Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Нүрбол Тұрашбеков

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Келес ауданында кезекті штаб отырысын өткізіп, марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу барысын саралады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Күн тәртібіне сәйкес, секторларға бекітілген бақылаушылар сөз алып, бақылау нәтижесін баяндады. Жиында мамандар тағы 40 мың га жер дәріленуі тиіс екенін айтты. Арыс қаласына тиесілі 6-7 секторда дәрілеу жалғасуда, 12-секторға қосымша 4 техника жеткізілген. Қожатоғай мен Байтоғайдың арасын зерделеу барысында кей аймақтардағы шегірткелердің экономикалық зиянды шегіне жетпейтіні анықталды. Нәтижесінде ұшақпен дәрілеу ұсынылды. Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев қосымша қажетті техникалар ұйымдастырылатынын, химиялық өңдеуді мерзімінде аяқтауға күш салынатынын мәлімдеді. Сонымен қатар 29, 30, 34-секторларда жұмыс қарқынын арттыру жайы қозғалды.…

Толық оқу

Бүгін Абай облысы мәслихатының кезектен тыс 27-інші сессиясы өтті. Отырысқа облыс әкімі Берік Уәли, мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, депутаттар, тиісті басқарма басшылары және БАҚ өкілдері қатысты,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Сессия барысында 2025–2027 жылдарға арналған облыстық бюджетке және Абай облысы мәслихатының тұрақты комиссиясы құрамына өзгеріс енгізу мәселелері қаралды. Бірінші мәселе бойынша облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Роза Құдайбергенқызы баяндама жасады. Жаңа өзгерістер аймақтың алдағы әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларына сәйкес әзірленген. Сессия барысында депутаттар тарапынан мәдениет нысандарын салу, дәрі-дәрмекпен қамтуға қатысты депутаттық сауалдар жолданды. Отырыс соңында сөз алған аймақ басшысы депутаттарға облыстық бюджетке енгізілген өзгерістерді қолдағаны үшін алғыс білдіріп, алда ауқымды…

Толық оқу

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткен облыстық «Жас еңбек адамы – 2025» байқауы өз мәресіне жетті. Сайыстың соңғы кезеңі Бәйдібек ауданында өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жастар арасында жұмысшы мамандықтардың беделін арттырып, кәсіби дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылған байқауға 80-ге жуық студент пен жас кәсіпкер қатысты. Сайыс барысында қатысушылар өз мамандықтарына сәйкес шеберліктерін көрсетіп, түрлі тапсырмаларды орындады. Жұмыс сапасы орындау техникасы, креативтілік және қауіпсіздік талаптарын сақтау критерийлері бойынша бағаланды. Облыстық байқаудың жабылу салтанатына Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Бектаев қатысып, үздіктерді марапаттады. Байқау қорытындысымен «Үздік аспаз» және «Үздік дәнекерлеуші» номинацияларын…

Толық оқу

1 мамыр — Халықтар достығы күніне орай Алматының көп ұлтты аудандарының бірі – Жетісу ауданында ерекше шара өтеді. Ұлттық тағамдарды насихаттап, ұлттар арасындағы бірлікті нығайту мақсатында «Қазақстанның ең ұзын лағманы» әзірленіп, жаңа Қазақстан рекорды тіркелмек,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Шараға Жетісу ауданының тұрғындары, түрлі этнос өкілдері белсене қатысады. Бұл бастама халқымыздың ұлттық құндылықтары мен көпэтносты қоғамның татулығын дәріптеуді көздейді. Лағман – әртүрлі ұлт өкілдері сүйіп жейтін тағам, сондықтан бұл рекорд ортақ мәдени мұраның белгісі болмақ. Іс-шараны Жетісу ауданы этно-мәдени орталықтары ұйымдастырып отыр. Рекорд Қазақстан рекордтар кітабының өкілдері қатысуымен ресми түрде тіркеледі. Өту орны: Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Айнабұлақ шағынауданы, №179 спорттық-сауықтыру…

Толық оқу
Тоқаев және сирек металдар

Танымал әмерикалық инвестор, Cove Capital компаниясының бас директоры Пини Әлтхаустың пікірінше Қазақстанның минералды ресурстар бағытындағы потенциалы жойқын. Ertenmedia.kz Әлтхаустың осы тараптағы талдауын қаз-қалпында ұсынып отыр. Сонымен: Тоқаев ескі Қазақстанның ережесін бұзды  Әлемде сирек кездесетін металдар мен минералдарға сұраныс бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілді. Аккумуляторлар, тұрақты магниттер мен жартылай өткізгіштер өндірісіне қажетті элементтердің тапшылығы анық байқалуда. Тапшылықтың басты себебі Бейжің. Литий, графит, никель, кобальт және сирек жер металдарының әлемдік жеткізу тізбегін Қытай компаниялары ұстап отыр. Осы жағдай Қазақстанның стратегиялық маңызын арттырады. Бектенов үкіметінің мәліметіне сәйкес, ел аумағында 5000-нан астам кен орны бар. Бүгінде Қазақстан АҚШ-тың аса маңызды минералдар тізіміндегі 17 минералды, Еуропалық Одақ үшін…

