Былтыр Алматы облысында 950 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынып, 17 ауыл газбен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ 700 шақырымға жуық жол жөнделді және басқа да маңызды жұмыстар атқарылды. Өңірде партияның сайлауалды уәделерінің жүзеге асырылу тиімділігі Қонаев қаласында өткен «AMANAT» партиялық бақылау комитетінің көшпелі отырысында талқыланды. Сонымен қатар партия өкілдері сайлауалды бағдарлама аясында салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, былтыр өңірде нақты экономика саласында 23 жоба жүзеге асырылып, 8 мың жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ 19,4 мың орынға арналған 18 мектеп, 47 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынды. Осылайша «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы азаматтардың өзекті…
Автор: editor
Жамбыл облысында өткізілген көкпарда дау шығып, іс сотқа жетті, — деп хабарлайды ErtenMedia. Жуалы аудандық сотыда ӘҚБтК-нің 434-б. 1-б., (Ұсақ бұзақылық) бойынша Б. және Ө.-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды. 2024 жылы қаңтарда құқықбұзушылар Ө. және Б. Ертай ауылында ауылдар арасында өткізілген көкпар ойынында ауыл тұрғындарының көзінше бір-бірін балағаттап, айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткен. Б. өзінің түсініктемесінде О.-ның атының басы бетіне тиіп жарақат алып, нәтижесінде екеуінің арасында жанжал басталғанын көрсеткен. Cот отырысында өңір тұрғындары кінәларын толық мойындап, жасалған іс-әрекеттеріне өкінетінін көрсетті. Сот қаулысымен Ө. және Б. ӘҚБтК-нің 434-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсына 78 мың теңгеден аса айыппұл салынды. Сот қаулысы…
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп көмекшілеріне инаугурациядан кейін бірнеше күн ішінде Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуді ұйымдастыруды тапсырды, — деп хабарлайды ErtenMedia. CNN мәліметінше, олардың телефон арқылы сөйлесетін күні әзірге белгісіз. Арна дерекөздерінің айтуынша, Трамп Путинмен жеке сөйлесу Украинадағы қақтығысты тоқтататын шешім табуға көмектеседі деп сенеді. Айта кетейік, бұған дейін Трамп Вашингтондағы ұлықтау алдындағы сөзінде ел алдында тұрған барлық дағдарысты шешетінін айтқан болатын. Ол АҚШ-тың иммиграциялық және сауда саясатын түбегейлі өзгертуге ниетті. АҚШ президентінің инаугурациясы бүгін шығыс уақыты бойынша түстен кейін (Астана уақыты бойынша 22:00-ге) жоспарланған, сол уақытта Трамп Капитолий ғимаратында президенттік ант қабылдайды. Еске салайық, 2024 жылы…
Қатігездікпен адам өлтірді деген күдікке ілінген екі қазақстандық Ресейден экстрадицияланды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Күдіктілер 2023 жылы қаңтарда Шымкентте басқа үш адаммен бірлесіп, жеке араздықпен танысын өлтіруді жоспарлаған. Ойларын жүзеге асыру мақсатында күдіктілер тапанша, металл шыбықтар мен биталармен қаруланып, қолғап пен маска киіп, түнгі уақытта жәбірленушінің үйіне келген. Олар терезелерді сындырып, үйге кіріп, жәбірленушіге аса қатыгездікпен көптеген дене жарақатын келтірген. Кейін үйдегі басқа адамдарды ұрып-соғып, жәбірленуші көз жұмған соң оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленуші ауыр дене жарақаты салдарынан жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған. Күдіктілердің екеуі ізін суытпай ұсталып, әртүрлі жазаға тартылған. Ал қалған үш күдікті елден қашып үлгеріп, оған халықаралық іздеу…
АҚШ-тың Мемхатшысы лауазымына ұсынылған сенатор Марко Рубио «Джексон-Вэник түзетулері» деп аталатын, Орта Азия елдерімен саудаға кедергі келтіріп отырған 50 жыл бұрынғы заңды «өткен дәуірдің қаңсығы» деп атады. Мәлімдеме Сенаттың Сыртқы істер комитетінде өткен тыңдау кезінде жасалды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Рубионың пайымдауынша, Орта Азияның негізгі экономикалық серіктесі саналатын Бейжің Әмірика үшін басты — қауіп-қатердің бірі. Ұлттық қауіпсіздік мәселесінде қатаң позиция ұстанатын сенатор Мәскеу, Тегеран және Пхеньян сияқты «диктаторлық жүйелерді» де соңғы кезде қатаң сынға алуда. Сенаттың Сыртқы істер комитетінде өткен тыңдау кезінде сенаторлар Рубионың уәжін мұқият тыңдап, сөзін бөлмеуге тырысты. Бұл оның Мемлекеттік хатшы қызметіне бекітілуі ықтимал екенін көрсетіп отыр.…
