Автор: Асылхан Бөрібай

«EL ARNA» және «Хабар» телеарналарын біріктіру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Отандық медиакеңістіктегі қарқынды өзгерістерді ескере отырып және мемлекеттік ресурстарды оңтайландыру үшін «EL ARNA» және «Хабар» телеарналарын біріктіру туралы стратегиялық шешім қабылданды. Бұл қадам, ең алдымен, отандық телекомпаниялардың жұмыс тиімділігін арттыруға және қазақстандық контент аудиториясын кеңейтуге бағытталған», — деп түсіндірді министр. Балаеваның сөзінше, «EL ARNA» және «Хабар» телеарналарын біріктіру 2025 жылдың 1 мамырына дейін аяқталады. «EL ARNA»-ның барлық құнды контенті «Хабар» арнасының эфиріне өтеді. Бұл үздік жобалардың сақталуына, оларды кең аудиторияға қолжетімді етуге және одан әрі дамытуға мүмкіндік бермек. «EL ARNA» телеарнасы…

Толық оқу

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жүргізді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Мемлекет басшысының өкімімен Айжан Болатқызы Шайназарова Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. Мемлекет басшысының өкімімен Абзал Нүкенұлы Нүкенов Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Толық оқу

Алматының индустриалды аймағында Almaty Autoparts Production жаңа зауытының ашылу салтанаты өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап. «Almaty Autoparts Production» ашылу салтанаты ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев, «Youngsan» компаниясының төрағасы Пак Чон Бом және «Астана Моторс» компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұловтың қатысуымен өтті. Қазақстандық «Астана Моторс» компаниясы мен «Youngsan» автокомпоненттер өндірушісі (Корея Республикасы) Алматының Индустриалды аймағында автокөлік орындықтарын шығаратын бірлескен кәсіпорнын іске қосты. Локализацияның бірінші кезеңінде ортақ инвестиция көлемі 4 млрд теңгені құрады. 2024 жылдың желтоқсан айында компания орындықтарға арналған көбікті қалып-пішіндердің сынама партиясын шығарып, сертификациядан өтіп, өнімдерді Hyundai жеңіл автокөліктер өндірісіне жеткізу мақсатында «Hyundai…

Толық оқу

Мемлекет басшысы Әзербайжанның Сыртқы істер министрін қабылдады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Әзербайжанның Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесу өткізді. Президент мейманға ілтипат білдіре отырып, сан қырлы мемлекетаралық байланысты одан әрі нығайту тұрғысынан бұл кездесудің маңызын атап өтті.»Сіздің сапарыңыздың бауырлас Әзербайжан елімен ынтымақтастығымызды одан әрі ілгерілету тұрғысынан мәні зор. Біз үшін Әзербайжанмен қарым-қатынас ерекше маңызға ие. Біз Сіздің еліңізді сенімді стратегиялық серіктес және одақтас ретінде қарастырамыз», – деді Президент. Өз кезегінде Әзербайжанның Сыртқы істер министрі дәстүрлі түрде қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, екіжақты қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды. Джейхун Байрамов орайлы сәтті пайдалана отырып, әзербайжандық…

Толық оқу

Алматы облысындағы Боралдай ауылында жаңа қоныс иелеріне кілт тапсыру рәсімі өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz «2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында әлеуметтік осал санаттағы 22 отбасы баспанаға ие болды. Жыл соңына дейін ауданда тағы 200 жалдамалы пәтер беріледі деп жоспарлануда. Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетовтың айтуынша, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – басты әлеуметтік міндеттердің бірі. «Біз әр отбасы, әсіресе әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін жеке баспананың маңыздылығын жақсы түсінеміз. Алдағы жылдары бұл бағыттағы жұмысты жалғастырып, мүмкіндігінше кезектегі азаматтардың армандаған пәтеріне қол жеткізуіне жағдай жасаймыз», — деді аудан әкімі. Іле ауданында қандай үйлер салынып жатыр? Қазір Өтеген батыр…

