Финполдың экс-төрағасы Қайрат Қожамжаров 2025 жылдың басынан бері Мәскеуде тұрып жатыр, деп жазады Ertenmedia. Elmedia-ның дерегінше, соңғы кезде Ресей Қожамжаровқа қолайсыз болып жүр, ескі Қазақстанның белді өкілі басқа елге қоныс аударуды жоспарлап жүр дейді-мыс. Егер бұл рас болса, демек Қайрекеңнің Мәскеудегі ықпалды достары оған қауіпсіздік кепілдігін бере алмайтынын, тиісінше тергеуден арашалап қала алмайтынын жеткізген. «Біздегі мәлімет бойынша, Қожамжаров Мәскеуге биылғы жылдың басында көшіп келген. Өзімен бірге Қостанай тумасы, ел ішінде Марго аталып кеткен Мәргәрита Александрова дейтін тоқалын да ертіп алған. Тоқалдан туған екі ұл Мәскеудегі беделді гимназиялардың бірінде оқиды. Қайрат Пернешұлы балаларын мектептен өзі алып кетеді екен. VIP санатындағы фастфудтан…
Автор: Асылхан Бөрібай
Спорт тек медаль мен рекордтар емес, елдің экономикалық қуатын арттыратын маңызды сала. Соңғы жылдары елімізде спорттық заңнаманы жаңарту, бұқаралық спортты дамыту, инфрақұрылым салу және ірі жарыстар өткізу ел экономикасына нақты пайда әкеле бастады, деп жазады Ertenmedia.kz. Бюджет саясаты: легионерден – ұлттық спортқа 2025 жылғы 16 маусымнан бастап бюджет қаражаты есебінен шетелдік легионерлерді қаржыландыруға тыйым салынды. Бұл шешім бір қарағанда тек спорттық кадр саясатына қатысты секілді. Алайда шын мәнінде қаржы ағынының бағытын өзгертіп, ішкі нарықты қолдауға мүмкіндік беріп отыр. Бұдан былай Олимпиада, Паралимпиада, Азия ойындары мен Ұлттық ойындардағы нәтижелерге қарай қаржыландыру басымдық алады. Яғни қаражат нақты нәтиже әкелетін ұлттық құрамаға, балалар…
Мәдениет пен креативті индустрия бүгінде тек рухани саланың шеңберінде қалмай, нақты экономикалық өсім мен жаңа жұмыс орындарын қалыптастыратын бағытқа айналып келеді. Қазақстанда қабылданып жатқан салықтық ынталандырулар, инфрақұрылымдық жобалар және кино мен баспа саласын қолдауға арналған тетіктер осы сектордың нарықтық әлеуетін күшейтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Нарыққа жол ашқан инфрақұрылым Креативті индустрияны дамыту үшін 17 өңірде 18 креативті орталық ашылып, салықтық жеңілдіктер енгізілді. Сонымен бірге білім беру бағдарламалары, акселераторлар және халықаралық тағылымдамалар іске қосылды. Бұл – жас таланттарға ғана мүмкіндік емес, шағын бизнес пен стартаптарға тұрақты экожүйе қалыптастырудың тиімді құралы. Өйткені креативті өнім жасау үшін орта, құрал және нарыққа шығу жолдары қажет.…
Атырау облысында халықты сапалы ауыз сумен, көгілдір отынмен және электр желілерімен қамтамасыз ету деңгейі 99,9 пайызға жеткен. Яғни 713 мыңнан астам тұрғынның басым бөлігі негізгі коммуналдық игіліктерге қосылған. Бұл турасында Астанада Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте облыс басшысы Серік Шәпкенов айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңір басшысы Серік Шәпкеновтің айтуынша, соңғы кезеңде электр желілерін жаңғыртуға басымдық берілген. Атырау қаласы мен аудандарда 302 шақырым электр желісі жаңартылыпты. Ескі сымдар ауыстырылып, апатты жағдайлар азайтуға бағытталған шаралар қабылданнып жатқанын естідік. Әкім кездесуде журналситерге қуаттылығы 32 МВт болатын «Нұрсая-Самал» қосалқы стансасының құрылысы аяқталғаны да айтылғанын да айтты. Бұл жаңа ықшамаудандар мен халық саны өсіп келе…
Атырау аймағы соңғы жылдары тек мұнаймен емес, жол мен көлік инфрақұрылымын жаңартумен де көзге түсіп жатыр. Осы ретте облыс басшысы Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар орталығында журналистермен жүздесуде биыл өңірде 247,9 шақырым жол жөнделген айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Осының арқасында Атырау облысында жақсы жағдайда тұрған автомобиль жолдарының үлесі 78 пайыздан 83 пайызға өскен. Санмен айтқанда, әрбір он шақырымның сегізінен астамы қалыпты деңгейге жақындап келеді. Жергілікті тұрғын үшін бұл күнделікті жүрісінің жеңілдеуі, ауыл мен қала арасындағы қатынастың біршама сенімді бола бастауы. Жолаушы тасымалы тек жолмен шектелмейді. Брифингте автожол, авиация және теміржол салаларында да жаңарту жүріп жатыр деген ақпарат берілді. Әуе қатынасын дамыту…
