Атырау облысындағы Karabatan Utility Solutions компаниясы қоршаған ортаға елеулі залал келтіргені үшін қомақты айыппұл төлеп, ластанған аумақты шұғыл тазартуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Ertenmedia. Экология департаментінің мамандары «Самұрық-Қазына» қорының еншілес ұйымы саналатын Karabatan Utility Solutions кәсіпорнына жоспардан тыс тексеріс жүргізген. Нәтижесінде компанияның экологиялық рұқсат құжаттарын алмай-ақ сарқынды суды қоршаған ортаға ағызғаны анықталды. Сондай-ақ тексеріс кезінде мекемеге тиесілі жер телімінің ластанғаны белгілі болды. «Тексерістен соң компанияға табиғат компоненттерін бастапқы қалпына келтіру жөнінде нақты талап қойылды», – деді Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің өкілдері. Экологиялық заңнаманы өрескел бұзғаны үшін компанияға 26,5 млн теңге айыппұл салынды. Айыппұл бүгінде толық өтелген, ал ластанған аумақ…
Автор: Асылхан Бөрібай
Бүгін Түркістан облысы Нұрлыхан Көшеров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірде құны 152 миллиард теңге болатын 99 инвестициялық жоба жүзеге асып жатқанын мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл жобалар 20 индустриалды аймақта орналасқан. Әзірге 39 миллиард теңге көлемінде қаржы тартылып, 50 кәсіпорын іске қосылған, 2609 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Облыс әкімінің айтуынша, өндірісті дамыту үшін сырттан әкелінетін тауарларға талдау жүргізілген. Құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, химия және тамақ өндірісі – негізгі импорт үлесін құрап отыр. Көшеровтің пайымдауынша, осы бағыттарда өңірде өндірісті жолға қоюға мүмкіндік бар. Инвесторларға дайын алаң ұсынылып, нақты жобалармен келісім жасалған. «Turan» арнайы экономикалық аймағында да 28 ірі…
Freedom Holding иесі Тимур Турлов қазақтарға ақшаны қай валютада сақтау тиімді екенін айтты. Оның пікірінше, дәл қазір доллар сатып алғаннан гөрі теңгемен депозит ашқан немесе мемлекеттік құнды қағазды сатып алған тиімдірек болмақ, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның сөзінше, Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтеруі жыл соңында теңгенің нығаюына тікелей әсер еткен. «Ұзақ уақыт базалық ставканың тиімділігіне күмәнданып келдім. Бірақ жыл соңында шешімнің нақты әсерін көрдік. Қазір доллардың бағамы 500 теңге деңгейінде тұрақтап тұр. Бұған ҚаржыМиннің ішкі нарықтан теңгемен қарыз алу құны 14%-дан біртіндеп 18%-ға жетуі ықпал етті. Ақыр соңы, бұл тым қымбат деген ұйғарымға келіп, министрлік қаржыны сыртқы нарықтан доллар…
Freedom Holding Corp иесі Тимур Турлов ҚазТАГ агенттігімен арадағы даудың себебі мен салдарын алғаш рет кеңінен түсіндірді, деп жазады Ertenmedia.kz. Журналистермен кездесуде Турлов соңғы уақытта компания жайлы сыни материалдың саны күрт көбейгенін, әрі олардың басым бөлігі журналистиканың бейтараптық қағидасына қайшы келетінін айтты. «ҚазТАГ-тың біз туралы тәулігіне 12 материалдан жазуының нақты себебін айту қиын, түрлі болжам жасауға болады. Әрине біз ешкімге түгел ұнауға міндетті емеспіз. Әркімнің өз пікірін айтуға құқы бар. Бірақ бұл сыни көзқарас емес, көбіне жалған деректер. Фактілерді бұрмалау журналистика емес, ол жала жабу», – деді Тимур Турлов. Оның сөзінше, ҚазТАГ жариялаған материалдарда шындыққа мүлде сай келмейтін мәліметтер өте…
Freedom Holding Corp. иесі Тимур Турлов қарағандылық «Шахтер» футбол клубын қалай дамытатыны туралы өз жоспарымен бөлісті, деп жазады Ertenmedia. Еске салсақ, танымал кәсіпкер қараша айының соңында аукцион арқылы аты аңызға айналған клубты сатып алған еді. Алматыдағы журналистермен кездесуде ол клубтың нақты бағасын ашып айтқысы келмеді, бірақ көпшілік үшін мәлім ақпарат екенін жеткізді. «Сан есімде жоқ, шынын айтсам, бағасы аса жоғары емес. Шын мәнінде клубта айтарлықтай ештеңе де жоқ. Бұл таза парақтан басталатын дүние сияқты. Бірақ дәстүрі терең, тарихы бай клуб. Өндірісі дамыған, футбол десе ішкен асын жерге қоятын, еңбекқор халық тұратын қалада орналасқан. Қазір клубтың ешқандай қарызы жоқ, бірақ бұдан…
