Автор: Асылхан Бөрібай

Атырау қаласы

Атырауда соңғы жылдары «Халық қатысатын бюджет» жобасы арқылы аула мәселесі сөзден іске көше бастады. Бұрын тұрғындар «біздің аулада ойын алаңы жоқ, балалар шаңның ортасында ойнайды» деп шағымданумен шектелетін. Енді сол әңгіме нақты жобаға айналып, қалада 44 аумақта ойын және спорт алаңдары, кіші футбол алаңдары салынып жатыр. Қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Дулат Қуанғалидың айтуынша, жобаның негізгі ерекшелігі  қай аулаға қандай нысан керегін жергілікті тұрғындардың өзі ұсынып, дауыс беру арқылы таңдалуы, деп жазады Ertenmedia.kz. «Халық қатысатын бюджет» аясында Азаттық пен М.Қазырет көшелеріндегі көпқабатты үйлердің аулалары, Еркінқала–1, Еркінқала–2, Авангард шағынауданы, Владимирский мен Абай көшесі, Алмалы ауылдық…

Толық оқу
тұтынушы құқығы

Қазақстанда тұтынушыны алдайтын кәсіпкерлерге салынатын айыппұл көлемі көбейеді, деп хабарлайды Ertenmedia. Депутат Мұрат Әбеновтің айтуынша, Парламентте қаралып жатқан заң жобасында сатушылардың жауапкершілігін арттыру көзделген. «Біз тұтынушы құқығын бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшерін ұлғайтамыз. Енді сатушы тауар құнын толық қайтарумен бірге қосымша айыппұл төлейді. Мәселен, 1 миллион теңгенің тауары үшін тұтынушыға ақшасын қайтарып, оның үстіне тағы 100 мың теңге айыппұл төлеуі мүмкін. Басты мақсат кәсіпкерлерге тұтынушы құқығын бұзу тиімсіз болу керек», – деді депутат. Әбеновтің айтуынша, алданған тұтынушы алдымен сатушының өзіне шағым түсіре алады. Егер ол 10 күн ішінде жауап бермесе, тікелей сотқа жүгінуге құқылы. «Мен азаматтарға бірден сотқа барыңыздар деп кеңес…

Толық оқу
онлайн-казино

Қазақстаннан онлайн-казино арқылы заңсыз түрде 600 млрд теңге шетелге шығарылған, деп хабарлайды Ertenmedia. Қаржы мониторинг агенттігі елімізде аса ірі көлемдегі заңсыз онлайн-казино схемасын әшкереледі. Финтех-сервис иелері «сұр» POS-терминалдарды және бүкмекерлік кеңселермен жасалған жалған келісімшарттарды пайдалану арқылы ақша аударымдарын заңдастырып отырған. Тексеріс кезінде әлгі іске 20-дан астам төлем ұйымы мен бірнеше банк қызметкерлерінің қатысы бар екені анықталды. «Сонымен бірге төрт онлайн-казиноға қаржылық операциялар бойынша кеңес беретін Call-орталықтың жұмысы тоқтатылды. Оған Қазақстан, Ресей, Беларусь, Испания және Вьетнамнан жиналған 120 адам жұмылдырылған. Орталық криптовалюта саудасына қатысты серіктестік бағдарламаларын да жүргізген. Оның айналымы 200 миллион доллардан асқан», – делінген агенттік хабарламасында. Тергеушілер 70-тен астам…

Толық оқу
Бақытжан Сағынтаев

Президент Тоқаев Еуразия экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды Ertenmedia. Кездесуде Еуразиялық одақтың қазіргі даму қарқыны мен келешегі талқыланды. Әсіресе Қазақстанның 2026 жылы ЕАЭО органдарына төрағалық ету кезіндегі басым бағыттарына ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ президентке 21 желтоқсанда Петерборда өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына дайындық барысы таныстырылды. Еске салсақ, Алматы әкімі қызметінен Қаңтар оқиғасынан кейін кеткен Бақытжан Сағынтаев былтырдан бері ЕЭК алқасын басқарып келеді.

Толық оқу
металургия Шухрат Ибрагимов

Жаһандық саясаттағы соғыс, санкция, белгісіздік Қазақстанға көп таңдау қалдырмай тұр. Ел бұрынғыдай мұнайға ғана сеніп отыра алмайтыны анық. Мұнай экспортындағы қысқа үзілістің өзі жүздеген миллион доллар жоғалту қаупін туындататынын байқадық. Ал мұнай логистикасын Баку арқылы өзгертудің өзі үш есе қымбатқа түсетіні айтылуда. Осындай жағдайда ел экономикасы мұнайға ғана сүйенуіне болмайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінде осы ойды талай мәрте бір ойды нақты айтты. Қазір Қазақстан тек шикізат экспортына, мұнай кірісіне, сыртқы конъюнктураға арқа сүйеп отыратын заман емес. Ұзаққа созылған «мұнай суперциклінің» аяқталуы, соғыс салдарынан теңіз дәліздерінің жабылуы, санкциялар кесірінен кей жобалардың іске аспай қалуы бәрі елге…