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмаларына сәйкес Маңғыстау облысында өңірдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында инвестиция тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Соңғы үш жылда облыстың негізгі капиталына 2,9 трлн теңгеден астам инвестиция тартылған, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы,деп жазады Ertenmedia.kz. Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, биыл жалпы құны шамамен 230 млрд теңгені құрайтын 17 жоба іске қосылып, нәтижесінде 550-ге жуық тұрақты жаңа жұмыс орны ашылған. — Жыл соңына дейін жалпы құны 38 млрд теңге болатын тағы бес жобаны пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, жыл басынан бері ірі шетелдік инвесторларды тарту және екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында жақын және…
Волонтерлер күні тек күнтізбедегі дата емес, ел ішіндегі мейірім мен жауапкершіліктің мерекесі. ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Аида Балаева өз құттықтауында волонтерліктің мәдениет, білім, экология, медицина және әлеуметтік қолдаудағы рөлін ерекше атап өтіп, мемлекет тарапынан қолдау жалғасатынын жеткізеді. — Құрметті волонтерлер! Құрметті достар! Сіздерді Халықаралық волонтерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қазіргі кезде волонтерлік қозғалыс еліміздегі қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Сіздер мәдениет пен білім, экология мен медицина, әлеуметтік қолдау мен қайырымдылық салаларының дамуына үлес қосып келесіздер. Кейінгі жылдары Қазақстанда волонтерлікті мемлекеттік қолдаудың біртұтас жүйесі қалыптасты, ол әрқашан мемлекеттік саясаттың назарында. Дәл бүгін БҰҰ-ның Нью-Йорк қаласындағы…
Ресейдің Әрктикадағы алып жобасының артында Назарбаевпен байланысты қалталы тұлғаның тұрғаны анықталды, деп жазады Ertenmedia. Осыдан жеті жыл бұрын Кремль көсемі Чукоткідегі Байым мыс кенішінде тау-кен байыту комбинатының құрылысын бастауға пәрмен берген. Құны 14 млрд доллар тұратын кешенде теңіз үстіндегі АЭС, порт және 400 км жол салынуда. Жоба іске қосылғанда Мәскеудің мыс өндірісі 25 пайызға, ал алтын өндірісі 4 пайызға артуы тиіс дейді. Алғашында Роман Абрамовичтің иелігінде болған кенішті кейіннен қазақстандық KAZ Minerals компаниясы сатып алған. Соңғы жылдары жоба АҚШ санкциясының құрсауында қалып, жабық инвестициялық қорға өткен. «Система» барлаушыларының мәліметінше, Байым жобасы әлі күнге дейін KAZ Minerals-тың ірі акционері Владимир Киммен…
Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы шараларды қысқа да нақты баяндады. Оның айтуынша, жалпы құны 36 млрд теңгелік 254 кәсіпкерлік жобаға қолдау көрсетілген. Соның нәтижесінде 1725 жаңа жұмыс орны ашылған, деп жазады Ertenmedia.kz. Атырау облысында кәсіпкерлікті дамытуға биыл 9 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бұл жай сөз емес, жоспарлы түрде шағын және орта бизнестің салмағын арттыруға бағытталған нақты қолдау. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында шағын және орта бизнес өндірген өнім көлемі 2,4 трлн теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш облыстың жалпы өңірлік өнімінің 21 пайызына тең. Яғни әр бес теңгенің бірі – шағын және орта бизнеске…
Түркістанда балаларға арналған қалалық оңалту орталығының ашылу салтанаты өтті. Маңызды нысанның ашылу салтанатына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, орталықтың ашылуына атсалысқандарға алғыс білдірді. Сондай-ақ осындай игі жобалардың жүзеге асуы қоғамның бірлесіп атқарған жұмысының жемісі екенін атап өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. – Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың құқығын қорғау, оларға қолайлы жағдай жасау мәселесіне үнемі назар аударып келеді. Бұл бастамалар балалардың құқықтары, қауіпсіздігін, әлеуметтік-психикалық дамуы, өмір сүру жағдайы мен денсаулық көрсеткіштерін жақсарту мәселелерін кешенді қамтамасыз етуге арналған. Балалар біздің болашағымыз. Олардың денсаулығы мықты, мүмкіндіктері кең, өмір сапасы жоғары болуы мемлекет үшін басты міндет. Сондықтан…










