Автор: Асылхан Бөрібай

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемен қаласының сол жағалауындағы Сәтпаев даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиылысында үш жолақты қозғалысы бар екі деңгейлі жол айрығының құрылыс барысын тексерді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Облыс әкімі атап өткендей, бұл жоба өңір орталығы үшін аса маңызды. Ол автокөлік жүргізушілеріне қозғалыс уақытын едәуір қысқартып, Базовая көшесі мен Меновное ауылын қоса алғанда төрт бағытта еркін жүруге мүмкіндік береді. Мұнда бес жолақты қозғалыс қарастырылған. Жол айрығының өткізу қабілеті 2,5 есеге артады. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш тәулігіне 85 мың автокөлік болса, құрылыс аяқталған соң 200 мыңнан астам автокөлікті қамтиды. Сондай-ақ, облыс әкімінің айтуынша, бұл жоба жол қозғалысын…

Толық оқу

Ауыл шаруашылығы министрлігі Астанадағы «Керуен» сауда орталығы маңындағы жер телімін неге тікелей әкімдікке бере алмай, жеке меншікке сатуға мәжбүр болғанын түсіндірді. Бұл туралы вице-министр Азат Сұлтанов Qogam News басылымына берген сұхбатында мәлімдеді деп жазады Ertenmedia.kz.  Министрлік өкілінің айтуынша, аталған жер телімі бұрынғы иесінен төрт жыл бойы игерілмегендіктен қайтарылып алынған. Бірақ министрлік оны сату процесін бастаған кезде Астана қаласының бас жоспарына өзгерістер енгізіліп, телім құрылыс аймағынан абаттандыру аумағына ауыстырылған. «Жердің мақсаты өзгерген соң біз сотқа жүгініп, осы учаскені тікелей коммуналдық меншікке өткізіп, саябақ жасау үшін пайдалануды ұсындық. Алайда заң талаптарына сәйкес сот біздің өтінішімізді қабылдамады. Сондықтан сот шешімін орындау үшін жер…

Толық оқу

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Аймақ басшысы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада болды және отбасын қолдау орталығының жұмысымен танысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана — республика бойынша теңдесі жоқ инклюзивті жобалардың бірі. Екі қабатты кітапхананың жалпы аумағы – 800 шаршы метр. Нысан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қаржылай қолдауымен бой көтерген. Кітапхананың ішкі құрылымы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бейімделген. Онда компьютер мен смартфон пайдалануға үйрететін тифлотехнология кабинеті, брайль жүйесі бойынша оқу-жазуға баулитын кабинет, дыбысталған әдебиеттер қоры, брайль қарпімен жазылған 40 мыңнан астам кітап, coworking…

Толық оқу

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Будапештте өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде (ТМҰ) Түркі әлемі елдері арасында сауда-саттықты арттырып, өңірлік интеграцияны тереңдетудің маңызды стратегиялық бағыттарын ұсынды. Президент өз сөзінде ТМҰ елдері арасындағы сауданы кеңейту мақсатында арнайы стратегиялық құжат әзірлеуді ұсынды. Оның айтуынша, ұйымға мүше мемлекеттердің қазіргі сауда айналымы 11,4 млрд долларды құрайды, бірақ бұл көрсеткіштің әлдеқайда өсу мүмкіндігі бар. Бұл ретте өңіраралық сауданың көлемімен қатар, оның түрлерін де әртараптандыру маңызды. Тоқаев, сондай-ақ энергетика мен көлік-логистика инфрақұрылымы салаларындағы трансұлттық жобаларға бірлескен күш жұмсау қажеттігін ерекше атап өтті. Әсіресе, Транскаспий бағытындағы энергетикалық инфрақұрылымды, оның ішінде Транскаспий мұнай құбырының жобасын бірлесіп жүзеге асыруға назар…

Толық оқу

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы былтырғы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін арнайы құрылған «Ақжайық» қайырымдылық қорының жұмысын тексеріп жатыр. Бұл туралы Ertenmedia «Орал апталығы» порталына сілтеме жасай отырып хабарлады. Қазір қордың қызметіне байланысты қаражаттың заңды әрі әділ бөлінуі бойынша тергеу амалдары әлі аяқталмаған. Сондықтан тергеу органдары тексерудің толық нәтижесін күту керектігін мәлімдеп отыр. Бұл қордың құрылтайшысы әрі директоры – БҚО Ішкі саясат басқармасының бұрынғы басшысы Тілекқабыл Имашев. Ол қор жұмысының ашық жүргізілгенін және түскен қаражаттың нақты мақсаттарға жұмсалғанын айтады. Имашевтың дерегі бойынша, «Ақжайық» қорына су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек ретінде жалпы 73,4 миллиард теңге жиналған. Осы қомақты…

