Автор: Асылхан Бөрібай

2025 жылы ел Үкіметі экономиканың нақты секторын жедел дамытуға бел буып, білек сыбана кірісті. Мемлекет IT мен логистикадан бастап, тамақ өнеркәсібі, құрылыс, машина жасау мен химияға дейінгі басты салалардағы шағын және орта бизнестің инвестициялық жобаларына ашық тапсырыс жариялады. Міндет-шағын бизнесті орта және ірі бизнестің деңгейіне жеткізу. Кәсіпкерлерге «Даму» қоры айтарлықтай қолдау көрсетуде. Атап айтқанда, несиеге кепілдік беру көлемі едәуір артты. Енді кепіл жеткіліксіз болса, мемлекет жобаның 85%-ға дейінгі құнын жабады. Соның арқасында, елімізде жаңа өндірістерді іске қосуға мүмкіндік артады. Бұл саясаттың нәтижесі де іс жүзінде белгілі болуда. 2010 жылдан бері «Дамудың» қолдауымен химия өнеркәсібі саласындағы 512 жобаға 195 млрд теңге…

Толық оқу

Ақтөбе облысында «Мансап» орталықтары арқылы жаңа мамандықты игеріп жатқан азаматтар қатары артып келеді. Ақтөбе қаласындағы «Мансап» орталығының маманы Райымгүл Қожантаеваның айтуынша, биыл жұмыссыз ретінде тіркелген 120 адам түрлі мамандық бойынша курстарда оқып, жұмысқа орналасады. – Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында басталған жобаның мақсаты – жұмыссыздарды жұмыспен қамтып, олардың білімін шыңдау. Курсқа қабылдау 23 сәуірде басталды. Бүгінде шаштараз курсында – 10, пішуші курсында – 12, тігіншілік курсында 9 адам оқып жатыр. Бұдан бөлек алдағы уақытта жұмыссыздарға кондитер, аспаз, слесарь-сантехник курстары оқытылады. Мұнда ынталы қатысушылар теориялық білім алып, үйренгенін тәжірибе жүзінде пысықтайды. Курсты аяқтағанша білім алушыларға 43574 теңге көлемінде…

Толық оқу

Будапешт қаласында 21 мамырда Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) саммиті өтті. Бұл жиында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізіне қатысты бірнеше маңызды мәселені көтерді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысы өз сөзінде әдеттегідей «Орта дәлізді» дамыту қажеттігін атап өтіп, оны Шығыс пен Батысты байланыстыратын ірі транзиттік көпірге айналдыруға шақырды. Сонымен бірге ол «Солтүстік – Оңтүстік» деп аталатын тік бағыттағы сауда дәлізін де ұмыт қалдырмады. «Бұл бағыттарды дамыту арқылы түркі аймағының негізгі транзиттік хаб ретіндегі мәртебесін айтарлықтай нығайтуға болады», – деді Тоқаев. Президент ТМҰ елдерінің арасындағы өзара сауданы одан әрі арттырудың маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі көрсеткіштер көңіл көншітпейді.…

Толық оқу

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков бірқатар аудан-қала әкімдерінің қатысуымен мәжіліс өткізіп, ағын суды тиімді пайдалану мәселесін талқылады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Мамандардың мәлімдеуінше жауын-шашынның аз түсуінен биыл арналарда су көлемі едәуір кеміген. Мәселен, 2024 жылы Арыс өзені арқылы келетін су секундына 55/м3 құраса, биыл бұл көрсеткіш 13/м3-тан аспай тұр. Бөген су қоймасына жиналған су мөлшері былтыр 339 млн/3-ға жетсе, қазіргі таңда нақты бар су – 230 млн/3. Арыс, Кентау қалалары мен Түлкібас, Сайрам, Сауран, Ордабасы, Отырар аудандарына ағын су босату реттілігі мен шаруаларға су босату кезектілігін жүйелеу тапсырылды. Сонымен қатар мүмкіндіктерді саралай отырып, су ұңғымаларын іске қосу мәселесі көтерілді. – Ағын…

Толық оқу

Қазақстанда отандық тасымалдаушыларға арналған жеңілдіктерді пайдаланып отырған шетелдік компаниялардың жұмысына тексеріс жүргізу туралы мәселе көтерілді, деп хабарлайды Ertenmedia. Мәжіліс депутаты Серік Ерубаевтың айтуынша, соңғы жылдары елімізде халықаралық автотасымал нарығына қызмет ететін ірі шетелдік компаниялардың тіркелуі жаппай сипат алған. Мұндай тәсіл арқылы олар бастапқыда тек қазақстандық бизнеске арналған квоталарға, лицензиялар мен салықтық жеңілдіктерге қол жеткізіп отыр. «Шын мәнінде, бұл компаниялар шетелдік көлік паркін, шетелдік капитал мен кадрларды пайдаланады және оларды сырттан басқарады. Осы кәсіпорындардың заң талаптарын қаншалықты орындап отырғанын, капиталдың қозғалысын, соңғы бенефициарларын, персонал құрамы мен басқару органдарын тексеру қажет. Содан кейін оларға отандық тасымалдаушыларға арналған жеңілдіктерді пайдалануға тыйым салған жөн.…

