Автор: editor

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы «әлеуметтік» газ ұрлаған қылмыстық топты ұстады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Ақтөбе облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратура және ҰҚКД-мен бірлесіп, өңірде кен орнының аумағынан «әлеуметтік» газ ұрлау схемасын ұйымдастырған бір топ адамды ұстады. Ведомство мәліметінше, олар — газ өндіру саласындағы компаниялардың бірінің жұмысшылары. «Олар есепке алынбаған газды жинақтап, кейін темір жол арқылы тасымалдаған. Кен орнынан сату орнына бара жатқан жолда ұрланған газы бар 12 вагон ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, нәтижелері бойынша келтірілген шығынның сомасы белгіленеді. Жедел тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр», — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Толық оқу

Ақордада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандарға қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналған жиын өтті, — деп хабарлайды ErtenMedia. Басқосуға Оқу-ағарту министрі,  сондай-ақ Ғылым және жоғары білім, Денсаулық сақтау, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Ішкі істер министрліктерінің, Бас прокуратураның, Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты. Мемлекеттік кеңесші қазіргі таңда балаларды қорғау үшін мемлекет тарапынан бірқатар пәрменді шара қабылданып жатқанына назар аударды. Атап айтқанда, мектеп психологтарының, әлеуметтік педагогтердің және психологиялық қолдау орталықтарының кадрлық құрамы күшейтілді.  «111» қызметінің QR-коды әзірленіп, барлық оқу орындарына орналастырылуда. «Киберқадағалау» жүйесі арқылы интернеттегі зиянды контент жойылып жатыр.…

Толық оқу

РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремльдің Ақтау маңындағы әуе апаты туралы есепке қатысты пікір білдіруін орынсыз деп санайды, деп хабарлайды ErtenMedia. Брифинг барысында Песков Ресейдің тиісті органдары Қазақстанның Көлік министрлігінің Azerbaijan Airlines (AZAL) авиакомпаниясына тиесілі Embraer-190 жолаушылар ұшағының апатын тергеу бойынша алдын ала есебін мұқият зерттейтінін айтты. “Бұл – алдын ала есеп. Әрине, біздің тиісті ведомстволар оны үлкен жауапкершілікпен, мұқият зерделейді. Алайда бұл тақырыпқа қатысты президент әкімшілігінен түсініктеме беру орынсыз деп санаймыз”, – деді Песков. Еске салайық, күні кеше Көлік министрлігі апатқа ұшыраған ұшаққа қатысты алдын ала есепті жариялаған болатын. Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer-190 ұшағымен болған оқиғаны тергеу…

Толық оқу

Темір жол машиналарын жасау саласында алдағы екі жылда 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Болашақта Қазақстан Еуразия континентінің маңызды көлік торабы болуы керек. Бұған қол жеткізу үшін теміржол инфрақұрылымын дамытуды және отандық машина жасау салаларын жаңғыртуды жалғастыру қажет», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті. 2024 жыл темір жол машина жасау саласындағы қазақстандық зауыттар үшін өндіріс көлемі бойынша рекордтық жыл болды: 124 локомотив, 2 565 жүк және 122 жолаушы вагоны. Өндіріс көлемінің артуы жылжымалы құрамды жаңартуға және импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік берді. Жыл сайын миллиондаған жолаушылар еліміздің түкпір-түкпіріне саяхат жасап, темір жол машина жасау кәсіпорындары жұмыс орындарын…

Толық оқу

«Қазақмыс» корпорациясы желіде тараған тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа «ұшақ сатып алынғаны» туралы ақпаратқа пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Компанияның мәлімдемесі «Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде «Қазақмыс» корпорациясы Қазақстанның тұңғыш президентіне ұшақ сатып алыпты-мыс деген ақпараттың таралуына байланысты ресми түрде бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз. «Қазақмыс» корпорациясы ешбір жеке тұлғаға әуе кемесін сатып әперген жоқ», — деп жазылған хабарламада. Компания мәліметінше, әуе кемесін сатып алу тек компанияның өндірістік қажеттіліктерімен байланысты, мұндай келісім туралы кез келген мәлімдеме негізсіз және қоғамды жаңылыстыруға бағытталған. «Біз бұқаралық ақпарат құралдарын және әлеуметтік желі қолданушыларын таратылатын ақпараттың шынайылығын мұқият тексеруге және расталмаған деректерді жариялаудан бас тартуға шақырамыз.…

