Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Ішкі туристік және логистикалық маршруттарды дамыту – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында атап өткен басым бағыттардың бірі. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының Зайсан және Катонқарағай аудандарында әуежайлар салуды тапсырды. Бұл туристік тартымдылығы жоғары өңірлерде әуежайлар салу – олардың әлеуетін дамыту мен инвестициялық тартымдылығын арттыруға жасалған үлкен қадам. Құрылыстың барысымен Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары барысында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев танысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz  Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, білікті мердігер ұйымдар тартылды. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылдың мамыр айында басталып, желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда. Жоба «Қазаэронавигация» РМК қаражаты есебінен…

Толық оқу

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасына қарасты Президенттік орталығында Мәжіліс депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің мүшесі Вера Кимнің «Адал азамат – Адал еңбек» атты қонақтық дәрісі өтті. Дәріс 2025 жылғы 14 наурызда өткен IV Ұлттық құрылтай отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев жариялаған бастамалар мен жобаларды талқылауға арналды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz  Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқық қорғау органдары академиясының тыңдаушылары мен елордалық жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған 80-нен астам адам қатысты. «Мемлекет басшысы ортақ мақсаттарға жету үшін Қазақстандағы барлық этностық топтар мен халықтардың бірлігін нығайтудың маңыздылығын атап өтті, денсаулық сақтау, білім беру және тұрғын үйді қоса алғанда, әлеуметтік…

Толық оқу

Жамбыл облысындағы полиция қызметкерлері дабыл қағуда. Тұрғындарды қапыда қалдырмас үшін мектеп-мектепті, университетті, көпқабатты үйлерді аралап, парақша таратып, адамның адамға сену қабілетін су сепкендей басып жүрген жасанды интеллект технологияларымен қаруланған алаяқтардың әрекетін түсіндірумен әлек. Бұл қоғамға жасалған жаңа қауіпті қылмыстың алдын алудың жалғыз амалы. Бұрын қылмыскер «Мен – полицияданмын» деп телефон шалып, «Шотыңыздан күмәнді ақша шықты» деген сылтаумен құрбанды алдаса, енді олар адамның сеніміне кіріп алатын қулық-сұмдықты ойлап тапқан. Енді олар сіздің бауырыңыздың дауысын көшіріп, «Апа, мен қиын жағдайдамын, шұғыл ақша керек» деп жалынып тұруы мүмкін. Сіздің қасыңызда жүретін досыңыздың бейнесін видеоға құрастырып, «кешір, мен осындай жағдайға тап болдым» деген жалған…

Толық оқу

Қазығұрт ауданында кәсіпкерлік саласын дамытуға күш салынуда, деп хабарлайды Ertenmedia.kz  Өңірде жаңа кәсіптің көзін тауып, өндірісті кеңейтуге назар аударылып жүр. Жергілікті кәсіпкерлер кеңсеге арналған ақ қағаз шығару ісін бастаған. Бүгін ауданға жұмыс сапары аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өнеркәсіп орындарының жұмысымен танысты. Жобаның қуаттылығы — тәулігіне 1000 дана/500 000 шт А4. Өңір басшысы кәсіпорын жұмысын оң бағалап, кәсіпкерлікті қолдауға баса назар аудару керек екенін айтты. Осы бағыттағы жұмыстарға күш салуды тапсырды. Қазығұрт ауданында «Aqua the best» сауда белгісімен ауыз су өндіретін цех өндірісін кеңейтті. Сағатына 6000 л 2 өнім беруге қауқарлы мекемеде 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қазіргі таңда «Қазығұрт»…

Толық оқу

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Толқын орта мектебі» коммуналдық-мемлекеттік мекемесінің 2024-2025 оқу жылының түлегі үздік нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz  Қуандық Санжар Ғалымжанұлы ҰБТ-да ең жоғары 140 балды жинады. «Бұл – үлкен еңбектің, талмай ізденістің және сапалы білімнің жемісі. Санжардың жетістігі – ұстаздары мен ата-анасының қолдауының, жүйелі дайындықтың айқын көрінісі. Осы орайда, білімге деген ұмтылысы мен табандылығы үшін Қуандық Санжар Ғалымжанұлын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы оқуында да сәттілік серік болып, болашақта ел дамуына өз үлесін қосатынына сеніміміз мол», – деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев. “Толқын орта мектебінің” ұжымы мен түлектің ата-аналары да бұл жетістікке ерекше қуанып, шәкірттерінің биік белестерді бағындыра беруіне…

Толық оқу

Ордабасы ауданы, Шұбар ауыл округінде толық автоматтандырылған қыш зауытының құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды  Ertenmedia.kz  Түркістан облысында кәсіпорындар саны артып келеді. Өндірісті индустрияландыруда кәсіпорындарға жартылай және толық автоматтандырылған робототехникалар ендірілуде. Жобаны «КАРЬЕР ТАБЫС» ЖШС іске асырып жатыр. Жалпы құны 3,3 млрд. теңгені құрайтын жоба іске қосылғанда 60 жұмыс орнын ашылмақ. Кәсіпорынға жергілікті тұрғындарды жұмысқа алу жоспарланып отыр. Зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 85 000 текше метр саз топырақты өңдеп, күйген қыш өндіріуге жетеді. Өнідіріс орнында шетелдік заманауи технологиялар орнатылады.

