Құмар Ақсақалов басқарып отырған Қостанайдағы жағдай көңіл көншітпейді. Облыс қазақыланбаған күйде қалып отыр, — деп жазады Ertenmedia.kz. «Солтүстік өңірлерді сақтау керек. Теріскейде адам азайып жатыр» деген Тоқаевтың Құрылтайдағы сөзінен кейін кейбір аймақ басшылары дереу орнынан кетуі тиіс еді. Қазақстан үшін ең қауіпті сценарий солтүстіктің біртіндеп босап, болашақта осы бос кеңістіктің саяси дағдарыс аймағына айналуы. Қарапайым тілмен айтсақ, бос жерге көз тігетіндер қашанда табылады. Ақсақаловтың әкім ретіндегі стратегиялық біліксіздігі осы қауіпті күн санап жақындатып келеді. Кейінгі кезде оңтүстіктен солтүстікке көшкен қауымның өкпе-реніші мен арыз- шағымы жиілеп кетті. Аймақ басшылығы өңірге орныққысы келетін қазақтілді қауымға қолайлы орта құрудың тетіктерін әзірлемегенін, тіпті мүлде…
Автор: Асылхан Бөрібай
Ақтау қаласындағы «Каспий» су тұщыту зауытында жаңғырту жұмыстары толық аяқталды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Маңғыстау облысында ауызсу тапшылығын жою үшін 6 жоба қолға алынған. Солардың бірі — Ақтау қаласындағы су тұщыту зауыты. Бұл кәсіпорын халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін өндіріс қуатын екі есе арттырды. Зауыт қуаты тәулігіне 20 мың текше метрден 40 мың текше метрге ұлғайтылды. Қазіргі таңда өндіріс автоматтандырылған жүйеде жұмыс істеп тұр. «Зауыт Ақтау қаласынан бөлек Мұнайлы және Қарақия аудандарын сумен қамтамасыз етіп отыр. Алдағы уақытта «Каспий» су тұщыту зауытының көлемін тағы 60 мың текше метрге ұлғайтып, 100 мың текше метрге жеткізу жоспарлануда», — деді «Каспий» су тұщыту зауыты…
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірдегі «Жайлы мектеп» бағдарламасымен салынып жатқан білім ордаларының құрылыстарымен танысты,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Өңір басшысы Орал қаласы Зашаған кентіндегі (600 орындық мектеп), Бәйтерек ауданы Достық ауылындағы (1200 орындық мектеп), Бәйтерек ауданы Байқоныс ауылындағы (600 орындық мектеп) мектептерге барды. Облыс әкімі мердігер компания басшыларына мектептер құрылысы жұмыстарын сапалы және уақытылы жүргізуді тапсырды. «Облыста салынып жатқан жайлы мектептерді аралап жүрмін. Өңіріміздегі жайлы мектептер Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынып жатыр. Сондықтан білім ордаларының құрылысы барынша сапалы әрі уақытылы аяқталуы тиіс. Бұған әрбір мердігер компаниялардың басшылары жауапты. Сондай-ақ, «Samruk-Kazyna Construction» компаниясының өңірлік өкілдігіне және салаға жауапты орынбасарыма барлық жұмыстарды бақылауда ұстауды тапсырдым»,- деді Нариман Төреғалиев.…
Елімізде креативті индустрияны дамыту қоры құрылады. ҚР мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында елімізде жетекші шығармашылық және білім беру ұйымдарының қатысуымен креативті индустрияны дамыту қорын құру жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Министр Мемлекет басшысы 2021 жылғы жолдауында креативті индустрияны қолдаудың арнайы институтын құруды тапсырғанын атап өтті. Осылайша, заңнамаға сәйкес, креативті индустрияны дамытуға жәрдемдесетін заңды тұлға – Креативті индустрияларды дамыту қоры болады. Қор Қазақстанның жетекші шығармашылық және білім беру ұйымдарының қатысуымен қорпоративтік қор ретінде құрылады және негізгі 4 бағыт бойынша қызметті жүзеге асырады: Таланттарды анықтау (конкурстар, креатондар, мобильді продюсерлік орталықтар ұйымдастыру, өңірлерде таланттарды іздеу). Жобаларды дамыту (стартаптарды акселерациялау және…
Биыл Алматы тұрғындары мен қонақтары Наурыз мейрамын кең көлемде тойлайды, қалада іс-шараларда дәстүр мен жаңашылдық үйлесім табады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ашық аспан астындағы ауқымды концерттер, спорттық жарыстар, жәрмеңкелер мен түрлі іс-шаралар «Көктөбе» саябағында, Абай алаңында, Панфилов жаяу жүргіншілер көшесінде, Арбатта және Астана алаңында өтеді. Сонымен қатар, мерекелік іс-шаралар шаһардың барлық ауданында ұйымдастырылады. Қала театрлары мен цирк қайырымдылық қойылым ұсынса, ірі концерт залдарында қазақстандық және шетелдік жұлдыздар өнер көрсетеді. Жалпы, Алматыда Наурызнама аясында 100-ден астам іс-шара өтеді. Астана алаңы 21 наурыз күні сағат 11:00-де Астана алаңында «Алматы – Наурыз құшағында» атты негізгі салтанатты концерт өтеді. Сахнада әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблі, Майра Мұхамедқызы, Жанар…
