Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Жетісу облысына іссапармен барды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Іссапардың басты мақсаты – өңірдің аграрлық саласындағы қазіргі жағдайымен танысу, ауыл шаруашылығын қолдау мен дамыту шараларын талқылау. Шаруалармен кездесуде ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Жетісу облысы Қазақстанның ауыл шаруашылығында маңызды орын алатынын атап өтті. Өңірдің жалпы өңірлік өніміндегі ауыл шаруашылығының үлесі шамамен 15,2%-ды құрайды. 2025 жылға қарай Қазақстан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының болжамды егіс көлемі 23,7 млн гектарды құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 412,6 мың гектарға артық. Жетісу облысында бұл көрсеткіш 510,7 мың гектарды құрайды. Егіс жұмыстарына қажетті тұқым көлемі 2,3 млн тонна болса, Жетісу облысында қажетті тұқымның 100%-ы…

Толық оқу

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы негізгі медициналық мекемелерді аралады. Аймақ басшысы облыстық жедел жәрдем ауруханасы мен №1 қалалық емхананың өзекті мәселелерімен танысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Облыстық жедел жәрдем ауруханасы 2013 жылы «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып, пайдалануға берілген. Заманауи медициналық мекеме 375 төсек-орынға арналған. Аурухана басшысы облыс әкіміне бірқатар өзекті мәселелерді жеткізді. Жерасты суының көтерілуіне байланысты медициналық мекеменің жертөлесіне судың жайылғандығын айтты. Аймақ басшысы бұл мәселеден хабардар екенін атап өтті. «Ғимарат құрылысы әуелде дұрыс жоспарланбаған. Жер бедері толық зерттелмеген. Дренаж жүйесі де дұрыс жобаланбаған. Сондықтан ғимараттың іргетасына зақым келу қаупі бар. Бұл мәселені шешу үшін тиісті…

Толық оқу

Елорданың коммуналдық қызметтері қыс мезгілінен кейін қаланы санитарлық тазалау бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Елорданың Байқоңыр ауданында санитарлық тазалау жұмысы қызу жүріп жатыр. Көпірлер, қоршаулар, аялдамалар, тротуарлар, жиектер, жол белгілері күн сайын жуылады. Қауіпсіздікті жақсарту мақсатында ағаштарды санитарлық кесу және шөп қырқу жұмыстары жүргізілуде. Ауданды көгалдандыру аясында жаңа жасыл алқаптар отырғызу алаңдары дайындалуда. Сондай-ақ жұмыс көпірлерді, қоршауларды, балалар ойын алаңдарын жөндеу және сырлау, сондай-ақ қоқыс жәшіктері мен контейнерлерді жөндеуден тұрады. Ауданды санитарлық тазалауға 123 арнайы техника мен 470 жұмысшы жұмылдырылған. Дәл осындай жұмыс Алматы ауданында да жүргізіліп жатыр. Мұнда ағаштарды кесуге, аялдамаларды тазалауға ерекше көңіл бөлініп отыр. Кең ауқымды тазалау ыңғайлы қалалық…

Толық оқу

Ордабасы ауданында Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 154 жыл толуына орай «Қажымұқан – әлем таныған тұлға» тақырыбындағы мәдени іс-шара өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Мәдени шара күш атасы Қажымұқанның ескерткішіне гүл қою рәсімімен басталды. Арнайы рәсімнен кейін аудан әкімі Азат Оралбаев сөз сөйлеп, алып тұлғаның ерлік еңбектерін еске түсіріп, оны дәріптеу мақсатындағы спорттық мәдени шараларға тоқталды. Палуан атамыздың атағын паш етуде айрықша айтатын жайт Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы алып ғимарат мәдени-спорт кешенінің құрылысы аяқталып, ашылуына санаулы күндер қалғанын атап өтті. Содан кейін Қажымұқан бабамыздың ұрпақтары және спорт қайраткерлері, ауыл ардагерлері оның өнегесі жайлы айтып, алып атамыздың ұрпағы Ескермес Меруерттің палуанның өмір тарихына арналған баяндамасы тыңдалды.…

Толық оқу

Бүгін Қызылордадағы «Достық үйінде» «Сыр елі – достық мекені» атты республикалық Ассамблея жастары форумының пленарлық отырысы өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Форумға ҚР Парламенті Сенатының депутаты, жастар жанашырлары Нұрия Ниязова, Ғылым және білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханқызы, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев, барлық өңірден келген Ассамблея жастарының көшбасшылары қатысты. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев форум қатысушыларын Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен құттықтап, басқосу жұмысына сәттілік тіледі. «Баршаңызды бірліктің ұйытқысы болып, еліміздегі этносаралық достық пен толеранттылықтың үлгісін әлемге танытқан Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін өздеріңізбен Қазақстан халқы…

