Ел назарына ұсынбақ сын пікіріміз XVIII ғасырдың бірінші жартысында Ресей империясының бодандығын қабылдау кезінде айрықша белсенділік көрсеткен Табын руынан шыққан Бөкенбай және оған қатысты тарихшы И.Ерофееваның жалған деректер мен бұрмалаушылықтарға құрып жазған «Рыцарь звания чести, Казахский батыр Бокенбай Карабатырулы» атты кітабы (Алматы, 2017 жыл) жайында. Бұл 2018 жылы «Ар-намыстың Ақтаңгері қазақ батыры Бөкенбай Қарабатырұлы» деген атаумен қазақ тілінде жарық көрген-ді. Алматы қаласынан. Аударған М. Ақдәулетұлы. Айтпағымызды кітаптың осы қазақша нұсқасы бойынша өрбітеміз. Пікірімізге Рыцарь ның басқа да еңбектерін куәлік етеміз. Сонымен. 1. Табын Бөкенбайды өлтірген қалмақтар ма, түрікпендер ме? Ерофеева Табын Бөкенбай батырдың өлімі туралы шындық пен мүрдесі жерленген…
Автор: Асылхан Бөрібай
Бүгін Қалалық мәдениет және демалыс саябағында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен Экологтар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға мемлекеттік мекемелердің, өндіріс орындарының эколог мамандары, ардагерлер мен қоғам өкілдері қатысты,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Іс-шара аясында қала мектептерінің оқушылары арасында ұйымдастырылған «Қайта өңде – Қайта өмір сыйла» атты шығармашылық көрме көрермен назарына ұсынылды. Көрмеде балалар тұрмыстық қалдықтар мен қайта өңделетін материалдардан жасалған бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды. Оқушылар өз қиялдары мен экологиялық білімін ұштастыра отырып, пластик бөтелкелерден жасалған гүлдер, картоннан құрастырылған макеттер, қағаздан жасалған сәндік бұйымдар мен тұрмыстық қолдануға арналған ыдыстарды көрсетті. Бұл көрме – балалардың табиғатты қорғауға, қалдықтарды сұрыптап пайдалануға деген…
Ақын Қалқаман Сарин ұйымдастырған желідегі әдеби бастама шынайы таным мен рухани тамырды жаңғыртқан маңызды шараға айналмақшы. Әдетте экраннан ән айтып, сахнада сөйлеп үйренген өнер иелерінің енді кітап туралы ой бөлісуі – бір мезетте таңданарлық құбылыс. Бұл шара ұлттық сана мен мәдени кодты қайта жаңғыртудың, қазақ қоғамының рухани иммунитетін қалыптастырудың заманауи тәсілі десек болады. Қалқаман Сариннің әлеуметтік желідегі үндеуі – эстафета, яғни бірінен бірі жалғасатын рухани аманат іспетті. Әуелі өзі сүйіп оқыған кітаптарын ұсынып, кейін осы үрдісті жалғастыру үшін көпшілікке үн қатты. Оған үн қосқандардың арасында әнші Мейрамбек Бесбаев пен актер Бекжан Тұрыс, қоғам белсендісі Сырымбек Тауға дейін бар. Бұдан элита…
«Көлсай көлдері» МҰТП «Парктер шеруі-2025» табиғат қорғау акциясы аясында 85 іс-шара өткізіліп, 685 ағаш отырғызылды, 168 ұя орнатылды, 5,3 тонна қоқыс шығарылды. Шараларға 4252 адам қатысты. Бұл туралы Көлсай көлінде өткен акцияның қорытынды жиынында белгілі болды. Оның ішінде дөңгелек үстел, тақырыптық көрмелер, мектеп оқушыларымен кездесу дәрістері, «Таза Қазақстан», «Таза аймақ», «Мөлдір бұлақ», «Су тіршілік көзі» акциялары бар. Көлсай көлінде өткен қорытынды жиын мектеп оқушыларының қолөнер бұйымдары мен суреттерінің көрмесінен басталды. Оқушылар табиғатты қорғау, экология тақырыбында 50-ден астам туынды ұсынды. Олардың ең үздігін кәсіпкер Қанат Өскенов сатып алды. Қалған сурет, қолөнер бұйымдары «Көлсай көлдері» МҰТП музейіне қойылмақ. Жиында үздік суреттер мен…
Шығыс Қазақстан облысындағы 40 жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген бұрынғы №1 қалалық аурухананың ғимараты толық жаңғыртудан өтуде, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қазір бұл мекеме Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы (ШҚО ММО) деп аталады. Халық арасында әлі күнге «1-қалалық аурухана» деп аталатын орталық бұрыннан сынға ілініп келе жатыр. Бірнеше рет «жөндеу жұмыстары басталады» деп айтылғанымен, тек жекелеген бөлмелерді жөндеумен шектеліп келді. Кеңестік стильдегі тар палаталар, ескі тозығы жеткен жабдықтар – мұның бәрі тұрғындар үшін үйреншікті көрініске айналған еді. Нағыз күрделі жөндеу қажет болатын. Бүгінде аурухананың барлық дерлік жүйелері — желдету жүйесінен бастап, палаталардағы шақыру батырмаларына дейін жаңартылып жатыр. – Жөндеу жұмыстары былтырғы…
Астанада жеңіл рельсті көлік жобасын іске асыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінгі күні рельстің 11 шақырымы төселіп, бетонмен нығайтылды. Бұл желінің эстакадалық бөлігінің жалпы ұзындығының 50%-ын құрайды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Шпал төсеу және рельс монтаждау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес барлық учаскеде жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмысы негізгі нысандардың – «Нұрлы жол» теміржол вокзалының, Халықаралық әуежайдың, Министрліктер үйінің және Республикалық бас мешіттің маңында жалғасуда. Қазіргі уақытта барлық құрылыс және инженерлік жұмыс қалыпты режимде атқарылып жатыр. Сонымен қатар, станциялар инфрақұрылымы мен электрмен жабдықтау жүйелерін дайындау жұмысы жүріп жатыр. Астанадағы жеңіл рельсті көлікті сынақтық іске қосу 2025 жылдың қыркүйек айына жоспарланған.
