Автор: Асылхан Бөрібай

Биыл Түркістан қаласында жалпы ұзындығы 138,5 шақырымды құрайтын 159 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, тұрғындардың қауіпсіз және жайлы қозғалысын қамтамасыз ету бағытында бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда қала аумағындағы Әл-Фараби және М.Тынышқұлов көшелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Яссы және Шауғар тұрғын алаптарындағы бірқатар көшелерде орташа жөндеу жұмыстары басталды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Түркістан қаласы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 433,49 шақырымға жетіп, бұл 51,3 пайыздық көрсеткішті құрап отыр. 2025 жылға арналған жоспарға сәйкес, Түркістан қаласында жалпы ұзындығы 138,5 шақырымды құрайтын 159 көшеге орташа жөндеу…

Толық оқу

2025 жылғы 13 мамырдағы Үкімет отырысында Қызылорда облысында «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағын (АЭА) құру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Мемлекет басшысының халыққа Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттердің бірі – аэрохабтарды дамыту, әуежайлардың, автомобиль магистральдарының инфрақұрылымын жетілдіру. Осы бағытта Қызылорда қаласындағы халықаралық әуежайдың жаңа терминалына іргелес 550 гектар аумақта «Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағы құрылады. Бұл бастама — өңір экономикасын әртараптандыруға, мұнай өндірісіне тәуелділікті төмендетуге және жаңа өндірістік бағыттарды қалыптастыруға бағытталған стратегиялық қадам. АЭА құрылымына авиацияға қызмет көрсету, көтерме-бөлшек сауда, қоймалау және сақтау, сондай-ақ, өнеркәсіптік аймақтары кіреді. Арнайы экономикалық аймақта құрылыс индустриясы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, машина жасау, көлік-логистика, технологиялар…

Толық оқу

Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «Prosol Spa» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Адальберто Вилла және атқарушы директоры Даниэле Бонвичинимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Итальяндық серіктестер «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында мал азығына арналған ашытқы өндіретін зауыт салу жобасын жүзеге асыруда. «Инвесторларға сенім білдіріп, өңірдің дамуына қосқан үлестері үшін алғысымды білдірдім. Өз тарапымыздан жобаны жан-жақты қолдауға дайынбыз. Солтүстік Қазақстан өңірі тиімді серіктестікке ашық!»,- деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде. Зауыттың өнімі ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігін арттыруға ықпал етеді. Бұл аса маңызды жоба, өйткені, өңірде сүт және етті мал шаруашылығы белсенді дамып келеді. Жобаға 3 миллиард теңге инвестиция салу жоспарланған. Кәсіпорын жылына 3…

Толық оқу

Түркістан қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында «Бабалар мұрасы – ұрпаққа ұлағат» атты эпостық жырларды жатқа айтудан облыстық байқаудың алғашқы кезеңі өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz.   Шараға өңірдегі барлық аудан, қалалардан жиналған 20-дан астам дарынды оқушы қатысып, «Едіге» жырын жатқа айтты. Жалпы байқау ұлттық рухты жаңғыртатын, жас буынның бойында мақтаныш пен отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға бағытталған. Қатысушылардың өнерін сараптаған қазылар алқасының құрамында облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының «Мәдени демалыс жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Мұрат Жұманов, жыршы, термеші, ҚР Мәдениет қайраткері Абылай Бөріханов, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының «Халық шығармашылығын қамтамасыз ету» бөлімінің «Ұлттық шығармашылық және жанрлар» маманы Аязбек Рүстемов…

Толық оқу

Таразда Алматы облысы, Іле ауданының мәслихат депутаты, белгілі заңгер Нұрлан Байғазиев белгісіз біреулердің шабуылына ұшырап, ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Оқиға 2025 жылдың 13 мамыры күні кешкі уақытта болған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Taraznews-ке сілтеп. Куәгерлердің айтуынша, депутат Байғазиев қаладағы «Ғибрат» кафесінде өз клиенттерімен кездесу өткізіп отырған кезде белгісіз біреу оған кенеттен шабуыл жасап, ауыр соққы жасаған. Шабуыл жасаған адам кастет қолданған болуы мүмкін деген болжам айтылуда. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Нұрлан Байғазиевтің миы шайқалып, бірнеше ауыр жарақат алған. Қазір депутат ауруханаға жатқызылып, шұғыл операцияға дайындық жүріп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы әзірше белгісіз. Полиция мен дәрігерлер ресми пікір бермей отыр. Оқиға депутаттың…

