Автор: editor

Жұмысшы мамандықтар жылына арналған фестивальде ғарыш саласын ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібіминистрлігі Аэрокосмикалық комитетінің құрамындағы «Республикалық ғарыштық байланысы орталығы» (РҒБО) АҚ келушілерді «Ғарыш үйімен» таныстырды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz РҒБО инженерлері ғарыш павильоны келушілеріне«Kazsat-3» спутнигінің макетін көрсетіп, ғарыштықбайланыс пен хабар тарату жүйесінің жұмысытуралы айтып берді. Қазақстанның алғашқы ұлттық ғарыштық байланысжәне хабар тарату жүйесі «Kazsat-2» мен «Kazsat-3» спутниктерінен тұрады, олардың басқаруы Ақмолаоблысындағы «Ақкөл» ғарыш байланысы орталығымен Алматы облысындағы резервтік «Көктерек» ғарыш байланысы орталығынан жүзеге асырылады. «Kazsat-2» және «Kazsat-3» ғарыштық аппараттарыгеостационарлық орбитада, шамамен 40 мыңкилометр биіктікте жұмыс істей отырып, еліміздіңхабар тарату, байланыс және кеңжолақты интернеткеқолжетімділік қызметтерінің 100%-ын қамтамасызетеді», — деді келушілерге…

Толық оқу

Қарағандыда медициналық университет жанындағы колледж студенттері білім алуды жалғастырады. Былтыр оқу орнының лицензиясының жарамдылық мерзімі  бітіп, оны қайтадан созуға мүмкіндік берілмеген. Лицензия беретін мемлекеттік органдар жоғарғы оқу орны техникалық-кәсіптік білім беруге құқығы жоқ деген шешім шығарған. Медициналық колледжде білім алып жүрген 200‑ден астам болашақ фельдшер, медбике мен тіс дәрігерлері далада қалған болатын, — деп хабарлайды ErtenMedia. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тараған бұл мәселеге Астанадағы заң шығарушы орган өкілдері араласып, тиісті мемлекеттік органдардың назарын аударған болатын. Мәжіліс депутаты Қарағанды қаласында орналасқан кәсіптік білім беру мекемесінің ұжымымен бірнеше рет кездесіп, жағдайды зерттеді. «Университеттің колледждік бағдарламасы лицензияның жойылуына байланысты қиындықтарға тап болды. Бұл…

Толық оқу

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева танымал нумерологтың туған күн кешінде көзге түсті. Бұл туралы журналист Сырым Итқұлов жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Әлия Назарбаева танымал нумеролог Клара Күзденбаеваның туған күн кешіндегі құрметті қонақтар қатарында болды. Салықтарға «түкіргенің бар кезді» қалай айтады? Немесе оны 30 жыл бойы қалай төлемеген болсаң, әрі қарай да солай төлемейсің. Ал туған күн иесіне келсек, жүздеген мың оқырманы бар… Кірістер комитетінің айтуынша, тіпті осындай жағдайдың барлығы декларациялануы керек. Ең қызығы: Әлия Назарбаева оның қызметіне ресми түрде ақы төлей ме, әлде «перевод» аман болсын ба?» — деп жазды журналист. Клара Күзденбаеваның өзі де желідегі парақшасында Әлия Назарбаевамен…

Толық оқу

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің делегациясы Ташкент мемлекеттік аграрлық университеті, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық және «Tashkent International» университетіне арнайы іссапармен барды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Білім беру саласындағы халықаралық байланысты нығайту мақсатында университеттің Басқарма төрағасы – ректор Ермек Бөрібаев өзбекстандық жоғары оқу орындарының басшыларымен кездесіп, ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойды. Екі жақты келісім – бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, жобаларды жүзеге асыруға, ғылыми зерттеулер жүргізуге, профессор-оқытушылар арасында тәжірибе бөлісуге, студенттер мен оқытушылар құрамымен алмасуға, сондай-ақ конференциялар мен семинарлар өткізуге мүмкіндік береді. «Жетісу облысының ауылшаруашылығы мен агроөнеркәсібінің әлеуеті жоғары болғандықтан сала мамандарын даярлау үшін Ташкент мемлекеттік аграрлық университетімен бірлесе жұмыс жасау…