Толық оқу

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұжымы бірнеше жылдан бері Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балаларды қолдау орталығына қамқорлық көрсетіп келеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz  Мереке күндері университет қызметкерлері мен студенттері балалар үйіне арнайы барып, сыйлықтар беріп, танымдық ойындар ұйымдастырып, тәрбиеленушілердің көңілін көтеріп қайтады. Балаларға үнемі көмек көрсету мақсатында студенттер еріктілер тобын құрды. «Райс-ап» тобының мүшелері айналайындықтарға ағылшын тілін тегін үйретіп, үй тапсырмаларын орындауға көмектеседі. Университеттің «Шын жүректен» деп аталатын қайырымдылық шарасына биыл 10 жыл толды. Осыған орай, білім ордасында Гуманитарлық факультетінің ұйымдастыруымен дәстүрлі мерекелік кеш өтті. Оған «Айналайын» орталығының тәрбиеленушілері мен қызметкерлері қатысты. Игі шарада Басқарма төрағасы-ректор Ермек Бөрібаев сөз алып, бірқатар қызметкерлерге Алғыс…

Толық оқу

Петропавлда көктемгі дала жұмыстарын ұйымдастыруға арналған дәстүрлі семинар-кеңес өтті. Оған Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, аудан әкімдері, ғалымдар, сарапшылар мен бүкіл облыстан диқандар қатысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz  Уақтылы және сапалы егіс науқанын жүргізу – солтүстік өңірдің ауыл шаруашылығын дамыту кепілі. Мемлекет шаруаларға жұмыстарды оңтайлы мерзімде жүргізуге қажетті көмекті көрсетуде. Солтүстік ӘКК және «КазАгроҚаржы» арқылы 60 миллиард теңге көлемінде ерте қаржыландырудың арқасында диқандар маусымға дайындық жұмыстарын тыңғылықты жүргізіп, тұқым, тыңайтқыштар мен жанар-жағармай сатып алып, техникаларын жөндеді. Биыл бидай егіс алаңы 2,5 миллион гектарды құрайды. Сонымен қатар, майлы дақылдардың алқабы 85 мың гектарға өсіп, 760 мың га жетпек. Шаруалар…

Толық оқу

2025 жылы Алматы индустриалды аймағында (АИА) жалпы инвестиция көлемі 135,5 млрд теңге болатын 11 жаңа жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл бастама 2 662 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz  Жаңа кәсіпорындардың қатарында 6 өндірістік нысан мен 5 шағын өнеркәсіптік парк (ШӨП) бар: Astana Motors Manufacturing Kazakhstan – қытай брендтерінің жеңіл автомобильдерін шығаратын зауыт; Astana Motors Engineering – қойма кешені; ALTRA TYRES – автокөлік шиналарын қайта өңдеу және резеңке техникалық бұйымдар шығару зауыты; BLACK BIOTECHNOLOGY – биоқоспа мен тыңайтқыш шығаратын зауыт; Kapital Construction – арматуралы торлар мен профильді құбырлар өндірісі; Бағдар ЛТД – шыны ыдыстар шығаратын зауыт; «ALAESTATE» – шағын өнеркәсіптік парк; «Bayterek-2050» – шағын…

Толық оқу

С. Аманжолов атындағы ШҚУ мамандары ШҚО Полиция департаменті, облыстық прокуратура және ШҚО ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, студенттер мен оқытушыларға арналған цифрлық қауіпсіздік бойынша инновациялық оқыту курсын әзірледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz  Бірлескен жұмыс халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және киберқауіпсіздік мәселелері жөнінде ақпараттандыруға бағытталған. – Елімізде жыл сайын 20 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактісі тіркеледі. 2024 жылы зардап шеккен қазақстандықтарға 1 млрд 400 млн теңге қайтарылды. Өзекті мәселенің алдын алу және күресу мақсатында осы курсты әзірледік, – деді ШҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Дархан Камалханов. Бір ай көлемінде аптасына бір рет өтетін сабақты ШҚО ПД киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің аға жедел…

Толық оқу