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конферецниясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров баяндады, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңірде жыл басынан бері 10 айда өнеркәсіп саласында биыл 107 млрд. теңгеге 22 жоба іске асырылып, 2443 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде маңызды әрі ірі жобалар қатарында Созақ ауданындағы табиғи уран өңдеу кешені («Катко» ЖШС, құны – 35 млрд. тг., 300 жұмыс орны); Отырар ауданындағы 2 мақта өңдеу зауыты («Kazakhstan Lihua» ЖШС, құны – 21 млрд. тг., 960 жұмыс орны); Түлкібас ауданында RC Cola брендімен түрлі түсті сусын шығаратын зауыт («Beibars Bottlers» ЖШС, құны – 9 млрд. тг., 96 жұмыс орны) бар. Сонымен қатар…
Түркістан облысында биылғы 10 айдың қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасы сақталды. Алдын ала есеп бойынша 10 айда өндірілген жалпы өнім көлемі 4 387,8 млрд. теңгеге жетіп, қысқа мерзімді экономикалық өсім 114,8%-ды құрады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров баяндады. Оның айтуынша, өнеркәсіп өнім көлемі 1 256,8 млрд.теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 113,4%-ды құраса, өңдеу өнеркәсібінде 593,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 111,2% деңгейінде қалыптасып, жоспарға қол жеткізілген. – Біздің басты мақсатымыз – Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмаларына сәйкес Түркістан облысын экономикасы дамыған өңірге айналдыру. Өндіріс орындарын ашу, инвестиция…
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров баяндады, деп жазады Ertenmedia.kz. – Мемлекет басшысы халқымыздың тамыры – ауылда екенін ерекше атап өтті. Облыс халқының 75 пайызы ауылдық жерлерде қоныстанған. Сондықтан өңірімізде ауылды инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров. Облыста жалпы 2,1 млн тұрғын немесе 98,5%-ы ауыз сумен қамтылған (763 елді мекен). Биыл қосымша 30 елді мекен жаңадан ауыз су құбырына қосылып, 11 елді мекеннің тозған су жүйелері жаңартылады. Нәтижесінде халықты ауыз сумен қамту деңгейі 100%-ға жетеді деп жоспарланып отыр. Ауыз суды кестемен ішетін 192 елді мекеннің мәселесін алдағы 3…
Ақтөбе облысы Шалқар қаласындағы №5 мектеп-лицейінің құрылысы жылдар бойы созылып, оқушылар әлі күнге дейін қауіпті ғимаратта білім алуға мәжбүр, деп жазады Ertenmedia. Балаларының тағдырына алаңдаған ата-аналар президент Тоқаевқа видеоүндеу жолдап, көмек сұрады. 2018 жылы лицейдегі үш ауысымды оқу мәселесін шешу үшін мектепке қосымша ғимарат салу қолға алынған. Ол үшін бюджеттен 1,3 миллиард теңге бөлінгенімен, 320 орындық корпус құрылысы аяқсыз қалған. «Қомақты қаражаттың игілігін көре алмадық. Балаларымыз қалыпты жағдайда білім ала алмай жүр. Ыстық тамақ мәселесі шешілмеді, кәріз жүйесі дұрыс жобаланбаған. Спортзал да дайын емес. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, сізден №5 мектеп-лицейінің құрылысын тездетіп аяқтап, пайдалануға беру мәселесін шұғыл шешуді өтінеміз», –…
Ақсу ауданында көп жылдан бері көтеріліп жүрген жол мәселесі біртіндеп шешіліп келеді. Соның ішінде Алтынарық ауылына кіреберіс 3,2 шақырымдық жолға және 22 шақырымдық «Ақсу – Жаңалық» автожолына асфальт төсеу жұмыстары аяқталуға жақындады. Бұрын жаңбыр мен қар кезінде жолдың ой-шұқыры, лайы қиындық тудырса, енді қозғалыс та, жүк тасу да біршама жеңілдейін деп тұр, деп жазады Ertenmedia.kz. Аудан тұрғындарымен кездесуде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев бұл жұмысты тек қағаз жүзінде емес, іс жүзінде бақылауды тапсырды. Ол аудан әкіміне және тиісті басқармаларға салынып жатқан жолдардың сапасына ерекше мән беруді, мердігерлерге талапты күшейтуді, жөндеуді уақытында аяқтауды нақты айтты. Себебі жол салынды деген аты бар…










