Автор: editor

Қасым-Жомарт Тоқаев 2005 жылы 18 қаңтарда Мәскеуде қол қойылған Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа 20 жыл толуына орай Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. – Жалпыға бірдей халықаралық құқық нормаларын басшылыққа алған бұл тарихи құжат әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасын құқықтық тұрғыдан рәсімдеуге берік негіз қалады және елдеріміздің мызғымас достығының, тату көршілік пен одақтастық қатынастарының символына айналды, – деп жазылған Қазақстан Президентінің жеделхатында. Мемлекет басшысы көршілес екі елдің сан қырлы ынтымақтастығы алдағы уақытта да дамып, беки түсетініне сенім білдірді.

Толық оқу

18 қаңтарда Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекара туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толады. Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара 2005 жылы делимитацияланды, яғни картада шекара сызығы нақты анықталып, екі тарап келісімге қол қойды. Бұл келісім 2006 жылдың қаңтарында күшіне енді. Бұл тарихи құжатқа қол қою шекараны межелеу кезеңінің аяқталуын және тұрақты, тату көршілік қатынастарға көшуді білдіретін маңызды оқиға болды. Және де бұл құжат посткеңестік кеңістіктегі аумақтық тұтастық пен достық ынтымақтастық мәселелерін бейбіт және сындарлы шешудің үлгісін көрсетті. Мемлекеттік шекара мәселесі кез келген тәуелсіз мемлекет үшін аса маңызды мәселе болып табылады. Нақты белгіленген және халықаралық деңгейде танылған шекаралар – бұл…

Толық оқу

Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Осыған орай, БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен 40 жыл шопан болып еңбек еткен батысқазақстандық Сәрсенова Бақытжамал Қабдоллақызын 95 жас мерейтойымен БҚО Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанар Шөкеева арнайы құттықтап, құрмет көрсетті. 1930 жылы 14 қаңтарда Ресейдің Ростов облысында дүниеге келген Бақытжамал Қабдоллақызы жастайынан еңбекке араласты. 1946 жылы Сәрсеновтер отбасы Батыс Қазақстан облысы Орда ауданының Қаракөл Шоңғай ауылына қоныс аударып, ауыр кезеңдерде елеулі еңбек етті. Кейіннен Астрахань облысы Ахтуба ауданының Қызыл үй ауылына көшіп, 1948 жылы Науша Сәрсеновке тұрмысқа шықты. 1957 жылы Бисен совхозы құрылған соң, Бақытжамал Қабдоллақызы шопандық қызметке кірісіп,…

Толық оқу

Жетісу облысында 18 жастағы мерзімді әскери қызметкер қаза тапты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Марқұмның туыстары Tengrinews.kz редакциясына жүгініп, жағдайды анықтауды сұрады. «14 қаңтарда әскерде менің туысым, 18 жастағы Құрманбек Дастан Маратұлы қаза тапты. Өзі атылып қалды дейді… Қалай өз-өзін атады?», – делінген хабарламада. Хабарламаға жігіттің өлімі туралы куәлік қоса берілген. Қайғылы оқиға Қорғаныс министрлігінің 12740 әскери бөлімінде болғаны атап өтілді. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы Жетісу облысында қаза тапқан сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, 14 қаңтарда Сарыөзек гарнизонында далалық оқу-жаттығу кезінде әскери қызметші қаруды қолдану ережелерін бұзу салдарынан өмірге қауіпті жарақат алып, қаза тапқан. «Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен…

Толық оқу

ІІМ бопсалаушылардың қылмыстық топтарын қолға түсірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Қаңтарда Павлодарда жергілікті криминалитет арасынан бір топ адам ұсталды. Олар жүйелі түрде жастарды бопсалап, кәмелетке толмағанды қылмыстық әрекетке тартқан. Петропавлда да үш адамнан тұратын топ ұсталды. Фигуранттардың біреуі бұрын бірнеше рет сотталған. Күдіктілер жергілікті тұрғынды заңсыз қамауда ұстап, ұрып-соғып, ақша боспалаған. Жамбыл облысында шаруа қожалығының басшысынан 800 мың теңге ақша бопсалаған күдіктілер ұстадды. Тінту барысында олардан шолақ мылтық пен оқ-дәрі тәркіленді. Тергеу бопсалау және атыс қаруын заңсыз сақтау деректері бойынша жүргізіліп жатыр. «Былтыр полиция 500-ден аса бопсалау қылмыстарын анықтады. Көбіне қылмыскерлер қорқыту арқылы ақша бопсалаған. Мұндай дерек  Алматы қаласында анықталған. Онда…

