Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ордабасы ауданына іс-сапары барысында мұнай өңдеу зауытында болып, жұмысымен танысты. Ауданда өндірісті дамытуға күш салынған. Өңір басшысы осы бағыттағы жұмыстарға басымдық беруді тапсырды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ордабасы ауданында «Standard Petroleum & Co» ЖШС-нің мұнай өңдеу зауытының бірінші кезеңін жыл соңында іске қосу жоспарланған. Өндіріс орнында 300 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылмақ. Қуаттылығы жылына 2,0 млн. тоннаны құрайтын ірі жобаның инвестиция құны 130,0 млрд. теңге. Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Әкімшілік және зауыт алды аймағында жалпы құрылыс жұмыстары аяқталып, технологиялық жабдықтар орнатылуда. Бюджеттік қаражат есебінен барлық қажетті инфрақұрылым тартылған. 1,2 км автожол және 14 км теміржол…
Автор: Асылхан Бөрібай
Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов еліміздегі ең танымал әскери бөлімдердің бірі – Алтай ауданының Серебрянск қаласында орналасқан №97638 әскери бөлімге барды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінде бұл бөлім тек әскери құрылым ғана емес – бұл ұрпақтар сабақтастығының символы, ерлік пен қайсарлық мектебі. Ол Шығыс Қазақстанның әуе шекарасын қорғап, стратегиялық міндеттерді орындайды және мемлекеттің қауіпсіздігінің тірегі болып табылады. – 97638 әскери бөлімі – бұл ерлік пен даңқтың шежіресі. Бұл бөлімнің жауынгерлік тарихы 1942 жылдан, 316-шы Гвардиялық миномет полкі ретінде басталады. Курск шайқасы, Днепр, Варшава, Берлин…
Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде қазақстандық майдангерлер туралы мәліметтерді қамтитын «Батырларға тағзым» порталының таныстырылымы және құжаттық көрме өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі іске қосқан «Батырларға тағзым» (https://batyrlarga-tagzym.kz) сайтында қазірдің өзінде 678 331 ардагер, оның ішінде 365 Кеңес одағының батыры, 4 екі мәрте Кеңес одағының батыры және 19 «Даңқ» орденінің кавалері және басқа да ержүрек жауынгерлер туралы кең көлемді мәліметтер базасы мен галереясы бар. Порталға күн сайын 100-ден аса өтінім келіп түсуде. Соңғы 2 күндегі есеп бойынша, веб-порталға ардагерлердің тізімін енгізу бойынша Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Атырау облыстарынан өтінімдер белсенді түскен. Интерфейс қажетті ақпаратты табуға…
Биыл Түркістан облысында алғаш рет модульді лагерь қолға алынды. Өңірдің 5 ауданындағы жазғы сауықтыру лагерьлерінде 54 модульдік жатын бөлме, 2 асхана, 4 әжетхана (душымен) орнатылады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл бастама өңірдегі балалардемалысын ұйымдастыру ісіндегі басты түйткіл — орын тапшылығы мен санитарлық талаптардың сақталмауы мәселелерін шешуге бағытталған. Модульдік конструкциялар — қазіргі заман талабына сай, тез орнатылатын, экологиялық әрі тиімді шешім. Бұл тәсіл әсіресе жаз мезгілінде балаларды жылдам әрі сапалы түрде жайғастыру үшін өте қолайлы. Атап айтқанда, «Төлеби Нұры», «Тау шыңы», «Балауса», «Тау барысы» және «Балдәурен» лагерьлеріне орнатылатын модульдер бір ауысымда мыңнан астам баланы қабылдауға мүмкіндік береді. Жалпы жазғы маусымда бұл лагерьлерде…
Жеңіс күнінің 80 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері Нәжікен Қапышевке ескерткіш тақта орнатылды. Салтанатты шара майдангер тұрған үйдің жанында өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Мемориалдық тақтаның ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді, ардагерлер кеңесінің, күш құрылымдарының өкілдері, ардагердің туыстары қатысты. Нәжікен Қапышев соғыс басталғанға дейін Целиноград ауданы Төңкеріс ауылында мұғалім болып еңбек еткен. Майданға 1942 жылы 114-ші атқыштар бригадасының құрамында аттанды. Смоленск, Витебск, Калининград облыстарын, Литва мен Шығыс Пруссияны азат етуге атсалысты. Майдангер соғысты қатардағы жауынгер ретінде бастады, капитан шеніне жетті, атқыштар ротасының командирі болды. Ардагер ерлігі үшін ордендермен және медальдармен марапатталды. «Біздің…
