Оrda.kz тілшісі әуежай полициясының желілік бөлімінің бастығынан қауіпсіздік мәселесіне қатысты пікір білдіруін сұраған. Өйткені әуежай қызметкерін кепілге алған ер адам қатаң тексеріс аймағына пышақты қалай алып кіргені түсініксіз, — деп хабарлайды ErtenMedia. Подполковник Руслан Өзбеков қылмыскер қатаң тексерісті талап ететін аймаққа суық қаруды қалай апарғаны туралы ойын айтты. «Әуежай аумағына пышақпен кіру мүмкін емес. Өйткені тексеру қызметі қатаң жұмыс істейді. Тергеу барысында қылмыскердің пышақты алып кіру себептері анықталады», — деді ол. Қазір полиция шабуылдаушы қаруды тексеру аймағына қалай апарып, авиациялық қауіпсіздік қызметкеріне қауіп төндіргені тексеріліп жатыр. «67 жастағы ер адам ұсталды. Ұсталғаннан кейін ол полиция бөліміне жеткізілді. Қазір уақытша ұстау изоляторында.…
Автор: Асылхан Бөрібай
Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Талдықорғандағы Бикен Римова атындағы драма театрында экономиканың әр саласында еңбек етіп, қоғам өміріне белсене атсалысып жүрген жетісулық 500 әйелді құттықтады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Олардың арасында тігінші, теміржолшы, кран жүргізуші, сауыншы, қолөнерші, электр механигі т.б. жұмысшы мамандар, сол сияқты мұғалімдер мен дәрігерлер, кәсіпкерлер, әлеуметтік қызметкерлер, көпбалалы аналар, ардагерлер де бар. Салтанатты шараға қатысушылардың бірқатарына мемлекеттік наградалар мен Президенттің құттықтау хаты тапсырылды. Өз құттықтау сөзінде облыс басшысы Бейбіт Исабаев бүгінгі әйелдердің бизнесте, саясатта, экономиканың қай саласында да ер азаматтармен бірдей еңбек етіп жүргенін тілге тиек етіп, мемлекет тарапынан әйел-аналарға…
Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған ер адамның бұған дейін де зорлық әрекеттерімен көзге түскені белгілі болды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, әуежайдағы оқиғаға қатысы бар күдікті былтыр Алматыда қоғамдық көлікте әйел адамға қол көтерген. Ол кезде ер адам автобуста жолаушыға тап беріп, соққыға жыққан. Тергеу барысында екі оқиғаға да бір адамның қатысы бар екені расталған. Полиция өкілдерінің айтуынша, қоғамдық көліктегі жағдайдан кейін күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Алайда сот тергеу кезеңінде бұлтартпау шарасын өзгертіп, үйқамаққа алу жөнінде шешім шығарған. Кейін іс сотқа жолданып, былтыр желтоқсан айында ер адам бір жылға бас бостандығын шектеу…
Алматы әуежайында батылдық көрсеткен адам әнші Бағлан Әбдірайымовтың туысы болып шықты,, деп жазады Ertenmedia.kz. Әншінің сөзінше, бейбіт күннің батыры атанған — әкесінің інісі Мұса. «Әбдірайымов Мұса Сайрамбайұлы. 1973 жылы Түлкібас ауданы Күмісбастау ауылында дүниеге келген. 9 баланың кенжесі. Кәсіби спортпен шұғылданған. Қазір 5 баласы бар, ардақты әке. Бүгінгі ерлігі рас, ел шулап жатыр. Намысты жігіттің бәрі сондай батылдық жасар еді… Ешкім батыр боламын, қаһарман боламын деп жоспармен жүрмесі анық. Дер кезінде дұрыс шешім қабылдап, өміріңізді тапсыра салғаныңыз — ерлік! …Мемлекеттік марапатқа да ұсынып үлгеріпті. Бала-шағаның несібесі таусылмасын. Кез келген марапатқа лайықсыз! Біз сізбен мақтанып жүрейік», — деді ол. Оқиғаның мән-жайы…
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында «ЭкоЖайық» экологиялық клубы құрылды. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жазды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл маңызды оқиға экологиялық клубтардың желісін құруға бағытталған республикалық бастаманың бір бөлігі, оның мақсаты – студенттік жобаларды қолдау арқылы экологиялық мәдениетті дамытуға ықпал ету. «Экологиялық клубтар студенттер арасында экологиялық сананы қалыптастыруда, табиғатты қорғауға жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеуде, қоршаған ортаны қорғауға ынталандыруда және экологиялық сауаттылық деңгейін арттыруда маңызды рөл атқарады», – дейді клуб бастамашылары. Клубтың негізгі мақсаты – студенттер арасында табиғатқа деген қамқорлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар мен жобаларды жүзеге асыру. Алғашқы…
