Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Төлеби ауданына қарасты Екпінді ауылында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай, қазақтың ұлттық ойыны көкпардан жарыс өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Елді ынтымақ-бірлікке шақырып, салауатты өмірді насихаттаған спорт додасына Шардара ауданының тумасы, ұлттық спорттың жанашыры, жеке кәсіпкер Виктор Деревянко ұйытқы болып, демеушілік етті. Жарыстың жалпы жүлде қоры 4,5 млн теңгені құрады. Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шараға еліміздің бірқатар өңірлері мен Германия, Ресей, Қытайдан келген қонақтар, сондай-ақ облыстың барлық аудан, қалаларынан атбегілер мен шабандоздар және ардагер спортшылар, ауыл ақсақалдары, БАҚ өкілдері, жергілікті тұрғындар қатысты. Көкпарда ас беріліп, киіз үйлер тігіліп, патриоттық әндер шырқалды. Көкпардың басты ұйымдастырушысы…

Толық оқу

2025 жылғы 5 сәуірде Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең ауқымды жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылды. Бұл шара өңір тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыруға, тазалық пен тәртіпті сақтауға бағытталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Сенбілікке барлығы 31 907 адам, сондай-ақ 3 835 кәсіпорын мен ұйым белсене қатысты. Қоғамдық тәртіп пен қоршаған ортаны қорғау мақсатында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 1 055 тонна қоқыс шығарылып, 330 арнайы техника жұмылдырылды. Осы күні өңір аумағында 8 799 түп ағаш отырғызылып, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары қарқын алды. Сонымен қатар, 14 538 көппәтерлі және жеке тұрғын үйлердің аулалары тазартылып, 101 тарихи-мәдени ескерткіштер мен 316 әлеуметтік нысандардың аумағы ретке келтірілді.…

Толық оқу

Алматы әкімі Ерболат Досаев жылыту маусымын аяқтау және 2025-2026 жылдардағы келесі жылыту маусымына дайындық мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді. Алматыда әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерге жылу беруді кезең-кезеңімен өшіру 10 сәуірден басталады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қазіргі жағдай туралы Энергетика және су шаруашылығы басқармасының, «Алматы жылу желілері», «Алматыжылукоммунэнерго», «Алматы электр станциялары», «Алатау Жарық Компаниясы», «Алматы Су», Алматы филиалы «QazaqGaz Aimaq» өкілдері баяндады. Ұйымдардың мәліметінше, 2024-2025 жылдардағы жылу маусымы штаттық режимде өтіп жатыр. Барлығы 404 білім беру, 128 денсаулық сақтау және 8 863 тұрғын үй орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген. Жылыту маусымын дайындау және өткізу ережесіне сәйкес, Алматыда сыртқы ауа температурасының орташа тәуліктік…

Толық оқу

Қатты жел Риддер қаласының тұрғындарына ең көп залал келтірді. Электр желілерін зақымдап, тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттардың шатырларын ұшырып, ағаштарды құлатты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алдын ала деректерге сәйкес, Риддерде электр беру желілері ішінара зақымдалып, тұрғын және шаруашылық нысандардың шатырлары жұлынып, ағаштар мен түрлі құрылымдар құлады. ДОСААФ ауданында Л-61 желісінің ПС-1 қосалқы станциясынан апатты түрде ажыратылуына байланысты шамамен 1237 тұтынушы электр қуатынсыз қалды. Қалпына кетіру жұмыстарына екі апаттық бригада жұмылдырылды, үшіншісі жасақталуда. Жұмыстар күн соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. «Жедел әрекет ету штабы құрылды. Коммуналдық және апаттық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Азаматтардың өтініштері қабылданып, жедел түрде қаралуда. Жағдай жергілікті…

Толық оқу

Бүгін Семей қаласының орталық алаңында Қасым Қайсенов атындағы №68303 әскери бөлімінің жеке құрамына жаңа арнайы техникалардың кілтін тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Берік Уәли, Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов қатысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Облыс құрылғалы бері өңірге 28 өрт сөндіру техникасы мен 24 инженерлі техника берілген. Бүгін құтқару қызметінің қажеттіліктеріне арналған 23 техниканың кілті жүргізушілерге тапсырылды. Олардың қатарында жоғары өтімді жүк көліктері, арнайы құтқару машиналары мен «Трэкол» көлігі бар. Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген облыс әкімі Берік Уәли Төтенше жағдайлар министрлігіне алғыс айтып, жаңа техникалардың келуі өңір тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жасалған маңызды қадам екенін атап өтті. «Біздің аймақ – орманды-далалы,…

