Бүгін Қызылордада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Қазақстан Республикасында тәуелсіз мейіргерлік қызметтің озық тәжірибелерін енгізу» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Халықаралық конференцияға Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы Елдік кеңсесінің басшысы Скендер Сыла, онлайн режимде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге, Германия, Қырғызстан, Латвия, Өзбекстан, Ресей, Түркия, Финляндия мемлекеттерінің өкілдері, ғалымдар, барлық өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшылары, дәрігерлер, мейіргерлер, медициналық оқу орындары мен клиника басшылары қатысты. Конференцияның мақсаты – халықаралық тәжірибені ескеріп, тәуелсіз мейіргерлік қызметті дамыту, орта медициналық қызметкерлердің денсаулық сақтау жүйесіндегі рөлін арттыру, олардың басқарушылық, сараптамалық, клиникалық құзыреттілігін…
Автор: Асылхан Бөрібай
Жетісу университетінде XIII жазғы Универсиада ойындарына қатысатын студенттермен кездесу өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Басқарма төрағасы – ректор Ермек Бөрібаев жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тілеп, команда капитаны дене шынықтыру және өнер факультетінің 2 курс студенті Алтай Қалқаманға университет байрағын салтанатты түрде табыстады. «Жетісу университетінің студенттері спорт жарыстарында үздік көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Былтыр студенттеріміз Әлем, Азия, халықаралық және республикалық чемпионаттарда 26 алтын, 20 күміс, 10 қола медальға ие болды. Білім ордасының мерейін асырып жүрген мұндай спортшыларымызды біз әрдайым мақтан тұтамыз. Бүгін де арамызда сайдың тасындай іріктелген үздіктер отыр. Біз сіздерге сенеміз!» –…
«Алатау медиа» орталығында «Түркістанның дизайн коды» тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Брифинг барысында «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дизайн код ресми түрде таныстырылып, оның негізгі бағыттары мен талаптары түсіндірілді. Дизайн код 8 тарау мен 118 тармақшадан тұратын талаптар кешенін қамтиды. Онда жалпы ережелер, сәулет және қала құрылысына қойылатын негізгі талаптар, сыртқы көрнекі ақпарат, көше навигациясы жүйелері, көше жиһазы, ғимараттардың қасбеттері, қоршаулар және қалалық кеңістікті жарықтандыру мәселелері қамтылған. Жобаның басты мақсаты – Түркістан қаласының мәдени мұрасын сақтай отырып, сәулет-көркемдік тұрғыда бірыңғай стиль қалыптастыру және қолайлы қалалық орта құру. Жобаның негізгі міндеттері ретінде қаланың тарихи және жаңа…
Terminals Holding өзінің еншілес кәсіпорны Terminals Astana Airport Limited компаниясымен Астана қаласында орналасқан Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайын сенімгерлік басқару туралы 25 жылдық инвестициялық келісім-шарт жасасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл маңызды оқиға Қазақстанның негізгі көлік торабы дамуына жаңа дем беріп, оның маңызды әлеуетіне деген сенімімізді растайды. Неліктен Terminals Holding Астана әуежайына инвестиция салуды шешті? Бұл ауқымды инвестицияны салу туралы шешіміміз әуежайды жедел басқаруды қолға алғаннан кейін 2023 жылдың қарашасында басталған бір жылға созылған жіті тексеруден кейін қабылданды. Кешенді талдау нысанның қазіргі уақыттағы жай-күйін егжей-тегжейлі сараптауды, оның ішінде анықталған қаржылық қиындықтарды (әуежайдың 2023 жылғы шығыны 14 млрд теңгеден астамды құрады), стратегиялық…
Астанада жазғы маусым басталысымен су айдындарында демалушылар саны артады. Осыған байланысты қала прокуратурасы мен Төтенше жағдайлар департаменті алдын алу жұмыстарын күшейтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қажетті нормативтік құжаттар әзірленіп, бекітілді, Есіл өзенінде тәулік бойы патрульдеу ұйымдастырылды, қауіпті аумақтарға ескерту белгілері орнатылды және білім беру мекемелерінде қауіпсіздік күшейтілді. Қала аумағында шомылуға арналған 5 ресми орын белгіленген: Орталық жағажай, «Три пескаря» «Три пескаря» (Көктал-1), «Армина», «Столичный двор» (Күйгенжар) және Бейсекова көшесінде көпір маңындағы коммуналдық жағажай. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға қатаң тыйым салынған. 2023 жылы елорда су айдындарында 4 адам, оның ішінде бір жасөспірім қаза тапты. Қайғылы жағдайдың бәрі шомылуға тыйым салынған жерлерде әрі қауіпсіздік…
Кентауда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды сенбілік өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Кентау қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Бүгін кенді шаһарда қала көшелерін, аулаларды және қоғамдық орындарды тазарту, қоқыс алаңдарын ретке келтіру, жасыл желектерді күтіп-баптау, су арналары мен арықтарды тазалау, шашылған тұрмыстық қалдықтарды жинау жұмыстары атқарылып жатыр. Аталған тазалық шарасына 30-жуық мекемеден 350-ге тарта мекеме қызметкері, еріктілер және қала тұрғындары қатысты. Нәтижесінде 12 арнайы техника жұмылдырылып, 50 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Аталған бағытта жұмыстар әлі де өз жалғасын табатын болады.