Толық оқу

Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев бизнеске салық салу жүйесін реформалау бойынша бірқатар ұсынысын жеткізді. Оның айтуынша, елдегі бюджеттік дағдарыс ұзақ жыл бойы қалыптасқан, ал оның негізінде жүйелі мәселелер жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Күрделі әрі батыл шешімдер қабылдайтын уақыт келгенін жиі естиміз. Бұл пікірмен көпшілік келіседі деп ойлаймын. Алайда қазіргі таңда Үкімет ҚҚС мөлшерлемесін бірден көтеріп, оның шегін төмендетуді ұсынып отыр. Егер ҚҚС есепке алынбаса, ол айналымнан алынатын салыққа айналып, тауар құнына толық енгізіледі. Бұл түпкі тұтынушыға қосымша қаржылық ауыртпалық түсіреді», – деді депутат. Бейсенғалиевтің пікірінше, ҚҚС мөлшерлемесінің күрт артуы бизнестің бөлшектенуіне және көлеңкелі экономиканың ұлғаюына алып келуі мүмкін. «Бұл жағдай бизнесті…

Толық оқу

Мәжілісте депутат Мархабат Жайымбетов құн салығының бір бөлігін бонус ретінде қайтаруды ұсынды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Депутат өз сауалын премьер-министрдің орынбасары-ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге жолдады. Жайымбетовтің айтуынша, қазір көлеңкелі экономиканың үлесі 17 пайыз шамасында, бұл — кем дегенде бюджетке 2-2,5 трлн. теңге салық түспейді деген сөз. «Бір заң жобасын зерделеу кезінде елімізде көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл саласында бірыңғай саясатты қалыптастыруға және басқа ведомстволарды үйлестіруге жауапты мемлекеттік орган жоқ болып шықты. Әр мемлекеттік орган бір-біріне сілтейді. Кім жауап беретіні белгісіз. Әрбір мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде шаралар қабылдайды, бірақ функционалдылықты нақты бөлетін тұтас жүйе жоқ», — дейді депутат. Оның сөзінше,…

Толық оқу

Kaspi банктің акционері, Қазақстанның ең қалталы азаматтың қатарындағы Вячеслав Ким Jusan банкін сатып алуға ниетті. Бұл туралы Manualanomics Telegram-арнасы өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып хабарлады, — деп жазады ErtenMedia «Әшкере» арнасына сілтеп. Мәліметке сай, ол Jusan Bank-тің қазіргі иесі, Ахметжан Есімовтің экс-күйеубаласы Ғалымжан Есеновке тиесілі бүкіл акциялар пакетін (99,74%) иеленбек. Jusan Bank-тің иесі ауысатыны және даму стратегиясының өзгеретіні бұған дейін де айтылып жүрген. Егер реттеуші органдар келісім берсе, жақын арада банктің жаңа меншік иесі Вячеслав Ким болмақ. Қазір Kaspi активтер көлемі бойынша елімізде екінші орында тұр (8,2 трлн теңге), Jusan – алтыншы (3,3 трлн теңге). Jusan Bank 2017–2020 жылдары мемлекеттен…

Толық оқу

Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әнші Алмас Кішкенбаевқа сот үкімі шықты, — деп хабарлайды ErtenMedia Massaget.kz-ке сілтеп. Алмас Кішкенбаевқа ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылған еді. Сот шешімі бойынша Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. «Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты К.-ге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі жабық форматта қарады. Сот К.-ның мас күйде мұндай әрекеттерді жасағанын анықтады. Сотта К. болған оқиғаның мән-жайы есінде жоқ екенін мәлімдеді. К. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, оған 15 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде жаза қолданылды», — деп жазылған сот хабарламасында. Алмас…

Толық оқу

Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL әуе компаниясының ұшағын ресейлік «Панцирь-С» зениттік-зымыран кешені атып түсірген. Бұл туралы Әзербайжан үкіметінің өкіліне сілтеме жасаған Reuters агенттігі хабарлады, — деп жазады ErtenMedia. Қазақстанның Көлік министрлігі осы апатқа қатысты алдын ала тергеу есебін жариялап, ұшақ фюзеляжында көптеген тесіктер мен соққы іздерінің бар екені көрсетілген фотоларды ұсынған еді. Әзербайжан тарапы бұдан бөлек сол күні Грозныйда «Ковер» жоспары енгізілгенін, бірақ диспетчер бұл туралы лайнер зақым алғаннан кейін ғана хабарлағанын мәлімдеді. Алғашқы дерек бойынша, Баку – Грозный бағытындағы тұрақты рейс жасайтын ұшақ ұшуды бастар сәттен Грозныйға дейінгі аралықта техникалық тұрғыда жарамды болған. Екі қозғалтқыш та апат болғанға дейін…

Толық оқу