АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (USAID) басқа елдерге көмек көрсету туралы келісімшарттарының 90 пайызын жоятынын мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Мәлімдемеге сәйкес, бүкіл әлем бойынша америкалық көмектің жалпы көлемінің шамамен 60 миллиард доллары қысқарады. «Трамп әкімшілігі USAID-тің көпжылдық 6200 келісімшартының 5800-ін жойып, шығынды 54 миллиард долларға қысқартатынын мәлімдеді. Мемлекеттік департаменттің 9 100 грантының 4 100-і де жабылады, бұл шығынды 4,4 миллиард долларға қысқартады», — делінген хабарламада. Енді бірнеше USAID жобасы ғана қалуы мүмкін. USAID келісімшарттары бойынша қарызы бар үкіметтік емес ұйымдар сотқа жүгінген. Құжаттарда олар Трамп пен миллиардер Илон Масктың командасы бүкіл әлем бойынша USAID келісімшарттарын бұзғанын…
Автор: editor
Бірер күнде Қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл — ораза, құлшылық және рухани тазару уақыты. Осыған орай алматылық имам Рамазанда арақ-шарап сатпауға шақырды, — деп хабарлайды ErtenMedia. 1 наурыз бен 29 наурыз аралығында әлем мұсылмандары ораза ұстап, ал 30 наурыз күні Ораза айт мейрамын тойлайды. Бұл туралы Алматы қаласының бас имамы Төлеби қажы Оспан өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында мәлімдеді. «Рамазан – сабыр, игі істер және рухани кемелдену айы. Ораза – тек тамақ пен судан тыйылу ғана емес, жан дүниені тазартып, нәпсіні тәрбиелеу», – деп еске салды имам. Оның айтуынша, қаладағы барлық мешітте тарауих намаздары оқылып, Құран хатым түсіріледі. Жамағатқа ыңғайлы болуы…
Қонаев қаласында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қырғыз Республикасының Алматыдағы Бас консулы Жеңішбек Асанқұловпен кездесу өткізді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, туризм және кәсіпкерлік саласындағы жоспарларды талқылады. Кездесуде екі елдің іскерлік қоғамдастығын бірлескен жобаларға белсенді тарту арқылы серіктестікті дамытуға өзара мүдделілік білдірілді. Қазақстан мен Қырғызстан 33 жыл бойы достық және ынтымақтастық дәстүрлеріне негізделген тату көршілік қарым-қатынасты сақтап келеді. Осы уақыт ішінде экономика, логистика, мәдениет және білім беру сияқты түрлі салаларды қамтитын 150-ден астам келісімді қамтитын берік шарттық-құқықтық база қалыптасты. «Екі мемлекет үкіметаралық, парламентаралық және өңіраралық деңгейлерде белсенді ынтымақтастық орнатып келеді. Тек соңғы жылдың…
Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы тұрғындарының сұрақтарына жауап бере отырып, Алматыдағы ауа сапасын жақсарту жоспары туралы айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Біз 2025-2027 жылдарға арналған бағдарламаны әзірледік және өнеркәсіптік шығарындыларды азайту, сондай-ақ, көлік секторын реттеу есебінен айтарлықтай нәтижелерге қолжеткізе аламыз деп үміттенеміз», — деп атап өтті ол. Алматыда әлемдегі ең ірі мегаполистердің үлгісі бойынша автотұрақ құнын арттыру, сондай-ақ, шығарындылары төмен аймақтарды (Low-emission zone) құру жоспарланып отыр. Бұл мәселе қоғамдық кеңес пен мәслихаттың талқылауына ұсынылмақ. «Қазіргі экологиялық стандарттарға сәйкес келмейтін автомобильдер үшін мұндай аймақтарға кіру ақылы болады деп болжанып отыр. Алайда электромобильдер мен экологиялық таза көлік иелеріне шектеулер әсер етпейді», -…
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында жылыту маусымының өтуі қаралды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бүгінде облысқа жылу беруді екінші ЖЭО, 24 орталық қазандық және 466 автономды қазандық қамтамасыз етуде. Стансада 8 қазандық пен 6 турбина агрегаты жұмыс істейді, резервте 2 қазандық пен 1 турбина бар. Бір қазандықты күрделі жөндеу басталды, сондай-ақ станцияға жаңа мұржаны қосу жоспарлануда. Сонымен қатар, қатты тасқыннан зардап шеккен 53 шақырым жоғары вольтты электр желілері мен 737 бағаны қалпына келді. Жамбыл, Жұмабаев, Тимирязев, Уәлиханов және Шал ақын аудандарында 7 блок-модульдік қазандық орнатылды. Бұл 20 көпқабатты үй мен 2 әлеуметтік нысанға тұрақты жылу беруді қамтамасыз…
