Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Алматы облысына қарасты Ұйғыр ауданында республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық бастамасы қарқынды жүзеге асырылып келеді. Қоршаған ортаны қорғау, көгалдандыру және экологиялық мәдениетті нығайтуға бағытталған бұл науқан өңір халқының белсенді қолдауымен жүзеге асып жатыр. Аудан аумағында “Қарадала Орман шаруашылығы” КММ мен Ұйғыр ауданы әкімдігінің бірлескен бастамасымен 10 шақырымға созылған алқапқа 1,2 тонна қараағаш тұқымы егілді. Бұл көлем 150 қапқа шақ келеді. Мамандардың айтуынша, бір тонна тұқымнан мыңдаған жас көшет өсіп шығып, болашақта толыққанды орман алқабына айналады. Аталған жұмыс аясында экологиялық мәдениетті насихаттау мақсатында “Таза Қазақстан” логотипі бейнеленіп, егілген аумақ болашақта демалыс саябағына айналмақ. Қазіргі таңда бұл жоба өңір экологиясын жақсартуға бағытталған ұзақмерзімді…

Толық оқу

Талдықорған қаласының «Өркен» спорт кешенінде дзюдодан 2010-2011, 2012-2013 жылғы кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай Жетісу облысының ашық турнирі басталды. Аталмыш жарысқа әр аудан және қаладан іріктелген 100-ге жуық жас дзюдошы қатысуда. Шараның басты мақсаты — болашақ чемпиондарды даярлап, облыс намысын абыроймен қорғайтын команда жасақтау. Айта кетсек, жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы медаль, грамотамен марапатталады.

Толық оқу

ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асырудың жаңа моделін әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ол ауылды дамытуда мемлекеттің негізгі қолдау құралы болмақ.Тұжырымдама шеңберінде инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды қатар дамыта отырып, келешегі зор ауылдардағы жобаларды іске асыруға баса назар аударылады. Даму әлеуеті жоғары елді мекендердің тізбесі 2019 жылы анықталып, әкімдіктердің ұсынысымен 2023 жылы өзектендірілді. Жобаларды орындау кезінде су, жылу, газ, электрмен жабдықтау жүйесі жаңғыртылып, қолайлы әлеуметтік жағдай жасалады. Бағдарлама ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуды көздейді. Қолдау тетігінің ішінде 2,5%-бен шағын несие мен лизинг бар. Қазір министрлік скрининг арқылы елді мекендердің мамандануын анықтау тәсілін, ережелерді жаңартуда.Сонымен қатар, өңірлік ерекшелікті ескере отырып, микронесие беру…

Толық оқу

Қазақстан бойынша 1,8 миллионнан астам оқушы суды үнемдеп пайдалану тақырыбында ашық сабақтарға қатысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары «Суды үнемде – болашақты сақта» республикалық акциясы аясында Қазақстан мектептерінде су үнемдеу тақырыбында ашық сабақтар өткізіп жатыр. Бүгінге дейін ашық сабақтарға 1,8 миллионнан астам оқушы қатысты. Акция Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен және Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткізіліп жатыр. «Балалар сабақтарда пайдалы ақпараттар алып, алған білімдерін күнделікті өмірде қолданады деп ойлаймын. Өйткені мектеп – дұрыс әдеттерді қалыптастыратын ең қолайлы орта. Енді алдағы уақытта жоғары оқу орындарының студенттері үшін де су үнемдеу тақырыбында дәрістер ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз»,– деді Су…

Толық оқу

2025 жылғы 12 мамырда Астана қаласында Халықаралық волонтерлер жылына дайындық және өткізу бойынша Ұлттық ұйымдастыру комитетінің алғашқы отырысы өтеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 2026 жылды Тұрақты даму мақсаттарындағы Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялаған болатын. Аталған іс-шара барысында волонтерлік қозғалысты дамыту мен азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған негізгі бағыттар, бастамалар мен жоспарланған іс-шаралар талқыланатын болады. Отырысқа БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойлы Құрбанов, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және волонтерлік бірлестіктердің өкілдері қатысады. Бүгінде Қазақстанда волонтерлік қызмет қарқынды дамып, түрлі салаларды қамтып отыр. Қазіргі таңда елімізде 755 волонтерлік ұйым тіркелген, ал…

