Автор: Асылхан Бөрібай

Белгілі журналист Денис Кривошеев атышулы Александр Машкевичтің ел білмейтін көлеңкелі тұстарын ашық жазды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кривошеевтің айтуынша, Машкевичтің билік баспалдағындағы басты құралы – қыз-келіншектер болған. «Оның саяси элитаға жол ашуда қолданған ерекше тәсілі әйелдердің тәні еді. 2000 жылдардың басында Алматыда оның қарамағында кемінде екі модельдік агенттік жұмыс істеген. Осы агенттіктер арқылы оған күн сайын жаңа қыздар жеткізіліп отырды. Машкевич билік дәлізіне апарар жолдың төсектен басталатынын жақсы білді және бұл жолды өзі де белсенді пайдаланды», – деп ашық жазды журналист. Журналист Машкевичпен алғаш танысқан сәттен-ақ оның әрекеттерін жақтырмағанын айтады. Жалпы, еврей қауымдастығы ішіндегі оның тобымен де ара-қатынасы жақсы болмаған. «Бірде…

Толық оқу

Бүгінде Еуропа елдерінің автоконцерндері өткен тарихын дәріптеп жүргенде олардың ең үздік инженерлері мен топ-менеджерлері үнсіз ғана Қытайдың индустриялық флагмандарына қызметке орналасып, жұмысын жалғастыруда. Әлемдік нарыққа тұрмыстық бұйым шығарумен танылған Xiaomi компаниясының болашақтағы электромобильдік эволюциясының іргесін қалауға кірісіп кетті. Жақында белгілі болғандай, Xiaomi кем дегенде бес бірдей Еуропалық автоконцерннің жоғары лауазымды мамандарын өз қатарына тартқан. Олардың арасында BMW компаниясында 15 жыл бойы стратегиялық шешімдер қабылдаған Рудольф Диттрих есімді маман да бар. Ол Xiaomi-дің Еуропадағы зерттеу және тәжірибе орталығын басқаратын болыпты. Оған қоса, Душан Сарач пен Яннис Хеллвиг секілді басқа да бұрынғы BMW инженерлері компанияның өнімділік жүйесін дамытуға кіріскен. Бүгінде Xiaomi Мюнхен…

Толық оқу

Түркияның рухани, тарихи, экономикалық жүрегі саналатын Стамбулдың экс-мэрі, оппозицияның серкесі Экрем Имамоғлы Республикалық халық партиясының (CHP) атынан президенттікке кандидат ретінде бекітілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл шешімді праймериз қорытындысы жариялаған ұйымдастырушылар мәлімдеді. Бұның астарында тек қана сайлау технологиясы емес, геосаяси есеп пен ішкі саяси шекараларды қайта сызуға бағытталған стратегия жатыр. Праймеризге Түркияның 15 миллион азаматы қатысып, сайлау процесіне белсенді түрде араласуы – елде электоралдық белсенділіктің артқанын, саяси жүйеге деген сұраныстың күшейгенін білдіреді. Осы электоралдық блоктың 13,2 миллионы – Имамоғлыды таңдаған. Бұл бір жағынан демократиялық легитимділіктің символы болса, екінші жағынан, елдегі саяси баланстың өзгергенін көрсетеді. Түрік электоратының төрттен бірі өз таңдауын білдіріп…

Толық оқу

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректерін сөйлетсек, 15 пен 19 жас аралығындағы өлім себептері ішінде суицид алғашқы қатарда тұр. Жастар өз-өзіне қол жұмсау туралы ойласа, бұл бізге белгі. Қоғам сыр бергені. Жүйе іркіліп тұрғаны. Қарапайым тілмен айтқанда, бір жерде жастар бұл қоғамға өзін бөтен сезінеді деген сөз.   Көп жағдайда бала суицидке аяқ басқанда, сырт көз оның жан дүниесіндегі зіл батпан мұңды аңғармайды. Себебі бала жыламайды, бала іштен тынады. Психологиялық факторлар – депрессия, өз-өзін төмен бағалау, жалғыздық – көбіне үнсіз улай беретіні анық. Өз жанын сыртқы әлемнен қорғамайды, керісінше, сыртқы әлем оны тырнап, тұмшалап, жанын жаралайды. Ал әлеуметтік факторлар – құрдастарымен…

Толық оқу

Жетісу облысында Наурызға арналған мерекелік шараларда биыл мерейтойы аталып өтілетін тарихи тұлғалардың еңбегі кеңінен дәріптелді. Атап айтқанда, Талдықорғандағы «Жастар» саябағында 190 жылдықтарына орай «Бақтыбай Жолбарысұлы ауылы» және «Шоқан Уәлиханов ауылы», 180 жылдығына орай «Абай Құнанбайұлы ауылы», 120 жылдығына орай «Қанабек Байсейітов ауылы», 95 жылдығына орай «Әнуар Әлімжанов ауылы», 80 жылдықтарына орай «Жұматай Жақыпбаев ауылы» және «Құман Тастанбеков ауылы» тігіліп, мұнда көрнекті тұлғалардың өмірі мен елге сіңірген еңбегіне арналған көрмелер ұйымдастырылып, театрландырылған көріністер қойылды. Сол сияқты Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Достық ауылы» киіз үйінде ұлт пен ұлыстар достығы паш етілді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz  Жетісу облысыәкімінің баспасөз қызметіне сілтеме…