Толық оқу

«Астана Моторс» компаниясының ақпаратына сүйенсек, 2026 жылы Алматыдағы автоөнеркәсіп технопаркінде жаңа цехтар іске қосылады. Атап айтқанда, мұнда көлік глушительдерін дәнекерлеу, жанармай және тежегіш түтіктерін дайындау жолға қойылады деп жазады Ertenmedia. Бұдан бөлек, автоорындықтарға арналған сыртқы қаптамалар да Қазақстанда тігіле бастайды. Бұл мақсатқа 5,8 млрд теңге инвестиция қарастырылған. Бұған дейін кәсіпорында көлік орындықтарының каркасын құрастыру, пластикалық бөлшектерді қаптау, сондай-ақ орындықтардың басқару жүйесін сынақтан өткізу және пенополиуретаннан жасалған бұйымдарды өндіру үшін 4,4 млрд теңге жұмсалған еді. Кәсіпорын 2026 жылдың наурыз айынан бастап еден төсеніштері мен көліктердің жылыту және кондиционерлеу жүйелерін шығаруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, қазақстандық автоөндірісте жергілікті серіктестермен де ынтымақтастық нығаяды.…

Толық оқу

Қазір Астанада эпидемиологиялық ахуал күрделі күйде қалып отыр. Бір аптада 13 536 тұрғын жедел респираторлық инфекция және тұмау жұқтырған деп жазады Ertenmedia. Ауырғандардың жартысынан астамы 14 жасқа дейінгі балалар. Өткен аптамен салыстырғанда көрсеткіш аздап төмендегенімен, былтырғы жылдан бір жарым есе көп. Әсіресе мектеп оқушылары арасында сырқаттанғандар саны артып келеді жалпы көрсеткіштің 25%-ын құрап отыр. Зертхана мамандары тексерген 431 сынаманың 213-інен тұмаудың А(H3N2) вирусы табылған. Сондай-ақ, бірлі-жарым жағдайда COVID-19 да анықталды. Осы жағдайға байланысты Астананың бас санитар дәрігері арнайы қаулы қабылдап, қаладағы санитарлық шараларды күшейтті. Енді: Емханаларда маска тағу режимі қатаң сақталып, науқастарды қарауға жеке бөлмелер бөлінеді. Дәрілік препараттар қоры көбейтіліп,…

Толық оқу

Ғаламдық климаттық өзгерістер бүгінгі күні әлемдегі барлық елдер үшін үлкен сын-қатерге айналды. Температураның көтерілуі, құрғақшылық, су ресурстарының азаюы және табиғи апаттардың жиілеуі экономиканың барлық саласына әсер етуде. Осындай жағдайда Қазақстан да уақыт талабына сай әрекет етіп, төмен көміртекті және экологиялық таза экономикаға көшуге дайындалуы қажет. Бұл оңай процесс емес, сондықтан оның әділ және барлық азаматтар үшін қолайлы өтуі ерекше маңызды. Осы мақсатта Қазақстанда Әділ көшу стратегиясы әзірленіп жатыр. Бұл құжат энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларды кезең-кезеңімен жаңғыртып, экологиялық таза технологияларды енгізуге бағытталған. Ең бастысы бұл өзгерістер адамдардың өмір сапасын төмендетпей, керісінше жаңа мүмкіндіктер ашуы тиіс. 2024 жылдың…

Толық оқу
Астана медицинасы

Астанада халықаралық JCI аккредитациясы бар 9 қазақстандық клиниканың 7-еуі орналасқан. Бұл қаланы елдегі сапалы медицинаның ең ірі орталығы болуына мүмкіндік береді, деп жазады Ertenmedia.kz. 2024 жылы елордаға 4 500 медициналық турист келді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Қазір Астана заманауи инфрақұрылымы, озық технологиялары, білікті мамандары және қолжетімді бағалары бар қала. Бұл факторлар елорданы ТМД, Азия, Еуропа және Таяу Шығыс елдерінің пациенттері үшін тартымды етеді. Астана жоғары технологиялары, халықаралық стандарттары және қолайлы бағасы үшін қызықты ете түседі. Бірқатар бағыт бойынша бағалар Еуропа, Оңтүстік Корея немесе Түркия елдерімен салыстырғанда әлдеқайда төмен, бірақ қызмет сапасы сәйкес деңгейде. Шетелдік пациенттер үшін Астанада…

Толық оқу
Стадион Семей

«Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы аясында Семей қаласы әкімдігі мен «KAZ Minerals» ЖШС арасында меморандум жасалып, 25 мың көрерменге арналған стадион салу жоспарланған. Жер телімінің жалпы аумағы 20 гектар. Қазіргі уақытта 25 мың орындық стадионның құрылысын жүргізетін мердігер ұйыммен үш жақты келісімшарт жасалып, аумақ қоршалып, жерді қазу, тегістеу жұмыстары басталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жобаға сәйкес аумақта асфальтбетонды жолдар мен алаңдар қарастырылған. Архитектуралық-жоспарлау және инженерлік-құрылымдық шешімдерді әзірлеу барысында аймақтың табиғи-климаттық және геологиялық ерекшеліктері толық ескерілді. Стадион құрылысы 2 жылдан кейін аяқталатын болады. – Бүгін, міне, стадионның құрылыс жұмыстары басталды. Осы жұмысты бәсеңдетпей, жалғастыру қажет. Қаржысы кезең-кезеңімен бөлінетін болады. Бұл семейліктердің…

Толық оқу