Экс-президенттің баспасөз хатшысы Сара Назарбаеваның өмірден өткені туралы ақпаратты жоққа шығарды деп жазады Ertenmedia.kz. Айдос Үкібайдың айтуынша, Сара апа тірі, жағдайы тұрақты және дәрігерлердің ұдайы бақылауында. Совминканың маңында шоғырланған қарақұрым қауым экс-президенттің күзет қызметі екен. Соңғы күндері Нұрсұлтан Назарбаев зайыбының жағдайын білуге жиі-жиі келіп кетіп жүр. Аурухананың алдындағы бүгінгі абыр-сабыр да Назарбаевтың келісімен байланысты болған. Айта кетелік, бұған дейін бірқатар БАҚ «Сара Алпысқызы өмірден озды» деген ақпарат таратқан. «Ол кісінің жағдайы соңғы екі жылда қатты нашарлады. Назарбаевқа қатысты түрлі алып-қашпа әңгімелер де жүректі ауыртты. Қаңтар оқиғасы жанға батты. Осының барлығы жинақтала келе ағзаға ауыр салмақ болды», — деген еді бұған…
Автор: Асылхан Бөрібай
Алматыда Jas Gala — 2025 қалалық студенттік көктем фестивалінің жабылуына арналған гала- концерт өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Фестиваль Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен өтті және оны «Алматы Студенттер Альянсы» ұйымдастырды. 5 наурыздан 13 мамырға дейін қатысушылар бес бағытта бақ сынасты: вокал, хореография, мобилография, аспаптық орындау және театр өнері. Фестивальге қатысуға 27 ЖОО және 25 колледж студенттерінен барлығы 608 конкурстық өтінім берілді. Қатысушылардың жалпы саны 2971 адамды құрады. Фестивальдің жүлде қоры — 7 500 000 теңге. Jas Gala-2025 бірқатар атаулы күндерге орайластырылды: Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы, жұмыс істейтін жастар жылы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, көрнекті композитор, күйші…
Шығыс Қазақстан облысында экологиялық мәдениетті дамытуға арналған бес жылдық жоспар бекітілді. Жоспар 2024–2029 жылдарға арналған және халықтың экологиялық санасын, білімін арттыру мен ақпараттандыруға бағытталған 44 іс-шараны қамтиды. Бұл туралы ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Еламан Мұхтарханов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Құжат ҚР Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұжырымдамаға сәйкес әзірленіп, 2024 жылдың желтоқсанында Экология және табиғи ресурстар министрлігімен келісілген. Ресми түрде 2025 жылдың 9 сәуірінде облыстық мәслихаттың сессиясында бекітілді. Тұжырымдаманың мақсаты – халықтың қоршаған орта мен табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру. Экологиялық ойлау мен мінез-құлықты қалыптастыру бағытында экологиялық құқық бұзушылықтарды тіркейтін қосымша камералар…
12 мамыр күні Мейіргерлер күніне орай, Түркістан қаласында «Мейіргер қызметін дамытудың инновациялары мен перспективалары» атты халықаралық форум өтті. Жиында мейіргерлердің қалтқысыз қызметі мен олардың жұмысын жандандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бүгінгі таңда облыста 19 131 мейіргер бар, яғни 10 мың тұрғынға шаққанда қамтылуы — 88,8%. 2023 жылы екі мейіргер Финляндияда оқып келсе, 2024 жылы 234 мейірбике Астана қаласында біліктілігін арттырып, шетелдік озық тәжірибені жергілікті медицинада қолдануға мүмкіндік алды. Денсаулық сақтау саласында білікті кадрларды даярлау өзектілігі арта түсуде. Осы тұрғыда медициналық колледждердің рөлі ерекше. Түркістан облысында екі мемлекеттік, Түркістан және Жетісай жоғары медициналық колледждері…
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Зайсан ауданындағы Айнабұлақ ауылында заманауи жаңа спорт модулінің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қазір нысан 40%-ға дайын. Құрылыс алаңында спорт залының металл конструкцияларын орнату, бетондау жұмыстары, әкімшілік-тұрмыстық корпустың сейсмикалық белдеулік қалыптарын орнату және қабырғасын қалау жұмыстары жүріп жатыр. Нысан ағымдағы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Спорттық модуль тұрғындардың денсаулығын сақтауға және елді мекенде бұқаралық спортты дамытуға септігін тигізеді. Кешен екі негізгі бөліктен тұрады — ангар типті спорт залы мен кірпіштен салынған әкімшілік-тұрмыстық блокты жабық галерея жалғайды. Жоба бойынша мұнда еркін және грек-рим күресі, баскетбол, волейбол өткізіледі. Бұл жоба ауылдық елді…