Толық оқу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Бұл бағытта Түркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Биыл мамандарды даярлауға бөлінетін 15 мыңнан астам гранттың 9 500-і, яғни 63,3 пайызы жұмысшы мамандықтарына бөлінеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Аталған салаға берілетін гранттар 1 000 орынға ұлғайтылады. Қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау бағытында үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі екі есеге өседі деп күтілуде. Бұл колледждердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға, педагогтардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда өңірдегі 50 колледжде 45 мыңнан астам студент білім алуда. Биыл облыстағы арнайы білім…

Толық оқу

Жетісу облысы құрылғаннан бері мәдениет, архив саласының штат саны 200 бірлікке артып, 2300 адамнан асты, бюджеті  83%-ға өсті. Ал саланың инфрақұрылымын жаңарту 40%-ға жетті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Облыс құрылғаннан бергі үш жылда өңірде айтулы мәдени жаңалықтар мол болды. Мәселен Талдықорғанда Ұлы Абайға ескерткіш, Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің, Халық артисі Бикен Римованың және екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновтің бюсті қойылды. Осы жылдар ішінде Жетісу облысының филармониясына Қазақстанның Халық әртісі, әнші-композитор Дәнеш Рақышевтің есімі беріліп, өнер саңлағы тұрған Талдықорғандағы үйге ескерткіш тақта орнатылды. Облыс тарихында тұңғыш рет эстрадалық-симфониялық оркестр құрылды. Кербұлақ ауданында Шоқан Уәлихановтың «Алтынемел» мемориалды кешеніне күрделі жөндеу жасалып,…

Толық оқу

Украинаға басып кіргелі бері Ресей армиясынан кемінде 49 мың сарбаз қашып кеткен, деп хабарлайды Ertenmedia. Мұндай деректі «Важные истории» басылымы жариялады. Ақпарат көзі ретінде екі бірдей деректер базасы алынған: 2022–2024 жылдар аралығында Ресейдің Оңтүстік әскери округінде қызмет орнын тастап кеткен әскерилердің ашық жарияланған тізімі, сондай-ақ 2025 жылдың наурызында Украина қорғаныс министрлігіне қарасты «Хочу жить» жобасы таратқан, Ресейде әскери қылмыстық іс қозғалған сарбаздардың деректері қолданылған. Бұдан бөлек, «Важные истории» редакциясы Ресей армиясындағы 20-мотоатқыштар дивизиясының қашқындары туралы жеке тізімге де қол жеткізген. Ондағы көрсетілген есімдердің 65 пайызы Оңтүстік әскери округінің деректерімен сәйкес шыққан. Сондай-ақ, тізімдегі көптеген әскеридің аты-жөні Ресейдің әскери гарнизондық соттарындағы…

Толық оқу

Биыл Түркістан облысында алғаш рет модульді 5 жазғы лагерь іске қосылады, деп хабарлайды Ertenmedia. Өңірдің 5 ауданындағы жазғы сауықтыру лагерлерінде 54 модульдік жатын бөлме, 2 асхана, 4 әжетхана орнатылады. Бұл бастама — лагерлердегі орын тапшылығын шешуге бағытталған. Мәселен, «Төлеби Нұры», «Тау шыңы», «Балауса», «Тау барысы» және «Балдәурен» лагерлеріне орнатылатын модульдер бір ауысымда 1 мыңнан астам баланы қабылдайды. Жалпы жазғы маусымда бұл лагерлерде 10 мыңға жуық бала демалады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, облыстағы жазғы сауықтыру кешендерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Осы ретте, өңірдегі «Самал» жазғы сауықтыру лагері 20 жылдан бері алғаш рет күрделі жөндеуден өтті. Жалпы Түркістан облысында биыл…

Толық оқу

Алматы облысында 17 917 түлек үшін соңғы қоңырау сыңғырламақ. Олардың ішінде 1 433-і – үздік оқудың символы саналатын «Алтын белгіге» үміткер. Тағы 1 513 оқушы «Үздік аттестат» алуға ниетті. Мектеппен қоштасар шақта түлектер 11 жыл бойғы еңбегінің нәтижесін көрсетпек. Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге 14 123 оқушы қатысады. Білім басқармасының мәліметінше, 2024-2025 оқу жылы жемісті аяқталуда. Оқушылар 17 халықаралық және 150-ге жуық республикалық олимпиадада жүлде алған. Республикалық деңгейде 25 оқушы – 1 орын, 30-ы – 2 орын, 75-і – 3 орынға ие болған. Жазда облыс бойынша 30 лагерь жұмыс істеп, оқушылардың 92 пайызы демалыспен және сауықтыру шараларымен қамтылады. Әлеуметтік осал санаттағы…

Толық оқу