Облыс әкімі Берік Уәли аймақ тұрғындарына арнайы үндеу жасап, жалпыөңірлік тазалық акциясының басталатынын жариялады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Аймақ басшысы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өтетін тазалық шарасы бір реттік акция емес, жыл бойы жалғасатынын атап өтті. «Аймақ экономикасы, өнері мен мәдениеті, экологиясы мен тазалығы – баршамызға ортақ. Ал тазалық дегеніміз – жылына бір рет сенбілікке қатысу емес, бұл – біздің өңірде қалыптасуы тиіс үлкен мәдениет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұл жөнінде «Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы, ең алдымен, басқаға емес, өзімізге керек», – деп атап өткен болатын. «Туған жеріміздің түлегені, тұрған ортамыздың кіршіксіз болғаны, ең алдымен,…
Автор: Асылхан Бөрібай
Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласында ет комбинатын салуды жоспарлап отырған инвесторлармен кездесті. «Eurasia Agro Semey» ЖШС құрылтайшылары аймақ басшысына жобаларын таныстырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Кәсіпкерлер Жаңасемей ауданында қуаттылығы ауысымына 35 тонна ет және ет өнімдерін қайта өңдеуге мүмкіндік беретін ауқымды инвестициялық жобаны жүзеге асыруды көздеп отыр. Австралияның заманауи технологиясымен жабдықталатын ет комбинаты жобасының құны 8,4 млрд теңгені құрайды. Жоба іске асқанда 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Комбинаттың қуаттылығы ауысымына 200 бас ірі қара мал және 1400 бас ұсақ мал союға мүмкіндік береді. Жылына 12600 тонна дайын өнім өндіріліп, шет мемлекеттерге экспортталады. Жоба аясында 50 мың қой, 200 бас жылқы және…
2025 жылы Есік көлінде бөгеттің ауқымды реконструкциясы басталады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жобаға 23,6 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция тартылды. Жоба гидротехникалық құрылымның қауіпсіздігін арттырумен қатар, өңірдің туристік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Құрылыс жұмыстары барысында 180 жаңа жұмыс орны ашылады. Реконструкция 2025-2026 жылдарға жоспарланған. Осы кезеңде бөгетті кешенді сараптамадан өткізу, жобалық құжаттаманы әзірлеу және қалпына келтіру жұмыстарын бастау көзделген. Барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген қауіпсіздік нормаларына сәйкес жүргізіледі. “Хабель” ЖШС-нің бас директоры жобаның аймақ үшін ғана емес, бүкіл ел үшін маңыздылығын атап өтті: “Есік – біз үшін жай ғана көл емес, өміріміздің мәні. Біздің мақсатымыз – Есік көлін бүкіл Қазақстанның көрнекті…
Түркістан облысында «Даму және ерте араласу орталығының» салтанаты ашылуы өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Іс-шараға ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова, БҰҰ «ЮНИСЕФ» Балалар қорының денсаулық сақтау бағдарламасының үйлестірушісі Бауыржан Жусупов және Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев қатысып, облысымызда ерекше қажеттіліктері бар балаларға ерте көмек көрсету мен ерте араласу жүйесін дамыту мәселелерін талқылады. Кентау қалалық емханасында ашылған «Даму және ерте араласу орталығының» қызметі балалардың өмірінің ең ерте кезеңдеріндегі даму ауытқуларын анықтауға және жан-жақты көмек көрсетуге бағытталған. Бұл балалық шақтағы мүгедектік деңгейін төмендетіп қана қоймай, балалар мен олардың отбасыларының өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартуға…
Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде өткен кеңесте өңірге инвестиция тарту мәселелері мен нақты жобаларды іске асыру барысы талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазір жалпыұлттық инвестициялық пулға Шығыс Қазақстаннан 48 жоба енгізілген. Бұл жобалар өңір экономикасының өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, энергетика мен туризм салаларын қамтиды. Биыл жыл соңына дейін жалпы құны жүз миллиард теңгеден асатын тоғыз кәсіпорынды іске қосу жоспарланып отыр. Дегенмен облыс басшысы Нұрымбет Сақтағанов өңірдегі инвестициялық жобалардың саны барлық аудандардың мүмкіндігі мен әлеуетіне сәйкес келмейтінін сынға алды. «Инвестиция тарту – әрбір қала мен аудан әкімдерінің тікелей міндеті және дербес жауапкершілігі. Олар инвесторларды тартуда белсенділік танытып, оларға тұрақты қолдау көрсетіп, түсіндіру…