Түркістан облысы әкімінің орынбасары жекеменшік мектептердің директорларымен кездесу өткізді. Жиында өзекті мәселелер талқыланып, ұсыныс-пікірлер айтылды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жиынды білім ошақтарының рейтингі, ұстаздардың сапалық құрамы жайлы талдаулардың нәтижелері сөз болды. Ұлттық білім беру деректер қорының мәліметтеріне сүйенсек, орташа көрсеткіште барлық жекеменшік мектептердің белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес емес. Оған кей білім беру ұйымдарының деректерді дұрыс толтырмауы және жаңартпауы әсер етіп отыр. Сондай-ақ облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жандос Маханбетовтің мәлімдеуінше, мектеп басшылары 3 жылда кемінде 1 рет менеджмент бойынша біліктілікті арттырып отыруға тиіс. Дегенмен бұл міндет тиісті деңгейде орындалмаған. 102 мектептен 902 мұғалім курстан өтсе, 66 мектеп үйлестіре алмаған. BilimClass электрондық…
Алматы облысының Қаскелең қаласында әлемге әйгілі New York Film Academy (NYFA) алғашқы қазақстандық және АҚШ-тан тыс үшінші кампусы ашылды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл маңызды оқиға елдегі креативті индустрияның дамуына серпін беріп, жас таланттар үшін жаңа мүмкіндіктердің есігін ашты. Жоба 2024 жылы Алматы энергетика және байланыс университеті тарапынан ұсынылып, биылғы 29 қыркүйекте Energo University Креативті индустриялар паркі аумағындағы кампуста оқыту басталады. Мұнда арнайы АҚШ-тан келген NYFA кәсіби лекторлары дәріс береді. Білім беру бес бағыт бойынша жүргізіледі: кино саласы (Filmmaking); продюсерлік ету (Producing); сценарий жазу (Screenwriting); анимация және визуалды эффектілер (3D animation & VFX); ойындар дизайны (Game design). Академияның алғашқы қабылдауына Қазақстан…
Алматы әуежайында қарулы адамның қолынан кепілге түскен бойжеткенді құтқарған азаматтың кім екені анықталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жұрт бүгінгі күннің батыры ретінде таныған бұл азаматтың аты-жөні Әбдірайым Мұса. Қазіргі деректерге сәйкес, оның жасы 52-де. Оқиғаның жай-жапсары қалай өрбіген еді? 7 наурыз күні Алматы әуежайының ішкі терминалында пышақпен қаруланған ер адам қызметкер қызды кепілге алып, жұртты дүрліктірді. Әлеуметтік желіде тараған видеодан шабуылдаушының қыздың шашынан ұстап, қорқытып тұрғанын көруге болады. Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, шабуыл жасаған адам өзін жолаушы ретінде көрсетіп, ұшуға дайындық кезіндегі қауіпсіздік аймағына өтпек болған. Қызметкерлер одан құжат талап еткенде, ер адам кенеттен пышақ шығарып, қызметкерге тап берген. Шамамен жеті…
Алматы әкімі Ерболат Досаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде табыс етті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Марапатталғандар тізімінде — еңбегімен, ерен ісімен қала мен елдің дамуына үлес қосатын Алматының әйел тұрғындары бар. Президенттің жарлығымен білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет» орденімен еңбек ардагері Зайда Жайсанова марапатталды. Оның кәсіби қызметі қазақ мектептерін дәріптеумен, неміс тілін оқыту әдістемесін жетілдірумен және білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтумен байланысты. Спортты дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен еңбек ардагері Татьяна Лесова да марапатталды. Ол жеңіл атлетикадан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, жоғары біліктілік санатындағы жаттықтырушы,…
Полиция Алматы әуежайында болған оқиғаға пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Департаменттің баспасөз қызметі мәліметінше, 7 наурызда Алматы әуежайында тексеру аймағына өтіп, инспектордың шашынан ұстап, ас үй пышағымен қорқытқан ер адам ұсталған. «Ол полиция бөліміне жеткізілді. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деп жазылған хабарламада. Сондай-ақ, шабуылдаған адам 67 жаста екені айтылды.
