Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Қонаев қаласында Наурыз мерекесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Достық» аллеясының салтанатты ашылуы өтті. Бұл маңызды сәт халқымыздың бірлігі мен татулығын дәріптейтін үлкен мерекенің ажырамас бөлігіне айналып, ел ішіндегі ынтымақ пен келісімнің жарқын символына айналды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ашылу рәсіміне мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, Ассамблея мүшелері және қала тұрғындары қатысты. Құрметті қонақтардың қатарында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев болды. Өңір басшысы жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, мұндай игі бастамалардың ел ішіндегі ұлтаралық келісімді нығайтып, қоғамның бірлігін арттырудағы маңызын атап өтті. Сонымен қатар, түрлі әлеуметтік және мәдени жобаларды жүзеге асырып жүрген Ассамблея мүшелері…

Толық оқу

Қонаев – Алматы облысының әкімшілік орталығында  Наурыз мейрамы кең ауқымда тойланды. Орталық алаңда 25 киіз үй тігілді, олардың әрқайсысында қазақ халқының дәстүрлері көрсетілді. Мерекеге келген қонақтарға ұлттық салт-дәстүрлер таныстырылып, наурыз-көже мен бауырсақ ұсынылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев мерекелік шараларға қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын Наурызбен құттықтады. Ол бұл мейрамның бірлік пен жаңару символы екенін атап өтті: – Бұл мереке бізді біріктіреді. Дәстүрлерімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – біздің міндетіміз. Себебі дәл осы құндылықтар халқымызды мықты әрі біртұтас етеді, – деді Марат Сұлтанғазиев. Мерекеге Венгрия, Қытай, Қырғызстан, Литва, Түркия және АҚШ-тың…

Толық оқу

Түркия тарихындағы ең ірі демократиялық символға айналған Экрем Имамоғлуның тұтқындалуы – жай ғана бір адамның қамалуы емес, тұтас жүйенің әлсіреген сенімін көз алдыңа жайып салды. Стамбулдың мэрі болған бұл тұлға – жай әкім емес, Ердоғанның өзіне қарсы тұрар бірден-бір үміт еді. Енді соны «терроризммен байланысы бар» деп, тар қапасқа тығу – бұл жәй қылмыстық іс емес, саяси сценарийдің шымылдығын түрген алғашқы сахна. Осы сәттен бастап Түркияның көшелері қайта сөйлей бастады. Стамбул, Анкара, Измир – бәрі бір үнге көшіп, «Имамоғлуға бостандық!» деп ұрандатты. Бұл тек бір адамның артында тұрған қолдаушылар емес, демократия деген ұлы ұғымның соңғы бекінісін қорғауға шыққан жұрт. Олар…

Толық оқу

Түркістан облысында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде тойланып жатыр. «Наурызнама» онкүндігі аясында ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлауда, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін облыс орталығында «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік іс-шара өтті. Салтанаттты жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, өңір тұрғындары мен қонақтарын құттықтады. – Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлыс оң болсын! Наурыз – молшылық пен жаңарудың мейрамы! Бабаларымыз 5 мың жылдан бері Наурызды жыл басы ретінде атап келеді. Наурыз Оңтүстіктен басталады. Бұл күні халқымыз мол дастарқан басында…

Толық оқу

Наурызнаманың Ұлттық спорт күніне орай Жетісу облысының аудан-қалаларында жалпы саны 176 спорттық шара өтті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәселен, Талдықорған қаласында классикалық шахматтан 2025 жылғы Қазақстан Балалар кубогы – Төлеуғазы Кәріпбаев мемориалының І кезеңі басталды, жарыс 26 наурызға дейін жалғасады. Турнирге Қазақстанның 20 облысынан, сондай-ақ Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан 300 жас шахматшы қатысуда. Жалпы жүлде қоры – 3 млн теңге. Талдықорғандағы ипподромда ат спортының төрт түрінен — «көкпар», «аударыспақ», «теңге ілу», «жамбы ату» бойынша облыстық жарыстар ұйымдастырылды. Онда Жетісу облысының аудан-қалаларының құрама командалары және жекелеген спортшылар бақ сынасты.