«Ержүрек есімдер» атты бейнероликтер циклы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен 80 қазақстандық батыр туралы баяндайды. Роликтерде әрбір кейіпкердің өмір жолы мен жауынгерлік ерлігі, жеңіске қосқан үлесі көрсетіледі, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бейнероликтер топтамасы «Qazaqstan» телеарнасы мен «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты 14 аймақтық телеарналардың эфирінен 27 наурыздан бастап, 9 мамыр – Жеңіс күніне дейін көрсетіледі. Жобаның мақсаты — соғысқа қатысқан қазақстандық батырлар туралы ақпараттарды жүйелей отырып, олардың тарихи ерлігіне құрмет қалыптастыру. Бейнероликтер көрермендердің Қазақстанның жеңіске қосқан үлесі туралы білімін кеңейтуге, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, тарихқа қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. «Ержүрек есімдер» жобасын жасауда республика бойынша әр өңірдің Ардагерлер кеңесі ұйымынан, батырлардың…
Алматы облысының Балқаш және Іле аудандарында жаңа пәтерлердің кілтін табыстау рәсімі өтті. Қоныс иелері қатарында көпбалалы отбасылар, жетім балалар және әлеуметтік осал топтардың өкілдері бар, — деп жазады Ertenmedia.kz. Балқаш ауданының Бақанас ауылында 24 пәтерден тұратын 6 тұрғын үй салынды. Бұл жоба мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, оның құрылысына 638,4 млн теңге бөлінді. Кілт табыстау рәсіміне жергілікті атқарушы орган өкілдері, құрылыс компанияларының басшылары және жаңа пәтер иелері қатысты. Жаңа қоныс иелері мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға ризашылықтарын білдіріп, баспаналы болу – үлкен қуаныш екенін атап өтті. Осы күні Іле ауданының Өтеген батыр ауылында да жаңа пәтерлердің кілттері табысталды. «2023–2029 жылдарға арналған…
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырған «Ғылым, бизнес және өндіріс ықпалдастығы» атты форумда суперкомпьютер кластері айрықша назар аудартты, — деп жазады Ertenmedia.kz. 2019 жылы 11 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақстанға суперкомпьютер әкелу туралы үкіметаралық келісім жасалды. 2024 жылы 3 шілдеде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары кезінде Мемлекет басшысы шағын құрамда келіссөздер жүргізіп, бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды. Сол кездесудің нәтижесінде «Qingdao Aucma Import & Export Co» компаниясы ҚазҰУ-ға суперкомпьютер жеткізетін болып шешілді. Көп ұзамай Орталық Азиядағы қуаты ең жоғары суперкомпьютер оқу орнында орнатылды. Оқу орнының Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаевтың…
Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіхановтың халықпен тұрақты кездесулері жалғасуда. Кезекті басқосуда тұрғын Кенжеболат Балтабаев ұсқыны қашқан базарларды жаңарту қажеттілігін айтып, шағымданды, — деп жазады Ertenmedia.kz. «1-ші шағынауданда орналасқан базардың іші толған контейнерлер, ұсқынсыз, реттілік жоқ. Одан бөлек, базардың ішінен үнемі сасық иіс шығып тұрады. Қоқыс уақытылы тазаланбайды. Азық-түлік, ет-сүт өнімдері ашық-шашық сатылып жатыр. Жаңбыр жауған күндері базарды аралай алмайсың, аяқ басар жер болмайды. Дәл осы нысан көненің көзі, ескіліктің жаңғырығы болып тұр. «Жетісу» және «Айша сити» базарларында да өзгертетін дүние жетерлік», – деді ол. Бұл түйткілге қатысты қала әкімі жауап берді. «1-ші шағынаудандағы базардың 10-нан астам иесі бар. Бұған дейін оларға абаттандыру…
1 мамырдан бастап Қазақстан кинотеатрларында «Игроманка» фильмі көрерменге жол тартады, — деп жазады Ertenmedia.kz. Фильмде Жұлдыз есімді орта жастағы қазақ әйелінің құмар ойынға тәуелділігі оны өзіндік болмысынан айырады. Мансабын, отбасын, жеке басын тәуекелге тігіп, бәрінен айырылады. Бірақ ол жаңа өмір бастау үшін күш таба ала ма, әлде тәуелділіктің тұзағына қайта түсіп қалады ма? Режиссер: Алдияр Байракимов («Паралимпиадашы») Басты рөлде: Гүзель Жан Фильм шынайы оқиға негізінде түсірілген және елімізде кең тараған ойынқұмарлық мәселесін көтереді. Түсірілім Астана мен Бурабайда өтті. Премьераны өткізіп алма!