Отан қорғаушы күні қарсаңында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінен сабақ беретін 40 мұғалімді ведомстволық наградалармен марапаттады. Іс-шараға Қорғаныс министрінің орынбасары Қаныш Әбубәкіров қатысты,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Министр ұстаздарды мерекемен құттықтап, жастарды азаматтық және патриоттық құндылықтарға тәрбиелеуде олардың маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сонымен қатар, Оқу-ағарту министрлігі мен Қорғаныс министрлігі бірлесіп спорт секцияларын дамыту, АӘТД кабинеттерін жабдықтау, әскери бөлімдерге экскурсиялар ұйымдастыру, «Жас сарбаз» қозғалысын қолдау және кадрлар даярлау сапасын арттыру бағытында жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. «Қазіргі таңда еліміздің мектептерінде 5 мыңға жуық АӘТД пәнінің мұғалімі қызмет етуде. Бұл пән жас ұрпақты тәртіпке, жауапкершілікке баулып, әскери…
ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ат спортының ардагері, КСРО-ның тоғыз дүркін чемпионы, Түлкібас ауданының құрметті азаматы Әбілхан Дауылбаевтың 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған көкпардан республикалық ашық турнир өз мәресіне жетті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен 8 команда қатысып, үш күн бойы бас жүлдені өзара сарапқа салды. Жарысқа Түркістан, Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласы, сондай-ақ Қазығұрт және Меркі аудандарының таңдаулы шабандоздары қатысты. Тартысты өткен сайыс нәтижесінде төртінші орынды Алматы облысының командасы иеленіп, темір тұлпарға ие болды. Қола жүлде Шымкент қаласының құрамасына бұйырып, шабандоздар 2 миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйақыны қанжығаларына байлады. Екінші орынды еншілеген Түркістан облысының…
Бүгін Абай облысының әкімдігінде аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиынға облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері, ал қала және аудан әкімдері бейнережимде қатысты,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Кеңесте өңірде көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу және шалғай елді мекендер мен Алакөл жағалауында интернет сапасын жақсарту мәселесі қаралды. Жиында Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаев аймақтағы егіс жұмыстары туралы баяндады. Үржар, Бородулиха, Көкпекті, Бесқарағай, Жарма аудандарының әкімдері бейнережимде қосымша ақпарат берді. Басқарманың мәліметінше, көктемгі егіс жұмыстары барлық аудандарда басталған. 12 900 техника жұмылдырылған. Биыл облыста 753,1 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілмек. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,6 мың гектарға…
Жетісу облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 300-ге жуық шара өткізу жоспарланған. Бұл мерейтойлық шаралар жыл басынан басталып, бүгінге дейін жалғасып келеді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жоспарланған мәдени-бұқаралық, патриоттық іс-шаралар өңірдің барлық аудан-қалаларында өтуде, бұл ретте жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша жергілікті жерлерде 9 мамырда өңір басшылығы ҰОС ардагерлерін үйлеріне барып құттықтайды, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткіштер мен обелискілерге гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысады. Мәселен, Талдықорғандағы бір көшеге Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Армия генералы, тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетовтің есімі беріледі. Сонымен қатар «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» атты жетісулық майдангерлерге қатысты деректерден тұратын жинақ шығарылып, көпшілікке…
Қоғамдық кеңестің комиссиясы 24 отырыс өткізіп, онда аудан әкімдігі, қала басқармасы, полиция департаменті мен төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің есебі тыңдалған. Соның нәтижесінде алматылықтардың өмір сапасын, қаланың инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған 240 ұсыныс жасалды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Комиссия мемлекет пен азаматтық қоғамның арасында байланыс орнататын тиімді алаң екенін дәлелдеп отыр. Алматыдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен жүйелі түрде жұмыс істеуге көп көңіл бөлінген. ТКҚ, көлік пен экология саласындағы жемқорлықты жоюды көздейтін іс-шаралардың жоспары жасалған. Соның бірі – ұсыныстың орындалу барысын қадағалап, оқытып, цифрлық шешімдерді өндіріске енгізу. Комиссия мүшелері мемлекеттік органдарының ашық болғанын, есеп беріп отырғанын қалаймыз. Цифрлы құралдар, карта жасап, арыз-өтінішке арнап…
