Автор: Асылхан Бөрібай

Қазақстанның саяси-экономикалық элитасының белді өкілі  Александр Машкевич өмірден өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Олигархиялық капитализмнің белді өкілі Eurasian Resources Group (ERG) пен Евразиялық қаржы компаниясының (ЕФК) тең құрылтайшысы болған Александр Машкевичтің 2023 жылдан бері ауыр дертке шалдыққаны, тіпті ми ісігіне ота жасалғаны туралы мәліметтер тарай бастаған болатын. Әзірше ERG тобы Александр Машкевичтің қазасы жайында  ресми ақпарат таратқан жоқ. Александр Машкевич посткеңестік кеңістікте олигархиялық капитализм мен мемлекеттік мүдденің тоғысқан нүктесі, Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы онжылдықтарындағы құпия альянстар мен геоэкономикалық архитектураның тірі символы болғаны анық. Ол – ресми билік пен жеке капиталдың арасындағы келісімнің «бет-бейнесі», «жаңа капитализмнің» ішкі және сыртқы саяси элементтерін қатар ұстаған…

Толық оқу

Дубайдағы әйгілі Пальма Джумейра жасанды аралы – бұрынғы қазақ саяси элитасының құпия мекеніне айналыпты. Алақандай аралда жым-жырт жатқан виллалар мен зәулім пәтерлердің бірқатары – өзіміздің «отаншыл» азаматтардың иелігінде екенін Ertenmedia.kz анықтады. Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматуллиннің бір өзі 50 пәтер иесі екен. Әлбетте, өз атына емес, әйелінің атына рәсімделген. Бұл – шынайы патриотизмнің ең жоғарғы формасы – отбасының атынан ұлттың тағдырын шеше отырып, активтерді де ұмытпау. Бұл жерде Қылмыстық кодекстің 193-бабы емес, саяси прагматизм мен құқықтық формализмнің симбиозын байқауға болады. Даниял Ахметов, Қайрат Мәми, Ерлан Тұрғымбаев, Қалмұханбет Қасымов, Бауыржан Мұхамеджанов, Асқар Жұмағалиев – бәрі де «елім, жерім» деген сөзді үйренген азаматтар,…

Толық оқу

Кезекті қыспақ, кезекті саяси тактика, кезекті бюджет. Бірақ бұл жолы сандар жай ғана экономикалық көрсеткіш емес – геосаяси ерік пен блоктық жауапкершіліктің құны. Германия Бундестагының бюджет комитеті өткен жұмадағы виртуалды отырысында Украинаға бөлінетін жаңа қару-жарақ пакетін мақұлдап, 2024 жылға қосымша 3 миллиард еуро, ал 2025-2027 жылдарға тағы 8,3 миллиард еуро бөлуге дауыс берді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл шешім – жай ғана бюджет туралы бап емес. Бұл – Берлиннің Мәскеуге, Вашингтонға және Брюссельге қатар жолдаған саяси сигналы. Украинаға көмек – Германия үшін енді ішкі консенсустың ғана емес, еуроатлантикалық миссияның бір бөлшегіне айналып отыр. Кезінде «бауырмалдық коалициясының» (жасыл-сары-қызыл) іргесі сөгіле бастағанда,…

Толық оқу

Украина Қарулы күштерінің дроны «Кавказская» мұнай айдау стансасын нысанаға алған кезде, оның артында ұшып бара жатқан снарядпен бірге геосаяси ойынның көлеңкесі де ере шықты десек болады. «Кавказская» – символикалық маңызы бар станса. Теміржол цистерналарынан мұнайды Каспий Құбыр Консорциумы (КТК) құрамындағы «Кропоткинская» стансасына жеткізетін аралық транзиттік түйін. Бірақ айта кету керек, бұл нысан КТК-ға тиесілі емес. Яғни, формалды түрде бұл – институционалдық актив емес, ал мүдделер тұрғысынан – ақпараттық инструмент. 2024 жылы бұл станса арқылы бар болғаны 1,51 млн тонна мұнай айдалған, бұл – КТК-ның жалпы айналымының 2%-ын ғана құрайды. Ал ақпан айында «Кропоткинскаяға» жасалған соққыдан кейін бұл көрсеткіш 1,13 млн…