Толық оқу

Сауд Арабиясында АҚШ пен Украина делегациялары арасында келіссөздер басталды, — деп хабарлайды ErtenMedia. «Сауд Арабиясындағы Джиддада украиналық және америкалық делегациялардың кездесуі басталады», — деп жазылған Украина СІМ хабарламасында. Украина СІМ Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига, Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак және Украинаның қорғаныс министрі Рустем Умеровты қосқанда, Украина делегациясы кездесуге жиналып жатқан видео жариялады. Әлеуметтік желілерде АҚШ пен Украина делегацияларының кездесуінен алғашқы суреттер жарияланды. АҚШ-тан келіссөздерге Мемлекеттік хатшы Марко Рубио, АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолц және Трамптың Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Стив Уиткофф қатысады. Айта кетейік, бұған дейін Fox News арнасына берген сұхбатында АҚШ президентінің Таяу Шығыс жөніндегі…

Толық оқу

Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған даму жоспары таныстырылды. Облыс әкімі жергілікті бюджеттің шығыс және кіріс бөлігіне жан-жақты талдау жүргізілгенін жеткізді. Соның нәтижесінде қаржыландырудың басым бағыттары анықталды. Ал үнемделген қаражат өзекті мәселелерді шешуге жұмсалады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2028 жылға дейін жүзеге асырылатын 24 инвестициялық жобаның тізімі жасақталғаны баяндалды. Жалпы құны 2,2 триллион теңге болатын бұл бастамалар 8 мыңнан аса жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Оның ішінде алты жоба биыл іске қосылады. Берік Уәли облыстағы әлеуметтік нысандардың және коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйі жөнінде мәлімет берді. Тұрғындардың сұранысына сай…

Толық оқу

Саясат Нұрбек Назарбаев университетіндегі арандатудың артында Шигео Катсудың өзі тұруы мүмкін екенін меңзеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Үкімет отырысынан кейін журналистер Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектен Назарбаев университетінің бұрынғы басшысы Шигео Катсуға қарсы арыз дайындап жатқаны жайлы сұрады. Министр Шигео Катсудың бұған дейін жасаған мәлімдемесі шындыққа жанаспайтынын атап өтті. «Катсудың сол кездегі сөзі шындық емес, ол университеттің беделіне нұқсан келтірді. Қазір осындай ақпаратты сенімсіз дереккөздер көптеп таратып жатыр. Ал беделді басылымдар ондай материалдарды фактчекинг арқылы тексереді. Назарбаев университетінің Катсуға қарсы сотқа арыз беруі сол университеттің ішкі шаруасы. Олар жеке заң бойынша жұмыс істейтін автономды оқу орны. Министрлік өз тарапынан Катсуға…

Толық оқу

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 1300 шақырымға жуық жол жөнделеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz «24.kz»-ке сілтеме жасап. Бұл мақсатқа республикалық және жергілікті бюджеттен 83 млрд теңге бөлінді. Жергілікті билік өкілдері оның ішінде қала және ауыл ішілік жолдарға басымдық бермек. Мысалы, Петропавлдағы 42 көшеге асфальт төселеді. Сонымен қатар облыс орталығын Жезқазғанмен байланыстыратын бағыт қалпына келтіріледі. Биылдан бастап мемлекеттік сатып алу шарттарына да оң өзгерістер енгізілген. Енді байқауларға техникалық мүмкіндігі сай келетін компаниялар ғана қатыса алады. «Биыл республикалық жолдар бойынша ауқымды жобалар жүзеге асыралады. Атап айтқанда Дәуіт ауылынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі, Петропавлдан Ақмола облысына дейінгі аралық және Жезқазған мен Қостанай бағыттарының жолдары жөнделеді»,…

Толық оқу

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекеттік қызметшілерді құмар ойындары үшін жұмыстан шығарды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Былтыр шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңына толықтырулар енгізілді. Соған сәйкес мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындар ойнауға тыйым салынады, әйтпесе олар теріс себептермен жұмыстан шығарылады. «Мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамағаны анықталды. Мәселен, Ақжар ауданы әкімдігінің құрылыс және сәулет бөлімінің бас маманы заң талаптарын бұза отырып, 1XBET букмекерлік кеңсесінде жүйелі негізде «ставкалар» қойған. Осындай заңбұзушылықтар Ұялы ауылдық округі әкімі аппаратының және Ақжар ауданының білім бөлімінің бас мамандарына қатысты да анықталды», — деп жазылған хабарламада. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша лауазымды…

Толық оқу