ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі үйдің төменіндегі дүкендерге, мейрамханаларға, базарларға әсер етпейді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары-ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Олар бөлшек сауда режимінде қалай жұмыс істеді, 4% төледі, сонша төлейді және солай жұмыс істейді. Реформа бизнестің кейбір бағыттарына қатысты», — деп сендірді Ұлттық экономика министрлігінің басшысы. Оның айтуынша, «көптеген адам реформаның мағынасын түсінбейді». Ол түсінбейтіндерге ештеңе жазбауға кеңес берді. Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев бизнеске салық салу жүйесін реформалау бойынша бірқатар ұсынысын жеткізді. Оның айтуынша, елдегі бюджеттік дағдарыс ұзақ жыл бойы қалыптасқан, ал оның негізінде жүйелі мәселелер жатыр. Бейсенғалиевтің пікірінше, ҚҚС мөлшерлемесінің күрт…
Автор: editor
«Алатау» шипажайын сату мәмілесінен Назарбаев әулетімен байланысы бар қор шамамен 50 млн доллар пайда көргені хабарланды. Мамандардың айтуынша, бұл сома жылжымайтын мүліктің нақты құнынан едәуір төмен: голландиялық Noord Holland Trading Company B.V. есебінде нысанның бағасы 174 млн доллар деп көрсетілген. Бірақ компания шипажайды шамамен үш есе арзанға сатып алды, — деп хабарлайды ErtenMedia»Выход к морю» телеграм арнасына сілтеп. Арна мәліметіне сүйенсек, «Алатау» кешені 1986 жылы кеңестік шенеуніктер үшін салынған. 90-жылдардың ортасында мемлекеттік ХОЗУ корпорациясының қолына өткенімен, оны Назарбаевтың сенімді серігі саналатын марқұм Владимир Ни басқарған. Кейін жекешелендіру кезінде активтер арзанға сатылып, сатып алушылар қатарында елдің экс-президентіне жақын тұлғалар болған. «2017…
Қазақстандық белсенді Қуат Ахметовті Украинадан ұрлап әкетпек болған ресейлік агенттің жоспары іске аспай қалған. Бұл жайт «Досье» орталығы журналистерінің қолына түскен Ресей барлау қызметінің құпия құжаттарынан белгілі болған, деп хабарлайды ErtenMedia Азаттыққа сілтеп. “Украинада тұратын қазақ ұлтшылы Қуат Ахметовті ұстау бойынша арнайы операция жоспарланды. Ол үшін алдымен Украина ішкі істер министрлігіндегі агенттер арқылы оның байланыс деректерін алып, ұялы байланыс трекингін сұраттым. Дегенмен, Қуат Ахметов өзін аңдып жүргенін біреулерден естіп қалған сияқты. Оның қайда екенін таптым дегенде, ол Түркияға қашып кеткен болатын. Артында ешқандай із қалдырмаған, ешқандай сауда жасамаған, ықтиярхат алмаған. Оның әрекетін Қазақстанның арнаулы қызметі басқарып отыр деуге толық негіз…
Олжас Бектенов Республикалық бюджет комиссиясы отырысын өткізді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Республикалық бюджет комиссиясының отырысы өтті. РБК отырысының қорытындысы бойынша орман тәлімбағын құру, ұлттық гидрометеорологиялық қызметті жаңғырту және өрт қауіпсіздігін күшейту арқылы қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларды қаржыландыруға қолдау көрсетілді. Сонымен қатар қосымша қаржылық қолдауды қажет ететін бірқатар жоба қарастырылды. Премьер-министр мемлекеттік органдардың басшыларына процесті қатаң бақылауға алып, шығыстардың негізсіз артуына және жобалар құнының өсуіне жол бермеуді тапсырды. Бағдарлама әкімшілерінің жұмысын күшейту және сметалық құжаттамада енгізілген жоба құнын сақтау қажеттігіне назар аударылады.
