Автор: editor

Алматы облысында Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына түсу бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Осыған байланысты Талғар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі Талғар қаласының орта мектептерінің оқушылары арасында Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына түсу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Сонымен қатар, жылыту маусымынан өту оқушымен тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша нұсқаулық өткізілді, сондай-ақ өрт сөндіргіш құралын пайдаланудың дұрыстығы айқын көрсетілді. Іс-шара оқушылардың жылу беру кезеңіндегі қауіпсіздік ережелері туралы хабардар болу деңгейін арттыруға, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының кәсіптерін насихаттауға бағытталған. Алматы облысы әкімдігінің…

Толық оқу

Абай облысының әкімі Берік Уәли облыс басшысы ретіндегі алғашқы кездесуін ақсақалдар және зиялы қауым өкілдерімен өткізді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz  Емен-жарқын әңгіме барысында өңірдің бүгінгі хал-ахуалы мен келешегіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Үлкеннің батасын алғанның ісі оңалар» деген сөз бар. Өздеріңізбен кездесіп, ақыл-кеңестеріңізді, ұсыныс-тілектеріңізді тыңдап, жұмыс барысында қолданып, іске асыру ниетім бар. Сіздердің қолдауларыңызбен облысымызды дамыту үшін бар-күш жігерімді саламын. Тарихи әділеттік орнап, осыдан үш жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облысымызды қайтадан ашты. Ел ерекше қуанды. Енді қуанышты әсерден арылып, нақты жұмыс істейтін кез келді. Өңірде шешімін күткен өзекті мәселелер көп. Алда облыс құрылғаннан бергі атқарылған жұмысты жалғастырып, Президенттің…

Толық оқу

Ұлытау облысының бас экологы Дастан Тілеубеков, оның екі орынбасары мен екі кәсіпкер парақорлық дерегі бойынша сотталды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Жезқазған қалалық соты Т.Д, Т.Ә, Т.А және А.С-қа қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша қылмыстық істі қарады. Т.Д және Т.Ә Ұлытау облысының Экология департаментінің басшысы мен оның орынбасары қызметін атқара отырып, алдын ала сөз байласып, 2024 жылғы қазан мен желтоқсан аралығында 5 250 000 теңге пара алған. Сонымен қатар, Т.Д жеке өзі 2024 жылғы желтоқсан мен 2025 жылғы қаңтар аралығында 2 500 000 теңге пара алған. Бұл сомалар пара берушілердің мүддесіне заңсыз әрекеттер жасау үшін алынған. «Р» ЖШС-нің директоры Т.А қоршаған орта…

Толық оқу

Кейінгі күндері қоғамда «салық төлемеген» блогерлердің тізімі қызу талқыға түсіп жатыр. Бұл турасында депутаттар да пікір білдірген, — деп хабарлайды ErtenMedia. Тізімде Мейрамбек Бесбаев, Алтынай Жорабаева, Ерке Есмахан сынды эстарада жұлдыздарынан бастап, продюсер Баян Алагөзова, танымал блогер, кәсіпкерлер де бар. Желіні шулатқан борышкерлер тізімінде көш басында блогер Бейбіт Әлібеков тұр. Жанында оның 2 миллиард 163 миллион теңге табыс тауып, салық төлемегені көрсетілген. Кейін атақты продюсер Баян Мақсатқызы да 272 миллион теңгемен тізімге енген. «КТК» арнасы мәліметінше, 2 жарым миллион оқырманы бар Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев «блогерліктен табыс таппаймын» деген. Жарнаманы тегін жасайтынын айтқан ол блогерлердің салықтан жалтармағанын қалайды. «Менде тегін. Тікелей айтайын,…

Толық оқу

Қаржылық мониторинг агенттігі 8-10 ақпан аралығында еліміздің барлық өңірінде кең ауқымды операция жүргізді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Тексеріс нәтижесінде тұтыну кооперативінің атын жамылған Asar Baspana қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылған. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар салымшыларға жылжымайтын мүлік, көлік құралдарын, сондай-ақ, тұрмыстық өнімдерді (биологиялық белсенді қоспалар, ас үй ыдыстары, косметика, тұрмыстық химия және басқа да тауарлар) сатып алу үшін қаражат салуды ұсынған, ал қарымына ай сайын салынған соманың 30 пайызына дейін пайда табуға уәде берген. ҚМА мәліметінше, компаниялардың кеңселерінде және күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында 1,2 млрд теңгеден аса сомада қолма-қол ақша және ішінде премиум класты көліктер бар 13 көлік тәркіленген.…