Толық оқу

Астанадағы Достық үйінде «Қош келдің, әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара өтіп, оған дипломатиялық өкілдіктердің елшілері, Қазақстан халқы Ассамблеясының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, елордалық ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. – Құрметті, халайық. Әз-Наурыз мерекесі құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Өздеріңіз білетіндей, қыстың орнын шуақты көктем басып, тіршілік қайта түлейді. Қазіргі уақытта дәстүрге сай өздеріңізбен Достық үйінде бас қосуымыз жалғасуда. Бұл Наурыз мерекесі сонау тарихы терең ата-бабамыздан келе жатқан, бүгінде ұлт пен ұлыстың басын қосып, еліміздің мызғымас бірлігінің айқыны. Бүгінде бейбітшілік пен келісімнің нағыз…

Толық оқу

Елордада Наурыз мейрамына арналған жаппай мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр. «Таза Қазақстан» ауқымды эко-акциясын жүзеге асыру аясында ЭКСПО алаңында өнер, технология және қоршаған ортаны қорғау бастамаларын насихаттайтын эко-киіз үй орнатылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Орналасқан жердің басты ерекшеліктерінің бірі – жасанды интеллект арқылы жасалған картиналар. Олар табиғатты қорғау шаралары қабылданбаса, Қазақстан 2050 жылы қандай болатынын көрсетеді. Эко-киіз үйде Ecomaf компаниясының қайта өңделген пластиктен жасалған орындықтары бар және Like Komek орталығы мұқтаж жандарға арналған заттар топтамасын ұйымдастырды. Акцияға қатысушылар пластик пен қағазды белсенді түрде тапсыратын қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнер ерекше қызығушылық танытты. – Бүгін Наурыз…

Толық оқу

Қасым-Жомарт Тоқаев «Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесін жұртшылықпен бірге қарсы алды. Президент мерекелік іс-шараға жиналған көпшілікті Наурыз мейрамымен құттықтап, жылы лебізін жеткізді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. – Ұлыстың ұлы күні – ұлтымыздың ұлық мейрамы. Бұл – біздің ата дәстүріміз. Шуақты көктем мерекесінде бүкіл дүние қайта жаңғырады. Күн мен түн теңеледі. Қазақ елі әз-Наурызды көне заманнан бері тойлап келеді. Наурыз – ең алдымен, игілікті істердің мерекесі. Осы күндері әр үйде ақ дастархан жайылады. Ел-жұрт бір-бірімен қауышып, ақ тілегін айтады. Мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, қамқорлық көрсетеді. Ұлыстың ұлы күні биыл да қасиетті Ораза айымен тұспа-тұс келіп отыр. Еліміз үшін мұның мән-маңызы…

Толық оқу

Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының тізгінін Иран Шаметеков ұстады. Иә, сол баяғы атышулы Шаметеков. Екі жыл бұрын Алматыда орталық клиникалық ауруханада болған ВИЧ дауына қатысты көпшілік есінде қалған еді. Сол жолы үш бірдей пациент инвазивті процедура кезінде ВИЧ инфекциясын жұқтырған. Аурухананың бас дәрігері Нариман Табынбаев қызметінен қуылып, басқарма басшысы Шаметеков аман қалған еді. Тіпті, артынша Денсаулық сақтау министрлігінде қызметін жалғастырғанын да білеміз. Жалпы, Шаметековтің мансап жолы – дау-шардың шежіресі іспеттес. Ол 2020 жылы карантин талаптарын бұзғаны үшін айыппұл төлеген болатын. Бұдан басқа Қызылорда облысында болған бюджет қаржысын жымқыруға қатысты тергеу ісінде аты аталғаны есімізде. Алматыда басшылық еткен тұста қызметкерлерден сыйақы…

Толық оқу

Бүгінде атом реакторлары – геосаясаттағы актив, тіпті әскери стратегиялық нысанға айнала бастағандай… Таяуда New York Times жазғандай, Трамп Зеленскиймен кездесу кезінде тосын ұсыныс айтып, «АҚШ украин АЭС-терін өз қарамағына алуға дайын» деп ойын ортаға салыпты. Тарамптың бұл ұсынысы бүкіл дипломатиялық ортада сыбырлап айтылатын жаңа әңгімелердің тиегін ағытқаны анық. Ақ үй бұл ұсынысты ресми түрде «АҚШ энергетика және коммуналдық саладағы тәжірибесімен көмектесе алады» деп түсіндіруге тырысып жатыр. Бұл шындығында қауіпсіздік ұранымен бүркелген экономикалық интервенция болуы мүмкін. Зеленский бұған бірден тосқауыл қойған жоқ, бірақ Украинаның АЭС-тері – мемлекеттік меншікте екенін, ешқашан жекешеленбейтінін ашық айтты. Алайда дипломатиялық тілдің шебер меңгерген Зеленский «экономикалық ынтымақтастыққа…

Толық оқу