Автор: Асылхан Бөрібай

Қоғамның көңіл-күйі, Президентке деген сенім және жасанды интеллект – «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасы Нұрбек Мәтжани Орталық коммуникациялар қызметінің подкастында әлеуметтанулық әдістер арқылы қоғамды қалай «естуге» болады және бұл деректер неге мемлекеттік шешімдерге ықпал етеді деген сұрақтарға жауап берді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 2019 жылы құрылған Институт отбасылық және гендерлік саясат, қоғамдағы құндылықтар мен көңіл-күй, медиа және т.б. салаларда 200-ге жуық зерттеу жүргізді. Институт тоқсан сайын Қазақстанның барлық өңірлерінде ел дамуының негізгі бағыттары, ҚР Президенті мен Үкіметтің бастамаларын қолдау бойынша 2400 адамды қамтитын face to face жаппай сауалнама жүргізеді. Зерттеу нәтижелеріне тоқтала келе, Нұрбек Матжани респонденттердің 80,2%-ы Президент…

Толық оқу

2025 жылдың 9–11 сәуірі аралығында Satbayev University қабырғасында Kazakhstan Smart Space халықаралық байқауының финалдық кезеңі өтті. Аталған байқау Қазақстан мен жақын шетелдерден келген дарынды жастардың басын қосты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Байқау Satbayev University-дің электроника, телекоммуникация және ғарыштық технологиялар кафедрасының ұйымдастыруымен, TRIZATHLON Project (2024–2026) индустриалды-инновациялық бағдарламасы мен МК2С – Халықаралық ғарыштық желілік қоғамдастық жобасы аясында өткізілді. Үш күнге созылған байқау барысында қатысушылар «Макет», «Жұмыс істейтін үлгі» және «Ғылыми-зерттеу жобасы» номинациялары бойынша өз жұмыстарын ұсынды. Байқау үш жас санаты бойынша өткізілді: 12 жасқа дейін, 16 жасқа дейін және 16 жастан жоғары. Финал аралас форматта – офлайн және онлайн – өтті. «Kazakhstan Smart…

Толық оқу

Алматы облысының әкімдігінде Нидерланд Корольдігінің Ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі және табиғатты пайдалану министрлігінің өкілдерімен кездесу өтті. Кеңес Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Өзінің кіріспе сөзінде өңір басшысы Қазақстан мен Нидерланд арасындағы серіктестік қатынастардың маңыздылығын атап өтіп, ауыл шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимылдың перспективаларын ерекше атап өтті. Ол өңірдің заманауи технологияларды енгізуге, инвестиция тартуға және шетелдік мамандармен білім алмасуға дайын екенін жеткізді. Қазақстан тарапынан кездесуге қатысты: Азат Сұлтанов — ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі, Ұлбосын Сарыбаева — «Kazakh Invest» компаниясының өкілі, Жандәулет Жанбырбаев — ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі егіншілік департаменті директорының орынбасары,сондай-ақ облыс әкімдігінің салалық басқармаларының…

Толық оқу

Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылында «Ауыл — Ел бесігі» жобасы аясында дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жасалып, медициналық нысан қолданысқа берілді,деп хабарлайды Ertenmedia.kz Амбулаторияның ашылу салтанатына Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Лейла Серікбаева мен Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Нұрсолтанова қатысып, тұрғындарды айтулы күнмен құттықтады. Медициналық нысан бір ауысымда 100 адамды қабылдай алады. Мекемеде медициналық және профилактикалық тексерулер және ерте диагностика бойынша қызметтер көрсетіледі. Енді Шеңгелді ауылдық округіне қарасты алты елдімекеннің 7 мыңға жуық тұрғыны қажетті медициналық көмекті алу үшін амбулаторияға жүгіне алады. Мұнда жалпы практика дәрігерлері, педиатр, балалар тіс дәрігері, мейірбикелер мен кіші мейірбикелер жұмыс істейді. Ал дәрігер-гинекологтар…

Толық оқу

Алматыда WorldSkills Almaty-2025 кәсіби шеберлік бойынша X өңірлік чемпионаты өтіп жатыр. Оған қаланың 200-ден астам колледж студенті қатысуда, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Биылғы чемпионат ерекше мәнге ие, өйткені ол Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ұйымдастырылып отыр. Бұл бастама техникалық және кәсіптік білімнің беделін арттыруға, сондай-ақ жастар арасында жұмысшы мамандықтарды танымал етуге бағытталған. Алматыда WorldSkills қозғалысына белсенді қолдау көрсетіледі. Бүгін жарысқа қатысушылармен Алматы әкімі Ерболат Досаев кездесіп, қатысушылармен әңгімелесіп, жұмыстарымен танысты. Ерболат Досаев қала әкімдігі студент жастар арасында жұмысшы мамандықтардың дамуын қолдайтынын және кейбір мамандық бойынша грант бөлу мүмкіндігін қарастырып жатқанын атап өтті. Қала әкімі техникалық және кәсіптік білімнің беделін…

