Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Сара Назарбаева қайтыс болды-мыс ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Осы оқиғаның төңірегінде нағыз детективке ұқсас жағдай қалыптасқаны депутаттың да назарын аударған, деп хабарлайды Ertenmedia. «Жалпы, түсініксіз оқиға болды. Иә, бұрынғы президенттің әйелі болса да, ол да адам ғой. Бұл жерде не құпия бар? Егер адам қайтыс болса, оны анық әрі ашық хабарлауымыз керек. Егер аман болса, оны да жасырмай жария ету керек. Құзырлы органдар халық алдына шығып, нақты мәліметті неге бермейді? Неге Сара Алпысқызының өзі халық алдына шығып, аман-есен екенін көрсетпейді? Бұл жерде түсініксіз нәрсе көп», – деді Базарбек мәжіліс кулуарында. Депутат Қазақстанда ешбір азамат туралы, оның…
Автор: Асылхан Бөрібай
Биыл Астанада бұрын-соңды болмаған ерекше гастрофестиваль өтеді. Фестиваль аясында ең үздік қымыз өндірушілер сынға түседі. Ал жалпы жүлде қоры – 45 миллион теңге, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Биыл Астанада алғаш рет қазақтың асыл сусыны қымызға арналып, «BaiQymyz – бапталған қымыз ұлттық тағамдар гастрофестивалі» атты ірі көлемдегі мәдени-аграрлық іс-шараның өтуі жоспарланып отыр. Аталған фестиваль халқымыздың дәстүрлі тағам мәдениетін, соның ішінде қымыз өндіру дәстүрін жаңғырту мен халықаралық деңгейге дамытуға бағытталған. Шараға 60 мыңға тарта адам қатысады деп жоспарланып отыр. Әр өңірден 50-ге жуық қымыз өндіруші қатысады. Ұйымдастырушылар бұл фестивальді «Октоберфест» сияқты халықаралық үлгідегі мәдени-аграрлық брендке айналдыруды көздеп отыр. Келген қонақтар екі күн бойы…
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Парктер шеруі» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Акция барысында қатысушылар – жас өлкетанушылар мен «Жасыл клуб» мүшелері – орталық аумағында 80 түп ағаш отырғызды. Іс-шараға №27 жалпы орта мектебінің «Жас өлкетанушылар» тобы, №16 Т.Аманов атындағы мектептің «Амановшылар» жасағы, №28 жалпы орта мектебінің «Курс» жасағы, №29 «Пальмира» мектебінің «Пальмира» жасағы, Ш.Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты, Облыстық балалар биологиялық орталығының «Жас зерттеушілер» тобы атсалысты. Сондай-ақ Абай облысы білім басқармасының өкілдері, «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары, «Прииртышье» өлкетану қоғамының жетекшісі, Семей облыстық тарихи-өлкетану музейінің биолог…
2025 жылдың 19 мамырында «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Ұлар Мұқажанов бастаған делегация Иран Ислам Республикасының астанасы – Тегеран қаласындағы үш ірі мәдени мекемеде ресми сапармен болды. Бұл сапар екі ел арасындағы ғылыми, мәдени және архив салаларындағы өзара серіктестікті нығайтуға және ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге бағытталған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Делегацияның алғашқы аялдамасы – Иранның алғашқы жекеменшік музейі ретінде танылған Малек ұлттық музейі мен кітапханасы болды. 1937 жылы қажы Хусейн Малек тарапынан негізі қаланған бұл мекеме бүгінде Құдс Разави орталығының қарамағында қызмет етеді. Музей мен кітапхана сирек қолжазбалар мен тарихи жәдігерлердің бай қорына ие. Сапар барысында делегация музейдің құрылымымен,…
Оқу жылы аяқталғаннан кейін Алматыда мектеп жанындағы лагерьлер жұмысын бастайды. Қазіргі уақытта мегаполистегі 200-ден астам мектеп оларды ашуға белсенді дайындық жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ата-аналар баласын лагерьге мектеп әкімшілігіне жүгіну арқылы тіркей алады. Лагерьлерге бару толықтай тегін. Балалар үшін мазмұнды жазғы демалыс бағдарламасы әзірленіп жатыр. Лагерьлерде балалар зияткерлік және шығармашылық ойындарға, спорттық жарыстарға, викториналарға, пікірсайыс клубтарына, жазғы тіл мектептері мен «Жас ұлан», «Жас қыран» бағдарламалары бойынша сабақтарға қатыса алады. Лагерьлер жаз мезгілінде жұмыс істейді. Нақты жұмыс кестесін мектеп әкімшілігінен нақтылау қажет. «Әр мектеп жазғы бағдарламасын әзірлейді. Мысалы, алты мектеп жанынан ұлттық дәстүрмен жақын танысуға, сәндік-қолданбалы өнер мен қолөнер негіздерін…