Халықаралық әріптестікті дамыту және қаланың туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында Алматы әкімдігі ҚХР-ның Шанхай қаласында серіктестік туристік алаң ашу бастамасын көтерді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Кең ауқымды Қытай аудиторияға бағытталған бұл салтанатты ашылу рәсімі 2025 жылдың маусым айында Shanghai Plaza іскерлік орталығында өтеді. Іс-шара аясында Алматы қаласының Туризм басқармасы мен Шанхайлық туристік компания арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою жоспарланған. Азияның ең ірі мегаполистерінің бірінде ақпараттық-туристік алаң құру — Қытайдан келетін саяхатшылар үшін Алматыны тартымды бағыт ретінде ілгерілетудің маңызды кезеңі болмақ. Келушілерге көрнекі экспозициялар, мультимедиялық материалдар, сондай-ақ, туристік бағыттар, мәдени іс-шаралар, гастрономиялық ерекшеліктер және демалыстың басқа да аспектілері бойынша жеке кеңестер…
Өскеменде Қазақстанда бұрын-соңды болмаған форматтағы ерекше шара – «SHOWMEN FEST 2025» облыстық фестивалі өтті. Креативті индустрияны дамытуға бағытталған фестиваль асабалар мен шоу-мендерге арналды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Фестиваль алдында қатысушыларға белгілі event-сарапшылар – кәсіби жүргізуші әрі «Меховая 8/1» тобының солисі Қабдол Тілеков, әзілкештер Айбат Никулин мен Данияр Батырбаев шеберлік сабақтарын өткізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің басты мақсаты – қазіргі той бизнесіне тың серпін беріп, жүргізушілердің мәдениетін жаңа деңгейге көтеру. Фестиваль беташар айтушылар сайысымен басталды. Бұл бөлімде Абылайхан Бақытұлы, Алпыс Жақиянов, Нұржан Қасенов сынды өнерпаздар өз шеберліктерін ортаға салды. Жалпы облыста 150-ге жуық асаба мен беташар айтушы тіркелсе, байқауға соның ішінен 25-тен астам…
Бүгін ҚР Президентінің Кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаевтың қатысуымен Батыс Қазақстан облысында маңызды жиын өтті. Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың IV отырысында алға қойған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру жолдары жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Мәлік Отарбаев өз сөзінде Президент Тоқаевтың “Қуатты аймақтар – қуатты ел” қағидатын басшылыққа ала отырып, өңірлерді дамытуға ерекше назар аударып отырғанын атап өтті. Жаңа экономикалық саясат, инвестиция тарту, әлеуметтік қолдау шараларын күшейту, инфрақұрылымды жаңғырту, экология мәселелерін шешу мен жергілікті басқару жүйесін жетілдіру – елдің тұрақты дамуына бағытталған басым бағыттар ретінде көрсетілді. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев «Қуатты өңір – ел дамуының драйвері» ұлттық…
Алматы бүкіл әлем гурмандары үшін тартымды мекенге айналып келеді. Қала саяхатшыларды кулинарлық дәстүрлердің бірегей үйлесімімен, ерекше дастарханымен және қарқынды дамып жатқан мейрамхана кәсібімен қызықтырады. Мұнда қазақтың дәстүрлі ұлттық тағамдарын да, түрлі ұлыстардың асын да, сондай-ақ, халықаралық тағамдардың авторлық жұмысын да татып көресіз, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алайда бұл саланың танымалдығы артып келе жатқанына қарамастан, Алматыда гастрономиялық бағытта қызмет көрсететін гидтер жоқтың қасы. Бұл жағдай бағытты дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Бұған байланысты Almaty Tourism Bureau Алматыны өңірдің гастрономиялық астанасы ретінде дамыту үшін арнайы гастрономиялық гид әзірледі. Гидке 140-тан астам ерекше тағамдар мен дастархан ұсынатын мекемелер енген. Мұнда қалада гастрономиялық тәжірибе алуға арналған…
Алматы облысының Талғар ауданында еліміздегі ең ауқымды индустриялық жобалардың бірі — «Қайрат» индустриялық аймағының кеңейтілген құрылысы басталды. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жедел индустрияландыру, өңірлік өндірістік кластерлерді дамыту және тікелей инвестиция тарту жөніндегі тапсырмалары аясында іске асырылып жатыр, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жоба әлемдегі ең ірі құрылыс корпорацияларының бірі — China State Construction Engineering Corporation (CSCEC) компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда. 177 гектар аумақта 20-дан астам жаңа өндіріс орындарын орналастыру жоспарланған. Жалпы инвестиция көлемі 1 миллиард АҚШ долларын құрайды. Бұл «Қайратты» елімізде мұндай көлемдегі қаржы мен кәсіпорынды бір мезгілде тартуға қол жеткізген бірегей индустриялық…










