Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қоғам назарын аударған Magnum желісіндегі даулы оқиғаға байланысты компания басшылығы арнайы мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Компания жетекшілері ел алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, туындаған келеңсіздік үшін көпшіліктен кешірім сұрады. – Қадірлі тұтынушыларымыз, қымбатты отандастар! Соңғы күндері болған жағдай сіздердің де, біздің де көңілімізге кірбің түсірді. Қазақ – сабырлы халық, кез келген түсініспеушілікті ақылмен шешкен елміз. Біз де осы дәстүрді ұстанып, қызметкеріміз бен клиентіміз арасындағы келіспеушілікті реттедік. Тараптар бір-бірімен татуласып, өзара кешірім сұрап, қол алысты. Бүгінде мәселе толық шешіліп, қызметкеріміз өз жұмысын жалғастыруда. Бәріміз қазақпыз. Осы елдің азаматымыз. Әрине, біз де қазақ тілін құрметтейміз. Ана тіліміз —…

Толық оқу

Белгілі журналист Жанжігіт Омархан Абай облысы Мəдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Жанжігіт Омархан бұған дейін республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында ұзақ жылдар еңбек етіп, мәдениет пен тіл саласында ел ішінде өткір ой, салмақты сараптамаларымен танылған кәсіби маман ретінде белгілі. Жаңа қызметте де ол өзінің тәжірибесі мен шығармашылық қарымын өңір мәдениетін дамытуға, мемлекеттік тіл саясатын ілгерілетуге және архив ісін жүйелеуге бағыттайтынына сенім мол.

Толық оқу

Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында «Қаржылық қауіпсіздік бойынша QUIZ» атты ауқымды интеллектуалды ойын өтті. Бұл аймақтағы жетекші жоғары оқу орындарының студенттерін біріктірген білім беру сайысы, деп хабарлайды Ertenmedia.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Интеллектуалды жарысқа С. Аманжолов атындағы ШҚУ (MUGALIM BOYS, Parasyz profi, Қаржы сарапшылары, Пирамида) Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ (Шығыс Эшелоны, Қаржы қалқаны), ҚАЕУ (ФинIQ), сондай-ақ облыстық жастар ресурстық орталығының (Jastar.kz) командалары қатысты. Жастар жеке қаржы және капиталды қорғау саласындағы ең үздік білгірлер атану үшін бақ сынасты. Шараны ұйымдастырушылар — ШҚО Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және С. Аманжолов атындағы ШҚУ. — «Қаржылық қауіпсіздік бойынша QUIZ» жеке қаржылар, инвестициялар, қаржылық тәуекелдерден қорғау,…

Толық оқу

Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу елімізде салынатын тұңғыш атом электр станциясының (АЭС) құрылысына Ресей тарапының қатысқанына мүдделі екенін жеткізді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы ол Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен болған кездесу кезінде мәлімдеді. Министр Нұртілеудің айтуынша, Қазақстан мен Ресейдің түрлі салада бірлескен жобалары бар. Ал атом электр станциясының құрылысы – осы бағыттағы келесі маңызды қадам болуы мүмкін. «Екі елдің тиісті министрліктері қажетті дайындық жұмыстарын жүргізеді деп сенеміз», – деді Мұрат Нұртілеу. Айта кетсек, Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын Алматы облысына қарасты Үлкен ауылында салу жоспарланып отыр. Бұл жобаны жүзеге асыратын компания ретінде Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясы қарастырылып жатыр.

Толық оқу

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстанда тіл мәселесіне қатысты қақтығыстар жоқ екенін, бірақ, өкінішке қарай, кей жерлерде тұрмыстық мәдениетсіздік байқалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ішкі саясаттың жүзеге асырылу бағыттарын Ұлттық құрылтай мүшелерімен талқылады. «Тіл мәселесіне қатысты делінетін бірқатар даулы жағдай шын мәнінде қызмет көрсету саласындағы тұрмыстық қақтығыс саналады. Мұндай жағдайларды кейбір адамдар басқа бағытқа бұруға тырысады», – деді ол кездесуде. Қариннің айтуынша, мұндай жайттардың түпкі себебі – қарапайым этика, тәртіп пен сыпайылық мәселесі. «Біздің елімізде ешқандай тілдік қақтығыс жоқ, бірақ, өкінішке қарай, кей жерлерде тұрмыстық мәдениетсіздік бар. Осы мәселемен бірінші кезекте айналысуымыз керек: тәрбие беру, жаңа қоғамдық этиканы,…

