Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Болат Күренбековтың төрағалығымен «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесін ұйымдастыруға байланысты көшпелі жиын өтті,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жиынға аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқарма басшылары мен тиісті департамент өкілдері қатысты. Қатысушылар жарыстың жоспарланған маршрутымен жүріп өтіп, дайындық барысын пысықтады. Жиын қорытындысы бойынша жұмыс жоспарына сәйкес нақты тапсырмалар жүктелді. Айта кетейік, “Ұлы дала жорығы” жобасы 2022 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Алғашқы жорық сол жылы елордамыз Астанадан бастау алып, Түркістан қаласына 1200 шақырымды құрайтын маршрутпен жүріп өтті. Жобаның авторы — Бақытжан Тұрлыбеков. Алматы облысында “Ұлы дала жорығы” 2025 жылғы 9 — 14 мамыр күндері өтеді. Бұл марафон-бәйге халықаралық деңгейде ұйымдастырылып, бірқатар…

Толық оқу

28 сәуір күні Абай облысының Аягөз ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80 жылдыққа – 80 ағаш» атты экологиялық әрі патриоттық акция ұйымдастырылды,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz Іс-шараның мақсаты – ардагерлердің ерлігін мәңгі есте сақтау, жастардың отансүйгіштік рухын және қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ аудан экологиясын жақсартуға үлес қосу. Акцияға 300-ге жуық адам – ардагерлер, мектеп оқушылары, еріктілер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер мен аудан тұрғындары белсене қатысты. Акция бейбіт өмірдің, жасампаздықтың және ұрпақтар сабақтастығының символына айналды. Шарада Аягөз аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекболат Ахмешов сөз сөйледі. – Жеңістің 80 жылдық мерейтойы – жай ғана тарихи дата емес, ол –…

Толық оқу

Қазақстанда 2023 жылдың 3 наурызынан бастап халықтың қарыздық жүктемесін азайтуға бағытталған «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң күшіне енді. Оның ШҚО-да іске асырылуы туралы ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті басшысының орынбасары Қазыбек Қойшинов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қазыбек Қойшиновтың  айтуынша, заң күшіне енген сәттен бастап облыста соттан тыс банкроттық рәсіміне 5 927 өтініш түскен. Оның ішінде 651 азамат банкрот деп танылып, 4 145 өтінішке бас тартылған. Сот арқылы банкроттық рәсіміне 91 өтініш берілген: 22 адам банкрот деп танылды, 15 іс бойынша рәсім жалғасуда, қалған өтініштер қараусыз қалдырылған немесе кері қайтарылған. Төлем қабілеттілігін…

Толық оқу

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz Әкімнің айтуынша, облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері өсім қарқынын сақтап отыр. Атап айтқанда: Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 507,9 млрд теңгені құрады; Ауыл шаруашылығы өнімі 97,4 млрд теңгеге жетті; Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 146,2 мыңға дейін өсіп, 7,7 пайызға артты. Өндіріс пен инфрақұрылым саласындағы жобалар Жыл басынан бері өңірде 12 жаңа өнеркәсіп жобасы іске қосылды. Ірі жобалардың қатарында «GALANZ bottlers» өндіріс алаңының кеңеюі, «Бартоғай ГЭС-28» және Шарын өзеніндегі шағын ГЭС каскадының құрылысы бар. Жалпы, облыста құны 2,4 триллион теңге болатын 122 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалардың нәтижесінде 36 776 жаңа…

Толық оқу

Абай облысының әкімі Берік Уәли ауданға сапары барысында Таскескен ауылындағы бірқатар нысандардың жұмысымен танысты,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz Аймақ басшысы елді мекендегі сапарын жергілікті тұрғындармен бірге шырша көшеттерін отырғызудан бастады. Таскескен ауылындағы спорттық сауықтыру кешені 2024 жылы ашылған. Қазір мұнда 90 бала спорттың үш түрімен (грек-рим, футбол, бокс) шұғылданады. Ғимарат аумағында футбол алаңы бар. Облыс әкіміне Таскескенде жеке инвесторлар есебінен салынатын жобалар таныстырылды. Осы елді мекеннің тумасы, белгілі меценат Талғат Сақан ауылда 100 орындық қоғамдық сауықтыру орталығы мен дәл осынша орындық балабақша салуды жоспарлап отыр. Қоғамдық сауықтыру орталығының құрылысы басталып кеткен. Елді мекенде балабақшаға сұраныс бар. 90-ға жуық бала балабақша кезегінде…

