Автор: Асылхан Бөрібай

Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаевамен кездесті,- деп хабарлайды  Ertenmedia.kz Кездесу барысында тараптар бірлесіп іске асырып жатқан әлеуметтік жобаларға назар аударып, биылғы жылдың жоспарын талқылады. Кездесу кезінде айтылғандай, үш жылда Қор мен облыс әкімдігі серіктес ретінде бірлесіп денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім беру, спорт салаларында көптеген жобаларды іске асырған, сол жобалардың  80 % ауылдарға бағытталған болатын. Мәселен, Жансүгіров, Қарабұлақ, Қоғалы, Балпық би ауылдары мен Сарқан, Жаркент, Үшарал қалаларындағы 7 мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, сол сияқты ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған 4 арнайы мектептің жабдықталуына, 3400-ден астам ауыл балаларының жазда балалар…

Толық оқу

Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған экологиялық акция аясында барлық сегіз ауданда Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің аллеясы ашылды. Бұл экоакция «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» жалпықалалық науқан аясында ұйымдастырылды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында өткен ҰОС ардагерлерінің Аллеясының салтанатты ашылуына шаһар басшысы Ерболат Досаев, соғыс ардагерлері, олардың отбасы мүшелері, Қазақстанның еңбек сіңірген артистері және қоғам өкілдері қатысты. «Мемлекет басшысы әскери шерудегі сөзінде: «Ұлы Жеңіс – тарихымыздың ажырамас бөлігі және күллі әлем үшін үлкен сабақ. Біз осы ақиқатты әрдайым есте сақтауымыз керек», – деп атап өтті. Біз бейбіт өмір сыйлаған жандарды ешқашан ұмытпауымыз қажет. Жеңістің 80…

Толық оқу

Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бұл жолғы ұраны бөлек. Дүбірлі дода ата-бабалар рухына тағзым және ерлігіне бас ию мақсатында Жеңістің 80 жылдығына арналып отыр,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бауыржан Момышұлы бастаған батыр бабаларымыз білім мен білектің күшімен Ұлы Отан соғысында асқан ерлік көрсетіп, қазақ халқының көзсіз батылдығын әлемге паш етті. Олар ұлы даланың еркін азаматтары және елі мен жерін шын сүйген тұлға еді. Тарихи деректерде жауға қарсы шапқан жүйріктер туралы да жазылады. Мәселен Батыр Бауыржан ақбоз атымен ерлік көрсетіп, өзінің серігі туралы айтқаны бар. «Мен атбаптар қазақтың баласымын. Жылқы жүйрігін айтпай танимын. Егер мен білсем, бұл – қазақтың қарабайыр жылқысы. Еркін далада…

Толық оқу

7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңір тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, әскери қызметкерлер, құқық қорғау саласының мамандары және ел тыныштығын күзетіп жүрген барша азаматтарға жылы лебізін білдірді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz “Ата-бабаларымыз аманаттаған қасиетті жеріміздің тыныштығы мен Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы – әр азаматтың асыл парызы. Президентіміз, ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Армия – мемлекеттігіміздің мызғымас тірегі, Тәуелсіздігіміздің кепілі. Отан қорғау – қасиетті парыз әрі мәртебелі міндет». Бұл – ел қорғау ісінің маңыздылығын айшықтайтын терең ойлы сөз, – деді өңір басшысы. Облыс әкімі өз құттықтауында Мемлекет басшысының Отан қорғаушыларға…

Толық оқу

Бүгін Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында 7 мамыр — Отан қорғаушы күніне және 9 Мамыр — Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс — ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты мерекелік шара өтті,- деп хабарлайды  Ertenmedia.kz Шарада Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев майдангерлер мен сарбаздарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады. «Президентіміз, Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Мемлекет туған жері үшін аянбай еңбек етіп, әскери қызметке бүкіл ғұмырын арнаған отансүйгіш перзенттерін жан-жақты қолдауға айрықша мән береді. Біздің міндетіміз – жаңа геосаяси ахуалға сай еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі нығайта түсу», – деп атап өтті. Еліміздің аумақтық тұтастығын…