Әскерде жүріп ауыр жарақат алған Ербаян Мұхтар роботтың көмегімен қозғала бастаған. Бұл туралы заңгер Инга Иманбай мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. «Ұзақ әрі нәтижелі емнің арқасында айтарлықтай оң өзгерістер бар: Басына сәтті ота жасалды. Инфекциядан толық арылды. Катетері мен мұрнындағы зонты алынды. Салмақ қосып, робот арқылы қимылдай бастады. Өзі аздап тамақ іше бастады», — деп жазды ол. Инга Иманбайдың айтуынша, дәрігерлердің де болжамы жақсы, бірақ толық оңалуға әлі уақыт керек. Ал ем Ыстамбұлда жалғасып жатыр. Айта кетейік, бұған дейін заңгер, құқық қорғаушы Инга Иманбай Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тергеу дұрыс жүргізілмей жатқанын мәлімдеді. Заңгер Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тергеушіге іздеу салды.…
Марқұм Болат Назарбаевтың ұлы Ханболат Астанадағы сот шешімімен бұзылуға міндеттелген құрылыс нысанын ағасы Данияр Кесікбаевқа сыйға тартты, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Nege.Aqsha арнасына сілтеп. Айта кетелік, былтырғы жылдың 20 ақпанда Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі ауданаралық сот Болат Назарбаевтың Майра Құрманғалиевадан туған ұлына Астанадағы Тәуелсіздік даңғылының бойындағы ойын-сауық орталығын заңсыз салғаны үшін 103 500 теңге айыппұл салған. Ханболат Назарбаев бұл учаскені 2020 жылы ақпанда кәмелетке толуына орай сый ретінде алған. Осылайша бұрын бұл жерде орналасқан қонақүй кешенін бұзып, оның орнына сауда ойын-сауық орталығын құрылыс рұқсатынсыз және алдын-ала ескертусіз жүргізе бастаған. Сот экс-президенттің (Нұрсұлтан Назарбаевтың — еск.) немере інісіне айыппұл төлетіп қана қоймай,…
Жетісуда шетелдік азаматтар мен Қазақстан Республикасының азаматынан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ұсталған топ мефедрон психотроп затын өндіретін есірткі зертханасын басқарған. «Жазда шетелдік азамат Францияда жүрген кезінде туысына шетелде жұмысқа тұруға ұсыныс жасаған. Олар Қазақстанға келгеннен кейін жетекшілерінің бақылауымен есірткі зертханасын құрып, оның нұсқауы бойынша әрекет еткен. Қазақстан азаматы оларға қажет құрал-жабдықтарды жеткізіп, есірткі жасырумен айналысқан», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов. Ұстау кезінде олардан шамамен 6 келі мефедрон және арнайы құрал-жабдық тәркіленді. Күдіктілер қамауда. «Қылмыстық схеманың басқа да қатысушыларын анықтап, жауапкершілікке тарту үшін тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Қуандық Әлжанов.
Бүгін Қонаевтағы туристік-спорттық ойын-сауық кешені ASP Arena-да қысқы дрифт шоу өтіп жатыр. Шара 16 қаңтар күні басталған. Бүгін ақтық мәре өтуде. Шараны тамашалауға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев те келді. Дрифт шоу үшін ауданы 20 600 шаршы метрді құрайтын Орта Азиядағы ең үлкен мұз айдыны ашылды. Көлік жарысына әлемнің түкпір-түкпірінен жүргізушілер жиналған. Көрермен үшін мейрамхана жұмыс істеп тұр және тегін ыстық шай, кофе ұйымдастырылған. Сыйлық қоры жекелей қатысушыларға 1000 АҚШ доллары мен командалық есепте 2000 АҚШ долларын құрап отыр. Дрифт шоудан кейін AFTERPARTY өтеді. Оның хедлайнері – Нигатив және V$XV PRiNCE. Сондай-ақ бүгін Қонаев қаласының әкімдігі білім, спорт және әлеуметтік…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда үздік шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуды тапсырды. Бұл бастама отандық университеттердің ғылыми және академиялық әлеуетін нығайтуға, озық әлемдік тәжірибені енгізуге және еліміздің білім беру жүйесін трансформациялауға бағытталған, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінгі таңда 34 шетелдік жоғары оқу орындарымен келісім-шарт жасалған. Елімізде 23 серіктес университет бар, онда мыңдаған студенттер педагогика, инженерия және жасанды интеллект сияқты 34 мамандық бойынша білім алуда. Табысты халықаралық ынтымақтастықтың жарқын мысалдарының бірімен Абай облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев бөлісті. 2023 жылдың мамыр айында Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университетте Быдгощ қаласындағы Экономика университетінің (WSG University…
