Шымкентте қазір жалпы құны 900 млрд теңгеге бағаланған ірі жобалар жүзеге асып жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Индустриялық аймақтың инвестор үшін қандай артықшылығы бар? Қалада негізгі басымдық өнеркәсіптік аймақтарды үлкейтіп, инвесторға инфрақұрылымы дайын алаң ұсыну. Сол арқылы жаңа өндіріс ашып, тұрақты жұмыс орындарын көбейту көзделген. Ресми мәлімет бойынша, қалада екі жаңа өнеркәсіптік аймақ салынып жатыр, ал бұрыннан бар үш аймақ кеңейтілуде. Дәл осы аумақтарда 300 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Барлық жобаның жиынтық құны – 900 млрд теңге. Жоспарға сәйкес, осы жобалардың есебінен 13 мыңға жуық адам тұрақты жұмыс табады. Индустриялық аймақтың негізгі артықшылығы – жолы, жарығы, суы, газ бен басқа да…
Автор: Асылхан Бөрібай
Алматы қаласының ТЖД алдағы 8 желтоқсанда ауа райы күрт бұзылатынын ескертті. Таулы аймақта қалың қар жауып, көктайғақ болады. Қаланың өзінде де тұман түсіп, сынап бағанасы төмендеп, жолда мұз қатуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. ТЖД мамандары қарапайым қала тұрғындарына жолға шығарда бағытыңызды ауа райына қарап жоспарлаңыз. Егер таңертең асығыс жұмысқа шығатын болсаңыз, уақытты ертерек қойып, жылдамдықты азайтып, арақашықтықты ұзартқан дұрыс. Қалада тұман болса, алысты көрмей қалу оңай, ал көктайғақта тежегіш те бірден ұстай бермейді. Таудағы жағдай бөлек әңгіме. Қалың қар мен мұз араласса, жол жабылып қалуы да мүмкін, көлік тұрып қалуы да мүмкін. Сол үшін ТЖД «тауға шығуды кейінге қалдыра тұрыңыз»…
Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалды «Медеу» биік таулы спорт кешеніндегі қайта жаңғырту жұмыстарының барысын барып көрді. Қала тұрғындары үшін де, қонақтар үшін де бұл жердің орны бөлек, сондықтан әкім ең әуелі мұз айдыны кешенінің тарихи келбеті сақталуы тиіс екенін нақты айтты. Яғни, Медеудің сыртқы бейнесін түбегейлі өзгерту емес, ішкі жүйесін жаңарту, қауіпсіздігі мен қолайлығын күшейту назарда тұр, деп жазады Ertenmedia.kz. Жобаға қарасақ, негізгі бағыттардың бірі энергия үнемдеу болып отыр. Кешенге жаңа тоңазытқыш жабдықтары орнатылып, инженерлік желілер толық жаңартылады. Мұз айдынының сапалы қатуы, техникалық ақаулардың азаюы, электр қуатын үнемдеу сияқты мәселелер осы арқылы шешім табуы тиіс. Энергияны аз жұмсайтын жүйелерге көшу…
Шымкентте шұғыл төтенше жағдайға жауап беретін қызметтердің жұмысы жаңа деңгейге көтерілді. Еңбекші ауданының Елтай тұрғын алабында алғашқы әмбебап кешеннің ашылуы осының айғағы. Ресми мәліметке сүйенсек, мұндай үлгідегі нысан Қазақстанда бұрын болмаған. Ашылу рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов қатысты. Олар кешенді аралап көріп, мамандармен сөйлесті, жүйенің қалай жұмыс істейтінін өз көздерімен бақылады, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа кешенде полиция, төтенше жағдай қызметі, өрт сөндіру және жедел жәрдемді бір алаңға жинау. Бұрын әр қызмет қала ішінде әр жерде орналасып, оқиға орнына бөлек шықса, енді олар бір нүктеден қатар шыға алады. Бұл уақыт ұтуға, өзара байланыс…
Алматыда кәуапханалар, қоғамдық тамақтану орындары және монша сияқты нысандарды тексерілді. Тұрғын үйге жақын орналасқан орындардан түтін мен иіс тұрғындарға жайсыздық туғызатыны жасырын емес. Осы жолы Медеу ауданындағы бірнеше кәуапханаға санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары назар аударды. Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бес дәмханаға жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде төрт нысанда бұзушылық анықталды. Бір факт бойынша іс материалдары сотқа жолданды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1,2 млн теңгеден асты, деп жазады Ertenmedia.kz. Қалада түтін мен иіс мәселесі көбіне көмірмен жанатын мангалдан шығады. Осы бағытта «Eco Almaty» ЖШС-нің қоршаған ортаны қорғау және экология бөлімі табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп профилактикалық жұмыс жүргізген. Мақсаты кәсіпкерлерге талапты нақты…
Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Ұлы Дала философиясы және құқықтық мәдениет» халықаралық симпозиумы өтті. ҚР Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараны Конституциялық Сот, Түркістан облысының әкімдігі және университет бірлесіп ұйымдастырды. Халықаралық симпозиумның басты мақсаты – түркі әлемінің көне құқықтық дәстүрлері, билер институтының тәжірибесі, дала өркениетінің ар-ождан мен әділетке негізделген құқықтық мәдениеті және Ахмет Ясауи ілімінің қазіргі заң жүйесіне әсерін жан-жақты қарастыру. Басқосуға Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның белгілі ғалымдары мен құқық саласының мамандары қатысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Симпозиумның алғашқы күні секциялық отырыстар мазмұнды пікірлермен ерекшеленді. Халықаралық жиында түркі әлемінің көне құқықтық дәстүрлері, билер институтының…
Маңғыстау облысы әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың халықпен жұмыс стилін риза болдық. Жұма күні сағат 14:00-де басталған халықпен кездесу ресми форматтағы жиналыспен шектелмей, кешкі алтыдан кейін жеке қабылдауға ұласқан, деп жазады Ertenmedia.kz. Әдетте мұндай қабылдаулар бірнеше сағатқа созылып, күндізгі уақытпен аяқталушы еді. Ақтаудағы жағдайда олай болмады. Әкім тұрғындарды түн ортасына дейін емес, таңғы 7:15-ке дейін қабылдапты. Әкімнің халықты қабылдау бөлмесінің есігі соңғы тұрғын кіріп шығып болғанша ашық тұрған. Нұрдәулет Қилыбайдың жүздесуге келген 150-ге жуық азамат негізінен тұрғын үй мен жер телімін алу, үлестік құрылыс, жұмыссыздық, денсаулық сақтау, білім, кәсіпкерлік, коммуналдық тариф, қоғамдық бағыттағы сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алған. Аймақ басшысы әрбір өтінішті…
Астанадағы iKOMEK109 қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы жыл басынан бері 2 млн 78 мыңнан аса өтініш қабылдаған, деп жазады Ertenmedia.kz. Орталық қазір бір ғана телефон желісі емес. Жүйеге 23 қалалық басқарма, 6 аудан әкімдігі, 25 коммуналдық қызмет, 79 лифт шаруашылығы және 1 372 тұрғын үйді басқарушы ұйым біріктірілген. Яғни өтініш «қайда барамын» деп сергелдеңге салмай, бір жерден тіркеліп, жауапты мекемеге тез түседі. Азаматтарға ыңғайлы болсын деп омниканалды тәсіл енгізілген. Өтініштің 21 пайызы балама цифрлық сервистер арқылы келіп жатыр. 109 қысқа нөмірінен бөлек Telegram-бот бар, әкімдік сайты astana.gov.kz жұмыс істейді, iKOMEK109 мобильді қосымшасы қолжетімді, Facebook пен Instagram-дағы ресми парақшалар…
Бүгін Шиелі кентіндегі «Шұғыла» мөлтек ауданында әлеуметтік осал топтағы отбасылар үшін салынған тұрғын үйдің кілтін табыстау рәсімі өтті. Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев, зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар қатысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Облыстық мәслихат төрағасы жаңа үй иелеріне ізгі тілегін білдіріп, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың құттықтауын жеткізді. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы баспана жұртшылықтың тұрмыс сапасын танытатын маңызды көрсеткіш екенін атап өтті. Аймақта Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен, жерлестеріміздің бекем бірлігінің арқасында байыпты бастамалар қолға алынып, жасампаз жобалар іске асырылуда. Өңірдің сәулеттік келбеті күн сайын жаңарып келеді. Әрбір баланың шығармашылықпен, спортпен айналысуына мемлекет тарапынан барлық мүмкіндік жасалған.…
Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевтің қатысуымен Шиелі ауданындағы №21 бекет және Жансейіт елді мекендеріне газ қосу рәсімі өтті. Оған жауапты сала басшылары, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Мәслихат төрағасы тұрғындарды көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтады. — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ауылдарды дамытудың маңызын атап өтіп, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға қатысты бірқатар тапсырма берді. Бүгінде облыс тұрғындарының жартысынан астамы ауылдарда тұрады. Кейінгі жылдары облыс орталығымен қатар, ауылдарға да сапалы инфрақұрылым жеткізу ісі қарқын алды. Өңіріміздің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсімі қамтамасыз етілді. Биыл аймаққа 720 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылса,…