Депутат Жұлдыз Сүлейменова елдегі ең төменгі жалақымен күн көретін қарапайым жұмысшылардың жағдайына биліктің немқұрайлы қарап отырғанын сынға алды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Еден жуушы, сантехник, аула тазалаушы, электрик, плотник секілді еңбек адамының өмір сапасын қашан жақсартамыз? Дәл осылай жеті мәрте жолданған депутаттық сауал жеті ретте де Үкімет тарапынан жауапсыз қалған. Сүлейменованың айтуынша, президент Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы игі бастама болғанымен, Үкімет бұл тапсырманы құрғақ сөз деңгейінен асырмаған. Еден жуушы, аула тазалаушы, сантехник, электрик секілді мыңдаған адамның әлеуметтік мәселесін шешуге ЕңбекМин шамамен 28 млрд теңге қажет екенін есептеп шығарыпты. «Қарапайым жұмысшыны қолдаймыз деп мінберде әдемі сөйлеп, іс жүзінде…
Алматы метрополитенінде турникеттерді жаңарту жұмыстары басталды: 2025 жылдың күзіне қарай жолаушылар жолақыны тікелей кіреберісте – Apple Pay, Google Pay немесе Samsung Pay сервисі бар банк картасын немесе смартфонды құрылғыға тигізу арқылы төлей алады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұған дейін банк картасымен касса арқылы немесе арнайы бір турникет арқылы ғана төлеуге болатын. Енді барлық бекеттегі турникеттер байланыссыз төлем жүйесімен жабдықталады. Бұл жолаушылардың өту үдерісін едәуір жеделдетіп, жол жүруді әлдеқайда ыңғайлы етеді. Бұл жаңашылдық көлік картасын қолданбайтын немесе жетон сатып алуға уақыт жоғалтқысы келмейтіндер үшін өте қолайлы. Енді кезекте тұрудың қажеті жоқ – тек картаңыз немесе смартфоныңыз болса жеткілікті. Инфрақұрылымды жаңарту – қалалық…
Жетісу облысы құрылғаннан бергі 3 жылда өңірде 11 саябақ, 5 сквер және 2 аллея салынған, олар атап айтқанда – Ақсу, Алакөл, Кербұлақ, Қаратал, Панфилов аудандарында және Талдықорған қаласында. Сол сияқты 21 саябаққа күрделі жөндеу жүргізілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Облыста көгалдандыру жұмыстарына ерекше мән беріледі. 2022-2024 жылдар аралығында аудан-қалаларда 21 саябақ күрделі жөндеуден өткізілсе, биыл 5 саябақ, 2 сквер, 1 аллея мен 69 ескерткішке жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап өтсек, облыс көлемінде жалпы аумағы 296,3 га болатын 132 саябақ, сквер, аллеялар бар. Мәселен, соңғы жылдары абаттандырылған саябақтардың бірі — Сарқандағы «Қойтас» саябағы. Нысан кезең-кезеңімен көркейтіліп, бүгінде қалалықтардың айтулы демалыс орындарының біріне айналған.…
Қазақстан цифрлық тәуелсіздікті стратегиялық мақсат ретінде айқындап, жасанды интеллект технологияларын белсенді түрде дамытып жатыр. 2024 жылы 2029 жылға дейінгі ЖИ-ді дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Бұл құжат ауқымды міндеттерді алға қояды: бес жыл ішінде миллион адамды ЖИ негіздеріне үйрету, ұлттық платформаны құру, өзіміздің тілдік моделі — KazLLM-ды әзірлеу және отандық IT-контенттің үлесін 80%-ға дейін жеткізу. Бұл туралы ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Арнұр Сапарғалиев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жасанды интеллект қазірдің өзінде медицина, көлік және мемлекеттік қызметтер салаларында қолданыла бастады. CerebraAI және MED365 шешімдері дәрігерлерге диагноз қоюда көмектеседі, ал «ҚТЖ» базасында пойыз қозғалысын оңтайландыру үшін цифрлық…