Бүгін Қызылордадағы «Өнер орталығында» көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлықбек Есдәулеттің «Сыр мен жыр» атты шығармашылық кеші өтті. Кешті облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, өнерсүйер қауым тамашалады, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Аймақ басшысы қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасы бар ақынның шығармашылығына, бүгінгі кештің рухани маңыздылығына тоқталды. «Биыл наурыз айында Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, бір ғасыр бұрын Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды. Алқалы жиында қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты. Президентіміз халқымыздың «қазақ» деген байырғы атауы қайтарылған, тарихи әділдік орнаған Қызылордадағы…
Ешкі шаруашылығы ерте кезден-ақ қой түлігімен қатар өсіріліп келе жатқан мал шаруашылығының байырғы саласының бірі. Мысалы, 1916-1928 жылдар аралығында ешкі саны 3,6-3,8 млн басқа жеткен. Өкінішке орай, нарық сұранысына сай келетін осы салаға елімізде жеткілікті мән берілмей келеді. Әлемнің көптеген елдерінде ешкі саласына лайықты көңіл бөлінген. Мысалы, Индия мемлекетінде 150 млн, Қытайда 130 млн, Пәкістан, Бангладеш және Нигерия мемлекеттерінде 60,0-90,0 млн ешкі малы өсіріледі. Индияда жылына 6,0 млн тонна, ал Қытай 2,5 млн тонна ешкі етін өндірсе, Пәкістан мен Судан 1,0 млн тоннадан аса ешкі сүтін сауады. Қазақстанда соңғы 10 жылда ешкі еті 16-21 мың тонна аралығында өндірілген, ал ешкі…
Жетісу облысында Алакөлде жүзу құралдарының бақылаусыз қозғалысы мәселесі шешілді. Осы мәселені реттеу үшін жалпы су пайдалану қағидалары бекітілді, онда тиісті түсініктемелер беріліп, су айдынындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын сақтамағандарға жауапкершілік белгіленетіні атап көрсетілген. Көліктік бақылау инспекторларының саны және тиісінше шағын көлемді су құралдарының қатары да артпақ. Сонымен қатар жазғы шомылу маусымы барысында көл жағалауының санитарлық жағдайына ерекше назар аударылатын болады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Өңірдегі туризм саласын дамытудың осы және басқа да өзекті мәселелері облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатовтың төрағалығымен өткен кеңейтілген кеңесте талқыланды. Жиынға бірқатар басқармалардың, полиция, төтенше жағдай департаменттерінің басшылары, аудан-қала әкімдері онлайн байланысқа қосылды. Атап айтқанда, Алакөл және Балқаш…
Абай облысы Семей қаласының іргесіндегі «Өндіріс» индустриалды аймағында микрочиптер мен электроника бұйымдарын шығаратын заманауи жоғары технологиялық зауыттың құрылысы басталды. Жобаны Suto Kazakhstan Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорны жүзеге асыруда деп хабарлайды Ertenmedia. Жоба жақында ғана Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағындағы Алтай қаласында өткен «Үлкен Алтай» халықаралық форумында ресми таныстырылды. Сол жиында Абай облысы мен Қытай инвесторлары арасында жалпы құны 1,5 млрд долларды құрайтын 15 меморандумға қол қойылды. Соның ішінде Семейде қолға алынған зауыттың құрылысына 50 млн доллар инвестиция тартылған. 2025-2028 жылдар аралығында үш кезеңмен салынатын өндіріс орны болашақта микрочиптер, микросхемалар, оптоэлектронды модульдер, интеллектуалды басқару құрылғылары және электронды дисплейлер шығаратын болады. Өнімдер Қазақстан нарығына…









