Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айының басталуына 30 күн қалғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia. 2025 жылы ораза қашан басталады? ҚМДБ бекіткен 2025 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес 2025 жылы Рамазан айының алғашқы күні көктемнің бірінші күніне, яғни 1 наурызға сәйкес келеді. Кесте бойынша биыл ораза 29 күнге созылады. Қадір түні наурыздың 27-сіне қараған түнге сай келуі мүмкін. Алайда жаңа айдың көрінуіне байланысты бұл күндер жылжуы мүмкін. Рамазанда қандай амалдар орындаған жөн? Рамазан – мүмкіндіктер айы. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Рамазан айы келгенде жұмақтың есіктері ашылып, тозақтың есіктері жабылды және шайтандар шынжырланады», – дейді. Ханафи мәзһабының фақихы Шихаб әд-Дин әтТурибишти…
Автор: editor
Астананың Мәдениет басқармасының экс-басшысы Болат Мажағұловқа сот үкімі шықты. Астана соты мән-жайды баяндады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қызмет бабын пайдалана отырып, адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бюджет қаражатын талан-таражға салғаны үшін (ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы) М.-ға, сондай-ақ оған көмектескені үшін (ҚК 28-бабының 5-бөлігі – 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы) К.-ға қатысты айыптау үкімін жариялады. М. Астана қаласының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің басшысы бола тұра, Э.-мен бірге және К.-нің көмектесуімен 2016 жылы Есіл өзенінің жағалауындағы «Күн» субұрқағының құрылысын, оған қоса «Су сиқыры» және «Есіл өзеніндегі жарық…
Аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті жымқырды деп айыпталған Астананың Мәдениет басқармасының экс-басшысы Болат Мажағұлов сотталды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Сот үкімімен Мажағұлов 8 жыл 6 айға сотталды. Еске салайық, экс-шенеунік Болат Мажағұловтың ұсталғаны туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлім етті. Астана қаласының «Мәдениет басқармасы» ММ-нің бұрынғы басшысы мен мердігер ұйым өкілдеріне қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді. 2016 жылы Астана күні мерекесіне орай салынған «Күн» («Есіл өзеніндегі жарық-иллюминациялық және от шоуы») субырқағының құрылысы кезінде мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілмей тікелей келісімшарттар жасалған. Субұрқақ жобалық құжаттамасыз және мемлекеттік сараптамадан өтпей салынған.…
Құран сүресін рэп етіп оқып, желіде қызу талқыға түскен блогердің әрекетіне ҚМДБ баға берді, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Отандық блогердің Құран аяттарын, нақты айтқанда «Мағун» сүресін әлдебір мерекелік кеште оқыған видеосы жарияланды. Контентті ұсынушылар «Блогер мас күйінде Құранды рэп қылып оқып, жұртты шошытты» деп жазды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұндай шектен шыққан әрекеттерге алаңдаушылық білдіреді және олардың ісін қатаң айыптайды, сонымен қатар азаматтарды бүлікшілердің арандатуына алданып қалмауға үндейді», — деп жазылған хабарламада. ҚМДБ Құран Кәрімді келемеждеу, оны мазаққа айналдыруды қасиетті кітапқа құрметсіздік деп есептейтіндерін мәлімдеді. «Бұл жерде Құран Кәрім де, оған қатысты әдептер де аяқасты етілген. Құран Кәрім – Алла Тағаланың…
Энергетика министрлігі АЭС-құрылысына қатысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қазақстан атом электр станциясына қатысушы вендорлерді ұлттық мүддені ескере отырып таңдайтыны айтылды. Министрлік атом электр станцияларын салу технологияларын әлеуетті жеткізушілермен бәсекелестік диалогын аяқтағанын мәлімдеді. «Росатом» мемлекеттік корпорациясы, KHNP (Корея), CNNC ( Қытай) және EDF (Франция) компаниялары Қазақстанда атом электр станциясын салу үшін технологияларды әлеуетті жеткізушілердің қысқа тізіміне енді», — деп жазылған хабарламада. 21 қаңтарда энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегация Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барған. Бұл сапар тендерге қатысушылардың ұсыныстарын бағалауға бағытталған келіссөздердің соңғы кезеңі болған. 2024 жылғы қазаннан желтоқсанға дейін Корея Республикасына, Франция Республикасына және Қытай Халық Республикасына осындай…