Толық оқу

1 мамырда Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған ауқымды мереке өтеді. Биыл мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орайластырылып, «Бірлігі жарасқан Алматы» деген атпен өтеді,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz Негізгі іс-шаралар Республика сарайы алдындағы Абай алаңында сағат 10:30-дан 21:00-ге дейін өтеді. Кіру тегін. 11:00-ден 12:15-ке дейін бас сахнада еліміздің этникалық және мәдени әртүрлілігін таныстыратын қазақстандық орындаушылар мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді. Көрермендер вокалды және аспаптық шығармалар, халық және заманауи билер, сондай-ақ түрлі мәдениетаралық попурриге куә болады. Алматылықтар мен қала қонақтарына арнап L Duo дуэті, дарынды пианист Темірлан Бейсенбай (Ratovich), «Diamond» струнды триосы, дудукист Мейірман Абдрахманұлы, «Дервиши», «Made in KZ» топтары, сондай-ақ…

Толық оқу

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семейдегі мәдени нысандарды аралау барысында Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театры мен Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхананың өзекті мәселелерімен танысты,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz Театр ғимараты 1981 жылы салынған. Қазіргі таңда мұнда 238 адам еңбек етеді. Нысанда үш шығармашылық ұжымның бірге жұмыс істеуіне байланысты қосымша бөлмелер тапшы. Ғимаратта 44 жыл бойы күрделі жөндеу жүргізілмеген. Жылу және су жүйелерін ауыстыру қажет. Актерлердің жетіспеушілігі, оларды тұрғын үймен қамту, техникалық қызметкерлердің жалақысының аздығы айтылды. Аймақ басшысы театрда бұрын осы ұжымды басқарған Адай Азаматовпен кездесіп, мәдениет ошағын дамытуға қатысты ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана 1974 жылы салынған. Кітапханада 400…

Толық оқу

Түркістан облысындағы «Арыс» полигонында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрамына кіретін аумақтық қорғаныс бригадасының әскери міндеттілерімен он күндік жиынның қорытындысы бойынша «Арыс-2025» тактикалық оқу-жаттығу жиынының қорытынды кезеңі өтті,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz Тактикалық оқу-жаттығу жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес өткізілді және әскери міндеттілер құрамның жауынгерлік әзірлігін тексеруге, практикалық дағдыларды жетілдіруге, сондай-ақ тактикалық міндеттерді орындау барысында өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға бағытталды. Жиын бөлімшелерді дабыл бойынша көтеруден басталды. Шартты аймақта әскери міндеттілерді қабылдау ұйымдастырылды. Әскери міндеттілермен сабақтар теориялық дайындықтан басталады, содан кейін жеке құрам далалық оқытудың белсенді кезеңіне өтті. Барлық кезеңдер «теориядан практикаға» қағидасы бойынша құрылды. Бригада командирі подполковник Талғат Мәжімбековтың басшылығымен командалық құрам оқытуға әдістемелік…

Толық оқу

Алматының Алмалы ауданында киім және ет, тамақ өнімдерін сату бойынша 75-тен астам стихиялық сауда нүктесі жойылды,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы және «Алматы — біздің ортақ үйіміз» қалалық бастамасы аясында әкім Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша науқан жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Алмалы ауданында Төле би көшесінен Райымбек даңғылына дейін (шығыс-батыс бағыты) Розыбакиев көшесі бойындағы учаскеде және Прокофьевтен Тұрғұт Озалға дейінгі Төле би көшесінде, «Барыс — 4», «Жұлдыз», «Тастақ» базарлары аумағында стихиялық сауданы жою бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Жүргізілген рейдтер нәтижесінде стихиялық сауданың 75-тен астам нүктесі жойылды, сондай-ақ 47 текше метрден астам қоқыс шығарылды. Бұл учаскелерде киім мен аяқ…

Толық оқу

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының үшінші толқыны өтіп жатыр,– деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қызылжар ауданының Тепличное ауылында қорғаныс бөгетін нығайту жұмыстары үшінші күн бойы тоқтаусыз жүргізілуде. Жұмыстар тәулік бойы атқарылып жатыр. Бұл іске 1600 адам мен жүзден аса техника жұмылдырылған. Аймақтағы жағдай облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жеке бақылауында. Нысанда әскерилер, құтқарушылар, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, еріктілер аянбай еңбек етуде. Сонымен қатар, көмекке Ақмола, Қостанай облыстары мен Астанадан құтқарушылар келген. Тепличное ауылында 700 адам тұрады. Уақытылы эвакуация жүргізілді, Бескөл мен Петропавлда эвакуациялық бекеттер ашылды. Өңірдегі су тасқыны жағдайы тәулік бойы бақылауда. Су тасқынының шарықтау шегі 28-30 сәуір күндері күтілуде. «Үш…

Толық оқу