Алматы қаласындағы Sadu Arena аренасында өткен Nomad Wrestling 2 турнирінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік мекемелерді күзету жөніндегі мамандандырылған күзет қызметінің иснпекторы Азамат Бақытов жеңіске жетті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жеңімпаз спортшы және бірінші Nomad Wrestling Гран-при жеңімпазы Азамат Бақытов бұл жолы джиу-джитсудан әлем чемпионы Руслан Исраиловпен шықты. Тартысты жекпе-жекте қарсыласын екі ұпай артық көрсеткішпен тізе бүктірген Азамат Бақытов спорт сүйер қауымды тосын тәсілдерімен тәнті етті. Азамат аралас жекпе-жекте жұлдызы жарқыраған спортшы. Ол 2015 жылы Қазақстан чемпионы, 2017 жылы Қазақстан Кубогының чемпионы, 2016 жылы Азия жүлдегері, грепплингтен 5 дүркін Қазақстан чемпионы және 2 дүркін Азия чемпионы, 2018-2019 жылғы әлем чемпионатының…
Автор: Асылхан Бөрібай
Жетісу облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында 9 мамырға дейін созылатын денсаулық айлығы басталды. Тегін медициналық тексерулер мен консультациялық-диагностикалық көмек емханаларда да, үйде де ұйымдастырылуда. Дәрігерлердің мобильді бригадалары аталған шарада 1500 астам тыл ардагерін қамтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Мәселен, жуырда құрамында хирург, терапевт және невропатолог мамандары бар медициналық бригада Ескелді ауданы Жетісу ауылында тұратын тыл еңбеккері Балшекер Тайжановаға барды. Жасы ұлғайғандықтан ардагерге ауруханаға бару қиынға соғады. Сондықтан медицина қызметкерлері тұрақты түрде үйде көмек көрсетеді. «Біз ардагерге жылына бірнеше рет келіп тұрамыз. Ол үлгілі пациент, біздің айтқан ақыл-кеңестерімізді әрдайым уақтылы орындайды», — дейді Ескелді ауданының орталық…
Алматының Алатау ауданында заңсыз орналастырылған стационарлық емес сауда нысандарын (СЕСН) сүру жұмыстары қарқын алды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Өз бетінше орнатылған СЕСН-дерді жою науқаны Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы аясында қолға алынған. Бүгінгі таңда Алатау ауданында 119 заңсыз СЕСН мен 40 күш өлшеу құрылғысы бұзылды. Атап айтқанда, соңғы күндері Мәдениет, Саялы және Әйгерім шағын аудандарында заңсыз дүңгіршектер алынып тасталды. Жергілікті тұрғындар бұл бастаманы қолдайды. «Енді ауламыз кеңейіп, таза болып қалды, бұрын бұл дүңгіршектер ретсіздік тудырып, жүріп-тұруға кедергі келтіретін», – дейді Саялы шағын ауданының тұрғыны. Қаланың заңсыз нысандардан ауқымды түрде тазартылуы Алматының сәулеттік келбетін жақсартуға, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қолайлы қалалық…
Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округіндегі «Орынбай ата» шаруа қожалығы қырыққабаттың алғашқы өнімдерін көршілес Ресей еліне экспорттауды бастады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісай – негізгі табысын ауыл шаруашылығы саласы құрайтын аграрлы аймақ. Ерте көктемнен бастап тыныс-тіршілігі қайнап жататын өңірде шаруалар үшін еткен еңбектің бейнеті ақталып, қырманның берекелі болуы бірінші орында. «Шаруа қожалығымызға тиесілі 3 гектар жердің 1 гектарына ақпан айының соңында қырыққабаттың ерте пісетін «Магнус» сортын ектік. 45-50 күнде пісетін «Пекинка» қырыққабаты бүгін алғашқы өнімін беруде. 1 гектарға егілген 32 мың түп көшеттен өндірілген өнім ойдағыдай болып отыр. Бұл кеткен шығындарымыз бен төккен теріміздің толықтай ақталғанын білдіреді. Қырыққабатты Ресей федерациясының Пермь қаласына…
Алматы облысында мемлекеттік тілді қашықтан үйренуге мүмкіндік беретін «TilOquBot» атты инновациялық Telegram-бот іске қосылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жаңа цифрлық құрал Президенттің цифрландыру жөніндегі тапсырмасы аясында әзірленіп, бүгінде өңір тұрғындары арасында кеңінен қолданылуда. Алматы облысы Тілдерді дамыту басқармасының мәліметінше, чат-бот құрамында қазақ тілін меңгерудің төрт деңгейін қамтитын 100 сағаттық оқу бағдарламасы мен іс жүргізу курстары бар. Қазіргі уақытта жүйеге 3 146 адам тіркелген, олардың 58 пайызы облыстың шалғай аудандарында тұрады. – Басты мақсатымыз – қазақ тілін үйренуді әр азаматқа, оның тұрғылықты жеріне қарамастан, қолжетімді ету. «TilOquBot» өзінің тиімділігін дәлелдеді: енді ең шалғай ауыл тұрғындарының өзі ыңғайлы форматта білім ала алады. Бұл…
