Саясаттанушы Талғат Қалиев Бектенов басқаратын министрлер кабинетінің жұмысына баға берді деп жазады Ertenmedia.kz. Оның пікірінше қазіргі Үкімет аласапыран, алмағайып уақытта билікке келген. Оларға оңай емес. Бір жағынан, бұған дейінгі үкіметтің кем-кетігін түзеу міндеті тұрса, енді бір жағынан геосаяси сын-қатер алқымнан алуда. Президент Тоқаев та министрлер кабинетінен тың идея күтетінін, экономикалық блоктың ескі шаблоннан шыға алмай, инерциямен жұмыс істейтінін сынға алып жүр. «Бектенов өзіне дейінгі премьерлер жіберген қателіктің салдарымен күресуге көп күш жұмсады. Олжастың тұсында Қазақстанның екі ірі серіктесі Ресей мен Батыстың арасы мүлдем нашарлап кетті. Қазіргі үкімет дүлей дауыл жағдайында жұмыс істеуде. Бұған елдегі стратегиялық инфрақұрылымның тозуы қосылып, жағдайды тіпті…
Автор: Асылхан Бөрібай
Әлемнің жетекші және неғұрлым беделді бизнес мектептерінің бірі саналатын Stanford Graduate School of Business (Stanford GSB) мектебі «Freedom Holding: Building an Ecosystem on the Path to Scale» деген атаумен Freedom Holding Corp. компаниясы туралы кейсті жариялады деп хабарлайды Ertenmedia. Бұл кейс Freedom Holding Corp. компаниясының Бас атқарушы директоры Тимур Турловпен болған сұхбатқа негізделіп жасалып, компанияны масштабтау стратегиясын, қаржылық және тұтыну сервистерінің цифрлық экожүйесінің құрылымын және басқарудың негізгі шешімдерін егжей-тегжейлі сипаттайды. Бизнестің серпінді өсуіндегі технологияның, тік интеграцияның және корпоративтік мәдениеттің рөліне ерекше назар аударылады. Stanford GSB әдіс-тәсілдерінің топтамасы MBA бағдарламаларында қолданылады және бүкіл әлем бойынша студенттер, басшылар және кәсіпкерлер үшін зерттеу…
2025 жылғы 27 маусымда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының жетекші тауар өндірушілері қатысқан «Қазақстанның үздік тауары – 2025» жыл сайынғы байқауы, сондай-ақ «Бір ауыл – бір өнім» көрмесі мен «Ауыл Аманаты» жобасына қатысушылардың өнімдерінің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Ertenmedia. Көрмені ШҚО әкімдігі мен Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды. Байқау-көрменің басты мақсаты – жергілікті өндірушілерді қолдау, тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға ынталандыру, отандық брендтерді ілгерілету және өңірдегі өндірісті дамыту. Көрме жәрмеңке форматында өтті. Қонақтар ұсынылған өнімдермен танысып, оларды сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, көрмеге қатысушылар әлеуетті бизнес әріптестері мен жеткізушілерімен жаңа іскерлік байланыстар орнатуға қосымша мүмкіндік алды. «Біздің облысымыз өндірістік кәсіпорындарымен,…
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында Hyundai Trans Auto зауытының өндірістік үдерістерімен танысты. Бұл – «Астана Моторс» компаниясына қарасты, жүк және жолаушылар көлігін құрастыратын ірі кәсіпорын. Алматының индустриялық келбетін қалыптастырып келе жатқан зауыттың жалпы аумағы 10 гектарды құрайды. Мұнда Hyundai, Foton және Golden Dragon маркалы техникалар құрастырылады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Зауыт заманауи талаптарға сай дәнекерлеу, бояу, құрастыру цехтарымен жабдықталған. Сондай-ақ, көлік техникасына қажетті үстіңгі құрылымдар мен қосалқы бөлшектер осы жерде, өз базасында жасалады. Қуаттылығы да едәуір – жылына 1 200 автобус пен 10 мың жүк көлігі шығаруға қауқарлы. Кәсіпорын 2011…
Мақтаарал ауданында 5 елді мекенге табиғи газ берілді. Аудан әкімі Бақыт Асанов ауыл тұрғындарының қуанышымен бөлісу үшін Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Өнімкер ауылында болды,- деп хабарлайды Ertenmedia. «Бұл — үлкен қуаныш пен маңызды тарихи сәт. Табиғи газдың берілуі — елді мекендеріміздің инфрақұрылымын дамыту жолындағы үлкен қадам. Бұл тек өмір сапасын жақсартып қана қоймай, тұрғындарымыздың тұрмыстық жағдайын жеңілдетуге, әлеуметтік және экономикалық дамуға жол ашады. Мемлекет басшысының ел халқын сапалы өмір сүру мүмкіндігімен қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмалары мен бастамалары нәтижесінде, осындай игі істер жүзеге асып отыр» — деді, Бақыт Насырханұлы. Жиында аудан басшысы газдың жоспардан ерте қосылуына атсалысқан «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан…