Толық оқу

Түркістан облысы, Төлеби ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай салтанатты жиын өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Мерекелік іс-шара аудан орталығында орналасқан «Жеңіс» саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюдан басталды. Өңір басшысы Еркеғали Әлімқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес төрағалары, аудандағы зиялы қауым өкілдері қатысып, бабалар рухына тағзым етілді. Бір минут үнсіздік жарияланып, құран бағышталды. Сондай-ақ, аудандық Мәдениет үйінде өткен салтанатты жиында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы тыл еңбеккерлеріне мерекелік медаль табыстап, жеңіс мерекесімен құттықтады. «Бүгінде ортамызда қалмаған Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен қатары сиреп бара жатқан тыл ардагерлерінің ерлігі мен қайсарлығы ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Олар бізге бейбіт…

Толық оқу

2025 жылғы 9 мамырда елордада «Бейбіт аспан астында» атты үлкен қоғамдық-мәдени іс-шара ұйымдастырылып, Ұлы Отан соғысы Жеңіс күніне арналған мереке өткізілді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Оның басты мақсаты – соғыс ерлігін жас ұрпаққа жеткізу, жауынгерлік дәстүрді жалғастыру және бейбітшілік, халықтар достығы мен өзара көмектің құндылығын насихаттау. Іс-шара Ұлы Отан соғысының батырлары мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегіне және жанқиярлық ерлігіне құрмет ретінде өткізілді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7 мамырдағы 80 жылдық мерейтойға арналған парадтағы сөзінде былай деді: «Бұл мереке – жауынгерлеріміздің мықты рухының символы. Біз ата-бабаларымыздың ерлігін ардақтаймыз, Отан үшін жан кешкен батырлардың жарқын естелігін сақтаймыз. Сонымен қатар, бейбіт уақытта тыныштықты…

Толық оқу

Алматы облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы кең көлемде аталып өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы аумағында тұратын соғыс ардагерлеріне ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтаулар келіп түсті. Жеңісті жақындатқан ардагерлерге атаулы күнге орай ыстық лебізге толы хаттар, естелік сыйлықтар және Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік медальдар берілді. Бұл күнгі басты қуанышты жаңалықтың бірі — бейбіт өмір сыйлаған соғыс ардагерлеріне мемлекет тарапынан көрсетілген қамқорлық пен құрмет ретінде Қонаев қаласында салынған тұрғын үйлерден демеушілердің атынан баспана кілтінің табыс етілуі болды. Сонымен бірге, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің тапсырмасымен аймақта тұратын көзі тірі бес соғыс ардагеріне бес миллион теңгеден әлеуметтік көмек берілді. Жеңіс…

Толық оқу

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта негізгі мерекелік іс-шаралар өтті. Осы жерде қала әкімі Ерболат Досаевтың қатысуымен Мәңгілік алауға гүл қою рәсімі ұйымдастырылды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жиналғандар соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Одан кейін қала әкімі, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен олардың туыстары, әскерилер, құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері және қала тұрғындары Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойды. Ерболат Досаев майдангерлерді мерекемен құттықтап, шайқас алаңдарында да, еңбек майданында да көрсеткен ерлігі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, зор денсаулық, бақыт пен амандық тіледі. Ардагерлер мен олардың жақындары қала басшылығына…

Толық оқу

Елімізде жастар арасындағы жұмыссыздықтың деңгейі 3,1%-ды құраса, ең төменгі көрсеткіштердің бірі Түркістан облысына тиесілі. Түркістан облысында жастар саны 671 мыңнан асады. Олардың 500 мыңнан астамы ауылда тұрады. Облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында 6 мыңнан астам маңызды іс-шара өткізілген. Нәтижесінде өткен жылы 8 мыңға жуық жас тұрақты жұмысқа тұрды. Биыл да бұл бағыттағы жұмыстарға басымдық берілмек,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Өңірде NEET санатындағы жастардың үлесі өткен жылдың қорытындысымен салыстырғанда 6,4%-ға төмен. Бұл көрсеткішті 2025 жылы 30%-ға төмендету көзделіп отыр. NEET – бұл 16-24 жас аралығындағы жұмыс және оқу орны жоқ жастар. Олардың үлесін азайту мақсатында 13 мемлекеттік бағдарламаны қамтитын…

Толық оқу