Толық оқу

Оралдағы Тұңғыш Президент атындағы орталық алаңда ел тарихында алғашқы рет арқан тартыстан Қазақстан Республикасының жаңа рекорды тіркелді. Бұл туралы БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Аталмыш шарада 200 адам бір мезетте арқан тартып, ұлттық спорттың мәртебесін асқақтатты. Шара салауатты өмір салтын насихаттауға, ұлттық мұрамызды ұлықтауға және жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Жарысқа екі команда — «Жайық» және «Еділ» қатысып, өзара мықтыны анықтады. Қызықты да тартысты өткен бәсекеде «Жайық» командасы жеңіске жетіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Аталған жетістік ресми түрде тіркеліп, Орал қаласы арқан тартыс бойынша Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Шараға арнайы келген Қазақстан рекордтар кітабының ресми…

Толық оқу

Алматы әкімдігінің 2025 жылдың 7 сәуірінде берген ақпаратына сай, 2025 жылдың басынан бастап Жетісу ауданында 25 СЕСН (стационарлық емес сауда нысаны) жойылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматыда көшедегі сауда нысандарын сүру жұмыстары 2025 жылдың 4 ақпанында СЕСН мониторингінен кейін басталған болатын, қала бойынша олардың саны шамамен 500 болған. Сүру жұмыстары жалғасуда, ал қала әкімдігі кәсіпкерлерді сауда нысандарын орналастыруда белгіленген нормалар мен ережелерді сақтауға шақырады. Айта кету керек, 2025 жылдың басынан бастап Алматының Жетісу ауданында өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 57,5 млрд теңге болды. 2024 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 50 млрд теңге еді. Осылайша, өнеркәсіп өндірісінің физикалық көлемінің индексі (ИФО) 107,5%-ға жетті. Биылғы…

Толық оқу

«Барыс Арена» спорт кешенінде өткен бокс кешінен кейін волонтерлер мен жанкүйерлер азаматтық жауапкершіліктің жоғары деңгейін үлгі етті. Олар сүйікті спортшыларын қолдап қоймай, трибуналардағы қоқысты жинап, аренаны таза қалдыру міндетін де қолға алды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. Мұндай игі бастамалар Астанада барған сайын танымал бола түсуде. Елорда тұрғындары мен қонақтары «Таза Қазақстан» ауқымды экоакциясын белсенді түрде қолдайды. Елордада жанкүйерлердің жаңа мәдениеті, сол сияқты сүйікті спортшылардың қолдауы тазалықпен және тәртіппен үйлесіп жатады. «Керемет кештен кейін эмоциямыз тасып тұрған шаққа қарамастан келеңсіз жағдайды назардан тыс қалдыра алмадық. Осындай игі іске өз үлесімді қосқанымды мақтан тұтамын және бұл іс жанкүйерлер мәдениетін нығайтады деп…

Толық оқу

Мемлекет Басшысы бастамашылық еткен ұлттық экологиялық науқан – «Таза Қазақстан» аясында Алматы облысында кең ауқымды сенбілік өтті. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қоршаған ортаны абаттандыру мен тазарту ісіне елеулі үлес қосты. Іс-шараға аумақтық бөлімшелердің шамамен 400 қызметкері қатысты: 200-ге жуық ағаш көшеті отырғызылып, 15 тоннадан астам қоқыс жиналды, теміржол бойындағы және қалалық гараждардың маңындағы аумақтардан қураған шөптер мен рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері тазартылды. Алматы облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Даурен Даулетқанұлы Оразбековтың қатысуы ерекше назар аудартты – ол әріптестерімен бірге тазалық жұмыстарына тікелей қатысты. Оның үлгісі экологиялық жауапкершілік мәселелеріндегі көшбасшылықтың маңыздылығын айқындады. — Экологияға қамқорлық — бәрімізге ортақ міндет. Мұндай бастамалар…

Толық оқу

Бүгін «Ақтау – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы» жылының ашылу салтанаты өтті. Айтулы іс-шараға орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтау хатын жолдады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысының құттықтауын ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева оқып берді. Президент өзінің құттықтау хатында Ақтау қаласының Түркі әлемінің мәдени астанасы атануын еліміз үшін ғана емес, барлық бауырлас түркі мемлекеттері үшін маңызды оқиға ретінде атап өтті. «Шежірелі Маңғыстау, қазыналы Үстірт аймағы тұтас түркі өркениетінің ажырамас бөлігі саналады. Киелі өлкеде ұлтымыздың, жалпы түркі дүниесінің сан ғасырлық рухани мұрасы сақталған. Тарихы тамырлас, дәстүрі сабақтас халықтардың ынтымақтастығын одан әрі нығайту – баршамыздың ортақ міндетіміз.…

Толық оқу