Астана қаласының Мәдениет басқармасының экс-басшысы Болат Мажағұлов аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті жымқырды деп айыпталып отыр, — деп хабарлайды ErtenMedia. Ол сот отырысында соңғы сөзін айтып, өз кінәсін толықтай мойындамайтынын жеткізді. «Барлығы ойдан шығарылған, ешқандай нақты дәлел жоқ. Өзімді кінәлі деп есептемеймін. Сонымен қатар, сотта менің кінәсіздігім толық дәлелденді. Бірақ мен сынбаймын, өз шындығымды соңына дейін дәлелдеймін, өйткені мен балаларыма қажетпін. Маған тағылған айыптардың бәрі негізсіз. Іс материалдарында менің шотыма ақша аударылғаны немесе менің тарапымнан заңсыз баю фактісі анықталған жоқ. Банктердегі барлық шот тексерілді, заңсыз алынған мүлік табылмады», — деді Мажағұлов өз сөзінде. Сот үкімі бүгін сағат 15:00-де шығарылады. Мемлекеттік…
Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шарты өзгеруі мүмкін, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қазіргі уақытта банктер үш ай бойы әртүрлі адамдардан 100-ден астам аударым алған қазақстандықтар туралы салық органдарына ақпарат беруге міндетті. Сонымен қатар, ақшаның түскен шоты кәсіпкерлік мақсаттарға арналмауға тиіс. Енді Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк бірлесіп, бұл ережелерге өзгерістер енгізуі мүмкін. «Қолданыстағы шарттарға шекті сома енгізіледі, яғни мобильді аударымдар 3 ай ішінде 12 АЕК-тен (1 020 000 теңге) асқан жағдайда ғана салық органдарына хабарланады», — делінген хабарламада. Бұл өзгерістер бойынша 3 ай ішінде қазақстандықтарға 1,02 миллион теңгеден аз аударым түскен болса, банктер салық органдарына ақпарат бермейтін болады. Аударымдардың саны үш ай бойы…
«Қазақстан халқы» қоғамдық қорын үш жыл бойы басқарған Болат Жәмішев қызметінен кетті. Ол бұл қызметке 2022 жылдың қаңтарында тағайындалған болатын, — деп хабарлайды ErtenMedia. Басқарма төрағасы болып сайланған өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Болат Жәмішев қордағы жұмысын аяқтау туралы шешім қабылдаған. «Басшылық жасаған кезінде Болат Жәмішев қордың қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты. Қор 104 қайырымдылық бағдарламасы мен жобасына бастамашы болып, оның 62-сін іске асырды», — деп жазылған қордың баспасөз қызметі хабарламасында. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің шешімімен 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма төрайымы лауазымына қоғам қайраткері, қайырымдылық және Қазақстандағы ҮЕҰ-ның институционалдық дамуы мен әлеуметтік жобаларды басқару…
Атырауда ескерткіштің астына қалып қайтыс болған қыздың ата-анасы әділдік іздеп жүр. Ол «тергеу дұрыс жүріп, кінәлілер жазасын алсын» дейді, — деп хабарлайды ErtenMedia «Астана» телеарнасына сілтеп. Айдос Сабыров сол қайғылы кешті еске алған сайын қиналады. «Жеңіс» саябағына ұл-қызымен алаңсыз қыдырып шыққан отбасы өміріміз бір сәтте астан-кестен болды деп отыр. Сол күннен кейін 8 жастағы ұлы түнімен шошып оянатын көрінеді. Өзінің омыртқасы мен қабырғасы, тізесі сынып, әрең бой көтергенін жеткізді. Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс аяқталуға жақын. Адвокаттың айтуынша, монументтік өнер құрылысын орнатудың ережесі мен қағидасы талаптары орындалмаған. «Бұл қылмыстық іске қатысты тергеу жүргізіліп, тараптар материалдармен танысып жатыр. Содан соң жинақталған іс құжаттары…
Қазақстанда мемлекеттік тілдің қолданыс аясы күн санап кеңейіп келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ana tili» газетіне берген сұхбатындағы қазақ тілінің бәсекеге қабілеті туралы ойлары қоғамда қызу талқылануда. Жастар арасында қазақ тілін үйренуге деген қызығушылық артып, тіпті қазақша сөйлеу сәнге айналып келеді. Бұл үрдіс болашақта тіліміздің мәртебесін арттырумен қатар, оның әлемдік аренада лайықты орын алуына жол ашуы мүмкін. Жазушы Дәурен Қуат осы және басқа да маңызды мәселелерді қозғай отырып, мемлекеттік тілді дамыту жолындағы жетістіктер мен алда тұрған міндеттер туралы ой бөлісті. – Мемлекет басшысы «Ana tili» газетіне берген сұхбатында қазақ тілінің бәсекеге қабілеті және оны үйренуге деген қызығушылық барынша артып келетінін…