Толық оқу

2025 жылғы 6 мамырда Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті,- деп хабарлайды  Ertenmedia.kz Іс-шараға жеке құрам, ардагерлер және құрылымдық бөлімшелердің өкілдері қатысты. Қатысушылар соғыс ардагерлеріне тағзым етіп, бір минут үнсіздік жариялады. ТЖД бастығының м.а. подполковник Даурен Оразбеков пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мират Кабылов құттықтау сөз сөйлеп, ардагерлерге алғыс білдірді. Жиын барысында бірқатар қызметкерлерге ведомстволық марапаттар, оның ішінде “Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін” төсбелгісі, Құрмет грамоталары, Алғыс хаттар мен арнаулы атақтар табысталды. Ардагерлерге «Ардагер – Ветеран» және «Құрметті ардагер» төсбелгілері берілді. Шара патриоттық әндермен және бейнероликпен аяқталды.

Толық оқу

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ордабасы ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмен Мұратовтың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Сонымен қатар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаған құттықтау хаты мен «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалін табыстады,- деп хабарлайды  Ertenmedia.kz 101 жастағы соғыс майдангерімен әңгімелесу барысында әкім бейбіт өмір үшін ұрпақтың бақытты болашағы үшін отқа түсіп, қайғы-қасірет шеккен, соның бәрін қайыспай жеңе білген ардагерлердің жанкешті ерлігі мен еңбегі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті. Ардагерге ұзақ ғұмыр тілеп, сый-сыяпат жасады. 1924 жылы дүниеге келген Қалмен Мұратов 1942 жылы 1 тамызда әскер қатарына шақырылып, Калинин облысындағы шайқастарға, Беларусь майданының құрамында шайқастарға…

Толық оқу

Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли Семей қаласындағы соғыс ардагерлерін Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Облыс әкімі әуелі 104 жастағы соғыс ардагері, «Халық қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдиннің шаңырағына барды. Әбдіғали Қаймолдин 1941 жылы әскер қатарына шақырылып, 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі аралықта Сталинград, 1-Украина, 1-Беларусь, 3-Балтық майдандарына қатысады. Харьковті азат етуге атсалысады. 2023 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі, батылдығы, жанқиярлығы мен соғыстан кейін мемлекеттік және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін «Халық қаһарманы» атағын беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз және «Отан» орденімен марапатталды. Ал 99 жастағы соғыс ардагері Иван Шевцов…

Толық оқу

Биыл Жетісу облысында жоспар бойынша республикалық маңызы бар автожолдардың 169 км учаскесіне жөндеу жүргізілуде, соның 29 шақырымы күрделі жөндеуден, ал 140 км орташа жөндеуден өткізілуде,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Осы жылы жоғарыда аталған 169 шақырым автожол учаскелерінің 103 шақырымы жөнделіп, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр, атап айтқанда «Сарыөзек ауылының айналма жолы» 0-7 км, «Сарыөзек-Көктал» 110-141, 142-178 км (67 км),  «Айдарлы – Көктал» 291-306 км (15 км) және «Қонаев – Талдықорған» 124-169 км (13 км) жолдары. Мәселен, өткен жылдан бері жүзеге асырылып жатқан «Сарыөзек ст. айналма жолы» 0-7 км (7 км) автожолын күрделі жөндеу — осындай маңызды жобалардың бірі. Бүгінгі таңда қолданыстағы асфальтбетон жабынының 6000 м2 фрезерленді, жобалық 56…

Толық оқу

Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб, қаланың Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов тыл еңбеккері профессор Теңдік Изақовпен және оның отбасымен кездесіп, көп жылғы еңбегі үшін алғыс білдіріп, 7 мамыр күні шеру өтетін орынға кіре алмағаны үшін кешірім сұрады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Іс-шара аумағына өту арнайы әзірленген тізім бойынша жүзеге асырылды. Орын санының шектелуін, сондай-ақ ардагерлердің жасы ұлғайғанын ескере отырып, тізім ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің туыстарынан тікелей түскен өтініштер бойынша ғана әзірленді», — делінген хабарламада. Шеруге еліміздің барлық өңірінен ардагерлер мен тыл еңбеккерлері қатысқан. Ал Теңдік Изақовтың отбасынан өтініш түспеген. «Астана әкімдігі Теңдік Изақовқа және оның…

Толық оқу