Толық оқу

2024 жылдың қорытындысы бойынша Жетісу облысы экономикасына 522 миллиард теңге инвестиция құйылған. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 1,4 есеге артық. Оның ішінде жеке инвестицияның үлесі 394 миллиард теңгені құрап, алдыңғы жылдан 1,7 есеге өскен, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жалпы өткен жылдың қорытындысында қысқа мерзімді экономикалық индикатор бойынша көрсеткіш облыста 114,8% құрап, республикада 2-ші орыннан көрінді. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев «Jetisy» телеарнасы студиясында облыстық БАҚ өкілдеріне берген кеңейтілген сұхбаты барысында айтты. Өңір басшысының айтуынша, өткен жылы өнеркәсіп саласында 200 жұмыс орнын ашқан «Asma Industrial» өндірістік аккумуляторлар зауыты іске кірісті. Сонымен қатар біраз жыл…

Толық оқу

Алмас Кішкенбаев 15 күн жазасын өтеп шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Басылым мәліметінше, Алматы Полиция департаменті жанындағы уақытша ұстау изоляторынан шыққан әншіні қара көлік күтіп тұрған. Сағат 18:00-де Алмас Кішкенбаев изолятордан шыққан. Алайда ол тілшімен сөйлесуден бас тартып, тез көлікке отырып кетіп қалған. Алмас Кішкенбаевқа ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылған еді. Сот шешімі бойынша Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. «Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты К.-ге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі жабық форматта қарады. Сот К.-ның мас күйде мұндай әрекеттерді жасағанын анықтады. Сотта К. болған оқиғаның мән-жайы есінде жоқ екенін мәлімдеді. К. ӘҚБтК-нің…

Толық оқу

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек «Керуен» сауда орталығының алдындағы қазіргі сквер орналасқан жер учаскесінің болашағы туралы пікір білдірді, – деп хабарлайды ErtenMedia. Бұған дейін Мәжіліс депутаты, заңгер Бақытжан Базарбек өзінің Facebook парақшасында бұл жер учаскесі Тимур Құлыбаевқа тиесілі болғанын, алайда Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті мен республикалық Jer Amanaty жер комиссиясының оны мемлекеттік меншікке қайтарғанын мәлімдеген еді. «Бұл учаске астаналықтарға «Северное сияние» тұрғын үй кешені мен «Керуен» сауда орталығының арасындағы бос алаң ретінде белгілі. Ол ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай келді», – деп жазды Базарбек. Бүгін Есіл ауданы тұрғындарымен кездесу барысында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек «Керуен» сауда орталығы алдындағы жер…

Толық оқу

Астанадағы бұрынғы Дариға Назарбаеваның саяжайы орналасқан жердің тағдыры белгілі болды. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia. Кездесу барысында қала тұрғындары әкімнен саяжай бұзылғаннан кейінгі бос қалған аумаққа қатысты сұрақ қойды. Бұрын бұл аумақ биік қоршаумен қоршалған болатын. Әкімнің айтуынша, саяжай орнына қалалық инфрақұрылымға қажет жаңа нысандар бой көтереді. “Қазір бұл аумақтағы құрылыс жұмыстары аяқталған соң шамамен 12 шақырымға созылатын ашық жағалау болады: яғни Ататүрік саябағынан бастап әрі қарай. Сондай-ақ, бұрынғы Қарттар үйі мен саяжай аумағы арасында мемлекеттік мектеп салынады”, – деді Жеңіс Қасымбек. Әкім саяжайдан қалған қоршау толықтай алып тасталатынын жеткізді.…

Толық оқу

Жетісу облысында қазіргі кезде газдандыру деңгейі 56,5% құрайды, яғни 63 елді мекен газдандырылды. Ал биылғы жылдың қорытындысы бойынша тағы 63 жобаны іске асырудың арқасында газдандыру деңгейі 71,4% жетеді. Осылайша 500 мыңнан астам тұрғыны бар 126 елді мекен газға қол жеткізеді. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев «Jetisy» телеарнасы студиясында облыстық БАҚ өкілдеріне берген кеңейтілген сұхбаты барысында айтты, — деп хабарлайды ErtenMedia Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеп. — Облыс қайта құрылған кезде 5 елді мекенге ғана газ жеткізілген, яғни газдандыру көрсеткіші 29 % болған. Биыл газбен қамтамасыз етілген елді мекендер саны 63-ке жетіп, тұрғындарды газдандыру көрсеткіш 56,5% құрады. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында жылдың соңына дейін…

Толық оқу