Толық оқу

Қонаев қаласында Наурыз мерекесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Достық» аллеясының салтанатты ашылуы өтті. Бұл маңызды сәт халқымыздың бірлігі мен татулығын дәріптейтін үлкен мерекенің ажырамас бөлігіне айналып, ел ішіндегі ынтымақ пен келісімнің жарқын символына айналды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ашылу рәсіміне мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, Ассамблея мүшелері және қала тұрғындары қатысты. Құрметті қонақтардың қатарында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев болды. Өңір басшысы жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, мұндай игі бастамалардың ел ішіндегі ұлтаралық келісімді нығайтып, қоғамның бірлігін арттырудағы маңызын атап өтті. Сонымен қатар, түрлі әлеуметтік және мәдени жобаларды жүзеге асырып жүрген Ассамблея мүшелері…

Толық оқу

Қонаев – Алматы облысының әкімшілік орталығында  Наурыз мейрамы кең ауқымда тойланды. Орталық алаңда 25 киіз үй тігілді, олардың әрқайсысында қазақ халқының дәстүрлері көрсетілді. Мерекеге келген қонақтарға ұлттық салт-дәстүрлер таныстырылып, наурыз-көже мен бауырсақ ұсынылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев мерекелік шараларға қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын Наурызбен құттықтады. Ол бұл мейрамның бірлік пен жаңару символы екенін атап өтті: – Бұл мереке бізді біріктіреді. Дәстүрлерімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – біздің міндетіміз. Себебі дәл осы құндылықтар халқымызды мықты әрі біртұтас етеді, – деді Марат Сұлтанғазиев. Мерекеге Венгрия, Қытай, Қырғызстан, Литва, Түркия және АҚШ-тың…

Толық оқу

Түркия тарихындағы ең ірі демократиялық символға айналған Экрем Имамоғлуның тұтқындалуы – жай ғана бір адамның қамалуы емес, тұтас жүйенің әлсіреген сенімін көз алдыңа жайып салды. Стамбулдың мэрі болған бұл тұлға – жай әкім емес, Ердоғанның өзіне қарсы тұрар бірден-бір үміт еді. Енді соны «терроризммен байланысы бар» деп, тар қапасқа тығу – бұл жәй қылмыстық іс емес, саяси сценарийдің шымылдығын түрген алғашқы сахна. Осы сәттен бастап Түркияның көшелері қайта сөйлей бастады. Стамбул, Анкара, Измир – бәрі бір үнге көшіп, «Имамоғлуға бостандық!» деп ұрандатты. Бұл тек бір адамның артында тұрған қолдаушылар емес, демократия деген ұлы ұғымның соңғы бекінісін қорғауға шыққан жұрт. Олар…

Толық оқу

Түркістан облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде тойланып жатыр. «Наурызнама» онкүндігі аясында ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлауда, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін облыс орталығында «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік іс-шара өтті. Салтанаттты жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, өңір тұрғындары мен қонақтарын құттықтады. – Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлыс оң болсын! Наурыз – молшылық пен жаңарудың мейрамы! Бабаларымыз 5 мың жылдан бері Наурызды жыл басы ретінде атап келеді. Наурыз Оңтүстіктен басталады. Бұл күні халқымыз мол дастарқан басында…

Толық оқу

Наурызнаманың Ұлттық спорт күніне орай Жетісу облысының аудан-қалаларында жалпы саны 176 спорттық шара өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәселен, Талдықорған қаласында классикалық шахматтан 2025 жылғы Қазақстан Балалар кубогы – Төлеуғазы Кәріпбаев мемориалының І кезеңі басталды, жарыс 26 наурызға дейін жалғасады. Турнирге Қазақстанның 20 облысынан, сондай-ақ Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан 300 жас шахматшы қатысуда. Жалпы жүлде қоры – 3 млн теңге. Талдықорғандағы ипподромда ат спортының төрт түрінен — «көкпар», «аударыспақ», «теңге ілу», «жамбы ату» бойынша облыстық жарыстар ұйымдастырылды. Онда Жетісу облысының аудан-қалаларының құрама командалары және жекелеген спортшылар бақ сынасты.

Толық оқу

Астанадағы Достық үйінде «Қош келдің, әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара өтіп, оған дипломатиялық өкілдіктердің елшілері, Қазақстан халқы Ассамблеясының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, елордалық ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. – Құрметті, халайық. Әз-Наурыз мерекесі құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Өздеріңіз білетіндей, қыстың орнын шуақты көктем басып, тіршілік қайта түлейді. Қазіргі уақытта дәстүрге сай өздеріңізбен Достық үйінде бас қосуымыз жалғасуда. Бұл Наурыз мерекесі сонау тарихы терең ата-бабамыздан келе жатқан, бүгінде ұлт пен ұлыстың басын қосып, еліміздің мызғымас бірлігінің айқыны. Бүгінде бейбітшілік пен келісімнің нағыз…

Толық оқу