Бүгін Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күніне орай Өскемен қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі «Юбилейный» кинотеатрында қала тұрғындары мен қонақтарына бұрын соңды болып көрмеген «Бабалар ізімен» атты ерекше көрме ұйымдастырды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Халқымыздың ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі ұлы тарихына терең бойлауға мүмкіндік беретін тамаша шара «ежелгі дәуірдің жанданған бейнелері» мен тарихи жаңғыртпалар әлеміне енгізеді. Мұраларды сақтап, өткенімізге көз жүгірту үшін ұйымдастырылған жаңа форматтағы көрменің ерекшелігі – көрермендер ежелгі дәуірдің тарихи реконструкциялары арқылы бабаларымыздың өмірін, тұрмысы мен мәдениетін жаңаша қырынан тамашалай алады. Бұл тек экспонаттарды тамашалау емес, сонымен қатар ежелгі адамдардың дүниетанымын, рухани…
Бүгін Наурыз мерекесін атап өту аясындағы Шаңырақ күніне орай әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға, жетім балаларға, көпбалалы отбасыларға облыс орталығында жаңа 60 пәтер берілді. Талдықорғандықтарға пәтер кілттерін облыс әкімі Бейбіт Исабаев тапсырды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жалпы «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қаржысына тұрғызылған бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы өткен жылдың наурыз айында басталған болатын. Бүгін пайдалануға берілген үйдің 15-і — бір бөлмелі, 15-і – екі бөлмелі, 30-ы – үш бөлмелі пәтерлер. Өңір басшысы «Бірлік» шағын ауданындағы жаңа қоныс иелерін қуаныштарымен құттықтап, Талдықорған қаласына жасалып отырған қолдаулар шараларына, соның ішінде тұрғын үй құрылысын жандандыруға…
Еліміздегі ең ауыр, ең жүрек ауыртатын мәселесі балалар мен жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау фактілері екені жасырын емес. Мұндай қасіретті мәліметті ресми тілмен айтқанда суицид деп атаймыз. Бірақ бұл терминнің артында ата-ананың жасқа шыланған жанары, досының аң-таң қалған көзқарасы, мектеп мұғалімінің өзіне қойған кеш сұрағы, ең ақыры – жауап таппай кеткен баланың тағдыры жатыр. Қазақстан, өкінішке қарай, жылдар бойы балалар суициді бойынша дүниежүзілік статистикада жоғары тұрғаны жанға батады. Бұл біздің елдегі әлеуметтік-рухани дабыл жүйесінің мүлде ескіргенін, баланың ішкі жан дүниесін тану мәдениетінің жүйелі түрде қалыптаспағанын көрсетеді. Өйткені суицид – кенеттен пайда болатын құбылыс емес. Ол – бірнеше деңгейлі, күрделі әлеуметтік,…
Бұрындары ұлттық қауіпсіздік сыртқы агрессиямен, шекарамен, тыңшылармен өлшенсе, бүгін оның ішінде нан бағасы, ет қоры, сөрелердегі қанттың бар-жоғымен өлшенетін күн туды. Соңғы жылдары біз азық-түлік қауіпсіздігі туралы көбірек айта бастадық. Бірақ оны әлі күнге дейін стратегиялық категория ретінде емес, сауда сөрелеріндегі бір сәттік тапшылықпен байланыстырғымыз келеді. Мысалы, базарда картоп бір күнде 80 теңгеден 200 теңгеге секірсе дүрлігіп кетеміз. Қазақтың қазанына ет салынбаса, көңілі көншімейді. Ет – жай ғана тағам емес, салт-дәстүрдің, қонақжайлықтың, ұлттық болмыстың өзегі. Демек, еттің айналасындағы саясат та – ұлттық қауіпсіздіктің көрінісі десек болады. Бүгінде кез келген кәсіпкер өндірген етін шетелге қымбат бағаға экспорттауға мүдделі. Себебі сыртта баға…
Бурабайда өткен IV Ұлттық Құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың болашағы мен білім, ғылым саласын дамытуға қатысты бірқатар маңызды бастамаларды көтерді. Мемлекет басшысы жастардың кәсіби дамуын қамтамасыз ету, сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге жағдай жасау, сондай-ақ білім беру жүйесін заман талабына сай жаңарту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, жастардың халықаралық деңгейдегі білім алуын қолдау үшін Қосшы қаласында жаңа колледж ашу мәселесін көтерді. Отандық сарапшылардың айтуынша, бұл бастамалар жастардың әлеуетін арттырып, еліміздің болашағына зор ықпал етеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Президенттің сөзінше, 2019 жылдан бері 250-ден астам жаңа жатақхана салынды, бұл студенттер үшін орын тапшылығын 6 есе қысқартты. Жоғары оқу орындарында 624 мың студент білім…