Ішкі істер министрлігі желіде жарияланған «борышкер блогерлердің» тізімін тексереді, — деп хабарлайды ErtenMedia Tengri Life-қа сілтеп. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі басылымның ресми сауалына жауап ретінде әлеуметтік желілерде тараған тізімге қатысты пікір білдірген. Ведомство мәліметінше, бұл ақпаратты тарату дерегі тіркеліп, одан әрі қарау үшін Астана Полиция департаментіне берілген. «Әлеуметтік желілерде блогерлердің деректері бар тізімді тарату дерегі ІІМ ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген және материал Астана қаласының Полиция департаментіне жіберілген. Материалды қарау барысында осы тізімнің шынайылығын анықтау бойынша шаралар қабылданады», — деді ПД өкілдері. Сонымен қатар, ведомство өкілдері тексеріс қорытындысы бойынша соталды тергеуді бастау туралы шешім қабылдануы мүмкін екенін мәлімдеді. Айта кетейік, бұған дейін…
Алматыда 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы Даңқ мемориалы аумағында қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Бұл жұмыстар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге орай ұйымдастырылған,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қалпына келтіру жұмыстары арнайы комиссияның тексерісі нәтижесінде басталды. Комиссия мемориалдағы гранитті және тас плиталардың, сондай-ақ кеспе тастың тозу деңгейін бағалады. Мемориалдық кешенге 50 жыл болды, осы уақыт ішінде оның гранитті жабындысы, тас тақталары мен кеспе тастары айтарлықтай тозған, жарықтар мен кей жерлерде бұзылу белгілері пайда болған. Бұл аумақта соңғы 20 жылда жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, сондықтан мемориалдың тарихи келбетін сақтай отырып, оны бастапқы қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Қалпына келтіру жұмыстары Даңқ мемориалының…
Сегіз блогер өз табысын ресми түрде жариялап, 1,2 миллиард теңгеге жуық кірісті декларациялаған, — деп хабарлайды ErtenMedia. Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, бұл блогерлер салық міндеттемелерін өз еркімен орындап, бюджетке 70,6 миллион теңге көлемінде салық төлеген. «Сегіз блогер 1 165,1 миллион теңге табысын ресми түрде декларациялап, 70,6 миллион теңге көлемінде салық төледі», – деп мәлімдеді ведомство өкілдері. Алайда кірісін жариялаған блогерлердің аты-жөндері мен олардың табысты қалай декларациялағаны туралы нақты ақпарат әзірге жоқ. Айта кетейік, бұған дейін желіде блогерлердің тізімі тарады. Оның ішінде Мейрамбек Бесбаев, Алтынай Жорабаева, Ерке Есмахан сынды эстарада жұлдыздарынан бастап, продюсер Баян Алагөзова, танымал блогер, кәсіпкерлер де бар. Желіні шулатқан…
Халықаралық әйелдер күніне орай елордада 36 мыңға жуық көпбалалы отбасы, көпбалалы ана, оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған ана біржолғы әлеуметтік төлем алады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қаз8андағы № 84/10-VIII қаулысымен бекітілген елорда бойынша әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлемелерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға – 36 мыңға жуық азаматқа 2,5 АЕК (9830 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілетін болады. Төлем көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, оның ішінде Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын әлеуметтік аз қамтылған аналарға «Азаматтарға арналған…
Петропавлда майлы дақылдарды өңдейтін «Масло-Дел» серіктестігінің майды экстракциялау зауыты іске қосылды. Жаңа кәсіпорынға СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов барып, технологиялық процеспен танысты,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Солтүстік Қазақстан облысында ірі инвестициялық жоба сәтті жүзеге асты, бұл Президенттің аграрлық саладағы өңделген өнімнің үлесін 70%-ға дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес орындалды. Жобаға 34 млрд теңге инвестиция құйылып, толық қуатына шыққанда 220 жұмыс орны ашылады. Бюджетке 3,2 млрд.тг салық құяды. Жаңа кәсіпорын жылына 400 мың тоннаға дейін майлы дақылдарды өңдей алады. Өндіріс толықтай автоматтандырылған және қалдықсыз жұмыс істейді, заманауи еуропалық жабдықтармен қамтылған. Зауыттың өнімі — күнбағыс, рап және зығыр майы, сондай-ақ күнжара мен шрот. ©СҚО…