Толық оқу

Астанада 10-18 мамыр күндері COUNTER-STRIKE 2 – PGL Astana 2025 ірі халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Турнирді PGL Esports – әлемдегі тәуелсіз киберспорт ұйымы ұйымдастырады. Жүлде қоры 1 250 000 долларды құрайды. Турнирге АҚШ, Германия, Сербия, Бразилия, Украина, Моңғолия, Ресей және т.б. елдерден келген 16 команда қатысады. Командалар құрамында Қазақстаннан 5 өкіл бар, олар – ойыншылар: К.Файзнуров («ICY»), А.Қайыржан («kade0»), С.Оразалы («dukefissura»), Д. Голубенко («molodoy»), сондай-ақ жаттықтырушы Р.Телепов («mou»). Турнир екі кезең бойынша өтеді: 1. Топтық кезең (Elimination Stage). Астанадағы жабық ойын аймақтарында өткізіледі. Формат – Швейцария жүйесі (Swiss), барлық матч Best of 3 форматында…

Толық оқу

Халел Туғанбаев — І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі, бүгінде АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады. Аймақтық университеттің түлегі америкалық әділдік жүйесінің өкіліне айналды.  Адамның табандылық пен өзіне деген сенімі  халықаралық деңгейде жетістікке жетуге жол ашатынын айқын дәлелдейді. Халел 2009-2012 жылдар аралығында Жетісу университетінің заң факультетінде білім алды. Екінші курстан бастап-ақ ол бәсекелі ортада дараланудың маңызын түсініп, корпоративтік құқық саласында мансап құруды мақсат етті. 2010 жылы ол оқуын тәжірибемен ұштастырып, экономикалық сотта ақысыз тәжірибеден өте бастады. Ағылшын тілін меңгерудің қажеттілігін түсінген Халел  өз бетімен күнделікті тіл үйрене бастады. Университет жанындағы тегін English Speaking Club-қа қатысып,  бірнеше сағатын тіл …

Толық оқу

Астанадағы мектептер арасында ұйымдастырылған «Заң мен бала: қатесіз болашақ» қалалық театрландырылған қойылымдар байқауының финалдық кезеңі өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Астана қаласының прокуратурасы мен елорда әкімдігі бірлесіп өткізген ақтық байқауға аудандық кезеңдердің жеңімпаздары, яғни алты ауданнан бұған дейін іріктеліп шыққан 6 мектептің үздік театр топтары қатысып, құқықтық саладағы өзекті тақырыптарды көтерген қойылымдарын көрермендер назарына ұсынды. Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында өткен байқау оқушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, адами құндылықтарды дәріптеуге, құқықтық сананы дамытуға, сондай-ақ өмірде кездесетін түрлі жағдайларды шығармашылық тұрғыдан түсіну арқылы жасөспірімдер ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Байқаудың ерекшелігі – жас ұрпақтың…

Толық оқу

Елордада өрт қаупі жоғары кезең басталды. Осыған байланысты Астана ТЖД қала аумағында және оған іргелес учаскелерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша ұсыныстарын жариялады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Өрт қауіпсіздігі шаралары аясында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, құрғақ шөпті шабу жұмысы жүргізілді. Халық арасында профилактикалық жұмыстарға ерекше көңіл бөлінеді. Өрт қаупі жоғары кезеңде табиғи өрттердің алдын алу және оттың таралуынан объектілерді қорғау мақсатында келесі алдын алу шараларын сақтау ұсынылады: құрғақ шөп пен қамысты уақытылы шабу, қоқысты және жанғыш қалдықтарды шығару; құрғақ шөп пен қалдықтарды рұқсатсыз өртеуге жол бермеу; ашық отты пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау; өрт жағдайлары анықталған кезде дереу 101…

Толық оқу

Қазақстанның банк нарығында тағы бір үлкен мәміле болуы мүмкін бе? Бұл сауалға белгілі кәсіпкер, Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турлов Forbes Kazakhstan басылымына берген сұхбатында жауап берді деп жазады Ertenmedia.kz. «Қазір нақты ұсыныстар жоқ. Бірақ банк нарығы – тірі организм. Мұнда бәрі сатылады, бәрі сатып алынады. Сондықтан жақсы мүмкіндік пайда болып жатса, оны жібермеуге тырысамыз. Бұл жерде біз бір жағынан оппортуниспіз. Дегенмен, банктерді біріктіру – оңай шаруа емес, әсіресе цифрлық банк үшін үлкен сынақ», – деді Тимур Турлов. Оның айтуынша, екі банктің қосылуы кез келген команда үшін өте күрделі әрі ауыр процесс. Әсіресе IT-жүйелер үшін мұндай интеграциялар айтарлықтай стресс пен…

Толық оқу