Толық оқу

Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов бастаған мамандар тобы Шығыс Қазақстан облысына келді. Олар су тасқынына байланысты дайындықты және жүргізіліп жатқан алдын алу шараларын тексеріп, алдын алу жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz – Шығыс Қазақстанда өткізілген сенбіліктер мен су тасқынына қарсы іс-шаралар тұрғындардың өз ауласына ұқыптылықпен қарауына және қауіпсіздік шараларын дер кезінде қабылдауына үлкен әсер етті. Бұл бағытта өңірде ауқымды жұмыстар атқарылған, – деді Ералы Тоғжанов. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгінгі таңда облыс аумағында су тасқынына қарсы 107 іс-шара жүзеге асырылды. Атап айтқанда, 16 учаскеде мұз жару жұмыстары жүргізілді, 386 мың текше метр қар шығарылды, 4 853 су өткізу құрылысы,…

Толық оқу

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданында “Заң бар жерде тәртіп бар” атты кездесу өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл кездесу Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және Асқар Шайхиев атындағы БЖСМ бірлесе отырып, Сырым ауданы прокуратурасының прокуроры Темірбай Қайырбек Асылбекұлы, Сырым ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, Полиция майоры Хасанов Азамат Кайырболатұлының қатысуымен ұйымдастырылды. Кездесу барысында Асқар Шайхиев атындағы БЖСМ тәрбиеленушілеріне жеке құқықтары мен міндеттері туралы, түнгі рейдтер, қоғамдық тәртіпті сақтауда қолданылатын әдістер кеңінен түсіндіріліп, заң бұзушылықтың алдын алу шаралары талқыланды. Сонымен қатар, құқық бұзылған жағдайда оның салдары мен жазалары туралы, сондай-ақ мопед жүргізудің жаңа ережелері және қауіпсіздік ережелері жөнінде маңызды…

Толық оқу

Бүгін Алматыда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс тарихы» деп аталатын челленджі басталды. Онлайн-акцияға мектеп оқушылары, жастар мен алматылықтар белсенді қатысып жатыр. Олар соғысқа қатысқан туыстарының немесе әскери жылдардағы отбасылық мұрағаттағы фотосуреттерін әлеуметтік желілерге жариялап, оларды қысқаша әңгімелермен немесе естеліктермен бірге ұсынуда, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматылықтардың әрбір отбасы дерлік өз атасы мен әжесінің естелігін қастерлеп сақтайды – бұл қара-ақ фотосуреттер, сарғайған хаттар, жеке заттар болуы мүмкін. Біздің бейбіт күніміз үшін жанын қиған батыр ата-бабаларымыздың ерліктері, Отанына адал болған жүздеген мың қазақстандықтардың жадында мәңгілікке қалады! Мысалы, Алматы тұрғыны Ирина Амирова өз аталарының оқиғасымен бөлісті: «Біздің отбасымызда соғысқа екі арғы…

Толық оқу

Алдағы екі жыл ішінде Алматы облысында Қытайдың YTO Express компаниясы Орталық Азиядағы ең ірі мультимодальды логистикалық хабты салуды жоспарлап отыр. Жаңа орталық компанияның Біріккен Араб Әмірліктері, Венгрия, Тайланд, Бразилия, Эфиопия және Америка Құрама Штаттарындағы хабтарын қамтитын жаһандық көлік желісінің бір бөлігіне айналады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жобаның таныстырылымы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен YTO Express басқарма төрағасы Юй Вэйцзяо мырзаның кездесуі барысында өтті. Кездесу аясында тараптар ынтымақтастықтың болашағын және жаңа хабтың негізгі параметрлерін талқылады. Аталған жоба өңірдің логистикалық инфрақұрылымын түбегейлі өзгертіп, тауар жеткізу үдерісін жеделдетуге ықпал етпек. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жобаның еліміз үшін стратегиялық маңызын атап өтті. – Логистикалық хабтың құрылысы…

Толық оқу

Алматыда жылуды есепке алу жүйесін цифрландыру жалғасуда. Алдағы жылдары қала тұрғындары жылуға кеткен шығынды онлайн режимде бақылай алады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қазір көппәтерлі үйлерде жылуды есепке алудың жалпыүйлік есептеу құрылғысы орнатылған. Жылу төлемдері пәтердің ауданына және белгілі бір уақыт кідірісімен есептеледі. «Бүгінгі күні есептеу құрылғылары тек үйдің жалпы шығынын өлшейді. Осы себепті төлем пәтердің көлеміне қарай және аздаған уақыт айырмасымен қалыптасады», – деп түсіндірді Ерболат Досаев. Оның айтуынша, қала қазірдің өзінде әр пәтер бойынша нақты тұтынуды бақылауға мүмкіндік беретін цифрлы есептеу жүйесіне көшуді бастап кеткен. «Биыл біз есептеу процесін цифрландыруды…

Толық оқу