Қуандық Бишімбаев сотқа шағым түсірген. Бұған мекеме басшылығының оған жеңілдік жасамауы себеп болған, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, сотталғандарға жазаны өтеу тәртібін бұзған жағдайда көтермелеу шаралары қолданылмайды. «Бұл сотталушы бір рет заң бұзғанын ескере отырып, сот сотталушының шағымын қанағаттандырмады», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілі. Алайда Бишімбаевтың қандай заң бұзғаны айтылмады. Айта кетейік, биыл 26 маусымда Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық істің апелляциялық сот отырысы болған еді. Алайда олардың апелляциялық өтініші қанағаттандырылмады. Қуандық Бишімбаев 24 жылға, інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған болатын. Әйелін өлтіргені үшін 24 жылға қамауға…
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болашақта Қазақстан Еуразия құрлығының маңызды көлік хабына айналуы тиіс екенін атап өтті. Осыған байланысты ол теміржол инфрақұрылымын дамытуды жалғастыру және отандық машина жасау саласын жаңғырту қажеттігін айтқан болатын. Абай облысының теміржол желісі даму үстінде әрі өңір іші мен одан тыс жерлерде де ыңғайлы көлік қатынасын қамтамасыз етуде, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінгі таңда облыстың Семей, Жаңасемей, Аягөз, Шар, Жаңғызтөбе, Үшбиік, Жарма, Ауыл, Белағаш және Таңсық сияқты елді мекендерінде орналасқан 10 вокзал жұмыс істейді. 2023 жылы көлік қызметтерінің қолжетімділігін арттыру үшін әлеуметтік маңызы бар екі жаңа бағыт іске қосылды. Бір…
Алқа отырысында Бас көлік прокуратурасының 2024 жылғы жұмысының қорытындысы қаралды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Өткен жылы жұмыстың негізгі басымдығы көлік объектілерінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды, бұл көлік прокуратурасы органдарының қадағалау қызметінің негізгі бағыттарын айқындады. Өткен жылдары көлікте болған оқиғаларды талдау нәтижелері бойынша республиканың барлық көлік инфрақұрылымының үш негізгі проблемасы айқындалды. Бірінші проблема — инфрақұрылымның жалпы тозуы, технологиялық дамудың жеткіліксіз деңгейі. Көлік министрлігінің мәліметтері бойынша теміржол магистральдары 57%-ға тозған, ескірген ҚТЖ локомотив паркі 61% құрайды. Прокуратура актілері бойынша әр түрлі қауіпсіздікті бұзғаны үшін ұзындығы 300 шақырымға жуық 29 магистральдық жол жабылды. Сертификаттау мерзімдерін бұзғаны үшін 396 жүк вагонның мемлекеттік тіркеуінің күші жойылып, пайдалануға тыйым салынды. Бұған дейін прокурорлар теміржол нысандарына осындай қатаң…
Ресейлік пропаганданың кей өкілі Кремльдің Бакуден ресми кешірім сұрамауын қателік деп бағалап отыр, — деп хабарлайды ErtenMedia Әшкере арнасына сілтеп. Кешелі бері Ақтау маңында апатқа ұшыраған әуе кемесінің ресейлік «Пәнцир-С» кешенінен атылған ракета арқылы зақымдалғаны жөнінде ақпарат тарап жатыр. Баку бұған нақты дәлелі бар екенін мәлімдеп отыр. Қазақстан тарапы ұшақ сынықтарынан алынған заттай айғақтарды табыстаған деген дерек бар. Алғашында екі жақтың сарапшылары Мәскеудің болған іске өкініш білдіріп, «белгілі бір өтемақы төлеуі мүмкінекенін» болжаған еді. Алайда Путин әкімшілігі тарапынан мардымды жауап болмады, тек екіұшты мәлімдемелер айтылып, «қыларыңды қылып ал» деген позиция айқын аңғарылып тұрды. Ресейлік пропаганда өкілдері мұны дипломатиялық тұрғыдан өте тиімсіз…
4 ақпанда Қазақстанның Көлік министрлігі Ақтаудағы ұшақ апатын тергеу туралы алдын ала есеп жариялады. ErtenMedia.kz осыған орай белгілі авиация сарапшысы Абыл Кекілбаевтың пікірін сұрады. «Он күнге созып алды» Сарапшының сөзіне сенсек, Қазақстанның Көлік министрлігі халықаралық талаптарға сәйкес отыз күннің ішінде жариялайтын алдын ала қорытындыны он күнге созып алған. «Бұл — елдердің арасындағы қарқынды жұмыс өтіп жатқанының көрсеткіші. Келіспеушіліктер болуы мүмкін, кейде сараптама қажет ететін жағдайлар да болып жатыр. Сондықтан әуе апатына алып келген себептерді нақтылап алу үшін көптеген зерттеу, оған қоса әскери мамандарды қосу қажет. Қандай бөгде элементтер болғанын, қандай қару немесе дронның зарядтары болуы мүмкін — соның бәрін нақтылап, сараптама…
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт Джо Байден әкімшілігінің мемлекеттік қаржыны тиімсіз пайдаланғанын мәлімдеді, — деп жазады Ertenmedia. Оның сөзінше, демократтардың командасы Қазақстандағы «дезинформацияға қарсы күрес» жобасына 4,5 млн доллар бөлген. Левитт бұл деректі Ақ үйдегі брифингте жариялады. Одан бөлек, Гуатемалада жыныс ауыстыруға 2 млн доллар, Ирактағы «Сезам көшесі» шоуына 20 млн доллар және Мысырдағы туризмді дамытуға 6 млн доллар бағытталғаны айтылды. Левитт Джо Байден ұсынған мұндай жобаларға қисынды негіз жоқтығын алға тартып, оларды «ақылға қонымсыз шығындар» деп атады. «Трамп әкімшілігі осы сияқты артық шығындарды қысқартуды көздейді, ал демократтар керісінше, ұсақ-түйекке қомақты қаражат жұмсап жатыр. Мысалы, Солтүстік Каролина мен Калифорния…