Қазақстандық опера әншісі Мария Мудряк Қытайда В. Моцарттың «Фигароның үйленуі» операсындағы графиня Альмавива партиясын алғаш рет орындайды. Қойылымдар 15, 17 және 19 шілде күндері Бейжіңдегі Ұлттық орындаушылық өнер орталығында өтеді. Ал 8–10 тамыз аралығында әнші Сиань қаласындағы Grand Opera House сахнасында өнер көрсетеді. Бұл – Мария Мудряктың Қытайға бесінші гастрольдік сапары. Бұған дейін осы операда Сюзаннаның партиясын орындаған әнші биыл алғаш рет графиня Альмавиваның рөлін сомдайды. Бұл кейіпкердің терең әрі қарама-қайшы сезімдері туындыға ерекше драмалық әсер мен эмоциялық тереңдік береді. Айта кетейік, Мария Мудряк Қазақстанда дүниеге келген. Ол бала кезінен-ақ ән айтуға қызығып, 10 жасынан бастап Италияда вокалдан дәріс алған.…
Бүгін Арал қаласындағы «Руханият орталығының» ашылу рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлы, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов және зиялы қауым өкілдері арнайы қатысты,- деп хабарлайды Ertenmedia. Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, мәдениет саласында атқарылған жұмыстарға тоқталды. «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Мәдениет – ұлттың төлқұжаты. Жаһан жұрты елімізді, ең алдымен, өнеріміз арқылы танып біледі. Біз – Ұлы далада тамыр жайған бірегей мәдениеттің заңды мұрагеріміз. Қазақ жерінен шыққан қайталанбас өнер иелерінің теңдессіз туындылары тұтас ұлтты тәрбиеледі. Қазір төл мәдениетіміз дүние жүзіне танылып жатыр», — деген болатын. Өткен 2024 жыл өңірімізде «Руханият жылы» деп жарияланып,…
Ұлттық қордың активтері 2024 жылдың қорытындысы бойынша 16 пайызға артып, 66,2 миллиард долларға жетті. Бұл туралы Парламенттің бірлескен отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia. Министрдің айтуынша, қор активтерінің өсуіне экономикалық ахуалдың жақсаруы тікелей әсер еткен. Ұлттық қордың кірісі ұлғайып, Қазақстан экономикасында мұнайдан тыс салалардың үлесі артып келеді. Өткен жылы ел экономикасы 4,8%-ға өскен, өсімге түрткі болған негізгі үлесті мұнайға тәуелсіз секторлар қосып отыр. Консолидацияланған бюджеттегі мұнайға қатысы жоқ табыстың үлесі соңғы жылда 2,5 пайыздық тармаққа артқан. «Инфляция деңгейі ел бойынша 9,8%-дан 8,6%-ға төмендеді. Мемлекеттік бюджет тапшылығы жыл қорытындысында 3,6 триллион теңгені құрап, жалпы ішкі өнімге шаққанда 2,7%-ға…
Премьер-министр Олжас Бектенов Skyhansa компаниясының тең құрылтайшысы және директорлар кеңесінің мүшесі, доктор Кристин Грётцбахпен кездесу өткізді. Онда Жетісу облысындағы «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы маңында жүк және жолаушылар әуежайын салу жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды,- деп хабарлайды Ertenmedia. «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-дағы халықаралық жүк және жолаушылар әуежайының жобасы ICAO халықаралық ұсынымдарына сәйкес авиациялық инфрақұрылым салудың үш кезеңді бағдарламасын көздейді. Бірінші кезең шеңберінде 2027 жылға дейін: өткізу мүмкіндігі сағатына 50 адамға дейін жолаушылар терминалын (2032 жылға қарай – сағатына 500 адамға дейін); JET A-1 авиаотыны жаңа түрінің заманауи отын қоймасының көлемі жылына 200 мың тоннаға дейін (2032 жылға қарай – 550…
Астанада ұлттық құндылықтар мен креативті индустрияны ұштастырған ерекше жоба – «Ұлы дала қолөнершілер керуен көші» өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia. Жобаны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Хас шебер» отандық өнімді дамыту қауымдастығы ұйымдастырды. Оның басты мақсаты – дәстүрлі қазақ қолөнерін заманауи форматта қайта жаңғыртып, этнодизайнды дамыту және шығармашылық индустрияны қолдау. Іс-шара аясында этно-өнер көрмесі, жәрмеңке, сән көрсетілімі, шеберлік сыныптары мен жастарға арналған дәрістер ұйымдастырылды. Келушілер ұлттық нақышта жасалған эксклюзивті бұйымдарды сатып алып қана қоймай, отандық дизайнерлер ұсынған заманауи этнокиім үлгілерін тамашалады. «Мұндай іс-шаралар халықтың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, отандық өнімге сұранысты қалыптастырады. Біз осындай жобалардың жиі өтуін қалаймыз», — дейді «Хас…