Толық оқу

Тбилисиден Алматыға бағыт алған Air Astana әуе кемесі өзінің бағытынан ауытқып, Бакудің Гейдар Әлиев халықаралық әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Осылайша 24 наурызына қараған түні Airbus A321 бортына жауапты капитан, халықаралық авиациялық нормалар мен адам өмірін қорғауға бағытталған ICAO стандарттарына сәйкес, тез арада қонуға шешім қабылдады. Себеп – борттағы бір жолаушының денсаулығы күрт нашарлаған. Бұл эпизод бір қарағанда техникалық жайт сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ саяси-философиялық деңгейде қарасақ, бұл –адам өмірінің мемлекетаралық шекаралардан да биік тұратынын көрсететін символдық акт. Жолаушының жағдайы – авиацияның қауіпсіздік архитектурасындағы басты өлшем екенін еске салып тұр. Air Astana-ның әрекеті – нағыз жауапкершілікті…

Толық оқу

Қытай мен Америка арасында әлі ресми түрде соғыс жарияланбағанымен, тарифтер мен санкциялар арқылы жүріп жатыр. Бұл жолы алаңға бірінші болып шыққан – Дональд Трамп. Ақ үйден жеткен тараған хабарға бойынша, 2 сәуірден бастап Қытайдан келетін тауарларға тағы қосымша кедендік баж салығы енгізіледі. Бұл – жаһандық экономиканың тынысын тарылтатын әрекет, – деп есептейді Ertenmedia.kz сарапшылары.   Бейжің де қарап жатқан жоқ. Мемлекеттік кеңестің премьері Ли Цян жұртқа жай сөз емес, дипломатиялық стратегиялық мәлімдеме жасады «Кез келген күтпеген соққыға дайынбыз. Әсіресе сырттан келетіндерге». Бұл – ашық соққыға жауап қана емес, Қытайдың геоэкономикалық иммунитеті әбден қалыптасқанын әйгілейтін үндеу. Өйткені олар біледі: Вашингтонның «сауда…

Толық оқу

Қазақ даласының байлығы ғасырлар бойы ел мен жердің дауына айналып келген. Кезінде жоңғар шапса – жер үшін шапты, Кеңес өкіметі келсе – ресурсы үшін келді, ал тәуелсіздік алған соң – сол байлықты кім иемденіп кетеді деген сұрақ қоғамның маңдайына мәңгіге таңба боп басылды. Сол таңбалы сұрақтың бір ұшы бүгін Англия топырағында үнсіз жабылды. Александр Машкевич – Қазақстандағы ең ықпалды трансұлттық капитал иелерінің бірі – мәңгілік мекенін британ жерінен тапты. Ұлттық кодқа емес, жаһандық капиталдың географиясына сай жерленді. Машкевич Хартфордшир графтығындағы Буши еврей зиратынан мәңгілік мекенін тапты. Google картасынан зираттың рейтинг – бес жұлдыз екенін көруге болады. Бұл сандардың артында бір…

Толық оқу

Қонаев қаласында «Тазару күніне» орай экологиялық акция өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz  Наурыз – табиғаттың жаңару, жаңғыру кезеңі, адамдардың бірлігі мен ынтымағының мерекесі. Бұл ежелден келе жатқан мейрам Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен былтырдан бастап жаңа форматта тойлануда. Он күнге созылатын «Наурызнама» тұжырымдамасы бұл мейрамға терең мағына беріп, оның ұлттық мәнін арттыра түсті. Бүгін, 23 наурыз – Тазару күні, қоршаған ортаның тазалығына және адамның ішкі жан дүниесінің үйлесімділігіне арналады. Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде сенбіліктер, экологиялық акциялар мен табиғатты қорғау шаралары өтуде. Бұл игі бастамадан облыс орталығы – Қонаев қаласының тұрғындары да шет қалмады. Белсенділердің, қоғамдық ұйымдардың және мекеме қызметкерлерінің бастамасымен кең…

Толық оқу

Америка аспанында тағы бір бұлт үйіріліп, күн күркіреді. Бұл жолы күркіреу Ақ үйдің дәл шатырынан естілді. Байқаусызда емес, тікелей эфирде. Өзіңіз ойлаңызшы, биліктің ішіндегі бейресми адам, яғни «үкіметтік кеңесші» деген жартылай статуспен жүрген Илон Масктың әлеуметтік сақтандыру туралы сөзінен кейін Вашингтондағы саясаткерлердің самайы солқылдап жіберді. Маск қызды-қыздымен «Әлеуметтік қамсыздандыру – бұл ең үлкен Понци схемасы» деп салыпты. Әлбетте, мұндай тіркесті жай инженер емес, Twitter-дің бұрынғы қожайыны, Tesla мен SpaceX-тің қақ төрінде отырған миллиардер айтса, ол жай пікір болып қабылданбайды. Бұл – саяси сигнал. Ал саясат дегеніміз – сөз емес, салдардан тұрмай ма? Президент Трамп осы уақытта жұртқа «бұл бағдарламаны ешкім…

Толық оқу