былай аудандарды тек арнайы дайындалған, алдын ала келісілген маршруттармен араламаймын. Қаланың шынайы өмірімен танысу үшін аула, мектеп, базар мен көшелерге күтпеген жерден барып, жағдайды көзбен көруге тырысамын», – деді Сатыбалды. Сондай-ақ жаңа әкім Алматыда «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын сөз жүзінде емес, іс…

Толық оқу

Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауылдық аумақтардың тұрақты дамуы – қазіргі заманның басты күн тәртібіндегі мәселелердің бірі. Осы бағыттағы нақты шешімдердің бірі – Батыс Қазақстан облысында жүзеге асырылып жатқан «Batys AgroHub» жобасы. Бұл бастама КПО б.в. консорциумының акционерлері – «Shell Қазақстан» және «Eni» компанияларының қолдауымен іске асырылып отыр. 2024 жылы осы жобаның аясында Бөрлі, Ақсу, Аралтал, Пугачёво және Пепел ауылдарының он тұрғыны жылыжай шаруашылығын дамыту үшін қайтарымсыз гранттар алды. Жобаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік белсенділігін арттырып, жұмыс орындарын құру және заманауи агротехнологияларды енгізу арқылы ауыл экономикасын жандандыру. Жылыжай шаруашылығы кездейсоқ таңдалған бағыт емес. Жабық топырақ жағдайында ауыл кәсіпкерлері тұрақты және…

Толық оқу

Ерболат Досаевтың қала әкімі ретіндегі үш жылдық қызметі аясында елімізде алғаш рет ауқымды жүйелі цифрлық жобалар жүзеге асырылды. 2023 жылы қала әкімдігі Қазақстанда алғаш болып мемлекеттік мектептер мен балабақшаларда кешенді қауіпсіздік жүйесін енгізді. 2024 жылы медициналық мекемелерде де осындай жүйе орнатылып, әлеуметтік нысандардың қорғалу деңгейі едәуір артты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алматы қаласының Бірыңғай бейнебақылау жүйесі негізгі жобалардың бірі болды. Қазіргі таңда бұл жүйеге 52 мың камера қосылған, ал 2025 жылдың соңына дейін олардың саны 70 мыңға жеткізіледі деп жоспарланған. Бұл жоба еліміздің басқа өңірлері үшін үлгі болып, ұқсас шешімдер енгізіле бастады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 2024 жылы 25 қаңтардағы…

Толық оқу

Астанада сарбаз аналарының ІІ республикалық форумы өтті. Форумға ҚР Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның, басқа да күш құрылымдарының өкілдері, Парламент депутаттары мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Іс-шара барысында әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту, медициналық қамтамасыз ету, әскери білім беру жүйесін жетілдіру, сондай-ақ армия мен әскери қызметшілердің және әскерге шақырылушылардың отбасылары арасындағы өзара қатынасты нығайту мәселелері талқыланды. – Біз әскери мемлекеттік құрылымдармен бірлесіп, біршама оң нәтижелерге жеткіздік. Аналар кез-келген уақытта әскери бөлімге келіп, ұлдарын тексере алады, демалыс күндері сарбаздармен сөйлесе алады. Ұзақ уақыт бойы аз-аздан, үздіксіз жақсы көрсеткіштерге ие болдық. Бірлескен әрекет өз жемісі мен нәтижесін берді деп…

Толық оқу

Бүгінгі Қазақстанда «жол қатынасы» дегеніңіз логистикалық хаб, қойма, цифрлық төлем жүйесі, тұтыну алгоритмі, инфрақұрылым мен мемлекеттік синергия. Сауда бұрынғыдай тек зат алмасу емес, ол – геоэкономикалық саясаттың қуатты құралына айналды. Үкімет басшысы Олжас Бектенов Алматыға жасаған жұмыс сапары аясында «Magnum E-commerce Kazakhstan» ЖШС мамандандырылған Dark Store форматындағы заманауи қоймасына барып, ритейл саласындағы жаңа инфрақұрылыммен танысты. Хаб логистиканы жеделдетіп, тәулігіне 18 мыңға дейін тапсырысты тиімді өңдеуге қабілетті. Премьер-министрдің қазіргі тұтыну, логистика және сауда моделін реформалау туралы үндеуінің маңызы зор. Бұл – көлеңкелі экономикамен күрестің саяси жалғасы, ұлттық капиталды заңдастыру мен жүйелік интеграцияның көрінісі. 2017 жылдан бері көлеңкелі экономиканың 7,5%-ға қысқаруы –…

Толық оқу

Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — деп жазылған хабарламада. Дархан Сатыбалды 1974 жылы 26 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1996 жылы С.С. Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылық институтын, 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң академиясын бітірген. Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Келес ауданының Келес кеңшары бөлімшесінің жұмысшысы ретінде бастаған. 1996-1999 жылдары түрлі мекемелерде аға экономист, бас бухгалтер болып еңбек еткен. 2000-2002 жылдары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетінің Мемлекеттік мекемелердегі бюджеттік рәсімдердің орындалуын бақылау басқармасында жетекші…

Толық оқу