Бүгін Алматы қаласының мәслихатында жаңа әкімнің есімі жарияланады. Бұл — Ерболат Досаевтың үш жылдан астам уақытқа созылған әкімдік қызметінің аяқталғанын көрсетеді. Саясаттанушы Марат Шибұтов осы кезеңде қала басшысының атқарған жұмысына жан-жақты талдау жасап, өз бағасын берді, деп хабарлайды Ertenmedia. «Мен Алматыны басқарған бірнеше әкімнің қызметіне тікелей куә болдым. Сондықтан қалаға қатысты пікірімді сырттай бақылаушы емес, ішкі жағдайға қанық адам ретінде айта аламын», — дейді сарапшы. Шибұтов Досаевтың әкімдікке келуі күрделі кезеңмен тұспа-тұс келгенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа әкім тек «Қаңтар оқиғасының» салдарымен ғана емес, сонымен қатар бұрынғы әкім Бақытжан Сағынтаевтан қалған түйткілдермен де бетпе-бет келген. Сағынтаевтың кезінде Алматыда тығыз…
Автор: Асылхан Бөрібай
Қазақстанда кейінгі жылдары сыртқы көші-қон үдерісінде айтарлықтай өзгерістер байқалады. Әлеуметтік желілерде елден кетуді насихаттайтын пікірлер кеңінен таралғанымен, ресми статистика басқаша көрсеткіштер ұсынуда. Бұл туралы «За нами уже выехали» жобасының зерттеуінде айтылды деп жазады Ertenmedia.kz. Жобаның сарапшылары Қазақстандағы «ми көші» мәселесін зерделей келе, күтпеген қорытынды жасаған: елден кеткен адамдар саны қысқарып, керісінше Қазақстанға тұрақты тұру үшін көшіп келушілер саны артып отыр. Бюро ұлттық статистикасының деректеріне сәйкес, соңғы екі жылда Қазақстандағы көші-қон сальдосы алғаш рет оң көрсеткішке шыққан. 2023 жылы бұл көрсеткіш +9 мың адамды құраса, 2024 жылы одан да өсіп, +17 мың адамға жеткен. Бұған дейін елдің тәуелсіздік алған кезінен бастап…
10-24 мамыр аралығында Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында Түркістан облысының жас боксшылары ел мерейін үстем етті. Жастар санатындағы жарыс мәресіне жетіп, Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен түркістандық былғары қолғап шеберлері зор жетістікке қол жеткізді. Сары құрлықтың үздік боксшылары жиналған дүбірлі додада отандық спортшылар жоғары деңгейдегі дайындықтарын дәлелдеп, биік жетістікке қол жеткізді. Оның ішінде Түркістан облысының спортшылары сегіз бірдей алтын медальді қанжығалады. Атап айтқанда, 60 келі салмақта Нұрислам Қалдыбек, 67 келіде Бахтияр Анарбаев, 75 келіде Аман Қонысбеков қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, чемпион атанды. Қыздар арасында 63 келіде Аружан Жаңабаева мен 75 келідегі Шұғыла Нәлібай…
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ұлттық мәдениетті дамыту мен насихаттауға қосқан ерекше үлесі және мәдениет саласындағы елеулі жетістіктері үшіндық мәслихатының депутаты, мәдениет қызметкері Нұртай Тілеужан «Құрмет» орденімен марапатталды. ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәдениет қайраткерін жоғары марапатымен құттықтап, алдағы уақытқа шығармашылық табыстар тіледі. Нұртай Тілеужан Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген. 1991 жылы алғаш рет Қазақстанға айтыс сайысына қатысу үшін келген, ал 1992 жылы отбасымен бірге тарихи отанына қоныс аударып, Ұлан ауданының Айыртау ауылына тұрақтаған. Қазақстанға келген соң, ауыл шаруашылығында еңбек етіп, кейіннен аудандық мәдениет үйіне жұмысқа орналасқан. Ол өзінің шығармашылық қабілеттері мен қоғамдық белсенділігі арқылы танылып, бес рет аудандық мәслихат…
Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиевамен және Талдықорғанда өтіп жатқан азаматтық форумның басқа да бірқатар спикерлерімен кездесу өткізді. Атап өтсек, «Азаматтық қоғам 2.0: мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасындағы өзара іс-қимылдың инновациялық үлгілері – өңірлік дамудың драйвері» атты ауқымды азаматтық форум биылғы жылда алғаш рет Жетісуда өткізіліп отыр, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ресми қонақтарды қарсы алған Бейбіт Исабаев өңірдегі азаматтық институтпен бірлесіп жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әділеттілік, ашықтық және қоғаммен кері байланысты өзінің саяси бағытының негізгі өзегі ретінде белгіледі. Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы — біздің күнделікті жұмысымыздағы негізгі…
Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбындағы XXVII сессиясы өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Сессия жұмысына облыс әкімі, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нариман Төреғалиұлы Төреғалиев төрағалық етіп, сөз сөйледі. Облыс әкімі өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХIV сессиясында айтқан стратегиялық бағытын негізге ала отырып, Ассамблеяның елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы маңызын атап өтті. «30 жыл ішінде Ассамблея этносаралық татулық пен дінаралық келісімді сақтау ісінде үлкен үлес қосты. Бұл құрылым еліміздегі барлық этностарды ортақ мақсатқа біріктіріп, Қазақстанның бейбітшілік пен келісімнің брендіне айналуына ықпал етті», – деді…
Алматы облысында 17 917 түлек үшін қоңырау соңғы рет соғылады. Олар үлкен өмірге қанат қағуға бір табан жақын тұр. Үкілеген үмітті арқалағандардың 1433-і «Алтын белгі» төсбелгісіне үмітті. Ал, 1513 оқушы «Үздік аттестат» иегері атануға құлық танытуда, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 11 жылдық тәлім мен тәрбие, білім мен білік , бағы мен бабы қатар сыналар тұста алыс емес. Түлектер жылдағыдай ҰБТ тапсырады. Биыл 14 123 бала тестілеуден өтеді. Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Диана Тетенқызы биылғы 2024-2025 оқу жылы жемісті болғанын алға тартуда. Оның айтуынша, оқушылар 17 халықаралық, 150-ге жуық республикалық білім бәйгелерінің…
Бүгін Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы Полиция Департаментінде Ашық есік күні өтті. Іс-шара «Қазақстан балалары» республикалық тұжырымдамасы аясында және 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылды. Оған 150-ден астам мектеп оқушылары мен «Жас сақшы» бағдарламасының кадеттері қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Салтанатты бөлім сапқа тұру мен қонақтарды қарсы алудан басталды. Балалар Ішкі істер министрінің бейнеқұттықтауын көріп, ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбековтің жылы лебіздерін тыңдады. Содан кейін оқушылар әртүрлі тақырыптық алаңдарға бөлініп, түрлі іс-шараларға қатысты. Бірі шахмат пен үстел теннисінен сайысса, енді бірі интернет қауіпсіздігіне арналған викторинаға қатысты. Жас қатысушыларға интернеттегі алаяқтарды қалай тану және жеке мәліметтерді қалай қорғау керектігі…
Өрт қауіпті кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға дайындық мақсатында 2025 жылғы 22-23 мамыр аралығында Батыс Қазақстан облысы аумағында республикалық «Өрт – 2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды. Оқу-жаттығудың мақсаты – төтенше жағдайларды жоюға күштер мен құралдардың дайындығын арттыру, табиғи сипаттағы төтенше жағдайға ден қою барысында уәкілетті органдар мен ұйымдардың басқару және өзара іс-қимыл алгоритмін пысықтау, құлақтандыру және байланыс жүйелерінің дайындығы, барлық деңгейлерде жедел кезекшілікті ұйымдастыруды, болжамды және диспетчерлік қызметтердің жұмысы, материалдық-техникалық, азық-түлік және медициналық резервтердің қорларын құруды тексеру болып табылады. Оқу-жаттығуға облыс әкімдігі, орман шаруашылығы басқармасы және азаматтық қорғау уәкілетті орган қызметкерлері қатысты. Практикалық бөдімге азаматтық қорғаудың барлық қызметтері тартылған болатын. Өртті сөндіру,…
Алматы облысының Іле ауданында орналасқан «Фирма БЕНТ» ЖШС базасында «AMANAT» партиясының облыстық көшпелі қоғамдық қабылдауы ұйымдастырылды. Іс-шара Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтарының жылы» аясында өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қоғамдық қабылдауға зауыттың 40-қа жуық қызметкері қатысып, жалақы, еңбек қауіпсіздігі, медициналық қызмет көрсету, жол сапасы, қоғамдық көлік маршруттары мен экологиялық ахуалға қатысты өзекті мәселелерін көтерді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қабылдаудың басты мақсаты – еңбек ұжымдарымен тікелей байланыс орнатып, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық сұрақтарын жедел әрі тиімді шешуге ықпал ету. «Әрбір көтерілген мәселе бойынша тиісті мемлекеттік органдарға нақты ұсыныстар жолданады. Бұл – партияның халықпен ашық диалог орнатуға ниетті екенін көрсететін тиімді алаң», – деді ұйымдастырушылар. Партия…