Толық оқу

Антикор төрағасы Асхат Жұмағали Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің елімізде қабылдаған шаралары туралы есеп берді. Антикор қызметінің биылғы жоспары, соның ішінде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру жөніндегі негізгі міндеттерін таныстырды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Былтыр 1641 жемқорлыққа қатысты қылмыс тіркеліп, жүйелі түрде жемқорлық жасаудың 68 дерегі анықталған. Екі ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленіп, сонымен қатар екі топқа үкім шығарылған. Сыбайлас жемқорлыққа жол берген 1493 адам ұсталған. Олардың ішінде түрлі деңгейдегі 229 басшы бар. 914 адам сотталған. Агенттік 2022 жылдан бері мемлекетке жалпы сомасы 1,12 триллион теңгеге бағаланған мүліктік активтер мен қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз еткен. Былтыр сомасы 486,5…

Толық оқу

Мемлекет басшысы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: «Үкімет жоғары білім саласын халықаралық білім беру кеңістігімен ықпалдастырып жатыр. Қазірдің өзінде елімізде шетелдің белгілі 23 жоғары оқу орны жұмыс жүргізе бастады. Оларға мейлінше қолдау көрсету керек. Атап айтқанда, маман даярлауға берілетін мемлекеттік тапсырысты біртіндеп көбейткен жөн», – деп атап өтті. 34 шетелдік жоғары оқу орнымен серіктестік келісімдер жасалды. Бүгінгі таңда елімізде Ұлыбритания, Италия, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция және Оңтүстік Кореяның 23 серіктес жоғары оқу орындары жұмыс істейді. 2025 жылы тағы 11 келісімді іске асыру қажет. Шетелдік серіктестік жоғары оқу орындарында қазақстандық студенттерге арналған 2 090 грант оқуға мемлекет бөлді. Бүгінгі…

Толық оқу

TikTok-та желі қолданушыларының бірінің видеосы қызу талқыланып жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап. Ол желіде оқыған жаңалығы туралы айтады. «Ақпаратта Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық экономика министрлігіне Лос-Анджелестегі өрттен зардап шеккен АҚШ тұрғындарына гуманитарлық көмек ретінде қазақстандықтардың бір күндік жалақысын аударуды тапсырғаны айтылады. Голливуд жұлдыздары да тыс қалмайды. Бұл — фейк», — деп хабарлады басылым. Видео авторы ақпаратты қайдан алғанын айтпайды. Алайда бастапқы дереккөз – әлеуметтік желідегі бір парақша. Басылым бұл ақпаратқа сенбеген жөн екенін мәлімдеді.

Толық оқу

Мемлекет халық алдындағы өзінің барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындайды. Бүгінгі таңда мемлекеттік бюджет қаражатының 50%-дан астамы азаматтарды мемлекеттік қолдауға жұмсалады, деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Әлеуметтік қолдау Өткен жылы азаматтардың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қолдауға республикалық бюджеттен ғана 5,4 трлн теңге қаражат бөлінді. Биыл ол 6 трлн теңгеден асты. Әлеуметтік қолдау шамамен 5 млн адамға немесе әрбір төртінші қазақстандыққа көрсетіледі деп күтілуде. Олардың ішінде 2,5 млн астам зейнеткер, шамамен 1 млн мүгедектігі бар адамдар, 500 мыңнан астам балалары бар отбасы және азаматтардың басқа да санаттары. Бұл ретте әлеуметтік төлемдердің сатып алу құнын қамтамасыз ету үшін жәрдемақылардың барлық түрлерінің мөлшері инфляция деңгейіне ұлғайтылды, ал ортақ зейнетақының – инфляция деңгейінен асып түсуі +2 пайыз. Жергілікті жерлерде өмірлік қиын жағдайда…

Толық оқу

Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған Jeju Air ұшағының қозғалтқыштарынан қауырсындар табылды, — деп хабарлайды ErtenMedia «Азаттыққа» сілтеп. Бұл туралы Кореяның MBN телеарнасы хабарлады. Дерекке сәйкес, қауырсындар ұшақтың екі жағындағы қозғалтқыштан табылған. Бұған дейін ұшаққа құстар соғылып, қозғалтқыштардан ақау шыққан болуы мүмкін деген нұсқа айтылған еді. Айта кетейік, былтыр 29 желтоқсанда Jeju Air әуекомпаниясының Бангкоктан ұшып шыққан Boeing 737–800 ұшағы Муан әуежайында апатқа ұшырады. Борттағы 179 адам қаза болды, экипаждың екі мүшесі аман қалған. Ұшақтың қара жәшіктері апатқа аз уақыт қалғанда мәліметті жазбай қалған. Reuters агенттігінің жазуынша, Оңтүстік Кореяның көлік департаменті ұшақтың қозғалтқыштарынан қауырсындар табылғаны туралы ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартқан.

Толық оқу