Толық оқу

Бүгін облыс әкімдігінде өңір басшысы Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында республикалық сессияға қатысатын ШҚО делегациясының құрамы мен өңірлік деңгейде өтетін мерейтойлық іс-шаралар жоспары талқыланды. Облыс әкімі атап өткендей, бүгінде Шығыс Қазақстан — бастамалары мен идеялары бүкіл ел бойынша сәтті жүзеге асып жатқан өңірлердің бірі. Мәселен, алғаш рет Достық үйі — қоғамдық келісім орталығы Өскемен қаласында ашылған болатын. Бұл бастама кейін басқа өңірлерге де үлгі болды. – Достық үйі ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға өлшеусіз үлес қосып отыр. ҚХА жұмысына жастардың көптеп тартылуы, олардың мәдени, экологиялық және шығармашылық идеяларды насихаттаудағы белсенділігі қуантады. Мұндай шығармашылық…

Толық оқу

Алматыда сатиралық паблик авторы Темірлан Енсебекке қатысты сот процесі жалғасуда. Ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша — әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздырды деген айыппен сотқа тартылып отыр. Бүгін сотта куәгер ретінде оның қызы Мария Кочнева сөз сөйледі. Прокурордың сұрағына жауап берген Мария Кочнева даулы трекке қазақстандық орыстардың байыппен қарамайтынын айтты. Алайда, бұл тұжырымды жасау үшін қыз халық арасында сауалнама жүргізбегені анық. Оның айтуынша, ол өзі де даулы әнді толық тыңдап шықпаған, бірақ соған қарамастан ол «осы әнмен өскенін» айтты. Кочнева жауаптарында қайшылыққа толы мәлімдемелер жасаған. Прокурор Марияның қазақстандық орыстардан Енсебек паблигіндегі жазбаның оларды қорламағаны туралы…

Толық оқу

«Алматы» микроқаржы ұйымы («Алматы МҚҰ» ЖШС, «Алматы» ӘКК» АҚ компаниялар тобына кіреді) «Almaty Business-2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы бойынша жеңілдікті қарыздар беруді жалғастыруда, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бағдарлама шеңберінде микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері жылдық 2% және 6% мөлшерлеме бойынша несиелер алады. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жергілікті бизнеске 572 млн теңге сомасында қарыздар берілді. Несиелердің үштен бірінен астамы өндіріс және қайта өңдеу саласындағы жобаларға тиесілі болды.Сондай-ақ Халыққа қызмет көрсетуге бағытталған бастамалар (үлесі-21%), туризм және білім беру салаларындағы жобалар (14%-дан) қаржыландырылды. «Алматы» МҚҰ-да бір қарыз алушыға қаржыландырудың ең жоғары сомасы 78 640 000 теңгені құрайды. Қарыз мерзімі — 7 жылға дейін.…

Толық оқу

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында қоныс аудару жөніндегі өңіраралық жәрмеңкеге барып, жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен кездесу өткізді, сондай-ақ Еңбек мобильділігі орталығының, Арнаулы кәсіптік колледждің және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының қызметімен танысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Өңірге келген вице-министр бірінші ретте Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Абай және Ұлытау облыстарынан қатысушыларды тарта отырып, Түркістан облысының әкімдігі ұйымдастырған қоныс аудару жәрмеңкесіне барды. Асқарбек Ертаев Еңбек министрлігі қазақстандықтарды еңбек күші артық өңірлерден еңбек күші тапшы өңірлерге өз еркімен көшіру тетіктерін жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. «Қоныс аударушыларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы…

Толық оқу

Жетісу облысы құрылғаннан бері медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысандарымен 81 елді мекен қамтылды, ал дәрігер тапшылығы 20,3%-ға төмендеді. Биыл тағы 72 елді мекенде жаңа медициналық мекемелер бой көтереді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Облыс құрылғалы бері өңірде Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылында 250 орынға арналған емхана, Көксу ауданы Ақшатоған, Еңбекшіқазақ ауылдарында, Алакөл ауданы Қамысқала ауылында, Панфилов ауданы Шежін ауылында 4 фельдшерлік-акушерлік пункт, Ақсу ауданы Сағабүйен ауылында дәрігерлік амбулатория, Алтынарық ауылында медпункт салынды. Сол сияқты 58 блок-модульді кешен орнатылды, соның ішінде республикада тұңғыш рет Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында және Панфилов ауданының Жаркент қаласында блок-модульдік конструкцияны қолдана отырып тұрғызылған жедел және шұғыл медициналық көмек қосалқы станциясы да…

Толық оқу