Толық оқу

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев борышын өтеу кезінде басынан ауыр жарақат алған мерзімді сарбаз Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тергеу қалай жүріп жатқанын айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia Tengrinews.kz-ке сілтеп. Мақсат Қазиевтің айтуынша, тергеу амалдары әлі де жалғасып жатыр. «Қазір жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Алайда Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу нәтижелеріне қатысты пікір білдіре алмаймыз, себебі бұл мәселе көптеген адамның мүддесіне әсер етеді. Дегенмен тергеу Бас прокуратура мен Бас әскери прокурордың ерекше бақылауында. Сонымен қатар, Ұлттық ұлан сарбаздың ата-анасымен байланыста», – деді Қазиев. Оның сөзінше, бұл іс бойынша әзірге нақты күдіктілер жоқ. Ербаян Мұхтар 2023 жылы желтоқсанда ауруханаға…

Толық оқу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новакты қабылдады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды. Президент Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасы достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Александр Новак Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей президенті Владимир Путиннің сәлемін жеткізіп, елдеріміз арасындағы диалог пен ықпалдастықтың деңгейі жоғары екенін мәлімдеді. Кездесуде энергетика саласындағы өзара ықпалдастық мәселесі талқыланды.

Толық оқу

«Қазақстан» шахтасындағы бес кеншінің өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты, — деп хабарлайды ErtenMedia. Сот «Қазақстан» шахтасындағы өрт және бес кеншінің қазасы бойынша Г., М., Т., Г.-ге қатысты істі қараған. Г., М., Т., Г. (директордың өндірістік қызметті өндіру жөніндегі орынбасарының м.а., конвейерлік көлік учаскесінің бастығы және т. б.) абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзудің қауiпсiздiк қағидаларын бұзды деп айыпталған. «Жол берілген жағдайлар салдарынан 2023 жылғы 17 тамызда жөндеу ауысымында «Қазақстан» шахтасының көмір конвейер еңісінде өрт болды. Өрт салдарынан бес кенші қаза тауып, он жеті кеншінің денсаулығына орташа және ауыр зиян келді», -…

Толық оқу

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің активтерін мемлекет меншігіне қайтару мәселесі көтерілді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров әділдікті қалпына келтіріп, сыбайлас жемқорлық әрекетіне қатысы бар азаматтарды жауапқа тарту қажет екенін жеткізді. Бұл туралы ол Алматыда өткен «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің кезекті отырысында мәлімдеген. «Екі мыңыншы жылдардың басында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде мемлекеттің және осы оқу ордасының меншігі талан-таражға түсті. Университеттің 3 жатақханасы, 5 лабораториялық ірі нысаны және 6 гектар жері белгісіз бір себептермен жеке адамдардың қолына өтіп кетті. Мұның артында сыбайлас жемқорлық әрекеті тұрғаны анық. Бүгінде Бас прокуратураның және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…

Толық оқу

Жетісу облысында Ақсу және Көксу қант зауыттарына өткізілген таза салмағы 560 мың тонна қант қызылшасына 14 млрд. теңге субсидия толық көлемде төленді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, қант қызылшасы бойынша субсидиялауға 679 өтінім түскен. Соған сәйкес шаруаларға субсидия толық көлемде төленді. Сондай-ақ Ақсу және Көксу қант зауыттары қабылдаған қант қызылшасы үшін шаруа қожалықтарына 8,4 млрд. теңге төледі. «Біз Ақсу, Көксу зауыттарына қант қызылшасын өткізгенбіз. Бүгінгі күні екі зауыт та шаруашылықтарымызбен тиесілі есеп айырысып болды. Қазіргі кезде басым дақылдарға берілетін субсидияны алдық, соның арқасында көктемгі дала жұмыстарына дайындығымыз қызу жүріп…

Толық оқу

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласын дамыту бойынша кеңес өткізді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қала әкімі, облыстың тиісті басқарма және шаһардың бөлім басшылары қатысқан жиында облыс орталығын абаттандыру, көгалдандыру, жолдарды жөндеу, саябақтарды, мәдени-тарихи ғимараттарды жаңғырту, салу жайы талқыланды. «Енді әр апта сайын Семей қаласын дамыту, көркейту бойынша осындай кеңес өткізіп отырамыз. Шаһарды өркендету бойынша жоба-жоспарларды талқылаймыз. Қалада қордаланған мәселе көп. Алда үлкен жұмыс күтіп тұр. Сол шаруаларды тізе қосып, бірлесе шешуіміз керек. Семей – облыстың айнасы. Аудан-ауылдар облыс орталығына қарап бой түзейді. Қала соған сай болуы керек. Оның үстіне биыл – Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы Абайдың…

Толық оқу