Жетісу облысында жастардың бастамалары мен кәсіпкерлік әлеуетін қолдауға бағытталған «Тәуелсіздік Ұрпақтары» гранттық жобасы басталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Аталған жоба 18–35 жас аралығындағы жұмыссыз жастарға арналған және олардың әлеуметтік, ғылыми, мәдени және кәсіпкерлік бағыттағы жобаларын іске асыруға мүмкіндік береді. Жобаның мақсаты — жастардың ел дамуына қосар үлесін арттыру, олардың өз кәсібін ашуға, ауыл шаруашылығы мен өндіріс салаларында жұмыс жасауына, сондай-ақ креативті және экологиялық бағыттарда дамуына қолдау көрсету. Гранттар келесі 6 бағыт бойынша беріледі: Мал және балық шаруашылығы; Өсімдік шаруашылығы; Сүт өнімдерін өндіру; Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу; Қолөнер және шағын өндіріс; Агротуризм және экотуризм. Әрбір жеңімпазға қайтарымсыз қаржылай қолдау беріледі. Қаражат…
Абай облысының әкімі Берік Уәли халықаралық «Үлкен Алтай» субөңірлік ынтымақтастық конференциясы аясында Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялы өлкесі Тачен (Тарбағатай) аймағының партия комитетінің хатшысы Чжи Сяньвэймен кездесті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Кездесу барысында Абай облысы мен Тачен (Шәуешек) қаласы арасындағы арасындағы екі жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Аймақ басшысы Абай облысы мен Шыңжаң ұйғыр автономиялы өлкесі арасындағы шекараның ұзындығы 250 шақырымнан асатынын, оның ішінде Бақты кеден бекетінің маңызды рөл атқаратынын айтты. Облыстың стратегиялық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі бағыттарының қиылысында орналасуы транзиттік әлеуетті арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Ол Семей қаласында халықаралық талаптарға сай әуежай жұмыс істейтінін айтып, «Семей-Үрімжі-Семей» және «Семей-Тачен»…
Сарыағаш ауданындағы Қапланбек ауыл округіне қарасты Қанағат ауылындағы №7 Төле би атындағы жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Ақжүніс Атахан әлемнің беделді 36 университетінен шақырту алды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Халықаралық қатынастар мамандығын таңдаған жас түлек дүниежүзіндегі озық университеттерде білім алып, өз саласын жетік меңгерген майталман маман болуды армандайды. Әлем назарын аудартқан талапты оқушының ҰБТ-дағы бағалары да көз қуантарлық. Білім сынағының соңғы нәтижесі бойынша 111 ұпай жинаған. Ауыл мектебінде оқитын Ақжүніс Асылханқызы шетелде оқып, жаңа ортада өзгенің мәдениетін танысам, білім көкжиегімді кеңейтсем деген ниетпен үздіксіз ізденген. Нәтижесінде ол Дубай, Түркия, Малайзия, Канада, АҚШ сынды дамыған елдердегі университеттерге құжатын жіберіп, 36-сынан шақырту…
Астанада Мәдениет қызметкерлері форумы жалғасып жатыр. Бүгін форумға еліміздің барлық өңірінен келген музей, театр, кітапхана және мәдени-демалыс ұйымдарының 700-ге жуық қызметкері қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Форум аясында ғалымдар, тарихшылар мен археологтар музей экспонаттарын сақтау және қалпына келтіру мәселелеріне арналған панельдік сессияға қатысты. Іс-шарада Қазақстан, Әзербайжан және Ресейден келген сарапшылар сөз сөйледі. Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрында театр өнері мен концерттік қызметке арналған семинарлар өтті. Іс-шара аясында Мәдениет нысандары технологиялары және инженерлік шешімдер ассоциациясының ұйымдастыруымен театр және мәдени-көрініс алаңдары мамандарына арналған біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Оған әлемдік деңгейдегі жетекші сала мамандары қатысты. Қатысушылар көрермен әсерін арттыру, сахнаны жарықтандыру мен…
Шымкентте тәуелсіз журналист Мөлдір Нұрман өзіне қысым көрсетіліп жатқанын айтып, Мемлекет басшысына үндеу жолдады. Бұған дейін қаланың ауыз су мәселесін ашық жазып, зерттеу жүргізген журналистке қарсы жабылып қалған қылмыстық іс қайта қозғалған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Журналистің айтуынша, қысым оның «Су ресурстары – Маркетинг» компаниясы туралы жариялаған материалынан басталған. Кәсіпорын 30 жыл бойы Шымкентті ауыз сумен қамтамасыз етіп келген. Алайда, қала әкімдігі ауысқан соң, компания коммуналдық меншікке берілген. Мөлдір Нұрман осы процестің ашықтығына күмән келтіріп, арнайы журналистік зерттеу жүргізген болатын. Бұған дейін дәл осы материал бойынша қылмыстық іс қозғалып, кейін ол жабылған еді. Бірақ жақында полиция өкілі қайта келіп, филологиялық сараптама…