Толық оқу

Түркістан облысы әкімдігінде футболды дамыту мәселелері талқыланған жиын өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Облыс әкімі Нұралхан Көшеров футболды дамыту, жас таланттарды іздеу, инфрақұрылымды жақсарту, кәсіби клубтарды демеушілер арқылы қаржыландыру мәселелерін көтеріп, жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне тиісті тапсырмалар берді. – Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың отырысында футболды дамыту жолдарын жан-жақты қарастыру бойынша тапсырмалар берді. Кәсіби клубтарды жеке меншікке өткізу керектігін айтты. Бүгінгі таңда бұл бағытта тиісті жұмыстарды көріп отырған жоқпын. Нақты қай аудан, қалада футболға лайықталған спорт нысандары жеткілікті, қай жерде жеткіліксіз екені туралы зерделеу жүргізілуі тиіс. Кәсіби футбол клубтарына бөлінген қаржы, олардың көрсеткіштері саралансын. Өңіріміздегі клубтар өз деңгейінде өнер…

Толық оқу

1 мамырдан бастап Алматыда субұрқақтар маусымы ресми түрде басталады. Олар күн сайын сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін  жұмыс істейді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Олардың жұмысы 1 қазанға дейін созылады. Бұл ретте, қолданыстағы ережелерге сәйкес +5°C төмен температурада субұрқақтарды пайдалануға тыйым салынады. Ағымдағы маусымда 56 коммуналдық субұрқақ кешені іске қосылады, оның 11-і «құрғақ». Субұрқақтарға техникалық қызмет көрсету мен санитарлық жағдайды Алматы қаласы қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымы — «Eco Almaty» ЖШС қамтамасыз етеді. Көктемгі кезеңнің басталуымен мамандар субұрқақтарды кешенді дайындауды жүргізді: тостағандар мен іргелес аумақты тазарту, хлор мен мыс сульфатын пайдаланып суды зарарсыздандыру, жабдықты бояу және жөндеу, сондай-ақ барлық инженерлік жүйелерді…

Толық оқу

Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында «Жұмысшы мамандықтар аллеясы» ашылды,— деп хабарлайды Ertenmedia.kz Кез келген жетістік пен өркендеудің түп-тамырында – адал еңбек, маңдай тер мен қажымас қайрат жатыр. Ел еңсесін тіктеуде қарапайым еңбек адамдарының қосқан үлесі орасан. Биылғы жыл – еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген жұмысшы мамандық иелерінің еңбегін бағалау мен олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған ерекше кезең. «Жұмысшы мамандықтар жылы»аясында еңбек адамына деген жан-жақты қолдау артып, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға баса назар аударылуда. Бұл бастама – еңбек адамына деген терең құрметтің айқын белгісі әрі олардың қоғамдағы мәртебесін көтеруге бағытталған маңызды қадам. Осы орайда Еңбекшіқазақ ауданында Жастар ресурстық орталығының бастамасымен және…

Толық оқу

Жетісу облысында «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауыл тұрғындарына медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында 44 нысанның құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев мәлімдеді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жалпы алғанда, жобаның аясында өңірде 59 медициналық нысан салу қарастырылған. Оның ішінде 15 дәрігерлік амбулатория, 39 фельдшерлік-акушерлік пункт және 5 медициналық пункт бар. Өткен жылдың желтоқсан айында 15 нысанның құрылысы толық аяқталса, қалған 44 нысанның жұмысы биыл жалғасуда. Қазіргі таңда олардың орташа дайындық деңгейі – 83 пайызды құрайды. – Құрылыс жұмыстары маусым және тамыз айларында кезең-кезеңімен аяқталады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар нысандарды инженерлік-коммуникациялық желілермен қамтамасыз ету жұмыстары да…

Толық оқу

Алматыда эвакуатор қызметтері цифрландырылып, қолжетімді бола түсті. Қалалық инфрақұрылым мен тұрғындардың өмір сүру салты күнсайын өзгеруде. Қазір алматылықтар тек дүкеннен тауар сатып алуды ғана емес, күнделікті техникалық қызмет түрлерін де онлайн алуға дағдыланып келеді. Соның ішінде жол бойындағы көмек атап айтқанда эвакуатор шақыру енді бірнеше батырма арқылы шешілетін қызметке айналды. Соңғы жылдары бұл қызметті цифрлық форматта онлайн түрде алу мүмкіндігі пайда болып, үлкен сұранысқа ие болуда. Қала тұрғындары арасында evacuatoralmaty.kz платформасы кеңінен танымал. Бұл сайт арқылы эвакуатор қызметін бірнеше минутта шақыруға болады. Қызмет көрсету уақыты қысқартылған, карта арқылы нақты орналасқан орынды көрсетуге болады, ал баға тапсырыс бермей тұрып-ақ көрінеді. Қарапайым…

Толық оқу