Толық оқу

Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Қазақстан балалары» атты ұлттық науқан басталды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің бейнеүндеуінде мәлімдеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Министрдің айтуынша, онкүндік Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Отбасы – тәрбие бастауы!» ұранымен өтуде. Бұл бастама арқылы мемлекет бала тәрбиесіндегі отбасылық құндылықтарға, ата-ана мен баланың өзара түсіністігіне баса назар аударуды көздеп отыр. «Құрметті достар! Баршаңызды алдағы Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мереке қарсаңында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Отбасы – тәрбие бастауы!» ұранымен онкүндік басталды. Өйткені бала тәрбиесінде шешуші рөл атқаратын – отбасы. Дәл осы ортада тұлғаның қабілеті дамып, болмысы қалыптасады. Президентіміз балалардың сапалы…

Толық оқу

Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған «Отбасында өмір сүру бақыты» атты тағылымды кездесу кеші өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Кештің басты мақсаты — отбасылық байланыстарды нығайту, өскелең ұрпаққа отбасы тәрбиесінің маңызын түсіндіру. Кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту. Іс-шараны ардагер журналист Роза Нарымбетова, ардагер ұстаз Несіпкүл Өтебаева ашып берді. Олар шараның мән-маңызына тоқталып, отбасы – қоғамның іргетасы екенін атап өтті. Қатысушыларға ізгі тілектерін білдіріп, кештің тағылымды өтуіне сәттілік тіледі. Шараға кітапхананың белсенді оқырмандары мен олардың ата-аналары Қонаевтар отбасы қатысты. Кеш барысында үлгілі отбасы мүшелері өзара сыйластық, тәрбиенің маңызы, отбасыдағы жылылық пен бірлік жайлы ойларымен бөлісті. Балалар…

Толық оқу

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары 140 ұпай жинап, рекорд орнатқан Жәнібек Әбілханды қабылдады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Кездесуге Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының директоры Сәуле Исанова мен сынып жетекшісі Гүлзира Бортаева қатысты. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің атынан жас түлекті арнайы құттықтап, сый-сыяпат жасады. Марапат пен оқуға қажет ноутбук құрылғысын табыстады. Ұстаздарына құрмет көрсетті. — Апта өңір үшін өте қуанышты жаңалықпен басталды. Оның басты себепкері әрі кейіпкері – Жәнібек өзіңіз. Республика көлемінде Түркістан өңірі мен ауылыңыздың абыройын көтеріп, рекорд жасадыңыз. Отандастарымызға үлгі болдыңыз. Шын жүректен құттықтаймыз! Зияткер оқушымызды білім нәрімен сусындатып, тәрбие берген ұстаздарға алғысымыз мол.…

Толық оқу

Абай облысында 2025 жылдың басынан бері балалардың терезеден құлауына байланысты үш жағдай тіркелді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Бауыржан Садақбаев мәлімдеді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz – Екі бала 5-қабаттан, бір бала балконнан құлап, жарақат алды. Абырой болғанда, бәрі аман қалды, бірақ бастарынан жарақат алып, емханаға жеткізілді. Екі ата-ана Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды, – деді тәртіп сақшысы. Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, білім беру ұйымдары мен елді мекендерде профилактикалық іс-шаралар өткізіп келеді. Жыл басынан бері 300-ге…

Толық оқу

Бүгін Шардара суқоймасының аумағында «Таза әлем — баршаға ортақ іс!» атты плоггинг өтті. Тазалық жұмыстарына армреслингтен 30 Әлем чемпионы, 20 Азия чемпионы мен 10 ел чемпионы қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Шара экологиялық сананы арттырып, туған елге деген сүйіспеншілікті оятуға, сондай-ақ жас ұрпақты еңбекқорлық пен жауапкершілікке және табиғатқа жанашыр болуға бағытталған. «Бүгін Шардара су қоймасының жағалауын тазалау, қоқыстарын жинау жұмыстарына ауданның ғана емес, бүкіл Қазақстанның мақтанышы – армрестлинг чемпиондары да өз үлестерін қосып отыр. Бұл – плоггинг спортшыларымыздың жастарға, өскелең ұрпаққа көрсеткен үлгісі. Армрестлингке келіп жаттығып жүрген жастар ағаларының жолымен апта сайын осы жағалауды тазалауға уәде беріп отыр. Біз өз…

Толық оқу