Алматы әкімдігінде Михаил Шайдоровты әлем чемпионатындағы күміс медалімен құттықтады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Михаил Шайдоров – жеке сырғанауда өнер көрсететін мәнерлеп сырғанаушы. Бостонда өткен әлем чемпионатында ол күміс медальға ие болды. Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов спортшыны құттықтап, бұл жетістіктің табандылық пен мақсаткерліктің жарқын үлгісі екенін атап өтті. Кездесу барысында Бейбіт Шаханов Алматы әкімдігінің атынан Михаил Шайдоровқа 2,5 миллион теңге көлемінде қаржылай сертификат табыстады. Сондай-ақ спортшыға демеушілік қаражат есебінен Алматыдан 2 бөлмелі пәтер сыйға тартылды. Бейбіт Шаханов оның отандық спортты дамытуға және қаланы халықаралық деңгейде танытуға қосқан зор үлесін ерекше атап өтті. «Сіз қазақстандық мәнерлеп сырғанаудың абыройын арттырып қана қоймай, жүздеген…
Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпыөңірлік тазалық акциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Аймақ тұрғындары апта сайынғы сенбілікке белсенді қатысып жатыр. Көкпекті ауданында тазалық акциясы кең ауқымда өтті. Аудан бойынша 2200-ден астам тұрғын, 63 мекеме (оның ішінде 14 кәсіпорын) белсене атсалысты. Тазалық жұмысына 36 арнайы техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында 1800-ден астам аула, 15 саябақ, 26 арық тазартылды және 47 тонна қоқыс шығарылды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Аягөз ауданында да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сенбілікке 3 мыңнан астам адам (әртүрлі мекеме қызметкерлері, жастар) қатысты. 65 техника жұмылдырылып, көшелер, қоғамдық орындар, саябақтар мен су айдындарының маңайы тазартылды. Аудан аумағынан 780 тонна тұрмыстық…
Бүгін «Нұрсұлтан Назарбаев» атындағы Астана әуежайында ҚР ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы «Найза – терроризмге қарсы-2025» атты терроризмге қарсы оқу іс-шарасын өткізеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Азаматтардан өткізіліп жатқан іс-шараға түсіністікпен қарауды сұрайды. Іс-шараны өткізу кезінде әуе және автокөлік қозғалысын шектеу көзделмеген. Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Сондай-ақ, ресми ақпарат көздерін басшылыққа алып, жалған ақпараттың таралуына жол бермеу керек.
2025 жылғы 11 сәуірде Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында еліміздегі креатив индустрияны дамытудағы маңызды қадам – ÓzgeEpic креатив хабының ресми ашылуы өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Креатив хаб – заманауи өнер мен мәдени тенденцияларды, цифрлық өнер мен жаңа технологияларды тоғыстыратын алаң. ÓzgeEpic хабы осы бағытта инновациялық жобаларды жүзеге асырып, жастардың шығармашылық бастамаларын дамытуға үлес қосып келеді. 2019 жылы Алматы қаласында бастау алған жоба, Түркістан және Астана қалаларында жалғасын тауып, табысты тәжірибеден кейін биыл Орал қаласында ашылып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Дарынды азаматтарды өзіне тартатын орындар, яғни креативті индустрия орталықтары барлық облыс орталығында болуға тиіс» деп нақты міндеттер қойғаны белгілі. Осы бағытта…
Түркістан өңіріндегі 32 жазғы сауықтыру лагері жаңа демалыс маусымына дайындалып жатыр. Оның ішінде 11-і мемлекеттік болса, 21-і – жекеменшік, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қосымша 3 мемлекеттік лагерьдің іске қосылуына байланысты 6580 орын жасақталды. Биыл жалпы 40 мыңнан астам оқушы арнайы демалыс аймақтарында тынығады. Көбіне көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары қамтылады. Бұл жұмыстардың басым бөлігі мемлекеттік лагерьлері арқылы жүргізіледі. Сондықтан облыс әкімі Нұралхан Көшеров жұмысты жоғары деңгейде орындауды тапсырған болатын. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев «Балауса» лагерінің жай-күйімен танысты. Нысанды аралап, жаңа маусымға дайындығын бақылады. Әуелі оқушылардың қауіпсіздігіне баса назар аударуды және лагерь аумағын абаттандыруды міндеттеді. Сондай-ақ білім саласы қызметкерлерімен бірге…