Толық оқу

Алматыда сот шешімімен құрылысы аяқталмаған нысан бұзылып жатыр. Алматының қала құрылысы бақылау басқармасының мәлімдеуінше, Гагарин даңғылы, 284 мекенжайындағы құрылыс нысаны заңсыз деп танылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұған дейін нысан иесіне (жеке тұлға) қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Сонымен қатар, нысанның іргетасына металл құрылымдар орнату кезеңінде құрылыс жұмыстары тоқтатылған болатын. Нұсқама мерзімі аяқталғаннан кейін Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына нысанды бұзу туралы талап арыз берілді. 2024 жылғы 22 ақпанда сот бұл талапты қанағаттандырды. Нысанды бұзу жұмыстары Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен басталды. Еске сала кетейік, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту туралы тапсырмасы аясында 2023…

Толық оқу

Екі жыл бұрын Қостанайға қоныс аударған белгілі педагог Сәрсенбек Бақытұлының айтуынша, өңір әлі күнге дейін қазақыланбаған қалпында қалып отыр. Өңірде қазақ мүддесі үшін жұмыс істеп жатқан азаматтардың саны санаулы. Осы жолда жүрген белсенділер көптеген кедергімен бетпе-бет келуде, — деп жазады Ertenmedia.kz. «Қостанайға келгелі түсінгенім, бұл қаланың аты қазақ болғанымен, заты орыс. Солтүстіктегі көршінің провинциясы ма дерсің. Өңірдегі 70 пайыздан астам бала орыс тілінде оқиды. Қазақ мектептерінің жайы мәз емес», — дейді Сәрсенбек Бақытұлы. Айтуынша, қазақ мектебіне барған балалардың көпшілігі ана тілінен мақұрым. «Таза қазақ мектебінде оқитын балам «Ешкіммен сөйлесе алмадым. Дос таппадым. Әке, кетейікші» деп күнде мазамды алады. Тіпті бір…

Толық оқу

ШҚО-да қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиада басталды. Бірінші іс-шаралардың бірі ретінде өңірдің жоғары оқу орындары арасында студенттер флешмобы өтті. Облыстың жастары «Дропперлерге NO!» ұранымен акция өткізді, бұл арқылы олар өз құрдастарына күмәнді қаржылық схемаларға қатысудың қаупін еске салды. Акцияның мақсаты — студенттердің назарын цифрлық алаяқтық мәселесіне аудару, заңсыз схемаларға тартудың алдын алу, мұндай схемаларда жиі сенгіш адамдар — дропперлер пайдаланылатынын ескерту. Жастар замандастарын саналы болуға және тартымды көрінгенімен, қауіпті ұсыныстарға алданып қалмауға шақырды. Айта кету керек, олимпиада ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен өтуде. Бұл жоба аясында 7 мен 11 сәуір аралығында Экономикалық тергеу Департаментінің қызметкерлері облыстағы университеттер мен колледждерде оқыту…

Толық оқу

Алматы облысында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында химиялық өнім шығаратын кәсіпорынға колледж студенттерінің танымдық экскурсиясы өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz 30-дан астам студент Қонаев қаласында орналасқан «Бағашар Мекен» зауытына барып, өндірістік цехтардың, зертханалардың жұмысын көріп, сапаны бақылау жүйесімен танысты. Сапар барысында колледждер, кәсіпорын және «Жастар Рухы» ұйымы арасында үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат аясында студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуі мен үздік түлектердің жұмысқа орналасуына мүмкіндік беру көзделген. «Біздің мақсатымыз – жастардың теориялық біліммен қатар нақты өндірістік ортада тәжірибе жинауына жағдай жасау. Жас мамандарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету – «AMANAT» партиясының басты міндеттерінің бірі», – деді «Жастар Рухы» ұйымының Алматы облыстық филиалының…

Толық оқу

Жетісу облысы құрылғаннан бері өңірде әлеуметтік инфрақұрылымдардың жай-күйі едәуір жақсартылып, әлеуметтік нысандарды жаңарту 52%-ға жетті. Осы орайда 15 жаңа мектеп салынып, іске қосылды. Соның нәтижесінде бейімделген мектептер саны 69-дан 39-ға дейін қысқарды. Ал биыл 1080 орынды 4 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Облыста үш ауысымды мектептер жоқ, дегенмен оқушы орындарының жетіспеушілігінің алдын алу мақсатында заманауи материалдық-техникалық базамен жадықталған жаңа мектептер салу кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Мәселен, облыс құрылғалы бері 5310 орынды 15 мектеп жаңадан салынып, пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Ақсу, Сарқан, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласында 2 мектептен, Көксу ауданында 3 мектеп, Панфилов ауданында 4 мектеп тұрғызылды. Оның ішінде…

Толық оқу